Физиологические свойства мышц и нервных волокон. Учение Н. Е. Введенского о парабиозе



бет1/7
Дата15.02.2023
өлшемі3,26 Mb.
#68104
  1   2   3   4   5   6   7

№1 дәріс

  • Тақырып: : «Қозғыштық. Қозғыштықтың көрсеткіштері. Биоэлектрлік құбылыстар».
  • Дәріс жоспары:
  • 1. Қозғыш тіндердің физиологиялық қасиеттері.
  • 2. Қозғыштықтың көрсеткіштері (қозу табалдырығы – реобаза, пайдалы уақыт, аккомодация, лабилдік).
  • 3. Қозғыштық, оның кезеңдері.
  • 4. Қозғыш тіндердегі электрлік құбылыстар.

Қозғыштық – бұл тірі тіндердің тітіркендіргіштерге қозу үрдісімен жауап беруі. Қозу – бұл физиологиялық, биофизикалық, биохимиялық және құрылымдық өзгерістермен сипатталатын тіндердегі күрделі үрдіс.

Қозғыштықтың өлшемдері

  • 1. Қозу табалдырығы – қозу үрдісін (яғни минималды жауап реакциясын) тудыратын тітіркендіргіш күшінің ең аз мөлшерін айтады.
  • - Реобаза – қозу тудыратын токтың минималды күші (Вольт).
  • 2. Пайдалы уақыт – табалдырық күшпен әсер еткенде қозуды тудыратын ең аз уақыт.
  • 3. Хронаксия – тінді қоздыратын екі реобазаға тең күш әсерінің ең қысқа уақыты.
  • 4. Аккомодация – қозғыш тіннің ток күші үдеуіне бейімделуі. Күш үдеуінің ең аз уақытымен өлшенеді.
  • 5. Лабилдік – тітіркендіру жиілігіне сәйкес бір секунд ішінде пайда болатын қозудың ең жоғарғы (максималды) санын айтады.
  • - жүйке тіні: - 500-1000 имп/сек;
  • - абсолюттік рефрактерлік кезеңі – 1-2 мсек.
  • - бұлшықет: - 250-330 имп/сек;
  • - абсолюттік рефрактерлік кезеңі – 4-5 мсек
  • - синапс: - 100-125 имп/сек;
  • - абсолюттік рефрактерлік кезеңі – 8-10 мсек.

«Күш – уақыт» қисығы (Гоорвег, 1892 ж.; Вейс, 1901 ж.; Лапик, 1909 ж.)

  • 1 – реобаза;
  • 2 – екі реобаза.
  • а – пайдалы уақыт;
  • б – хронаксия.

Қозу кезіндегі қозғыштықтың өзгеру кезеңдері

  • 1. Абсолюттік рефрактерлік кезең.
  • Бұл кезеңде тін ешқандай тітіркендіргішке жауап бермейді.
  • Бұл кезеңнің ұзақтығы:
  • - жүйке талшығында – 1-2 мсек;
  • - бұлшықетте – 4-5 мсек;
  • - мионевралды синапста – 8-10 мсек.
  • 2. Салыстырмалы рефрактерлік кезең.
  • Бұл кезеңде табалдырық күшінен жоғары тітіркендіргішке жауап реакциясы туады.
  • 3. Супернормалды кезең.
  • Бұл кезеңде, тін, табалдырықтан төмен күшкеде жауап береді.
  • 4. Субнормалды кезең.
  • Бұл кезеңде тіннің қозғыштық қосиеті күрт төмендейді де, табалдырық күшінен жоғары тітіркендіргішке жауап береді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет