Жоспар
1.Тілдің қажеттілігін қамтамасыз ететін сала-сөзжасам.
2.Сөзжасам бірліктері.
3.Қазақ тілі сөзжасамның дамуы.
4.Сөзқжасамдық талдау.
5.Сөзжасамдық мағына.
6.Сөзжасамдық құрылым
7.Сөзжасамдық үлгі
Қазақ тілінің сөздік қоры мол.Тілдің бай лексикасы үнемі толығып,дамып отырған.Сондықтан тілдің сөздік құрамының баюында негізгі қызметті қазақ тілінің сөзжасам жүйесі атқарады,өйткені қазақ тілінің қалыптасқан сөзжасам жүйесі бар,ол тілдежаңа сөздер жасауды қамтамасыз етеді.Бұл-әр тілге қатысты заңдылық.Әр тілдің талай заманнан қалыптасқан сөзжасамдық жүйесі бар.Тілдің сөзжасам жүйесі, оның сөзжасамдық бірліктері,заңдылықтары тілдің ұзақ даму жолымен бірге қалыптасқан.

Сөзжасамдық бірліктер
Сөзжасамдық бірліктер-туынды сөзді жасауды жүзеге асыратын негізгі құралдар.Сөзжасамдық бірліктерсіз ешбір туынды сөз жасалмайды.Сондықтан сөзжасамда сөзжасамдық бірліктердің маңызы зор.Сөзжасамдық бірліктерге түбір сөздер мен сөзжасамдық жұрнақтар жатады.Уәждеме сөздерсіз,сөзжасамдық жұрнақтарсыз ешбір туынды сөз жасалмайды.Бұл-қатал сақталатын заңдылық.
Сөзжасамдық талдау
Сөзжасамдық талдауда туынды сөздің қалай жасалғанын,туынды мағынаны жасаған сөзжасамдық бірліктерді анықтау мақсаты көзделеді.Өйткені әр туынды сөздің құрамы белгілі сөзжасамдық бірліктерден тұрады.Ол үшін сөзжасамдық бірліктерді білу қажет.Қандай болмасын туынды сөздің құрамында туынды сөздің лексикалық мағынасына арқау болатын уәждеме сөз болады.Ол біреу де,бірнешеу де бола береді.Мысалы,балалық,қалашық,жазала деген туынды сөздерде бала,қала,жаза сөздері уәждеме болғанын анықтау,табу керек.Ол үшін бала,қала,жаза сөздерінің басқа жағдайда осы мағынада қолданылатынына,сөздіктегі мағынасына сүйену керек.Мысалы,балам бар,қалада тұрамын,жаза қолданылмады сияқты қолданыстағы олардың мағынасы туынды сөздегіуәждеме ретіндегі мағыналарымен бірдей.Бұл-сөзжасамдық талдауда сөздің дұрыс анықталғанының көрсеткіші.
Сөзқжасамдық талдау деп сөзжасам саласының мәселелерін тануға,ажырата білуге,сөзжасамдық бірліктердің түрлерін танып білуге,олардың қызметін,мағынасын меңгеруге арналған жұмыстың түрлері аталады