Философия пәні және оның қызметі



Дата02.10.2023
өлшемі0,87 Mb.
#112383
түріЛекция

Лекция 2. Мәдениет тілі

Сабақтың мақсаты: Мәдениет пен тіл байланысын талқылау. Тілдің коммуникациялық қызметтерің қарастыру.

  • Сабақтың мақсаты: Мәдениет пен тіл байланысын талқылау. Тілдің коммуникациялық қызметтерің қарастыру.
  • Негізгі ұғымдар: мәдениет, тіл, коммуникация, ақпарат, семиотика, белгі.

Тіл – мәдениетті танытушы құрал ғана емес, тілдің бойында оның (мәдениеттің) арқауын құрап, негізін қалайтын ұлттық рухтың ізін айқындап тұратын ұлы күш. Ұлттық мәдениеттің тірегі тілде. Қазақ халқының этностық, ұлттық мәдениеті, негізінен тілде көрініс тапқан.

  • Тіл – мәдениетті танытушы құрал ғана емес, тілдің бойында оның (мәдениеттің) арқауын құрап, негізін қалайтын ұлттық рухтың ізін айқындап тұратын ұлы күш. Ұлттық мәдениеттің тірегі тілде. Қазақ халқының этностық, ұлттық мәдениеті, негізінен тілде көрініс тапқан.

Тілші-ғалым Ә.Қайдар: «Кез келген тілдің қоғамда өзара байланысты үш түрлі қызметі бар» деп, оларды осылай бөлген:

  • Тілші-ғалым Ә.Қайдар: «Кез келген тілдің қоғамда өзара байланысты үш түрлі қызметі бар» деп, оларды осылай бөлген:
  • Коммуникативтік,
  • Эстетикалық,
  • Аккумулятивті

Тілдің коммуникативтік қызметі - ол қоғам мүшелерінің өзара қарымқатынас жасап, бір-бірін түсінуі, пікір алысуы үшін қажетті қызметі.

  • Тілдің коммуникативтік қызметі - ол қоғам мүшелерінің өзара қарымқатынас жасап, бір-бірін түсінуі, пікір алысуы үшін қажетті қызметі.
  • Эстетикалық қызмет – ол көркем шығарма тіліне тән, адам баласына образ арқылы ерекше әсер ететін, ләззат сыйлайтын қызмет.
  • Аккумулятивті қызмет – ол тілдің ғасырлар бойы дүниеге келіп, қалыптасқан барлық сөз байлығын өз бойына жиып, сөйтіп оны келешек ұрпаққа асыл мұра ретінде түгел жеткізіп отыратын қызмет.

Ономаст-ғалым А.Жартыбаев: «Бүгінгі таңда тіл білімінің дамуы түрлі бағыттармен ерекшеленуде, яғни лингвистика бірнеше бағыттағы лингвистикалық зерттеулер ағымдарын біріктіретін антропоцентристік ұстаным арқылы өрісін кең жайып, даму үстінде. Тіл бірліктерінің сан салалы қызметін, лингвомәдени табиғатын, тілдің санамен, таным үрдістерімен байланысын, көрінісін адаммен, яғни белгілі бір этникалық қауым өкілімен қатысты қарастыру қазіргі тілтанымның басты, үстем бағыты, ұстанымы екендігі анық» деп жазады.

  • Ономаст-ғалым А.Жартыбаев: «Бүгінгі таңда тіл білімінің дамуы түрлі бағыттармен ерекшеленуде, яғни лингвистика бірнеше бағыттағы лингвистикалық зерттеулер ағымдарын біріктіретін антропоцентристік ұстаным арқылы өрісін кең жайып, даму үстінде. Тіл бірліктерінің сан салалы қызметін, лингвомәдени табиғатын, тілдің санамен, таным үрдістерімен байланысын, көрінісін адаммен, яғни белгілі бір этникалық қауым өкілімен қатысты қарастыру қазіргі тілтанымның басты, үстем бағыты, ұстанымы екендігі анық» деп жазады.

Зерттеуші Г.Сағидолла ғаламның тілдік бейнесінде халықтың тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі, наным-сенімі, жөнжосығы сияқты ұлттық-мәдени қазыналары да, адамның күллі әлем, дүние жайлы түсініктері және сол әлемнен адамның өз орнын табуға деген талпынысы да, адамдар арасындағы қарым-қатынас та көрініс тауып жататынын атап өткен.

  • Зерттеуші Г.Сағидолла ғаламның тілдік бейнесінде халықтың тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі, наным-сенімі, жөнжосығы сияқты ұлттық-мәдени қазыналары да, адамның күллі әлем, дүние жайлы түсініктері және сол әлемнен адамның өз орнын табуға деген талпынысы да, адамдар арасындағы қарым-қатынас та көрініс тауып жататынын атап өткен.

Еліміз егемендік алғалы ана тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болып, қолданыс өрісі кеңейді.

  • Еліміз егемендік алғалы ана тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болып, қолданыс өрісі кеңейді.
  • Тілдерді дамыту – еліміздегі мемлекеттік саясаттың аса маңызды бағыттарының бірі. Тіл мәселелерін оңтайлы шешу – ұлтаралық, қатынастар үйлесімділігінің, халықтардың топтасуы мен қоғамдық келісімді нығайтудың да алғышарты.

Үйреніп отырған тілде сөйлеуші елдің тарихын, дәстүрін, мәдениетін үйрену – тіл үйретудегі маңызды элементтердің бірі.

  • Үйреніп отырған тілде сөйлеуші елдің тарихын, дәстүрін, мәдениетін үйрену – тіл үйретудегі маңызды элементтердің бірі.
  • Халық тарихын да, ұлттық мәдениеттің дамуын да, тіпті халықтық ойлаудың қалыптасуын да біз тек тіл арқылы анықтай аламыз.
  •  


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет