Филология факультеті қазақстан республикасындағы тіл саясаты және ономастикалық кеңістік


ОНОМАСТИКАНЫҢ ТҮП-ТАМЫРЫ – ҰЛТТЫҚ



Pdf көрінісі
бет2/13
Дата26.01.2017
өлшемі1,91 Mb.
#2756
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

ОНОМАСТИКАНЫҢ ТҮП-ТАМЫРЫ – ҰЛТТЫҚ 
ДҮНИЕТАНЫМ МЕН ХАЛЫҚ ТАРИХЫ
НЕГИМОВ С.Н.
Л.Н. Гумилев атындағы 
Еуразия ұлттық университеті
Астана қаласы
Аннотация:  В  статье  говорится  о  том,  что  ономастика  
в  совокупности  с  географией,  этнографией,  фольклором, 
историей,  культурологией,  лингвистикой,  культурой  речи 
представляет  собой  комплексную  науку.  Речь  идет  о  освоении 
иноязычных топонимов, а также о художественном мастерстве,  
изобретательности  народа.  Автор  критикует  наименования, 
встречающиеся  в  настоящее  время  и  предлагает  пути  решения 
этих проблем.
Abstract:    This  article  is  devoted  to  the  onomastics  and  its 
connection with different sciences as geography, ethnography, folklore, 
history, culturology, linquistics. The author criticizes some namings 
and offers new ways of changing and renaming them. Moreover, the 
author describes toponyms in different languages, art mastership, and 
people’s creativeness. 

14
Дәстүрлі  тарихи  жер-су  атаулары  –  халықтың 
рухани  тарихы  және  оның  ұлттық  санасы,  философиялық 
дүниетанымы, сұлулыққа, көркемдікке деген көзқарасы. Ендеше, 
Тәуелсіздігімізді,  Елдігімізді,  Мемлекеттігімді  мейлінше  берік 
орнықтыру мақсатында ежелден ел санасында қалыптасқан төл 
атауларымызды  жаңғырту,  қайта  атау  –  отаншылдық,  ұлттық 
рухымызды асқақтатары хақ.
Ономастика  дегеніміз  география,  этнография,  фольклор, 
тарих, мәдениеттану, лингвистика, сөз өнері ілімдерімен тұтаса 
байланысқан ғажайып бір әлем. Оның тарихилық, әдеби-мәдени, 
тағылымдық құндылықтары да өлшеусіз.
Ғұн  заманынан  сыр  шертетін  Сарыарқа  төріндегі  Талас, 
Тарты,  Бұланты,  Моншақты,  Сілеті,  Өлеңті,  Шідерті,  Қодан, 
Мыржық,  Бағылан,  Тентек  тағы  басқа  топонимдер  көненің 
көзіндей қастерлі.
Қытай  жылнамасында  Ғұн  тауы  –  Алтай  тауы  дегенді 
білдірген. (Әлкей Марғұлан. Ежелгі жыр, аңыздар. Алматы, 1985, 
57-бет). 
Ұлт мәдениетінің Бас кітабы – Қорқыт Ата кітабында Арқа, 
Алатау, Қазылық тауы дейтін байырғы атаулар бар.
Еуразияның ұшы-қиырсыз кеңістігінде түркі топонимдері 
жеткілікті. Мысалы: Айдар (Украина), Айм (РФ), Алтынай (РФ), 
Батагай  (РФ),  Кайнар  (Молдова),  Карасу  (Иран),  Коктебел  – 
Көк  төбе  (Қырым),  Яссы  –  Ыссы  (Румыния),  Кизляр  –  қыздар 
(Дағыстан), Култук – қолтық (РФ), Карталы – Қара талды (РФ) 
тәрізді түркілік жер-су атаулары Ахмет Дүйсенбаевтың «Еуразия 
топонимдері»  («Егемен  Қазақстан»,  2014  жыл,  26  ақпан)  және 
«Түркі топонимдері» («Қазақ әдебиеті», 2012 жыл, 13 қаңтар, № 
2) атты материалдарында көрініс тапқан.
Ежелден ата-бабаларымыз мәдени жаһандану жағдайында 
өмір сүрген, тіршілік еткен. Бұған ұлы қолбасшылар Мөде қаған, 
Аттила,  Күлтегін,  Шыңғыс  хан,  Бату  хан,  Берке  (Береке)  хан, 
Жошы хан, Бейбарыс сұлтан заманы айғақ. Және де қазақ жұрты 
Византияны  –  Үрім,  Иранды  –  Ажам,  Палестинаны  –  Кінған, 
Қытайды – Шың немесе Чина, Дамаскіні – Шам, Шри Ланканы 
–  Сәрәнділ,  Венгрияны  –  Мажарыстан,  Египетті  –  Мысыр, 

15
Данияны – Даң, Швецияны – Сібеден, Германияны – Алмания, 
Чехословакияны – Шақалауакия, Жапонияны – Жапүния (қытай 
қазақтары – Жібін), Францияны – Пранс, Американы – Әмрике, 
Польшаны – Лехистан елдері деп, Европаны – Аурупа, Мюнхенді 
–  Мүншен,  Грузияны  –  Гүржстан,  Кельнді  –  Келін,  Пекинді  – 
Бейжің, Кавказды – Қап, Қызыл теңізді – Күлзім деп атағандығы 
дәлел.
Испанияда  Каталония,  Францияда  Каталаун  дейтін  жер 
аты бар. «Құтты алаң» деген мағынаға ие. Сақ тіліндегі «хата» 
«үй-жай» дегенді білдіреді. Ежелгі германдық тайпалар тілінде 
«гуттен – гут – құт (құтты)» дегенге саяды (Сатаев А. Тұңғиықтағы 
тұнықтар. Астана, 2014, 11 бет).
Ертіс гидронимі 1) Орхон ескерткіштерінде 2) Монғолдың 
құпия шежіресінде 3) «Книга Большому Чертежу» тәрізді тарихи 
әдебиеттер  де  бар.  Қазақ  жұртында  Ертіс  өзенінің  алуан-алуан 
көркемдік сипат-қасиеттеріне орай нешеме атаулары бар. Мысал: 
Бал Ертіс, Қыран Ертіс, Буыршын Ертіс, Алқабек Ертіс, Білезік 
Ертіс,  ал  Қаба  Ертіс  –  Зайсан  деп  аталған.  Бұл  шын  мәнісінде 
Жайсаң.  Әрқайсысында  телегей  сыр,  терең  мағына  бар.  Бұл  – 
халықтың  дүниетану  даралығы  мен  даналығын,  көргіштігі  мен 
кемеңгерлік болмысын танытады.
Немесе  Атырау  облысы  Жылой  ауданында  Ақкиізтоғай 
деген жер бар. Мұның мәнісі былай екен: Ел құрметтісі Қожаназар 
бабамыз  (хас  суреткер  Әбіш  Кекілбайұлының  атасы)  Айшуақ 
ханды ақ киіз төсеп қарсы алған. Содан бастап осылай аталған.
Астананың  іргесінде,  Ұлы  Жібек  жолының  бойында 
ортағасырлық Бозоқ шаһары бар. Түптеп келгенде, бұ да қазақ 
өркениетінің куәгері.
1926  жылы  Бейімбет  Майлин.  «Мәдениет  мұралары» 
дейтін байыптамасында:
«Мәдениеттіліктің  негізгі  белгілерінің  бірі  –  өткен 
заманның  мәдениетін  тауыса  зерттеу.  Ескі  замандардан  қалған 
мәдениет  белгілерін,  мәдениет  мұраларын  қорғап  аман  сақтау. 
Мәдениет  мұраларын  аман  сақтау  ғылым  үшін  керек  нәрсе. 
Ғылым  бұл  мұралар  арқасында  әлдеқашан  болып  жоғалған 
мәдениеттің құрылысын, жолын зерттеп тарих шығарады, жаңа 
мәдениет жұмысына оңай жол табады...

16
1917-18  жылдарда,  азамат  соғысы  уақытында  қазақтар 
күйдірген тастан салған әдемі мектеп үйлерін «бұл ескі, Николай 
салдырған үйі ғой» деп, бұзып талап алды. Николай салдырмақ 
түгіл,  арғы  атасы  Роман  салдырса  да,  40-50  бөлмелі  күйдірген 
тастан  салынған  жақсы  үйлер  қазақ  еліне  пайдалы,  қазақ 
даласына сән еді, мәдениет мұрасы еді.
Бұл – мектеп үйлерін, темірінен екі пар шелек істетіп алу 
үшін  талап  алу  қазақ  елінде  мәдениеттің  жоқтығының  үстіне, 
қазақта мәдениет деген ұғымның жоқтығын, мәдениетті сүйетін 
қазақ бойында ондай мінездің жоқтығын көрсетеді.
Бұлай  болғасын  қазақ  даласындағы  мәдениет  мұраларын 
қорғамай  болмайды.  Оларды  қорғау  жалғыз  орталық  үкіметтің 
қолынан келмейді. Орындардағы кеңестер, әсіресе, халық ағарту 
бөлімдері  бұл  мұраларды  қорғауға,  зерттеуге  кірісулері  керек-
ақ. Бұл жұмысқа елдің араласуы керек. Елде ғылым ұйымдары 
ашылып,  оқытушылар,  кеңес  қызметкерлері,  партия  мүшелері 
бастап түсуі керек.
Қазақ даласын бұрын жеті жұрт жайлады ма, жетпіс жұрт 
жайлады  ма?  Қандай  жұрттар  жайлады,  қандай  шаруашылық 
малданды,  қандай  мәдениеті  болды  –  бұлардың  бәрін  зерттеп 
білу қазақ шаруасына қазақ мәдениетіне аса керек.
Қазақстан  үкіметі  буынын  бекітті.  Қазақстанда  мәдениет 
жұмысы  бекіді.  Қазақстан  шаруашылығы  түзеліп  келеді. 
Қазақстанда  да  ескі  мәдениет  мұраларын  есепке  алатын, 
қорғайтын,  зерттеп  нәтиже  шығаратын,  аймақтану  материалы 
есебінде  бұларды  мектеп  бағдарламаларына  кіргізетін,  елге 
бұл  мұралардың  мәнісін  түсіндіріп,  елді  талаудан  тоқтатып, 
қорықша, күзетші ететін уақыт жетті».
Ұлт  көсемі  Ахмет  Байтұрсынұлы:  «Тарихтың  қызметі 
– бүтін адам баласының яки бүтін бір жұрттың ... өткен өмірін 
болған  күйінде  айнытпай  айту»  деген  қағидалы  пікірі  ұлттық 
санаға  (тарихи,  әлеуметтік,  философиялық,  мұсылмандық-
түркілік, эстетикалық, экономикалық, мәдени көзқарастар жүйесі) 
қатысты.  Мәселен,  «Самара  мен  Бөкейлік  гүбернелерінің  шегі 
Тарғын деген өзен. Бұл өзенді орыс «Тұрғын», қазақ «Тарғын» 
дейді.  Тарғын  өзенінің  күнбатысында  Жанарыстан  өзені,  орыс 

17
«Ерұслан»  дейді,  Еділге  құяды»  деп  жазады  Әлихан  Бөкейхан 
(Ә.Бөкейхан. Таңдамалы. Алматы, 1995, 364-беттер). Ер Тарғын, 
ел қорғаған тарихи тұлға. Мұны 1942 жылы «Правда» газетінде 
жарық  көрген  Илья  Эренбургтің  «Қазақтар»  дейтін  очеркінде: 
«Жеті  мыңқолдық  жау  жасағына  қарсы  жалғыз  шапқан  Ер 
Тарғын  ұрпақтарының  намысы  Мәскеу  түбінде  тағы  бір  мәрте 
жарқылдады» деп тебірене жазған-ды.
Халықтың  суреткерлік  көзқарасын,  тапқырлығын, 
даналығын  көрсететін  мынадай  гидронимдердің  сымбат-көркі 
қандай десеңізші!
Ақтасты өзені – Есілдің сол жақ арнасы.
Мойылды өзені – Есіл өзенінің оң жақ арнасы.
Шортанды өзені – Есілдің оң жақ арнасы.
Өлеңті өзені – Ертіс өзені бассейні, өзен бұрылыстарында 
әртүрлі өсімдіктерге бай алаңқайлар бар.
Кәрі өзен – Есіл өзенінің негізгі арнасынан бөлінген.
Қарасу өзені – судың түсіне байланысты аталған.
Қызылсу өзені – топырақтың түсіне байланысты аталған.
Балықтыкөл көлі – балыққа бай көл.
Байдала көлі – мол маңдағы даланың кеңдігіне байланысты 
қойылуы мүмкін.
Тышқанкөл көлі – көлде ондатрлар есепсіз.
Жылтыркөл  –  көл  бетіне  түскен  күн  сәулесінің  ерекше 
жылтырауынан.
Алакөл  –  көл  бетінің  толқын  ұрғанда  ала-құла  болуынан 
аталған.
Ащыкөл – көлдің суының тұздылығынан аталған.
Батпақкөл – батпақты көл.
Шалқар  көл  –  көл  көлемінің  үлкендігіне  байланысты 
аталған.
Шөптікөл  –  көл  жағалауының  қарғатамырлы    шөптің 
(шымды) болуынан аталған.
Нұра  өзені.  Монғол  тілінде  «нұра»  –  қирату,  тангус  – 
маньчжурша – «нұра» - жыралы деген мағынаны білдіреді.
Құланөтпес өзені. Аңыз бойынша, осы өзенде шортандар 
көп болғандықтан, малды судан өткізуге тосқауыл келтіріпті.

18
Теңіз көлі. Көл өзінің көлемімен таңқалдырады, сондықтан 
Теңіз көлі аталған.
Асаубалық көлі. Мұнда жыртқыш ірі балықтар мол.
Сұлтанкелді  көлі.  Ел  аузында  атақты  Хан  Кене 
нөкерлерімен  осы  көлдің  жағасына  келіп  шатыр  тігіп,  аттарын 
суарып, дамылдаған. 
Жұмай көлі. Жұмай батырдың есімен аталған.
Шолақ көлі. Жақын маңындағы көлдермен салыстырғанда 
көлемі жағынан кішкентай болғандықтан Шолақ деп аталған.
Ащыкөл. Көл суының ащы болуына байланысты аталған.
Тұщыкөл. Көл суы тұщы болуына байланысты аталған.
Құмкөл. Көлдің жағалауы құмға толы.
Қыстау көл. Осы көлдің жағалауында ел адамдары ызғарлы 
қыстан аман-есен қыстап шыққан.
Шұңқыр көл. Көл шұңқырда орналасқан.
Шалқар көл. Осы жерге сәнін беріп тұрған көл.
Сабынды  көл.  Суы  сабын  секілді  көпіретіндіктен  осылай 
аталған.
Қорқылдақ  көлі.  Ертеректе  көл  суының  көптігіне 
байланысты  «Сулы»  деп  аталса,  қазір  жер  асты  бұлақтарының 
бұрқылдап көтерілуіне байланысты «Қорқылдақ» деп өзгертілген.
Ұялы Шалқар көлі. Көл Ұялы аттас ауылдың жанында.
Ши  Шалқар  көлі.  Көл  Ұялы  аттас  ауылдың  жанында, 
жиегінде ши көп өскен.
Бабай көлі – кісі есімімен байланысты аталған.
Арықты көлі. Ауыл ортасынан ағатын арыққа байланысты 
аталған.
Саудыр  көлі.  Көл  жағалауында  құнарсыз  шөптің  өсуінен 
аталған.
Өтебай көлі. Көл маңында тұрған бай есімімен байланысты.
Бестөбе көлі. Көлдің жан-жағын бес төбе қоршап тұрғандай.
Нұрабай көлі. Бай есімімен байланысты.
Болғанкөл көлі. Бұрынғы кезде осы жерде Төртауыл және 
Темеш ақсақалдардың тұқымдары тұрған.
Алакөл өзені. Көлдің суы ащы. Көл бетінде толқын ұрғанда, 
бір жерінде ақшыл, екінші жерінде күңгірт көруінен аталған.

19
Қаңбақ  көлі.  Көл  көлемінің  кішкентай  және  дөңгелек 
болуына байланысты.
Шебік көлі. Қамыс басқан көл.
Босай көлі. Бозай батырдың есімімен аталған.
Ақ  құдық  көлі.  Бұл  көлдің  жағасында  жайлаудағы  елді 
сумен қамтамасыз ететін бір ғана құдық болған.
Бескөл  көлі.  Көл  бес  бөліктен  тұрған,  кейін  қосылып 
кеткендіктен «Бескөл» атауы сақталып қалған.
Есей  көлі.  Көшім  ханның  баласының  кісі  есіміне 
байланысты аталған.
Біртабан  көлі.  Көл  көлемі  кішкене,  адамның  бір  ізіне 
ұқсағандықтан аталған.
Саумалкөл көлі. Жел соққан күндері су беті көпіріп, саумал 
қымыз тәрізді ағарған.
Күркілдек  көлі.  Жеті  өзеннің  қосылған  жері,  сондықтан 
сарқыраманың шуы алыстан естілген.
Жарқайың  ауданының  гидронимдері  өздерінің  жергілікті 
атауларын сақтап қалған.
Жаркөл – жағалауы жарлы болғандықтан аталған.
Қардыкөл – мүмкін қар суымен толатын шығар.
Барлыкөл – бай, балықты көл.
Сабандықкөл – жағалауы қамысты.
Алакөл – көл бетінің ала-құла көрінуінен.
Қасқакөл – жағалауы жұтаң болуынан.
Балуанкөл – балуанның көлі.
Дамса  ауылы.  Орыс  тіліндегі  бір  түсінікте  атау  қазақ 
тіліндегі  Дәмдісу  деген  сөзден  шыққан.  Көне  көздердің  айтуы 
бойынша,  ауыл  маңында  тастай  қатты  суы  бар  бұлақтар  көп 
болған, сондықтан ауыл Дәмсу аталған. 
Колутон өзені – бір аңыз бойынша, моңғол шапқыншылығы 
кезінде,  Шыңғыс  хан  қар  ерірдің  алдында  мыңдаған  әскерін 
өзеннің  арғы  жағына  өткізуге  ыңғайлы  жер  іздеу  үшін  барлау 
отрядын жібереді. Өтетін жерді таңдап, өзен кедергі келтірмейді 
деп  ханға  хабарлайды.  Шыңғыс  хан  әскері  көп  күндер  жүріп 
өзенге  таянғанда,  өзеннің  қар  суы  еріп,  өзен  тасып  жатқан  кез 
болатын. Шыңғыс хан қаһарланып барлау отрядын теріс мәлімет 

20
әкелгендері үшін осы өзенге батыруға бұйырады. Хан сол жерге 
лагерь  құрады,  келесі  отряд  айналып  өтетін  жол  тапқанша 
өзен  суының  арнасы  түседі  де  әскерлер  еш  кедергісіз  екінші 
жағалауға өтеді. Сол кезден бастап өзен Колутон (моңғол тілінде 
«көрінбейтін кедергі») аталыпты. 
Қоржынкөл.  Көл  атауы  жайында  аңыз  бар.  Жоңғарлар 
ауылды шауып, ең әдемі бойжеткен Күләшты тұтқынға түсіреді. 
Күләш үшін шатыр тігеді, жылаған қызды жұбату үшін алдына 
үйілген  алтын  қояды.  Бостандыққа  шығуды  аңсаған  қыз 
үйілген алтынның орнына өзінің сүйікті Қоржын түйесі болуын 
армандайды. Ойы шындыққа айналады, бойжеткен түйеге міне 
сала құтылуға тырысады. Қуғынды көрген Күләш түйеден түсе 
сала тауға қашады. Алтын түйе күнге шағылысады, сондықтан 
қуғыншылар қызды байқамайды. Қызды құтқарған түйе Қоржын 
алдында  кездескен  көлге  түсіп,  батып  кетеді.  Содан  бері  көл 
Қоржынкөл аталады, ал Күләш қашқан тау, аңғар-алтын аталады.
Қазақстанда  таным-пайымыңды  көріктендіретін  һәм 
тереңдететін,  қиял-сезіміңді  қанаттандыратын  мән-мағынасы 
сұлу жер-су атаулары жеткілікті. Айталық: Домбыралы, Көркем, 
Қарлығаш, Оғызбалық, Айғыр ұшқан, Күлегеш (Қарқаралыдағы 
жартастың аты, бір сөзіңді жеті рет қайталайды) және т.с.с.
Я  болмаса  Ақмола  облысында  мағынасы  кімескіленген 
«Ей», «Түнтүйгір» дейтін елдімекендер бар. Солтүстік Қазақстан 
облысының Жамбыл ауданының орталығы Пресновка селосының 
дәл қасында Пресное көлі бар. 2012 жылы 88-дегі ақсақал соның 
байырғы атауын айтып бере алмады. Міне, отарлаудың кесапаты. 
Отарлау  саясатының  негізінде  пайда  болған  жасанды  жер,  су, 
елдімекен атауларын бір қаулымен-ақ келмеске кетіру абзал.
Ақмола  облысының  Щучье  ауданында  60  қазақ  отбасы 
мекен еткен «Новый Қарабауыр селосы» бар. Көзге сүйел, көңілге 
түрпі. Сол секілді Дмитриевка мен Николаевка. Алғашқысының 
төл  атауы  «Ұрымқай»,  кейінгісі  «Аршалы»  десе  де  қонымды. 
Өйткені, бұл жерде Аршалы өзені ағады.
Ономастика  мен  көрнекі  ақпарат  (жарнама)  көздің  ағы 
мен  қарасындай,  халықтың  эстетикасы  мен  интеллектуалдық 
мәдениетінің  көрсеткіші.  Дұрыс  жазу,  әдеби  тіл  нормасы, 

21
транситерация,  транскрипция  ерекше  ескерілуге  тиіс.  Өйткені, 
ол – елдің маңдайы. Оған ең жақсы, ең таңдаулы, ең салиқалы 
сөз барынша сауатты, көркем жазылуға лайық. Бұл – халықтың 
шығармашылық әлеуеті мен тіл мәдениетін анықтайды, тарихын 
танытады.  Бабаларымыздың  «халық  қартаймайды,  қара  жер 
қартаймайды»  деген  сөзі  бар.  Ендеше,  ономастикаға  шынайы 
тарихи көзқарас пен ұлтжандылық қажет. 
Бұл  жөнінде  Батыс  Қазақстан  облысы  Орал  қаласында 
2015  жылдың  мамыр  айының  28-29  күндерінде  ҚР  Мәдениет 
және  спорт  министрлігі  Тілдерді  дамыту  және  қоғамдық-
саяси  жұмыс  Комитетінің  ұйымдастыруымен  «Ономастика 
және  көрнекі  ақпарат  мәселелері»,  «Ономастика  саласындағы 
нормативтік-құқықтық  актілерді  реттеу»  дейтін  мәселелер 
бойынша  Республикалық  дөңгелек  үстел  өтті.  Сөз  жоқ, 
ономастиканың негізгі тармағы – жарнама тілі, көрнекі ақпарат 
–  ұлттық  болмыстың  эстетикалық  бейнесі,  тәуелсіздігіміздің 
айғағы екендігіне айрықша маңыз берілді.
Ономастикада  аса  күрделі  мәселенің  бірі  –  елдімекенге, 
мектепке,  даңғылға,  көшеге,  әуежайларға,  порттарға,  теміржол 
вокзалдарына т.с.с. кісі есімдерін беру. Ел ұғымында белгілі бір 
адамның  байлығы,  атақ-дәрежесі  емес,  ардақты  істері,  үлгілі, 
өнегелі  дәстүрі  мен  мектебі,  тарихи  қызметі  (интеллектуалдың 
өлімі – катастрофа ретінде қабылданатын) – қайраткердің нақты 
тұлғасын анықтайды. Жапонияда қайраткер бір ғасырдан кейін 
айрықша назарға ілінеді екен. Қазақ жағдайында кейбіреулердің 
жасандылықпен  дабыра-даңғазамен  атағы  шыққандарға 
топырағы  суымай-ақ  екі  өкпесін  қолына  алып  жүгіру  әбестік, 
әдепсіздік.  Тарихтың  таразысын,  таңдауын,  талқысын  қайда 
қоямыз?! Бүгінгі күнге шейін Абай «Қазақта Марабайдан асқан 
ақын жоқ» деп құрметтеген Қобыланды мен Ер Тарғынды ересен 
көркемдікпен, тереңдікпен толғаған жырауға ештеңе бұйырмаған. 
Бұған қарап Марабай жырауды ұмыттық деуге әсте болмайды.
Негізінде, кісі аттарын беруде аса сақтық керек. Алдымен, 
тарихи төл атауларды толық қалпына келтіру қажет.

22
АСТАНА КӨШЕЛЕРІНІҢ АТАУЛАРЫ –
ҚАЛА ТАРИХЫНЫҢ ШЕЖІРЕСІ
АРТЫҚБАЕВ Ж.О.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті.
Астана қаласы
  Аннотация. Статья посвящена изучению наименований 
улиц  города  Астаны  с  исторической  позиции.  В  ней  показано, 
что  названиях  улиц  столицы  есть  история  города,  которая 
раскрывается благодаря историческим фактам.
Abstract. The paper a imstogive a comprehensive analysis of 
street naming in Astana. The author comes to conclusion, that all street 
names connect with the past and present history of Astana.
    Қазіргі  Астана  көшелерінің  атауы  қазақ  халқының  
ұлан-байтақ  жерінен,  ғасырлар  қойнауына  кеткен  тарихынан, 
ерекше далалық мәдениетінен, халық жадында ізі қалған белгілі 
тұлғаларынан мол ақпарат береді. Тәуелсіз мемлекеттің астанасы 
солай болуы да керек, себебі Астана – қазақ елінің жүрегі, ақылы 
және  тарихи  санасы!  1997  жылдан  бастап  Астана  мен  оның 
аймағында 800-ден артық жаңа атаулар пайда болды. Тіпті өзгесін 
айтпағанда, қазақ халқының аяулы да қаһарман қыздарының аты 
осы тізімде қомақты орын алады: Баян сұлу, Қыз Жібек, Күйші 
Дина, Айша бибі, Ақжүніс, Ақын Сара, Мәриям Жагорқызы т.б. 
Қандай  тамаша!  Қазіргі  Астана  көшелері  мен  алаңдары  қазақ 
тарихы  мен  мәдениетінің  көрнекті  оқулығы  сияқты.  Бұрынғы  
Коммунистический, 
Социалистический, 
Инициативный, 
Перспективный,  Угольный,    Дорожный,  Суворова,  Герцена 
сияқты    не  ұлтқа,  не  осы  аймақ  тарихына  еш  байланысы  жоқ 
атаулар ұмытыла бастады. 
Дегенмен  Астана  тарихынан  еш  ажыратып  ала  алмайтын 
атаулар да бар екенін ескергеніміз жөн. Әр астана өзінің тарихымен 
мақтанады, ол тарих неғұрлым тереңге кетсе, соғұрлым бәйтерек 
биік болмақ. Бұл жағынан келгенде, Есіл мен Нұра арасындағы 

23
тарихи  ескерткіштер  мыңдаған  жылдық  тарихымыздың  куәсі 
десек  болады.  Олардың  ішінде  ғұн  дәуірінен  дерек  беретін 
Тайтөбе кешені, оғыз дәуірімен байланысып жатқан Бұзоқ пен 
Бытығай, Алтын Орда империясының далалық орталықтарының 
бірі – Орманбет қаласы, одан қалды Әз Тәукенің жазғы ордасы 
қонған жер – Күйгенжар бар. Енді бір қызық тақырып – Астананың 
өз  көшелерінің  тарихы.  Батыс  Еуропаның  астаналарының 
тарихындай    біздің  жыл  санауымызға  дейін  жалғасып  кететін 
көшелер болмағанымен, бізде бірнеше жүз жылдық тарихы бар 
көшелерді табуға болады. 
Біз  бұл  мақалада  астананың  ескі  орталығында 
әрқайсысының өзіндік тарихы бар бірнеше көшемен оқырманды 
таныстырамыз. Әрине, оқырман өз бетімен әрі қарай талпыныс 
қылып зерттеймін десе өз еркі, қалай болғанда да біздің ақпарат 
осыған  түрткі  болғанына  тек  қуанамыз.  Басқасын  айтпағанда, 
бүгінде он-он бес жыл осы қалаға кіндігі байланып қызмет жасап 
жүрген азаматтардың өзіне де қала көшелерінің тарихынан аз да 
болса мәлімет алса артық болмас деген пікірдеміз. Қалай дегенмен 
келімді-кетімді қонақтар бар, өсіп келе жатқан жас өрендер бар,  
астаналықтардың өзінің өмір сүріп жатқан ортасының тарихын 
білгені  дұрыс  емес  пе?  Қала  көшелері  туралы  тарихи  ақпарат 
ішкі  туризм саласына жауап беретін, не  тікелей қала бойынша 
саяхатты  ұйымдастырып  жүрген  жолбасшылар  үшін  аса  керек 
деген пікірдеміз. Себебі бұл – қазақ ономастикалық кеңістігінің 
бір компоненті, тіл саясатының көзге көрінер тұсы.
Қазіргі  Астана  қаласының  іргетасы  ХІХ  ғасырдың  30-
шы жылдары ежелгі заманнан бері келе жатқан сауда бекетінің 
орнына қалана бастады. Әуел баста Қараөткел атымен белгілі бұл 
қоныс  жан-жағында    мұнаралары  бар,  терең  ормен  қоршалған 
қорғаны бар, онша көлемді емес еді. Ол қазіргі күні солтүстігінен  
Кенесары,  батысынан  Сарыарқа,  шығысынан  Бөкейханов,  ал 
оңтүстігінен Есіл өзені  шекаралаған алаңда  орналасқан. 

24
1 сурет – Өрт сөндіру мұнарасы
Бұл  бекініс  қорғанның  ішінде  көше  болған  жоқ.  Біздің 
қолымыздағы  сызбада,  ең  алдымен,  «Часовня»  көрсетілген. 
«Часовня»  деген  шіркеу  деуге  келмейді,  бірақ  шіркеуді 
алмастыратын  кішкентай  христиандық  ғибадатхана  десек 
дұрыс. Екінші құрылыс – сот палатасының ғимараты. Үшіншісі 
–  қазақтар  «дуан»  деп  атайтын  округтың  басқару  аппараты 
орналасқан кеңсе. Төртінші құрылыс – лазарет, яғни ауруларды 
емдейтін шағын емхана, ал  бесінші  құрылысты сызбада «острог» 
деп атайды, бұл қазіргі қазақ тіліне аударсақ – түрме. Бекіністің 
қамалдарына қатарластыра әскери адамдар тұратын казармалар 
орналасқан.  Бұлардың  басқа  бекініс  ішінде  округтік  дуанның 
қызметкерлеріне  арналып  салынған  бірнеше  тұрғын  үйлер  де 
болды, бірақ оларды арнайы көше деп атауға еш негіз жоқ. 
1840  жылдары,  бір  жағынан,  сауданың  дамуына,  екінші 
жағынан, Кенесары көтерілісі жеңіліс тапқаннан кейін далалық 
алқапта бейбітшіліктің орнауына байланысты бекіністің маңында 
құрылыстар  салу  басталды.  Оның  ішінде  бекіністің  батыс 
жағында Ақмола дуанының алғашқы аға сұлтаны Қоңырқұлжа 
Құдаймендіұлының  өзіне  деп  салған  үйі  және  мешітті  ерекше 
атап  көрсетуге  тиістіміз.  Қараөткелдің  алғашқы  мешіті  қазіргі 
Иманов  көшесінің  Бөкейханов  көшесіне  жақындаған  тұсында 
салынған. 1840 жылдары мешіт салынған кезде ол жерде бірнеше 

25
ғана үй болатын. Биіктеу жерге салынған мешіттің мұнарасынан  
Қараөткелге  керуендер  келгенде  арнайы  азан  шақырылып, 
саудагерлердің амандығына деп дұға оқылатын. ХІХ ғасырдың 
соңына қарай мешіт салынған көше тарихи құжаттарға Мечетная 
болып еніп кетті.
Қараөткелдің  алғашқы  көшесі  деп  біз  қазіргі  Кенесары 
көшесін  атауымызға  болады.  Себебі  бекініс  салынып,  дуан 
ашылған  уақытта  Есіл  өзенін  Қараөткелден  кешіп  өткен 
керуендер бекініс қорғанының қас бетіне жақындап келіп түсіп, 
түйелерін шөгеріп,  шатырларын тігіп, саудаларын жасай беретін. 
Кейін осы көше Үлкен Базар көшесі атанды. Қазіргі «Конгресс-
Холл»  ХІХ  ғасырдың  соңына  дейін  базардың  қайнаған  ортасы 
болатын.  Патша  үкіметі  құлаған  соң  1922  жылы  Үлкен  Базар 
көшесін  Қараөткелдің  зиялы  қауымы  Кенесары  көшесі  деп 
атады, бірақ Кеңес үкіметі күшіне кірген кезде большевиктер ол 
көшені Кенесарыдан тартып алып, Карл Маркстың атына берді. 
Қазақстан тәуелсіздігін алып, Астана Қараөткелге келген соң бұл 
көшенің бағы жанып, Кенесары  өз атауын қайтарып алды. Қарап 
отырсаңыз, тарих деген ғажап бір құбылыс, шыр айналған замана 
көші  Архимедтің  спиралі  сияқты,  дәл  орнына  келмегенімен 
қайталап өзінің ізін шиырлап отырады.
2 сурет – Орталық көшелердің бірі

26
Бұл  жерде  бір  кішкене  ескертпе  айта  кеткен  жөн.  ХХ 
ғасырдың басындағы тарихи құжаттар мен әдебиетте Кенесары 
көшесінің    Казачья  слободкадан  бастап  Желтоқсан  көшесіне 
дейінгі    тұсын  Театр  көшесі  деп  те  атайды.  Желтоқсан  Кеңес 
заманында  Комсомольская  көшесі,  патша  заманында  көпшілік 
Думская  деп  атаған.  Көп  заман  Қараөткел  көшелері  атсыз 
болғаны  белгілі,  шағын  қала  болғандықтан,  көшелерге  арнайы 
ат  қойылмаған.  Сол  жерде  қандай  белгілі  ғимарат  бар,  оның 
қоғамдық  қызметі  қандай,  алғашқы  атаулар  сол  белгілер 
бойынша қалыптасқан.  
Екінші көше – Кіші Базар алаңы. Бұл алаңды Үлкен Базар 
көшесіне  қанаттас  алаң  десек  те  болады.  Қазіргі  күні  де  бір 
жағынан Бейбітшілік  көшесі кесіп өтетін өте әдемі алаңдардың 
бірі – осы Кіші Базар. Егер құрылыс есебімен айтсақ, Конгресс-
холлдан  бастап  ескі  Парламент  үйіне,  қазір  Қазақстанның 
мемлекеттік Басқару Академиясы, Спорт және туризм агенттігі 
т.б. орналасқан ғимаратқа дейінгі жер. Кеңес үкіметі жеңгеннен 
кейін Кіші Базар алаңын Луначарский атына беріп, сол жерден 
басталатын көшені Пролетарская, кейін бір уақыт Мир деп атады, 
қазіргі уақытта бұл көше Бейбітшілік көшесі деп аталады. 
3 сурет – Орталық көшелердің бірі

27
Осыған  байланысты  тағы  бір  ескерте  кететін  мәселе 
бар.  Патша  заманындағы  әдебиетте  Кіші  Базар  алаңының 
екі  қапталы  болғаны  айтылады,  оның  бір  қапталы  Керуен 
Сарай  (Гостинодворская)  аталғаны  белгілі,  екіншісінің  Кеңес 
заманында Пролетарская көшесі атанғанын есте сақтаған дұрыс. 
Пролетарская  көшесі  кейін  Мир  көшесі  болып,  ал  тәуелсіздік 
тұсында Бейбітшілік деген атауға ие болды. Сонымен, Қараөткел 
көшелерінің тарихы осы аталған екі көшеден басталады. 
Деректерге қарағанда, ХХ ғасырдың басында осы аталған 
екі  көшеден  басқа  тағы  да  жеті  көше  болған.  Олар  –  Жағалау 
(Береговая),  Татар,  Хлебников,  Училище  (Училищная),  Шіркеу 
(Церковная),  Жаңа  (Новая)  және  Дала  (Степная)  көшелері. 
Әрине,  бұл  жерде  әңгіме  қаланың  орталық  бөлігінде  белгілі 
бір тәртіпке бағынған көшелер туралы, ал тәртіпке бағынбаған, 
қалай  болса  солай,  қиқы-жиқы  салынған  көшелер  де  аз  емес. 
Олардың ішінде қаланың екі қапталындағы слободкалар, казак-
орыс  станицасы,  қазақ  жатақтарының  үйме-жүйме  қоныстары, 
т.б.  бар.  Өзінің  реті  келгенде  Ақмоланың  слободкалары  мен 
жатақтары туралы жеке бір мақала дайындаймыз. 
Ақмола  қала  атағын  1860-жылдары  алғанымен,  өзін  қала 
сезіне  бастағаны  тек  ХХ  ғасырдың  басы  ғана,  оның  өзінде  де 
1903 жылы Қараөткелде болған П. Головачев қаланы былай деп 
сипаттайды: «Областной город Акмолинск, или Акмолы, основан 
чисто  по  стратегическим  соображениям  для  удержания  в 
повиновения  казахов,  кочевавших  по  Ишиму.  Город  окружен  с 
одной сторны целой сотней ветряных мельниц... Он состоит из 
трех главных частей, отделенных одна от другой громадными 
пустырями,  из  которых  один  называется  Базарной  площадью 
(бұл жаңағы айтылған Конгресс-Холл маңы – Ж. А.). На видном 
месте, на одной площади с собором, думой и гостиным двором 
находится острог, квадрат в 20 сажен по сторонам, огороженный 
«палями»  (заостренными  бревнами)  сажени  на  три  высотой» 
[1, 340]. «Острог» деп орыстар сол кездегі түрмені атайды. Бір 
қызығы,  түрме  сипаттамаға  қарағанда  қазіргі  қала  әкімшілігі 
(бұрынғы  Александро-Невский  соборы),  М.  Горький  атындағы 
орыс  драма  театрының  үйі  (Қалалық  басқарма  -  Дума),  Сине-

28
Темпоре дүкенінің (Керуен Сарай - Гостиный двор) арасындағы 
ең орталық деген алаңға орналасқан болып шығады.
Қараөткелдің көшелері туралы П. Головачев былай дейді: 
«Улицы Акмолинска, конечно, не освещаются. Несколько фонарей 
горят только у больших магазинов для лучшей охраны от воров. 
В  обычное  время  эти  широкие  и  длинные  улицы  никогда  не 
подметаются, хотя и унавожены гораздо лучще крестьянских 
полей  в  центральных  губерниях;  их  очищают  ветры,  часто 
поднимающие тучи пыли и затхлого навоза. Если летние ветры 
выметают  городские  улицы,  то  зимние  бураны  прекращают 
всякое  сообщение.  Трудно  представить  себе  всю  силу  и  весь 
ужас степных буранов: ничего не видно и не слышно буквально в 
двух шагах... Бураны в Акмолинске прекращают сношения даже 
между  соседними  домами:  отойти  в  буран  вечером  в  сторону 
от  своего  дома-значить  рисковать  жизнью.  ...В  обширных 
акмолинских  дворах  во  время  буранов  протягиваются  веревки, 
держась  за  которых  только  и  можно  добраться  до  службы, 
не  рискуя  заблудиться  в  собственном  дворе».  Қазіргі  күні  де 
қыс кейде қаһарына мініп, әжептеуір борандатып тұрады, бірақ 
бұрынғы    аққала  болып  жататын  қар,  алай-дүлей  борандар 
қайда?! 
Астананың ескі  көшелерінің ішінде Абай көшесі ерекше 
орын  алады.  Осы  көшенің  бойын  асықпай  араласаңыз,  қала 
тарихының  талай  тамаша  ескерткіштерін  көресіз.  Басқасын 
айтпағанда,  кезінде Ақмоланың ең бай көпесі Нүркей Зәбировтің 
қаражатына  салынған  Жасыл  мешіттің  шарбағы  неге  тұрады? 
Бірақ патша заманында татарлар көп қоныстанған бұл көше Мешіт 
көшесі  емес,  Шіркеу  көшесі  атанды.  Себебі  Ресей  империясы 
христиандық империя болды, екіншіден, көшенің Есіл жағында 
христиандардың  Александро-Невский  соборы  тұрды.  Кеңес 
үкіметі орнағаннан кейін  Қазан төңкерісінің үш жылдық тойының 
құрметіне Ақмола қалалық уездік исполкомының 1920 жылдың 
11  желтоқсанындағы  шешіміне  сәйкес  бұл  үлкен  және  көркем 
көшеге  күн  көсем  Ленин  аты    берілді.  Қазақстан  астанасының 
көшіп  келуімен  байланысты  1997  жылдың  5  қарашасында 
көшенің атауынан Ленин аты алынып, Абай аталды. 

29
  Бұрынғы  Қараөткелде  Новая  аталатын  көше  болғанын 
біз білеміз бе? ХХ ғасырдың басында бұл көше расында да жаңа 
болды, себебі осы қысқа көше Степная (қазіргі Сейфуллин көшесі)  
және Церковная (қазіргі Абай көшесі) аталатын ескі көшелердің 
арасынан  салынды.  Кеңес  үкіметі  орнағаннан  кейін  біраз  жыл 
бұрынғы  атымен  жүрген  көше  большевиктердің  көзінің  құрты 
болды.  Ақыры  ескі  құрылыстары  көп  әдемі  көшелердің  бірі 
Сталин атына берілді. 1967 жылы  Қазан төңкерісінің 50 жылдығын 
тойлауға  дайындық  кезінде  және  кеңестік  тоталитаризм  мен 
жеке басқа табынушылықты әшкереулеу,  репрессия құрбандары 
туралы  шындықтың  айтыла  бастауына  байланысты  «мұртты 
көсем» Сталин  аты ұмытылып, көше «50 лет Октября» аталды. 
1997  жылы  26  маусымынан  бастап  бұл  көше  қазақтың  атақты 
театр қайраткері Жақып Омаров атымен аталады. Қараөткелдің 
ХХ ғасыр басындағы тәртіпті көшелерінің бірі осы көше болған. 
Қараөткелдің  ескі  ғимараттарымен  танысамын  деген  азаматтар 
Жақып  Омаров  атындағы  көшемен  аз  ғана  серуен  жасаса 
болғаны,  көз  алдыңызға  ХІХ  ғасырдың  соңындағы  уездік  қала 
келе қалады. 
  Қараөткелдің ескі көшелерінің бірі Степная деп аталады. 
Көп  заман  бұл  көше  қаланың  қыр  жағындағы  шеткі  алқабы 
болды. 1838 жылы мамыр айының соңына қарай Ақмола дуанын 
шаппақ болған Кенесары әскерінің «Ұлы қол» аталатын орталық 
бөлігі  қазіргі  Сейфуллин  көшесінің  бойында  топтасқан.  ХХ 
ғасырдың  басында  да  қырдың  қазағы  қалаға  осы  қас  бетінен 
келетін. О. Головачев жазбаларына қарасақ, қаланы мекендейтін 
де,  күнделікті  келіп-кетіп  жүретін  де  қазақ  аз  емес:  «Хотя 
главная, значительнейшая часть населения Акмолинска состоит 
из русских казаков и мещан, однако при первом взгляде кажется, 
что  казахи  и  вообще  инородцы  преобладают  в  этом  степном 
городе: казахи и толпами и в одиночку галопируют по улицам, 
поднимая целые столбы пыли, толкуются на базарной площади, 
наполняют  лавки  и  магазны,  камеры  обоих  мировых  судей, 
уездное управление; всюду слышится казахская речь. Множество 
казахов  ежедневно  является  в  город  с  кумысом  ,  за  покупками 
и  для  продажи  степных  продуктов;  кучерами  и  работниками 

30
служат почти исключительно казахи и беспрестанно гоняют на 
водопой целые табуны лошадей».
Степная (Қыр) көшесі Кеңес заманында алдымен большевик 
Урицкий атына берілді де, кейіннен «Революционная» деген атпен 
белгілі болды. Білетіндер бұл көшенің көп бөлігін ертеден қазақ 
жатақтарының жаман жер кепе үйлері алып жатушы еді дейді. 
Бұл  көшенің  үйлері  қиқы–жиқы  қазақи  тәртіпте  болғанымен, 
көлік  қозғалысына ыңғайлы көшелердің бірі болған екен. Қазіргі 
қаланың негізгі артерияның біріне айналған бұл көше қазақтан 
шыққан  алғашқы  большевиктік  қайраткерлердің  бірі,  1920 
жылдардағы өтпелі және ауыр біраз жыл мемлекетті басқарған, 
атақты  ақын  және  қоғам  қайраткері  Сәкен  Сейфуллин  атында. 
Сәкен және Қараөткел тақырыбы – жеке бір мақаланың жүгі.
  Астана  тарихына  қатысты  ғылыми  және  көпшілік 
әдебиетте    қала  көшелеріне  қатысты  толып  жатқан  қателіктер 
орын  алған.  Соның  бір  мысалы,  қазіргі  М.  Әуезов  атындағы 
көшенің  патша  заманындағы  аты  Степной  еді  деу.  2008  жылы 
жарияланған  «Ақмола»  энциклопедиясын  құрастырушылар 
«Степной көшесінің фрагменті» (қазіргі Әуезов көшесі)  [2, 66] 
деп  осы  қателіктерді  бекіте  түседі.  «Степной»  -  біз  жоғарыда 
жазғандай,  қазіргі  С.  Сейфуллин  атындағы  көше.  Ақмола 
өңірінде Кеңес үкіметін орнатуға ерекше еңбек сіңірген қазақтың 
ұлы  жазушыларының  бірі,  қоғам  қайраткері  С.  Сейфуллин 
туралы  әңгіме  бөлек.  1915  жылғы  К.  Шаховтың  түсірген 
фотосуреттеріне негіздеп, М. Әуезов көшесін «Центральный» деп 
атау да әдебиетте кездеседі. Осы атауды қабылдаған жөн сияқты. 
Қалай  болғанда  да  жергілікті  өлкетанушылардың    бұл  бағытта 
атқаратын  жұмыстары  баршылық.  Бұл  жерде  біз  фотограф 
«центральный» дегенді шартты түрде қолданды деп есептейміз. 
Кезінде  өлкетанушы  А.Ф.  Дубицкий  де  қазіргі  Абай  көшесін 
«Центральный» деп атағаны белгілі. 
ХХ ғасырдың басында құжаттарда Қараөткелдің маңызды 
көшелерінің  бірі  деп  Хлебников  көшесі  аталады.  Хлебников  –
кезінде осы қаланың басшысы болған адам, бірнеше үйі бар ірі 
көпес, оның бір қабатты ағаш үйі 1987 жылға дейін тұрған. Біздің 
ойымызша, осы Хлебников көшесінің қазіргі М. Әуезов атындағы 

31
көшеге  қатысы  бар.  Себебі  Кеңес  үкіметі  орнамай  тұрғанда, 
Хлебников  көшесінің  Центральныймен  қиылысатын  тұсы  өте 
белсенді  болған  делінеді.  Біздің  жорамалымызды  1920  жылы 
11  желтоқсанда  Ақмола  қалалық  және  уездік  исполкомының 
Хлебников көшесі Октябрьская болып аталсын деген шешімі бекіте 
түседі [3, 270]. Ендеше біз Қараөткел көшелерінің орналасуында 
бір  гәп  бар  деп  ойлаймыз,  мүмкін  көптеген  көшелердің  әлі 
нақты  көше  болып  қалыптаспай,  алаң  сияқты  болғандығынан 
шығар. Егер біз Хлебников көшесін қазіргі Ә. Бөкейханов көшесі 
дейін десек, оның бұрынғы аты белгілі – Торговая, яғни Сауда 
көшесі.  Ә. Бөкейханов көшесі бекіністің күншығыс қабырғасына 
орналасқан,  бекініс  орнаған  алғашқы  кезеңде  сауда  осы  жерде 
жүргізілуі заңды және бұл көше Үлкен Базар көшесімен жақсы 
қиылысады. Бірнеше деректерді салыстыра отырып біз бұрынғы 
Хлебников  көшесі  кеңес  заманында  Социалистическая  атанып 
барып, тәуелсіздік жылдары Мырза Хайдар Дулати атын алған 
шағын көше деп шешімге келдік.
1920  жылғы  қалалық  исполкомның  шешімімен 
өлкетанушылар Центральная, ал біз Хлебниковке де қатысы бар 
деп отырған көше Октябрьская  атанды. Патша заманының өзінде 
тәртіппен  салынған,  табанына  тас  төселген  көше  орталықтан 
басталған бетінде Вокзал алаңына дейін барады. Оның  шартты 
түрде орталық атануына да осы себептер әсер еткен болуы мүмкін. 
Қалай болғанда да кезінде Қараөткелдің басты көшелерінің бірі 
аталған бұл көше 1997 жылдан бастап қазақтың ұлы жазушысы 
Мұхтар Әуезов атында.
  Қала біртіндеп қазіргі Республика көшесіне қарай өскені 
белгілі. Түбінде Центральный көшесі қазіргі Республика көшесі 
болуға  тиісті  еді.  Бір  қызығы,  1920  жылы  көше  атауларына 
өзгерістер енгізген кезде,  М. Әуезов көшесімен қатарлас көшенің 
«Республиканская» атын алғаны белгілі, бірақ тың игеру кезінде  
Республика атын қазақтар ұмыта берсін деген саясат па, әйтеуір 
бұл  көше  Целинный  аталып,  қаланың  ең  басты  магистраліне 
айналды.  Тек  тәуелсіздіктің  келуімен  ғана  1997  жылдың  28 
тамызында  Республика  өзінің  байырғы  атауын  Целинныйдан 
қайтарып  алды. 

32
4 сурет – Астана қаласы көшелерінің алғашқы кезеңдегі көрінісі
Енді  бұл  көшенің  темір  жол  және  автовокзалдарға 
барып  жалғасатын  төменгі  жағы  туралы.  Тәуелсіздік  келгенге 
дейін  ол  көшенің  Пушкин  атында  болғанын  жергілікті  халық 
жақсы  біледі,  бірақ  Пушкиннің  патша  заманындағы  аты 
белгісіз.  Тарихи  құжаттардан  біз  ескі  Қараөткелде  Больничная 
деген  көшенің  болғанын  білеміз.  А.Ф.  Дубицкий  Больничная 
көшесінің  Пушкин  атына  берілгенін  жазады.  Сонымен  бірге 
1920 жылғы көше атауларын өзгерту туралы шешім құжаттарда 
Больничная  көшесінің  Красноармейская  болып  аталғаны 
туралы мәліметтер жүр. Басқа бір деректерде Красноармейская 
көшесінің  патша  заманындағы  атауы  Солдатская  болған  дейді.  
Шын  мәнінде,  Больничная  ма,  әлде  Солдатская  ма,  анықтауды 
қажет  етеді.  Красноармейская  көшесі  1998  жылы  қазақтың 
ірі  қоғам  қайраткері,  заманында  Түркістан  республикасын 
басқарған Тұрар Рысқұлов атын алды. Бізге Қараөткелде бірнеше 
емханалар  болуына  байланысты  «Больничная»  аты  да  бірнеше 
жерден  кездесу  мүмкіндігі  туралы  ой  келеді.  Мысалы,  қазіргі 
Республика  мен  Ә.  Жанкелдин  көшелерінің  қиылысында  С. 
Кубриннің  ауруханасы  аталған  қызыл  үй  тұр.  Бұл  кезінде  тек 

33
ауқатты адамдарға арналған, 16 жатын орны бар, ерекше ғимарат 
болған.  Аңыз  сияқты  әңгімелерге  қарағанда,  1880  жылдары 
көпес  С.  Кубрин  өзінің  Мәскеуде  медициналық  білім  алған 
жиеніне арнап салған. Осы заңдылықты мойындасақ, онда патша 
заманындағы  бір  Больничная  көшесі  кейіннен  Пушкин  атын 
алды да, екіншісі Кеңес заманында Красноармейская деген атпен 
белгілі болуы мүмкін. Сонымен бірге Солдатская көшесі туралы 
да деректер жинау керек. Осыдан бірнеше жыл бұрын  Пушкин 
көшесі басқа жаққа қарай қоныс аударып,  ескі қаланың орталық 
бөлігін оңтүстіктен солтүстікке кесіп өтетін магистраль түгелдей 
Республика атанғаны Астананың қазіргі тұрғындарына белгілі. 
  Қараөткелдің  ғажап  әдемі  көшелерінің  бірі  –  қазіргі 
Желтоқсан көшесі. Бір жағынан, ескі қаланың орталық бөлігінде, 
екінші  жағынан,  бұл  көшенің  бойында  ескі  құрылыстар  көп. 
Тарихи  құжаттарға  қарасақ,  әуел  баста  бұл  көшеде  қалалық 
басқарма  орналасқандықтан,  жергілікті  халық  «Думская»  деп 
атаған.  Қалалық  басқарма  үйі  әлі  де  сақталған.  Желтоқсан 
көшесінің  бойындағы  М.  Горький  атындағы  орыс  драма 
театрының  әкімшілік  ғимараты  орналасқан  қызыл  кірпіштен 
салынған  құрылыста  кезінде  Ақмола  қаласының  басқармасы 
кеңес құрған. Деректерге қарағанда, қалалық думаның сайлауы 
бірінші рет 1894 жылы өткізілген. Алғашқы қала басшысы болып 
Д.Л. Филатов сайланған делінеді. Жалпы, ХІХ ғасырдың соңы ХХ 
ғасырдың басы – қала құрылысының өте қарқынды жүргізілген 
кезеңі.  Бұл  уақыттың  жемісі  деп  тек  көпестік  үйлерді  ғана 
емес, сонымен бірге қалалық қазынаның қатысуымен салынған 
оқу  орындарын,  ауруханаларды,  Керуен  Сарайды,  т.б.  атауға 
болады. Кеңес үкіметі орнағаннан кейін, бір жыл өткен соң, яғни 
1920 жылы бұл көше Коммунальная деген атақ алды, кейіннен 
Комсомольская атанды, қазір Желтоқсан көшесі. 
  Астананың  ескі  көшелерінің  бірі  –  Торговая.  Осы 
көшенің  қазіргі  Әуезов  көшесімен  қиылысында  екі  қабатты 
кірпіш  үйде  «Сибирский  торговый  банк»  орналасты,  ал  оның 
төменгі  қабатында  ағайынды  Егоровтардың  ұйымдастырған 
«ренский  погреб»  деген    ассортиментінде  қымбат  шараптар 
мен  жеміс-жидектері  бар  көңіл  көтеру  орны  болды.  Торговая 

34
көшесі,  расында  да,  сауданың  орталығы  болды.  Сол  себепті 
патша  заманында  осы  көшенің  орталық  тұсы  көпестің  атымен 
Хлебников деп аталуы тегін болмас. Ол кезде көшелерде белгілі 
бір атау, оны нақтылайтын тақтайша болмаған. Егер ол жердегі 
үйлердің  ішінде  ең  көрнектісі  Хлебниковтың  үйі  болса,  көше 
Хлебников деп, ал қалалық басқарма болса, ол көше Городская 
Дума  атанатын.  1920  жылы  Торговая  да,  Хлебников  те  аттары 
өшіріліп,  көше  атауын  В.И.  Лениннің  жас  ізбасары  Бухарин 
иеленді.  Ол  кезеңде  билікті  жаңа  қолына  алған  большевиктер 
эйфориядан  естері  шығып,  ретті-ретсіз  бүкіл  Ресей  империясы 
аумағында  өз  аттарын  тираждай  бастаған  еді.  Тоталитаризм 
күшіне кірген соң репрессиялар басталды, «партияның сүйіктісі» 
атанған Бухарин ауыр азапталып өлтірілді. Большевиктер екіге 
жарылды,  заманында  «Кеңес  үкіметін  орнатқан  біз»  деп  кеуде 
қағатын ескі большевиктердің көпшілігі жазалауға ұшырады да, 
тек Сталиннен басқа ешкімді білмейтін  большевиктердің жаңа 
өскін буын келді. Осылайша, Қараөткел қаласынан Бухарин аты 
жойылып, оның көшесі қазақ баласы өңі түгілі, түсінде де көрмеген 
америкалық  итальян  текті  жұмысшылар  Сакко  мен  Ванцетти 
атына берілді. Қазіргі уақытта қаланың орталық бөлігіндегі бұл 
кішкене  тарихи  көше    Алаш  қозғалысына  басшылық  жасаған 
қазақтың ұлы азаматы Әлихан Бөкейханов атында.
  Қараөткел  Қараөткел  болғалы  белгілі  ескі  көшелердің  
бірі –  қазіргі Амангелді Иманов көшесі. Қазіргі күні Ащы өзектен 
(Соляная балка, Ақбұлақ) басталып, ащы ішектей созылып, ескі 
орталыққа  дейін  келетін  көше  кезінде    Мешіт  көшесі  атанған, 
орыс тілді құжаттарда Мечетная делінеді. Қараөткелдегі алғашқы 
қазақ мешіті 1840 жылдардың басында салынғаны белгілі, осы 
мешіт  көшеге  де  бастама  болды.  1920  жылы  бұл  көше  татар 
азаматы  Уахитов  атын  алды.  Шын  мәнінде,    мешіттің  өзі  де, 
оның  көшесі  де  қазақ  мол  қоныстанған  жерге  орналасқан  еді. 
Қазіргі есеппен қарасақ, бұл – Амангелді Иманов көшесінің Ә. 
Бөкейханов  көшесіне  жақындаған  тұсы.  Осы  көшенің  бойында 
ертеде ХІХ ғасырдың 40 жылдары Қараөткелдегі алғашқы мешіт 
салынғаны, оның 1920 жылы жанып, орнына қазақтың алғашқы 
ірі кәсіпкер отбасыларының бірі Қосшығұловтардың кірпіштен 

35
қалап жаңа мешіт көтергені туралы біз келесі бір мақаламызда 
әңгімелейміз.
  Қараөткелдің  ескі  көшелерінің  бірі  –  Училищная. 
Көшенің  «Училищная»  атану  себебі  қалалық  Думаның 
бастамасымен    ашылған  ер  балаларға  арналған  училищеге 
байланысты.  Бүгінгі  күні  кезінде  қала  сәулетіне  тамаша  көрік 
беріп тұрған  училище ғимараты сақталмаған. Орналасқан жері 
–  Т.  Бигелдинов  көшесінің  Бейбітшілікпен  қиылысатын  тұсы. 
Училищная көшесінің бойында Керуен сарайдың артына қарай 
қазіргі қалалық әкімшілікке қарама-қарсы салынған «Мүгедектер 
үйі»  Кеңес  заманында  «Ішкі  түрме»  атанған.  Қазіргі  күні 
Кеңес Одағының екі мәрте батыры, ұшқыш Талғат Бигелдинов 
атындағы бұл көше  Есіл жағалауынан басталып ескі алаңға дейін 
барады. Кеңес заманында  әкімшілік орталықтар көп орналасқан 
бұл  көше  әуел  баста  Орджонокидзе,  кейін  Коммунистическая 
атанған екен.
Ескі  алаңда  қазіргі  Астана  қалалық  әкімшілігі  мен  Сине 
Темпоренің  ортасынан  өтетін  көше  одан  әрі  Кеңес  заманында 
салынған құрылыстармен үзіледі де, оның шығыс жақ жалғасы 
Отырар атанып кетеді. 
Астанадағы ескі көшелердің бірі  - қазіргі Жеңіс даңғылы.  
Бұл көшенің басы тура ескі бекініс қорғанынан басталғандықтан,  
алғашқы  бетте  Крепостная  атанғаны  белгілі.  Қазіргі  уақытта  
Кенесары  мен  Жеңіс  қиылысатын  тұстағы  Кеңес  заманында 
салынған ескі стадион бекіністің қас бетіндегі мұнараның орны.  
ХХ ғасырдың басында бұл көше біраз уақыт Казначейства атанды, 
себебі сол кезеңдегі әдемі құрылыстардың бірі Казначейство үйі 
болатын. 1920 жылы көше Бостандық (Свобода) деген атау алды, 
кейін  келе  Победы  атанды,  қазіргі  күні  астананың  ескі  бөлігін 
оңтүстіктен  солтүстікке  қарай  кесіп  отырып  Вокзал  алаңына 
дейін баратын бұл ірі көше – Жеңіс даңғылы.
  Қараөткелдегі тағы бір ескі көше Станичная аталады. Бұл 
жердегі мәселе, қазіргі уақытта ескі қаланың шығыс қапталында 
орналасқан  Константин-Елена  шіркеуі  сол  Казачья  станицадан 
қалған  жалғыз    ғана  белгі.  1920  жылы  горуезд  исполком 
шешімімен    Станичная  большевик  Кашириннің  атын  алды. 

36
Кейін  Каширин  халық  жауы  болып  атылғаннан  кейін  көшеге 
Сталиннің сенімді серігі Буденныйдың  аты берілді. Қазір 1997 
жылғы  5  қарашадан  бастап  Қараөткелдің  ескі  көшелерінің  бірі 
оғыз дәуірінің атақты  жырауы Қорқыт ата атында. 
Ескі  Қараөткелден  сақталған  сәнді  архитектуралық 
жәдігердің бірі Константин-Елена шіркеуі осы Қорқыт көшесіне 
орналасқан.  Қорқыт  көшесін  қиып,  Республикамен  қанаттас, 
бірнеше кварталға созылған Мәлік Ғабдуллин атындағы жіңішке 
көше де ескі заманның ескерткіштеріне бай.
  Тарихты  ақтарып  қарай  берсеңіз,  қазіргі  Қазақстанның 
астанасы  болып  отырған  бас  қаламыздың  тарихы  жүздеген 
жылдар  бойы  қойнына  бүккен  талай  әңгімесін  ақтарады. 
Қаланың  тарихи  бөлігінде  орналасқан  әр    көшенің  өзіндік 
ерекше  тарихы  бар,  тіпті  әр  көше  сайын  бір  кішкене  мұражай 
ашсаң да артық болмас. Мысалы, қаладағы Есіл жағасына таяу 
әдемі көшелерінің бірі Ирченко аталады. Бұл – кезінде Колчак 
диктатурасына  қарсы  атақты  Атбасар  көтерілісін  (Мариинское 
восстание)  ұйымдастырған  азаматтардың  бірі.  Ал  енді  осы 
Ирченко  көшесі  патша  заманында  қалай  аталды  екен  деп 
іздестірсеңіз, Почтамтская болып шығады. Алғашқы почтамттың 
әдемі бір қабатты ағаш үйі қалада бертінге дейін тұрған және бір 
қызығы, оның өзі бірнеше тарихи кезеңдерден тұрады. Алғашқы 
пошта  бөлімшесі  1860  жылы  Есілдің  жағасындағы  қазіргі 
Ирченко  көшесіндегі  Япушиннің  ағаш  үйінен    басталса,  кейін 
ол    жоғарыда  аталған  Станичная  көшесі  мен  Үлкен  Базардың 
қиылысқан жерінен орын тепкен. Осы жерде  пошта бөлімшесінің 
С. Данияровтың екі қабатты асты кірпіш, үсті ағаш үйін арендаға 
алғаны белгілі. Кейін Ақмола почтамты қазіргі Абай көшесіндегі 
өздеріне  арналған  екі  қабатты  кірпіш  үйге  көшті.  Бұл  үй  Абай 
көшесінде  әлі  де  сақталған,  бұрынғы  «Октябрь»  кинотеатры, 
қазіргі «Ақ сұңқар» мейрамханасының сол жақ қатарында.  
Қараөткелдің  ескі  көшелерінің  бірі  патша  заманындағы 
Мещан, кеңес заманындағы Гражданская (Делегатская) атанған 
көше,    ал  қазіргі  заманда  Сарыарқа  даңғылы  аталады.  ХХ 
ғасырдың басында қаланың ең бір тәртіпті, әдемі деген көшесі 
«Береговая»  кеңес  заманында  Интернациаональная  көшесі 

37
аталды,  қазір  қазақтың  арқалы  ақыны  Мұқағали  Мақатаев 
атында.  Қалада  ХХ  ғасыр  басында  Гостинодворская  (Керуен 
сарай) алаңы керемет даңқты болатын, кеңес заманында ол алаң 
Луначарский атына берілді, кейін белгілі атауы болған жоқ.  
Старая  көшесі,  өзінің  аты  айтып  тұрғандай,  ескі 
көшелердің  бірі.  Кеңес  заманында,  алдымен,  Народная  аталды, 
кейін  большевик  қайраткерлерінің  бірі  Кировтың  өлтірілуіне 
байланысты  Киров  көшесі  атанды.  С.М.  Киров  1930  жылдары 
Ақмола  өңіріне  келген  және  оның  осы  келуі  көп  заман  қазақ 
тарихшылары мен өлкетанушылары үшін басты тақырып болды. 
Қала  бертінгі  уақытта  қауырт  өскен  уақытта  бұл  көшенің  көп 
бөлігі  Әуезов пен Жеңіс арасындағы үйлердің астында қалды. 
Қазіргі уақытта Кировтан сақталған бірнеше құрылысты көруге 
болады.  Кеңес  заманында  үлкен  көшелердің  бірі  саналған 
Социалистическая қазір Мырза Хайдар Дулати атында, Кенесары 
мен Баянауыл көшелерінің арасында. Қазір Баянауыл  - бұрынғы 
Куйбышев  көшесі.  Большевик  Авдеев  көшесі  Ш.  Уәлиханов 
атында. Кеңес заманында даңқты Пятилетка – Бөгенбай батырдың 
атында.  Бұл  аталған  үлкен  көшелер  тәуелсіздіктің  арқасында 
қазақтың  ұлы  тұлғаларының  даңқын  паш  етіп  тұр.  Ақмолада 
Кеңес  заманындағы  соңғы  ірі  құрылыстар  қаланың  шығыс 
бөлігінде  салынды.  Сол  кезеңде  пайда  болған  Студенческая 
даңғылы  қазір  Абылай  хан    атында,  бір  ғажабы  Абылай  хан 
мен Кенесары бір-бірімен жалғасып жатыр. Екеуін бөліп тұрған 
атақты Ащы өзек (Шұбардың жары, Соляная Балка, Ақбұлақ).

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет