«философия» кафедрасы



бет1/14
Дата29.09.2023
өлшемі0,76 Mb.
#111573
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ
«ФИЛОСОФИЯ» КАФЕДРАСЫ

«ҒЫЛЫМ ТАРИХЫ МЕН ФИЛОСОФИЯСЫ»


пәні бойынша


ДӘРІСТЕР
Дәріскер Сембаева Г.М.


Алматы, 2023
1. Өркениет пен мәдениеттегі ғылым
Ғылым көпқырлы, көпастарлы әлеуметтік феномен ретінде біздің өмірлік қызметіміздің барлық салаларына белсенді түрде енеді. “Ғылым” түсінігінің мағынасын ашу үшін, оның даму барысын қадағалау үшін ғылым мен қоғам, ғылым мен мәдениет арасындағы байланыстардың кең жүйелері негізінде, сол ғылымның өзін нақты тарихи саралау арқылы жүзеге асыруға болады. Ғылым мәдени-тарихи тұтастықпен тығыз қарым-қатынаста дамиды. Құбылысты шынайы түсініп, ой-толғамнан өткізу үшін, оның түп тамырын және даму тарихын білу қажет.
Антикадағы, Орта ғасырлардағы, Қайта Өрлеу дәуіріндегі, Жаңа замандағы ғылым алынған білімдердің тереңдігі және мазмұнымен қатар, мәселені қоюымен, зерттеу әдістерімен, дәлелдеу және негіздеу тәсілдерімен, ғылымның мәнін, мақсат, міндеттерін түсіну барысымен ерекшеленеді. Бір жағынан, ғылыми білімдердің дамуы әлеуметтік-тарихи қажеттіліктерімен анықталады, екінші жағынан – жаңа ойлардың, түсініктердің, теориялардың пайда болуы танымның ішкі қозғалыс заңдарының және оның логикасының негізінде жүзеге асады.
Негізгі заңдылықтарды ашу жаңа ойлар, ерекше ғылыми нәтижелерді алудың кілті ғылыми зерттеудің табиғатын дұрыс түсінуде болып табылады. Танымның қарама-қайшылықты мәні оның мынадай астарларының бірлігі мен өзара бір-біріне енуінде көрініс табады, мәселен, теориялық және эмпирикалық, формальдық және мазмұндық, нақты және нақты емес, өлшенетін және өлшенбейтін іргетасы (фундаменталды) және қолданбалы.
Ғылымның тарихы мен философиясы тығыз байланысты. Ғылым философиясы тарихи өзгеретін әлеуметтік-мәдени астарда қарастырылатын және олардың тарихи дамуында алынған ғылыми білімдерді өндіргіш қызмет ретінде жалпы заңдылықтарды және ғылыми танымның тенденцияларын таныстырады. Екі мықты ағым – ғылым тарихы мен философиясы – біртұтас және бөлінбес. Олар дамудың ұзақ әрі күрделі жолынан өтті. Ғылым тарихы тек философиялық тұжырымдарға эмпирикалық негіз болып қана қоймайды, сонымен қатар, өзінің ары қарай дамуына анағұрлым тиімді жолды таңдап алады. Ғылым философиясының эвристикалық потенциалды білім дамуындағы белгілі бір гипотезалар мен жобаларды жасауға, бастауға, ғылым дамуының жаңа бағыттарын алдын ала айтуға, оның нәтижелерін интерпретациялауға тиіс. Тарихилық принципі ғылым философиясының назар аударарлық орталығында тұрады. Ол ғылыми бағдарламалар мен физикалық шынайылық зерттеулерінің қалыптасу процесін ашуға мүмкіндік береді, оның түсіну жолдарын түзетеді. Сондықтан да, ғылым, өз түсініктерінің нақтылығы мен айқындылығына, олардың өзара байланыстарын қалыптастыруға, олардың теориялық жүйелердің логикалық нәтижелі және тұтас болуына ұмтылады.
Ал, ғылым тарихының ролі мен маңызына келер болсақ, келесі мәселелерді бөліп қарастыруға болады. Біріншіден, әр түрлі табиғи салалар мен әлеуметтік әлемдегі ізденулерді ынталандырады; екіншіден, білім дамуының кең көлемді ауқымына ие; үшіншіден, білімге қол жеткізу жолдары, әр түрлі объектілерді игеру формалары мен тәсілдері туралы ақпаратты шоғырландырады; төртіншіден, зерттеушілердің назарын болашағы жоқ, тығырыққа тірелер жағдайларға аудара отырып, ғылым адасулар мен қателіктерге алып келетін ойлар мен гипотезалардың пайда болу мүмкіндігінен сақтандырады.
Табиғатты тану жолдары мен логикасын пайда болу процесін, іргетасты деректердің, ғылым теориялары мен әдістерінің өзгертілуін, объективті шынайылықты танудағы орны мен ролін зерттей отырып, ғылым тарихы зерттеушінің ойлау мәдениетін байытады, қазіргі заманға ғылымның теориялық негіздерін қалыптастырып, нақты жаңа мәселелердің қойылуына негіз болады. Ғылым мен техниканың тарихы табиғи әлемнің заңдары мен нормаларының қалыптасуына, оның дамуының объективті логикасына маңызды құрал ретінде әрекет етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет