Ғылыми-практикалық конференциясының материалдары


ЖЕР БЕДЕРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ҚАЛЫПТАСҚАН ТОПОНИМДЕРГЕ



Pdf көрінісі
бет99/333
Дата07.01.2022
өлшемі7,58 Mb.
#19629
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   333
 

ЖЕР БЕДЕРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ҚАЛЫПТАСҚАН ТОПОНИМДЕРГЕ 

МЫСАЛДАР 

 

ОСПАНОВА К.А

 Шымкент университетінің магистранты 

 

Топонимика  -  ономастиканың  кесек  бір  бөлігі.  Ол  гректің  топос  -  «жер,  орын», 



онома  -  «ат,  атау»  деген  сөздерімен  бірігіп  «жер-су  аттарын  зерттейтін»  ғылым  деген 

мағынаны  білдіреді.  Топонимика  қай  тілде  болмасын  лексикологияның  құрамдас  бөлігі 

ретінде қаралғанымен, ол қызығы мен қиындығы мол, ешкімді жайбарақат қалдырмайтын 

ономастиканың бір саласы. 

Топонимика саласы зерттелу объектісіне қарай бірнеше топтардан тұрады. Мысалы, 

кішігірім  объектілер  микротопонимдер  делінсе,  ал  ірі  объектілер  макротопонимдер  деп 

аталады.  Егер  жергілікті  бір  аймақты  сол  жерді  мекендеген  халықтың,  елдің,  рудың 

атымен  аталса,  ондай  атауларды  этнотопоним  қарастырады.  Бұлардан  басқа:  гидроним  - 

теңіз, өзен, көл, су; ороним - тау, төбе, құз; ойконим - елді мекен және фитоним - өсімдікке 

байланысты атаулар т.б. 

Қазақ  тіл  білімінде  географиялық  атауларды  ғылыми  жүйе  тұрғысынан  зерттеу 

ерекше мәнге ие болып отыр. Өйткені топонимдер - бір ғана дәуірдің немесе бір ғасырдың 

жемісі емес, мыңдаған жылдардан бері келе жатқан халық қазынасының бай мұрасы. 

Ұлттық  тілдің  лексикалық  жүйесінен  ерекше  орын  алатын  топонимикалық  атаулар 

регион  бойынша  арнайы  қарастырылып,  нысаналары  мен  қырлары  айқындалып, 

теориялық тұрғыдан қарастырылғанына тіл білімінде, оның ішінде түркітану мен қазақ тіл 

білімінде аса көп  уақыт бола қойған жоқ. Ұлттық  ономастикалық  атаулардың бір саласы 

болып табылатын топонимдер жүйесінің зерттелуі жайында осыны айтуға болады. 

Кез  келген  тілдің  ономастикалық  жүйесі  сол  тілді  тұтынушы  этностың  (ұлттың, 

халықтың,  тайпа,  рулар)  тарихына,  мәдениетіне,  шаруашылығына  қатысты  болады.  Олай 

болса  онимдер  жүйесі  халықтың  этникалық  құрамы,  материалдық,  рухани  мәдениеті, 

азаматтық  тарихы  жөнінде  аса  мол  деректер  беретіні  сөзсіз.  Сондықтан  ономастиканың 

теориясы  мен  әдістемесін  зерттеушілер:  «Қай  атауды  алсаңыз  да,  соны  тудырушы 

халықтың мәдениетіне әйтеуір бір байланысы болады. Атаулар – мәдениеттің қалыптасуы 

мен көрінісі» 

2



- дегенді айтады. 

«Егер халық пен тілді біртұтас құбылыс деп қарасақ, тіл - халық өмірінің материалдық 

және рухани байлықтарын бойына жинаған, оның наным-сенімдерін, дәстүрін көрсететін, 

ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын баға жетпес байлық». 

3



 

Қазақстан табиғатының алуан түрлілігіне, әсіресе шөлдер мен жазық далаларға, таулы 



ландшафтарға  қатысты  көптеген  әр  түрлі  терминдер  қалыптасқан.  Оңтүстік  Қазақстанда 

мал шаруашылығына байланысты барлық табиғи ландшафтар бар. Мәселен, мұнда батысы 

Талас қыраттарына, Солтүстік батысы Өгем қыраттарымен Қаратауға тірелетін Тянь-Шань 

тауының  батыс  бөлігіне  орналасқан.  Тау  беткейі  құнарлы  өсімдікке  өте  бай,  сондықтан 




190 

 

мұнда малды жыл бойы жайып шығуға болады. Тау өңіріндегі жайылымның молдығынан, 



бұл өңірде малдың, төрт түліктің өсіп-өнуіне жағдай жасалған деуге болады. 

Ұлттық  топонимдердің  ерекшеліктері  тек  тілдік  фактімен  ғана  ерекшеленбейді, 

сонымен  қатар  белгілі  бір  аймақтың  физикалық,  географиялық  жағдайына,  жергілікті 

халық  өмірінің  этникалық  мәдени  ерекшеліктеріне  және  сол  аймақтың  әлеуметтік 

тарихына байланысты өзіндік ерекшеліктері болады. Осымен байланысты жұмысымыздың 

бірінші  тарауында  Оңтүстік  Қазақстан  топонимдерінің  өзіндік  ерекшеліктерін  анықтау 

үшін  алдымен  осы  аймақтағы  топонимдердің  өзіндік  кейпін  қалыптастырудағы 

факторларды анықтауға көңіл бөлдік. 

Сондай-ақ  Оңтүстік  Қазақстан  территориясы  жазықтарды,  шөлейт  жерлерді, 

сонымен  қатар  таулы  аудандарды,  өзен,  су  жағалауларын  да  қамтиды.  Ал  тау  етегіндегі 

құнарлы  жерлер  мен  жазық  далалар  мал  жайылымын  қамтиды.  Қоршаған  географиялық 

ортаны шаруашылық және мәдени жағынан игеру жаңа ономастикалық атаулар жүйесінің 

тууы  мен  қалыптасуына  мүмкіндік  береді.  Сондықтан  Оңтүстік  Қазақстандағы 

географиялық  ортаның  ерекшеліктері  осы  аймақтың  топонимиясында,  географиялық 

жалқы  есімдерінде  жүйелі  көрініс  тапты  деуге  болады.  Бұларды  географиялық  есімдер 

(топонимдер), фитотопонимдер, зоотопонимдер деп үш түрлі жүйемен көрсетуге болады. 

Оңтүстік  Қазақстан топонимдерінде  географиялық  объектілер  (тау,  төбе,  сай,  көл,  бұлақ, 

бастау, құм, дала т.б.) молынан кездесіп отырады[3]:  Қаратау, Шопақтау, Келіншектау, 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   333




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет