Физика сабағында pisa тапсырмаларын қолдану арқылы оқушылардың креативті ойлау қабілетін дамыту



бет1/2
Дата07.11.2022
өлшемі356,96 Kb.
#48185
  1   2

Физика сабағында PISA тапсырмаларын қолдану арқылы
оқушылардың креативті ойлау қабілетін дамыту.

Ахметова Ләззат Шәкиқызы


физика пәні мұғалімі
Бейімбет Майлин атындағы
№7мектеп-гимназиясы

Бүгінгі таңда қазақстандық білім беру жүйесінің алдында білім сапасының бәсекелестігін арттыру, шынайы өмірлік кезеңдерге бейімдеу мәселелері тұр, өйткені адам қоғамда түрлі өмірлік мәселелерге байланысты дұрыс шешімдер қабылдау үшін жоғары кәсіптілік пен интеллектуалдық әрекеттерді қажет ететін жағдайларда заман талабына сай өмір сүріп, қызмет етуде.


PISA әдістемесі бойынша тестілеу мектеп оқушыларының үйреншікті емтихандары мен тесттерінен түбегейлі ерекшеленеді. Осы ауқымды зерттеу барысында мектеп бағдарламасын меңгеру деңгейі емес, жас өспірімдердің алған білімдерін тіршілік жағдайларында қолдану қабілеті бағаланады. Тестілеудің негізгі мақсаты - «Жалпыға міндетті білім алған 15 жастағы оқушы қоғамда толыққанды қызмет ету үшін қажетті білім мен машықтарды меңгерді ме?» деген сұраққа жауап беру .
2015 жылдан бастап PISA зерттеуі компьютерлік форматта тестілеу түрінде іске асырылып келеді
Тестке жабық және ашық тапсырмалар енгізілген. Кейбір тапсырмалар сол бір тіршілік жағдайларына жататын түрлі күрделілік деңгейінің бірнеше сұрақтарынан тұрады.
2022 жылғы PISA зерттеуінің жаңа цикліне 88 ел қатысады.
2022 жылы өткізілетін PISA зерттеуінің тұжырымдамасында «математикалық сауаттылық» түсінігінің маңызды құрамдас бөлігі математикалық ойлау болып табылады.
Креативті ойлау дегеніміз -инновациялық -жаңа, жаңашыл, тиімді шешімдерге қол жеткізуге және жаңа білімді ерекше сипаттауға бағытталған идеяларды әзірлеу. Креативті ойлау қабілетіне пәнді білу, білімге құмарлық, өз күшіне сенімділік, мақсатқа, нәтижеге жетуді көздеу, мақсатқа жетуге ынталандыратын күш.
Жаратылыстануға арналған тапсырмаларды орындау барысында окушылардан жаратылыстанудың тексерілетін бөлімдері бойынша негізгі түсініктерді, заңдар мен ұстанымдарды білуін көрсете алуы ғана емес, оларды мәселелерді шешуде пайдалана алуы, креативті ойлау қабілеттері арқылы табиғат құбылыстарына түсінік беруі, қарапайым зерттеулер жүргізіп, олардың нәтижелерін ұсынулары талап етіледі.
Физика сабағы үшін тапсырманы таңдау кезінде PISA зерттеуінің тапсырмаларын тақырыпқа сай таңдап қолдануға болады. Сонымен бірге сіз PISA зерттеуінің тапсырмалары беру арқылы пәнаралық байланысты да орнатасыз. Тапсырманы таңдап алар алдын бұрынғы зерттеуде қолданылған тапсырмаларды мұғалім мұқият зерделеп, талдауы керек. Содан соң қолданып, оның нәтижелілігін зерттеу қажет. Таңдалынған тапсырманың оқу мақсатын жүзеге асыруда тиімділігін қарастыру және бағалау критерийлерін тағайындау да мұғалімнің алдын ала жасайтын шығармашылық жұмысы.
Өзім сабақ беретін 8-сыныпта «8.1 A Жылу құбылыстары» бөлімінде «Жылу құбылыстарындағы энергияның сақталу және бір түрден екінші бір түрге айналу заңы» тақырыбын өткенде «Зат алмасуға» берілген 5тапсырмасын, «8.1 В Агрегаттық күйлер» бөлімінде «Булану және конденсация» тақырыбына «Ас бөлмесіне» байланысты есеп шығаруға берілген тапсырмасын және «8.3 В Электромагниттік құбылыстар» бөліміндегі «Тұрақты магниттер, магнит өрісі» тақырыбында қолданған Тұрақты магниттерге байланысты 4 тапсырмасын ұсынып отырмын.
РИЗА тапсырмасында оқулықтан тыс мәтін берілді сол мәтінге байланысты бірнеше тапсырмалар ұсынылып мен сұрақтарға жауаптар берілді.
Заттың және энергияның алмасуы – өзара байланысты үдерістер, бұл
үдерістің бір де біреуі өз алдына жеке болмайды. Нәрлі заттардың құрамындағы химиялық байланыстар энергиясының қышқылдануы барысында, организмнен бөлініп шығады және қолданылады. Ағзаның өмір сүру қызметтерінің бәрі энергияның бір түрінің екінші түрге өтуі есебінен қамтамасыз етіледі. Алайда энергияның жалпы саны өзгермейді.
1-тапсырма: Зат алмасу мәтіні берілді мұқият оқып шыққанан кейін төмендегі Сұраққа жауап берді Тәулігіне 3000 ккал жұмсайтын адам, өз ағзасының энергиялық қажеттілігін толығымен қанағаттандыруы үшін тәулігіне қанша мөлшерді қабылдауы керек?
2-тапсырмада кестедегі пайымдаулар дұрыс па?
3-тапсырмада Зат алмасуда Энергияны көп жұмсайтын және Энергия жұмсамайтын органдардың тізімін жеке жеке жазып көрсетті.
4-тапсырма: алма және лимон шырынымен эксперимент жасау тапсырылды. Алманы екіге бөліп, кесілген жағымен жайпақ ыдысқа салды. Алманың бір бөлігіне лимон шырынын сығып тамызды. Біраз уақыттан кейін лимон шырынымен «қорғалған» бөлігінің ақ қалпында қалғанын, ал алманың «таза» бөлігі қарайғанын байқады.

Алманың «таза» бөлігі неліктен қарайды деген Сұраққа жауап жазды?
5-тапсырмада: Оқушылар тауықтың жұмыртқасымен тәжірибелерді жасап, қорытынды жасап Себебін түсіндірді.
Тауықтың шикі жұмыртқасын суы бар жарты литрлік шыны ыдысқа салды. Жұмыртқа шыны ыдыстың түбіне түсті. Жұмыртқаны алып шығып, сол суға 2 ас қасық тұз салып жақсылап араластырды және жұмыртқаны тұз араласқан суға қайтадан салды. Жұмыртқа батпайды, судың бетінде қалықтап жүреді.







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет