Ғылым туралы ұлттық баяндама қазақстан республикасы президенті н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғЫ 21 тамыздағЫ№



Pdf көрінісі
бет4/16
Дата03.03.2017
өлшемі4,9 Mb.
#7250
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

3.1. «ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫ ТИІМДІ 
ПАЙДАЛАНУ, ШИКІЗАТПЕН ӨНІМДІ 
ҚАЙТА ӨҢДЕУ» БАСЫМДЫҒЫ
Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, шикізат 
пен өнімді қайта өңдеу саласындағы ғылыми 
жобалар мен бағдарламалардың (іске асырлу) 
нәтижелерін талдау.
ГЕОЛОГИЯ САЛАСЫНДА
 2012-2014 жылдар 
аралығында мынадай жұмыстар атқарылды: 
- алғаш рет Қазақстанның сирек металдары мен 
сирек жерлердің орналасу картасы дайындалды;
- алтынның, түсті металдардың, мұнай мен 
газдың жаңа өңірлік болжамды-іздестіру картасы 
жасалды;
- шикізаттың негізгі стратегиялық түрлерінің 
өнеркәсіптік-генетикалық үлгілері әзірленді;
- Қазақстанның барлық аумағы бойынша 
алтынға, сирек, сирек жерді және түсті 
металдарға, мұнай мен газға перспективті 
ондаған учаскелер мен жерлер бөлінді. 
Қазіргі уақытта Қазақстанның геологиялық 
ғылымы оның ресурстық қорын күшейтуді 
қажет етеді: кадрлар құрамын толықтыру, 
материалдық-техникалық  және қорын жаңарту, 
ҒЗЖ қаржыландыру, геологиялық ақпараттар мен 
материалдардың қолжетімдігі және т.б.
ГИДРОГЕОЛОГИЯ САЛАСЫНДА
 жер асты 
суларының түрлі түрлерінің қалыптасу және 
орналасу заңдылығын зерттеу саласындағы іргелі 
және өңірлік қолданбалы зерттеулердің, жер асты 
суларының қосымша ресурстарын анықтаудың, 
оларды бағалаудың заманауи әдістерін 
әзірлеудің, гидрогеологиялық стратификациялау 
мен карталаудың, үлгілеу мен жаңа компьютерлік 
және ГАЖ технологияларын пайдаланып, 
техногенді гидрогеологиялық үдерістерді 
болжамдаудың маңызды мәні бар. 
Жер асты ағындарының қалыптасу ерекшеліктері 
бойынша өзен және жер асты суларының өзара 
байланысын сандық бағалау ұсынылған, жер 
үсті және жер асты суларының өзара әрекеттесуі 
жағдайы бойынша Қазақстан су бассейндерін 
типтендіру мен аудандастару жүргізілді және 
жоғарғы гидродинамикалық аймақтардың сумен 
алмасу жағдайы бағаланды. 
 Экожүйелік көзқарас негізде Қазақстанның түрлі 
экономика секторларында жер асты суларын 
пайдалану және қорғау бойынша әдіснама мен 
практикалық іс-шаралар әзірленді. 
Геотермалды су ресурстарын, энергетика әлеуеті 
мен геотермалды суларды игерудің техникалық-
экономикалық көрсеткіштерді бағалау жүргізілді.
Заманауи әлемдік тенденциялар, геотермалды 
энергияны практикалық игерудің бағыттары 
мен технологиялық сызбасына талдау жасалды; 
гидрогеотермалды энергияны кешенді 
пайдаланудың перспективті технологиялық 
сызбасы таңдалды және негізделді.
МЕТАЛЛУРГИЯ САЛАСЫНДА
 бірқатар жетекші 
тау-кен өндіру кәсіпорындарында игерілген 
кеңістіктердің тұрақтылығы мен тау-кен 
қазымдауларын оңтайлы желдету, тау-кен 
өндірісінің геомеханикалық аспектілерін, 
жерқойнауынан пайдалы қазбаларды оңтайлы 
қазып алу, тау-кен жұмыстарын қауіпсіз 
жүргізу бойынша бағдарламалық-әдістемелік 
қамтамасыз ету мен нормативтік-техникалық 
құжаттамалар әзірленді және пайдалануға 
қабылданды  [9-11].
Аз шығынмен қазымдау және селективті 
өндіру мен үлкен қалыңдық пен аймақта 
минералданған кешенді полиметалл кенді 
кенорындарын өңдеу кезіндегі мәселелерді 
шешу үшін қалың кенді кенорындарды 
қазымдау және кешенді бай кендерді өңдеу 
технологиясы жасалды, «Қазмырыш» ЖШС 
мен «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС-ның 
кен-байыту кешендерінде енгізілген, ол тау-
кен жұмыстарының тиімділігін арттыру кезінде 
жоғары сапалы селективті концентраттар алуға 
мүмкіндік береді [12]. 
Қазақстан мен Ресей кеніштерінде өндіріс 
қалдықтарын пайдаланып, тұтқырлығы 
күрделі және цемент негізінде беріктенетін 
толтырғыш қоспаларды дайындайтын толтыру 
жұмыстарының диірменді тәсілдерін қолдану 
жүзеге асырды [13].
Жаңа флотореагенттердің синтезі (СВИМ 
көпіргіші мен композициялық аэрофлот) жүзеге 
асырылды және Секисовское кен орнында 
(«Алтай-Кен-Байыту» ЖШС) алтынқұрамды 
кендерін флотациялау кезінде олардың 
тәжірибелік-өндірістік сынау жүргізілді, ол 
базалық реагенттермен салыстырғанда алтынды 
өндірудің 3-4 % артқанын көрсетті  [14]
Штейндер балқытпасында алтынды, күмісті және 
мысты концентраттаумен бастапқы шикізатты 
тікелей балқыту қарастырылған төзімді алтын 
кендерін қысқартатын пирометаллургиялық 
селекция технологиясы әзірленді, 90 % 
жоғары штейнде алтынды өндіруге қол 
жеткізілді. Технология «Теріскей» ЖШС тау-
кен компаниясының өнеркәсіптік жағдайында 
сынаудан өтті, өнеркәсіптік орнатуды жобалау 
үшін бастапқы деректер берілді  [15].

ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
33
Маркалы металды алумен қара селенді тазарту 
технологиясы әзірленді, пилоттық қондырғыда 
тәжірибелі өнім партиясын алумен «Қазақмыс 
Смэлтинг» ЖШС шикізаты өңделді [16].
Аммоний перренатын алумен Балқаш 
мыс балқыту зауытында ағынды сулардан 
ренийді өндіру технологиясы әзірленді. 
«Жезқазғансирекмет» РМК сирек металл цехында 
технологияны жартылай өнеркәсіптік сынақтан 
өткізілді [17, 18].
«Жезқазғансирекмет» РМК техногенді 
аммиак ерітінділерінен ренийді экстрациялық 
өндіргеннен кейін кесектерден осмийді өндіру 
технологиясы  жартылай өнеркәсіптік сынақтан 
өткізілді және енгізілді [19,20].
Қолданыстағы ПАЗ-бен салыстырғанда 
мынадай: реагент шығынын үнемдеу (90 
%-ға кальций қосылған содада); 35 %-ға 
шартты отынға шығындарды азайту; зиянды 
экологиялық  шығарындылардың елелуі (2-3 
есеге) азаюы сияқты бірқатар артықшылықтары 
бар көктал бокситтерін қайта өңдеудің Байер-
гидрогранаттық технологиясы әзірленді. 
«АЛКОРУС» аллюминий компаниясы» ААҚ 
(Санкт-Петербург қаласы) жетекші жобалау 
ұйымымен орындалған ТЭС технологияның 
жоғары экономикалық тиімділігін көрсетті  
[21,22].
Пайдаланылған энергия үнемдейтін жарық 
көздерін демеркуризациялау үшін пилоттық діріл 
вакуумды қондырғы жасалды. «LedSystemMedia» 
ЖШС «Астана – Жаңа қала» АЭА Индустриалды 
бағының аумағында құрамында сынап бар  
пайдаланылған люминесцентті шамдарды кәдеге 
жарату үшін тәжірибелі учаске құрылды. 
Түсті металл өндірісі көлемін ұлғайту мақсатында 
соңғы өнімге жоғары дәрежелі металл алатын
Қазақстанның түрлі кен орындарының қиын 
байытылатын аралас мыс кендерін, тотыққан 
никель-кобельтті кендерді, жұпыны қиын 
байытылатын қалайы құрамды кендерді өңдеу 
технологиясы әзірленді; қорғасын өндірісінің 
сұйық фазалы қождарын тотықсыздау жүргізілді 
[23].
Жезқазған кен орнының Кресто телімінің аясында 
КМ-2 таңбалы мыс концентраттарын алатын 
аралас кендерді байыту тәсілі пысықталды. 
Степногорск тау-кен-химия  комбинаты 
жағдайында кондициялы емес және ұжымдық 
концентраттарды өңдеу технологиясы әзірленді. 
Мыс-қорғасын өндірісінің түстіметалл құрамды 
қождарынан мысты шойын алу тәсілі ұсынылды. 
«Қазцинк» ЖШС-ның мыс өндірісінің қорғасын 
шаңдарынан үш негізді қорғасын сульфитін 
және тауарлы қорғасын нитратын алу бойынша 
жұмыстар жүргізілуде. Үлкен Қаратаудың қара 
тақтатастарын өңдеу кезінде сирек және сирек 
жерлік металдарды өндіру технологиясына 
өндірістік-тәжірибе сынағы жүргізілді.
Берік қорғасынқұрамды шикізаттарды 
кең спектрде өңдеуді қамтамасыз ететін 
жаңғыртылған КИВЦЭТ технологиясын 
өндірісте жүзеге асыру жұмыстары жалғасуда. 
Бұл технология Казахстан, Ресей, Қытай, 
Үндістан, Мексика және Бразилия мен Чилиде 
патенттелген. 2012-2014 жылдары Por-
tovesmeS.r.l. (Италия) КИВЦЭТ қондырғысының 
технологиясына модернизация жүргізілді, 
«ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК-ның «ТүстіметШҒЗИ» 
филиалының JiangxiCopperCorporation және 
ZhuzhouSmelterGroupCo компаниясымен (ҚХР) 
жасасқан лицензиялық келісім аясында жобалық 
қуаттығы жылына 100 және 120 мың тонна 
қорғасын өндіретін КИВЦЭТ қондырғысының 
құрылысы мен іске қосуға қабылдау-өткізу 
жұмыстары аяқталды [24].
Қалпына келтіргіштердің жаңа түрін шығару 
бағытында елеулі нәтижеге қол жеткізілді. Кокс 
алудың тәсілі әзірленді және оны шығаратын 
қондырғы жасалды, соның негізінде Қарағанды 
қаласында өнеркәсіп өндірісі құрылды. RW silici-
um Gmbh (Германия) кремний өндірісіндегі сынақ 
көрсеткендей шығарылатын өнім қолданылатын 
дәстүрлі кокстен асып түсті және де шетелге 
экспортталатын болады [25].
СЕЙСМОЛОГИЯ САЛАСЫНДА
 Қазақстан 
аумағының жер қыртысының барлық алуан түрлі 
құрылымдық-тектоникалық ерекшеліктері мен 
тектоникалық дамуының тарихын көрсететін 
жаңа тектоникалық картасы әзірленді. 
Геофизикалық, геологиялық-тектоникалық және 
сейсмикалық деректер кешенімен жиынтықта 
Қазақстанның белсенді жарылған жерлерінің 
картасы жасалды, изосейст карталары әзірленді. 
Жұмыстарды жүргізу әдістемесі Алматы 
сейсмикалық белсенді аудандарының 
сейсмикалық қауіптілігін бағалаудың, 
шоғырландырылған іргетастың тектоникасы 
және оның құрылымдық-заттық кешендері 
туралы деректерді қорытудың құрылымдық-
тектоникалық критерийлерін зерттеу әдістемесі 
әзірленді.
Сейсмологиялық және геофизикалық 
деректердің арнайы электрондық қоры, сондай-
ақ, Солтүстік Тянь-Шань өңірінің аумағында 
жер сілкіну ошақтарының туындау аймағының 
картасын құрылды. 
Ұлттық ғылыми кеңес «Табиғи ресурстарды 
тиімді пайдалану, шикізатты мен өнімді қайта 
өңдеу» ғылымын дамыту басымдығы бойынша 
2016-2018 жылдарға арналған арнайы ғылыми 
бағыттарды құрды:

ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
34
1.ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАР КЕН 
ОРЫНДАРЫН ӨҢДЕУ
1.1 ҚО ең төмен жағымсыз әсер етумен 
көмірсутек, минералды-шикізат және су 
ресурстарын іздеудің, барлаудың, бағалаудың 
және өндірудің тиімді технологиялары. 
1.2 Жер асты суларын іздеу мен барлаудың 
болжамды бағалау.
2. МИНЕРАЛДЫ ШИКІЗАТТЫ КЕШЕНДІ ПАЙДАЛАНУ 
2.1. Кен материалдарын, минералды түзілістерді 
кондициялық және кондициялық емес байыту 
бойынша кешенді технологиялар мен коллективті 
және селективті концентраттарды алу.
2.2. Тауар өнімдерін алумен минералды түзілістер, 
шикізат пен қара және түсті металдардың 
техногенді қалдықтарын қайта өңдеу 
технологиясы.
2.3. Металдар мен қорытпаларды өндіру және 
өңдеу технологиясы 
2.4.  Отандық шикізат пен техногенді 
қалдықтардан құрылыс материалдарын өндіру 
технологиясы 
3. СУ, ЖЕР ЖӘНЕ БИОЛОГИЯЛЫҚ РЕСУРСТАРДЫ 
БАСҚАРУ 
3.1.Топырақ пен табиғи ресурстарды сақтау және 
қалпына келтіру бойынша технология.
3.2.Жер асты, ішкі және трансшекаралық су 
ресурстарын біріктірілген және тиімді басқару 
технологиясы.
3.3.Биотүрлілікті мониторингтеу, қорғау, сақтау, 
тиімді пайдалану және қалпына келтіру жүйесі.
4.ҚОРШАҒАН ОРТА НЫСАНДАРЫНЫҢ 
МОНИТОРИНГІ ЖӘНЕ «ЖАСЫЛ» ТЕХНОЛОГИЯ
 
4.1.Нақты уақыт режімінде ҚОҚ мониторингтеу 
технологиясы, табиғи және техногенді ТЖ болжау 
мен дем беру.
4.2.Қазақстан Республикасы аумағында 
сейсмикалық және экологиялық қауіпсіздік.
4.3.«Жасыл» экономиканың экологиялық-
экономикалық аспектілерін әзірлеу, табиғи 
ресурстар мен экожүйелік қызметтердің 
экономикалық құндылығын анықтау.
4.4.Биота мен экожүйеге климат өзгерісінің әсер 
етуі.
4.5.Өнеркәсіпті, ҚО, табиғи ресурстар мен 
техногенді тізілістерді мониторингтеу және 
тиімді басқару үшін инфрақұрылымдық 
кеңістік деректерін құру бойынша ақпараттық 
технологиялар (деректер қоры, ВебГАЖ).
4.6.Өнеркәсіптік, улы, радиоактивті, тұрмыстық 
және мұнай қалдықтарын кәдеге жарату, қауіпсіз 
жұмыс істеу және қайта өңдеу технологиясы.
4.7. Өнеркәсіптік өнімдер мен шикізат 
қауіпсіздігіне бақылау жасау.
4.8. Аса жоғары сыни орталар негізінде 
экологиялық қауіпсіз техноллогиялар.
5. КӨМІРСУТЕК ШИКІЗАТЫН КЕШЕНДІ ҚАЙТА ӨҢДЕУ 
6. КОМПОЗИЦИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР 
7. НАНОМАТЕРИАЛДАР МЕН  НАНОТЕХНОЛОГИЯЛАР
8. БИОЛОГИЯЛЫҚ-МЕДИЦИНАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР 
МЕН БИОЛОГИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІ ЗАТТАР 
9. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ХИМИЯЛАНДЫРУ ҮШІН 
ЖАҢА МАТЕРИАЛДАР 
10. АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІН ҚАЙТА ӨҢДЕУ ЖӘНЕ 
ҚАУІПСІЗДІГІ 
10.1. Ауыл шаруашылық шикізатын қайта 
өңдеудің кешенді, энерго – және ресурс 
үнемдеуші технологиясы 
10.2. Құрамы мен құрылысын өзгертуге 
бағытталған тағамдық және биологиялық 
құндылықтарын арттырумен сапалы жаңа азық-
түлік өнімдерін өндіру технологиясы 
11. МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ВЕТЕРИНАРИЯ
12. ӨНЕРКӘСІПТІК БИОТЕХНОЛОГИЯ
12.1. Биопрепараттар түзуші штаммдарын алу 
технологиясы 
12.2. Биокатализ технологиясы
12.3. Пробиотикалар мен ұйытқыларды жасау 
технологиясы 
12.4. Функционалды белсенді тағамдық 
биоқоспаларды жасау технологиясы 
12.5. Қоршаған орта нысандарын 
биоремидиаиясы және топырақ құнарлылығын 
қалпына келтіру үшін миркроорганизмдердің 
штаммдарын жасау технологиясы 
Ғылыми-техникалық даму мен ландшафтанушы 
мамандардың әлеуеті мыналарды қамтиды: 
– географиялық саладағы жоғарғы оқу орын 
орталықтарын көбейту және ғылыми-зерттеу 
құралдарын жетілдіру; 
– географ-ландшафтанушылардың оқуы мен 
халықаралық сертификат алу және халықаралық 
жобалар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарына 
қатысу;
– Ph.D жүйесі бойынша Германия, Ұлыбритания, 
Швейцария сияқты елдердің жоғары оқу 
орындарында жас географтарды дайындау. 
Қазақстан Республикасындағы геоморфология 
ғылымдарының іргелі зерттеулерін келесі 
бағыттарда дамыту керек: Қазақстанның 
әртүрлі аймақтарындағы экзогеоморфогенез 
үдерістері мен климат өзгерістерінің жаһандық 
үрдісі мен өзара байланысын зерттеу; 
Қазақстан аумақтарындағы антропогендік 
жүктемелердің өсуі; шаруашылықты қарқынды 

ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
35
игеру зонасындағы геоморфогенез үдерістері 
(республика аймақтары мен ауылдарда 
өнеркәсіпті дамыту); Қазақстанды әртүрлі 
физикалық-географиялық белдеулері бойынша 
экологиялық-геоморфологиялық іргелі және 
қолданбалы зерттеу; нысандар арасындағы 
өзара байланыс пен геодеректерді таратудың 
уақыт-кеңістіктік бойынша заңдылықтарын 
іздеу үшін қашықтықтан зондылау деректері 
мен геоморфологиялық деректерді ГАЖ-талдау 
құралдарының шектеулері мен мүмкіндіктер; 
геоморфологияның заманауи бағыттарын 
дамыту (урбогеоморфология, рекреациялық, 
эстетикалық геоморфология және т.б.).
Туризм географиясы мен рекреация саласында 
атқарылған ғылыми жұмыстардың нәтижелері 
Қазақстандағы осы саладағы зерттеулердің басты 
және перспективалы бағыттарын айқындап 
берді:
– ақпараттар базасы мен кадастрлерді жүйелеу, 
стандарттау, арнаулы ақпаратты іздеуді жеңілдету 
мақсатында тақырыптық ізденістердің жалпыға 
ортақ парадигмасын жасау; 
– перспективалы аймақтардың ресурстарын, 
мүмкіншіліктері мен жалпы трендтерін дамыту 
үшін кешенді бағалай мен есептеуді жүзеге 
асыру;
– бірегей нысандар мен аймақтарды (мысалы, 
ЩБКЗ, Алакөл акваториясы және басқа) 
зерттеуден жалпы аумақты көп аспектілі 
жұмыстарға көшу; 
– туристік кешендердің бәсекеге қабілеттілігі мен 
тиімділігін көтеру, туристік-рекреациялық әлеуетті 
тиімді пайдаланудың жобаларын жасау;
– ландшафттық жүйелерді бағалау және талдау 
негізінде аумақтарда жоспарлау және жобалау 
ұйымдарын жасау, сонымен қатар ландшафттық 
дизайндер мен қала құрылыстық-сәулет 
шаралары.
Қазақстандағы қауіпті табиғи процестерді 
ғылыми зерттеу әлемдік деңгейде болады.
3.2 «АҚПАРАТТЫҚ ЖӘНЕ 
ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯЛЫҚ 
ТЕХНОЛОГИЯЛАР» БАСЫМДЫҒЫ
Информатика мен ақпараттық технологиялар 
саласындағы ғылыми жобалар мен 
бағдарламалар нәтижелерін (іске асыру) талдау  
2012 және 2014 жылдар аралығындағы кезеңде 
АКТ саласындағы ҒЗТКЖ саны ұдайы өскен, ал 
2014 жылы өткен жылдармен салыстырғанда 2 
есе өсті. 2012 және 2014 жылдар аралығындағы 
кезеңде АКТ саласындағы ҒЗТКЖ саны 198 болса, 
оның ҰҒТАО Инновациялар және патенттер 
қорына 32 енгізілді  [26].
Есептік кезеңде ҰҒТАО қорына жалпы ҒЗТКЖ 
7814 саны түсті, оның 198 жұмысы (2,5 %) АКТ 
бойынша, оған ғылымның мынадай: автоматика 
және есептеуіш техника, информатика, 
кибернетика, энергетика, машина жасау, 
ғарыштық зерттеу және ауыл шарушалығы 
сияқты ғылым салалары кіреді. 
АКТ нарығындағы ұсыныстарды талдау оларды 
қолданудың үш негізгі саласын анықтауға 
мүмкіндік береді: бағдарламалық қамсыздандыру 
34%, автоматика және есептеуіш техника 31% 
және жүйелер 22%.
ҒЗТКЖ үдерісінде алынған нәтижелер мыналар: 
бағдарламалық құжаттама - 29%, технология - 
18%, әдістемелік құжаттама - 17%, техникалық 
құжаттама - 9%, әдістер - 9%, үлгілер - 9%, 
деректер қоры мен банктер - 3%, нормативтік-
техникалық құжаттама - 3%, еңбек жағдайын 
жақсарты - 3%.  
Патенттік белсенділік – ҒЗТКЖ 
коммерцияландыру мен саланың коммерциялық 
тартымдылық әлеуетінің маңызды көрсеткіші. 
ҰҒТАО Инновациялар мен патенттер қорында 
ұсынылған ғылымдар саласы бөлінісінде АКТ 
саласының қорғау құжаттарымен қамтамасыз 
етілуі – 2,74%.
2012-2014 жылдары АКТ саласында ҒЗТКЖ  
нәтижелері бойынша енгізілген ҒТЖН жалпы 
саны 11 бірлікті құрады (Инновациялар мен 
патенттер қоры): 
Әдістемесі, алгоритм және электрондық оқу 
басылымдарын генерациялық бағдарламалау  
- Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық 
университеті; 
Мегаполистерді жылумен жабдықтау 
кешендерінің жұмысын оңтайландырудың 
сатылы ақпараттық-басқару технологияларын 
әзірлеу және зерттеу  -  Қарағанды мемлекеттік 
техникалық университеті; 
Автономды зияткерлік басқару жүйесімен 
бағдарламалық-техникалық кешенін әзірлеу 
- Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық 
университеті; 
Атмосфера ластануын үлгілеудің ақпараттық 
технологиясын әзірлеу және вариациялық 
алгоритмді қолданумен өлшеу деректері 
бойынша қоспа көздерін оқшаулау – Д.Серікбаев 
атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік 
техникалық университеті; 
Күрделі нысандарды болжау мен басқарудың 

ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
36
зияткерлік сараптамалық жүйелердің үлгілерін, 
әдістері мен ақпараттық технологияларын әзірлеу 
– Информатика және басқару проблемалары 
институты; 
Жоғары нүктелі спутниктік навигацияның 
жердегі және пайдаланушылық сегментінің 
жүйесін бағдарламалық-математикалық 
қамсыздандыруын әзірлеу – Ғарыштық техника 
мен технология институты; 
Тұқым өндірісі мен азық-түлік қауіпсіздігін 
қамтамасыз ету үшін геоақпараттық және glonas/
gps-технологиялар негізінде Солтүстік Қазақстан 
тұқымдық мәдениетінің аса қауіпті зиянды 
органимдерін фитосанитарлық мониторингтеу 
және болжау инновациясы – С.Сейфуллин 
атындағы Қазақ агротехникалық университеті; 
Ғылыми мақсаттағы ғарыштық жүйсін ғылыми-
әдістемелік қамтамасыз ету және ақпараттарын 
өңдеу технологиясын әзірлеу  - Ғарыштық 
зерттеулер мен технологиялардың ұлттық 
орталығы; 
Мегаполистерді жылумен жабдықтау 
кешендерінің жұмысын оңтайландырудың 
сатылы ақпараттық-басқару технологияларын 
әзірлеу және зерттеу  -  Қарағанды мемлекеттік 
техникалық университеті; 
Спутниктік радарлы интерферометрияны 
қолданумен Қарағанды қаласында заманауи 
геодинамикалық үдерістерді зерттеу - Қарағанды 
мемлекеттік техникалық университеті;
Жасанды интеллект негізінде басқарумен 
студенттік наноспутникті әзірлеу - Л.Н.Гумилев 
атындағы Еуразия ұлттық университеті.
«Ақпараттық және телекоммуникациялық 
технологиялар» ғылымды дамыту басымдығы 
бойынша ұлттық ғылыми кеңес 2016-2018 
жылдарға арналған арнайы ғылыми бағыттарды 
құрды:
1.Телекоммуникациялық технологиялар:
1.1. Деректерді беру жүйелерінді, желілерінде 
талдау, басқару және оңтайландыру (соның 
ішінде мультисервистік тұғырнамада; ұялы және 
әлеуметтік интернет-технологиялар) 
1.2. Телекоммуникациялық жүйелерде 
технологиялар мен бағдарламалық-техникалық 
құралдар.
2. Зияткерлік ақпараттық технологиялар:
2.1. Соның ішінде нақты уақыт режимінде 
басқарудың және шешімдерді қабылдаудың 
зияткерлік жүйесі;
2.2. Тілдік технологиялар мен компьютерлік 
лингвистика;
2.3. Үлгілерді айырып тану және бейнелерді 
өңдеу;
2.3. Биоинформатика; 
2.4. Машиналық оқыту (maсhine learning);
2.5. Зияткерлік робототехникалық жүйелер; 
2.6. Зияткерлік ақпараттық-іздестіру жүйелер;
3. Жоғары өнімді есептеуіш техникалар:
3.1.  Бұлттық, параллелді және бөлінген есептеу;
3.2. Big-data технологиясы;
3.3. Геоақпараттық технологиямен жүйе;
3.4. Есептеуіш жүйелерінің техникалық 
қамсыздандыруды жобалау технологиясы: ПЛИС, 
кристалдағы жүйе, 3D-принтинг және басқалар.
4. Ақпараттық қауіпсіздік және деректерді қорғау 
әдісі мен технологиясы:
4.1. Күрделі жүйелер мен деректердің ақпараттық 
қауіпсіздігін қамтамасыз етудің әдісі және 
алгоритмі;
4.2. Ақпараттық қорғау технологиясы және 
бағдарламалық-техникалық құралдар.
5. Күрделі жүйелер мен үдерістерді 
математикалық және компьютерлік үлгілеу; 
5.1. Макроэкономикалық жүйелер үшін 
экономикалық саясат саласында ұсыныстарды 
болжау, талдау және әзірлеудің ақпараттық 
технологиялары;
5.2. Күрделі динамикалық жүйелер мен 
үдерістерді жүйелік талдау және басқару: 
экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, 
техникалық, технологиялық және т.б. жүйелер;
5.3.    Бизнес үдерістерді үлгілеу және 
оңтайландыру.
3.3 «ӨМІР ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМ» 
БАСЫМДЫҒЫ
«Өмір туралы ғылымдар» басымдығы 
бойынша ғылыми жобалар мен бағдарламалар 
нәтижелерін (іске асыру) талдау 
Педиатрия және балалар хирургиясы саласында 
кең таралған (жүрек-қантамыр, асқазан-
ішек, аутоиммунды, өкпе, иммунологиялық, 
эндокринді, неврологиялық) аурулардың 
иммунологиялық, молекулалы-генетикалық, 
метаболикалық аспектілері зерттелген, сондай-ақ 
балалар денсаулығының жағдайына пренаталды, 
наталды және постнаталды факторлардың әсері 
зерттеледі. Онкологтар мен онкогематологтар 
ісіктердің айналымдағы жасушалары және түрлі 
диагностикалық тест жүйелерінің негізінде ісіктік 
үрдістің диагностикасының жаңа жүйелерін 
енгізуге көңіл аударады. 
Заманауи модульді протездерді колдана 
отырып сүйек саркомасында сүйек сақтау емі 
енгізілді, қатерлі ісіктері бар балаларды кешенді 
емдеуде жоғары дозалы химиялық терапия 
және бағаналы жасушаларды трансплантациясы 
жүргізіледі. 
Балалардың бірінші және апталық күндерінде 
туа біткен ауыр жүрек ақауларына оталар 
гемодинамикалық және көпдеңгейлі түзетулер, 
сонымен қатар жүректің оң бөлігіндегі 

ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
37
гипоплазиялар кезіндегі оталар енгізілді.
Интервенциялық кардиологияда септалды 
ақауларды қалпына келтіру және баллонды 
ангиопластика бойынша ескі тәртіптегі оталар 
енгізілді. Ашық жүректе ангиопластика гибридті 
оталарының бірқатары жасалды. Бүгінгі күні ағза 
мүшелерін және тіндерді сканерлеу негізінде 
3D технологияларды қолданумен биобелгіні 
үш еселік техника көмегімен қан тамырларды 
құрастыруды ұсынады. 
Бие және ешкі сүтінің негізінде туберкулезбен 
ауыратындарды және онкологиялық ауытқуды 
емдеудің негізгі әдістерін нутриционалдық қолдау 
үшін жаңа арнайы өнімдер әзірленді.
Профилактикалық және емдік қасиеттері бар 
аз құнарлы өнімдері дененің артық салмағы, 
кардиоваскулярлы аурулар, атеросклероз және 
қант диабеті профилактикасы үшін дәруменді-
минералды премикстер, инулин, фитостериндер, 
пектиндер, жемісті қоспалармен байытылған, 
қайталама сүт шикізатының негізінде (сүт 
іріткісі, майсу және майсыздандырылған сиыр 
сүті) емдеу профилактикалық қасиетімен 
функционалды аз құнарлы өнімдер әзірленді. 
Алғаш рет Қазақстанда кене боррелиозының 
клиникалық белгілері ұсынылды. Шығыс 
Қазақстан облысында кене боррелиозының 
асқынған және созылмалы формалары 
анықталды. Иксодты кенесінің шағу орнында 
көшіп қонатын эритерма (72,7%) КБ 
патогномикалық симптомы болып табылады. 
Интоксикация КБ сипатты белгілерінің бірі. КБ 
созылмалы формалары (нейроборрелиоз) кеш 
диагностикалауда қайта айналмас өзгерістерге 
алып келеді.
Алынбалы жасанды тістерге арналган жаңа 
жоғарғы сапалы “Stomet-lkz” және “Stomet-2kz” 
құймалы қорытпалары өңделді.
Қазақстанда тұңғыш рет үш ұрпақта сәулеленуге 
ұшыраған адамдардың ұрпақтарының 
онкологиялық ауруларына және қанайналым 
жүйесінің ауруларына генетикалық бейімділігін 
зерттеу мақсатында молекулалық-биологиялық 
және цитогенетикалық зерттеулер жүргізілді, бұл 
аталған аурулардың манифесттік үлгілерінің даму 
қауіпін төмендетуге мүмкіндік береді. 
Алғаш рет зерттеу топтарына ядролық сынақтар 
нәтижесінде сәулеленген адамдардың төртінші 
ұрпақтарының балалары кіргізілді. Экологиялық 
қолайсыз жағдайда өмір сүріп жатқан 
тұрғындардың гепатобиллиарлық жүйесінің 
клиникалық-иммунологиялық ерекшеліктері 
зерттелді. Алғаш рет мультифакториалдық 
аурулардың индикациясының, ерте 
диагностикасының, профилактикасының 
алгоритмдері мен әдістемелік нұсқаулықтары 
әзірленді. Бағдарлама шеңберінде радиациялық 
әсерге ұшыраған кардиологиялық ауруларды 
медициналық сауықтыру Хаттамасы әзірленді.
Фармакологиялық терапияның, біріншілік және 
екіншілік профилактиканың, сондай-ақ, ата-
анасы тікелей радиациялық әсерге ұшыраған 
қалқанша безінің, бауырдың метаболикалық 
және аутоиммундық аурулары бар ауруларды 
қанайналым жүйесі ауруларынан сауықтырудың, 
гиполипидемиялық терапияның дәлелді 
медицина қағидаларына негізделген тиімді 
алгоритмдері жасалды және енгізілді.
«Өмір туралы ғылымдар» ғылымын дамыту 
басымдығы бойынша ұлттық ғылыми кеңес 
2016-2018 жылдарға арналған  арнайы ғылыми 
бағыттарды құрды:
1. Егін шаруашылығы өсімдік шаруашылығы
1.1. Дәстүрлі әдістер мен молекулярлы генетика 
әдістерін қолданумен ауыл шаруашылығы 
мәдениеттерінің жоғары өнімді және ортаның 
ауытқымалы факторларына төзімді сұрыптары 
мен будандарын жетілдіру және селекциясы;
1.2. Өсімдіктердің шаруашылық құнды 
қасиеттерін жетілдіру үшін генетикалық 
инженерия әдістерін әзірлеу;
1.3. Түрлі табиғи-климаттық және топырақ 
жағдайлары үшін агроландшафтық егін 
шаруашылығы;
1.4. Өсімдіктердің аурулары және зиянкестерімен 
күресу үшін биопрепараттар мен биоәдістерді 
әзірлеу;
1.5. Биологиялық ресурстар мен өсімдіктердің 
аурулары және зиянкестерімен күресу жағдайын 
мониторингтеу және бағалау;
1.6. Органикалық егін шаруашылығы;
2. Мал шаруашылығы 
2.1. Селекциялық үдерістерді басқару және ауыл 
шаруашылығы малдарын жеделдетіп өсіру;
2.2. Азықтарды дайындау технологиясын 
әзірлеу және жетілдіру мен ауыл шаруашылығы 
малдарына жем беру;
2.3. Ауыл шаруашылығы малдарын ұстап күту 
технологиясын әзірлеу және жетілдіру;
3. Ветеринария және азық-түлік өнімдерінің 
қауіпсіздігі 
3.1. Эпизодтық жағдайды, экспрессивтік 
диагностиканың бәсекеге қабілетті құралдарын, 
жануарлардың ауруларын алдын алу мен емдеуді 
мониторингтеудің тиімді әдістерін әзірлеу 
негізінде Қазақстан Республикасы аумағында 
ветеринариялық  салауаттылықты ғылыми 
қамтамасыз ету және сақтау; 
3.2. Мониторингтеу мен бақылау құралдарының 
жаңа әдістерін әзірлеу негізінде азық-түлік 
өнімдері мен өсімдік пен жануарлардан алынған 
шикізаттың қауіпсіздігі;
4. Ғылыми-инновациялық биомедицина
4.1. Регенеративті медицина (жасушалық 

ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
38
технология, жасанды органдар). Табиғи 
метаболитттер негізінде жаңа биологиялық 
белсенді субстанцияларды дайындау.
4.2. Медицина мен наномедицинадағы 
биотехнология. Медицинада оларды қолдануды 
дербестендіру үшін фармакологиялық 
қосылыстардың биотехнологиясы.
4.3. Дербестендірілген және трансляциялық 
медицина;
5. Қоғамдық денсаулықтың негізі
5.1. Қоғамдық саулық пен денсаулықты басқару. 
Ұзақ өмір сүруге арналған бірегей емдік дәрі-
дәрмектерді әзірлеу.
5.2. Салауатты өмір салтының тиімді 
бағдарламалары мен қалыптастыру үлгілері, 
тиімді тамақтану технологиясы;
5.3. Балалардың денсаулығын қорғау және 
репродуктивті денсаулық;
5.4. Экология және денсаулық, ғылыми 
қамтамасыз етудің экологиялық, 
эпидемиологиялық тәуекелдерді басқару;
6. Әлеуметтік маңызды аурулардың 
ауыртпалығын азайту 
6.1 Мезгілсіз қайтыс болудан және аурулар мен 
жарақаттардан еңбек қабілеттілігін жоғалтуды 
болдырмау технологиясы; техногенді және кәсіби 
тәуекелдерді басқару;
6.2. Әлеуметтік маңызды жұқпалы және жұқпалы 
емес аурулар ауыртпалығын төмендету және 
болдырмау технологиясы;
7. Отандық фармацевтикалық саланы дамыту
7.1. Өсімдік заттар негізінде отандық емдік дәрі-
дәрмектерді өндіру технологиясы;
7.2.  Фармацевтикалық салалар үшін химиялық 
субстанциялар синтезі;
7.3. Фармацевтикалық өнімдерді (клиникаға дейін 
және клиникалық) зерттеу жүргізуде ғылыммен 
қамтамасыз ету тиімділігін арттыру.
8. Өнеркәсіптік биотехнология
8.1. Азық-түліктік және өңдеуші салалар үшін 
өнеркәсіптік құнды микроорганизмдердің қорын 
құру;
8.2. Препараттар, ферменттер (энзимдер), 
пробиотиктер, ұйытқылар және т.б. алу 
технологиясын әзірлеу;
8.3. Табиғи қосылыстардың биосинтезі және 
практикалық құнды препараттарды алудың 
биотехнологиялық әдісі.
9. Биология саласындағы іргелі зерттеулер
9.1.  Биологиялық сакромолекула және олардың 
кешендерінің, сондай-ақ микро РНК қоса 
алғанда төмен молекулярлық биореттеуіштердің 
құрылымы мен функциялары. Жаңа биологиялық 
белсенді препараттар дизайны мен синтезі.
9.2.  Геномика, протеомика, транскриптомика, 
метаболомика және ген жұмысын реттеу. 
Ақуызды және гендік инженерия. ДНК 
репарацияның молекулярлық тетігі. Ақуыздар 
синтезін реттеу. Молекулярлық медицина.
9.3. Рецепция және жасушалық дабылдық 
жүйелер. Жасушалық дифференциясының, 
иммунитеттің және онкогенездің молекулярлық 
тетігі.  Вирус-жасушаның өзара әрекеттесуі. РНК-
интерференция.
9.4.  Биохимия, физиология және 
микроорганизмдердің, саңырауқұлақтар мен 
балдырлардың молекулярлық генетикасы. 
Биотехнологияда микроорганизмдерді, 
саңырауқұлақтар мен балдырлардыпайдалану.
9.5.  Мекендеу ортасының өзгерістеріне 
өсімдіктің, жануардың және адамның 
физиологиялық, биохимиялық және генетикалық 
бейімделу тетіктері. Экстремалды жағдайлар 
физиологиясы. Генетикалық токсикология. 
Адамды, жануарды, өсімдікті қорғау және 
тіршілігін қамтамасыз ету жүйесі жұмысының 
тетігі.
9.6. Жасушалық технологияның теориялық негізі: 
бағаналық жасуша, жасушалық инженерия, 
жасушалық терапия. Биоинформатика. Биология 
мен биотехнологияның физикалық-химиялық 
негіздері саласындағы зерттеулер үшін әдістер, 
аспаптар мен жабдықтар.
9.7.  Экология,  популяциялық биология 
проблемалары. Организмдерді жүйеге келтіру 
және топтастыру. Флористика, фаунистика 
және биогеография. Паразиттік жүйелер.  
Биотүрліліктердің жағдайын бағалау және сақтау 
проблемалары. Биологиялық ресурстарды тиімді 
пайдалану мен өндірудің ғылыми негізі . 
10. Жаһандану жағдайларында елдің 
агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамыту 
экономикасы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет