Физиология және оқушылардың дамуы



бет1/21
Дата13.10.2022
өлшемі437,1 Kb.
#42888
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

Ф.7.11-19.

«Физиология және оқушылардың дамуы»
пәні бойынша оқытушы басқаруымен
студенттердің өзіндік жұмыстарын
орындауға арналған
Әдістемелік нұсқау



Шымкент, 2022
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ


М.ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ


«Биология және география» кафедрасы
Әдістемелік нұсқау
«Физиология және оқушылардың дамуы»
пәні бойынша оқытушы басқаруымен
студенттердің өзіндік жұмыстарын
орындауға арналған
Әдістемелік нұсқау

6В01310,6В01720,6В01730 - Педагогикалық


мамандықтың студенттеріне арналған

Оқу түрі: күндізгі,қашықтықтан,кешкі


Шымкент, 2022 ж


ӘОЖ 612.63.66 (076.6)


КБЖ 74.264.8:51.28 я 73

Құрастырушы:


«Физиология және оқушылардың дамуы»
пәнінен 6В01310,6В01720,6В01730 - Педагогикалық
мамандықтың студенттеріне арналған
пәні бойынша оқытушы басқаруымен
студенттердің өзіндік жұмыстарын
орындауға арналған
Әдістемелік нұсқау
. Шымкент М.Ауезов атындағы ОҚУ, 2022

Әдістемелік нұсқау оқу жоспарының және «Жас ерекшеліктер физиологиясы және мектеп гигиенасының негіздері» пән бағдарламасының талаптарына сай құрастырылған және курстың практикалық сабақтарын орындау үшін қажетті барлық мәліметтерді қамтиды.

Пікір жазғандар: Бозшатаева Г.Т. - М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Дене тәрбиесі және спорт факультеті, «БОТменӘ» кафедрасының б.ғ.к., доценті.
Халыкова Г. - ОҚМПИ, биология кафедрасының б.ғ.к., доценті.
«Дене тәрбиесі, спорт ілімі мен әдістемесі» кафедрасының мәжілісінде қарастырылды және баспаға ұсынылды. (№ 6 хаттама « 13 » 01. 2014 ж.)

Дене тәрбиесі және спорт факультетінің әдістемелік комиссиясы мәжілісінде талқыланған және бекітілген.


(№ 6 хаттама « 14 » 01 2014ж.)


Кіріспе
Жасқа сай физиология – биология ғызымының маңызды салаларының бірі. Ол ағзаның тіршілік әрекетін, жеке мүшелер мен жүйелердің қызметін зерттеп, олардың ерекшеліктерін, биологиялық маңызын анықтайды, ағзаның сыртқы ортамен қарым қатынастарындағы заңдылықтарды ашады. Физиология медицина мен ветеринарияның жалпы биологиялық сипаттағы қолданбалы салаларының іргетасы, негізі болып саналады. Сондықтан бұл саланың мазмұнын терең ұғынып түсіну, жалпы пәнді меңгеру қиынға соғып жатады. Бұл пәнді сұрақ қойып, оның жауабын таба отырып, оқыған жөн. Сонда ғана оқырман түбегейлі білім жинақтайды, организмде жүретін күрделі процестердің биологиялық мәнін ұғынады.
Грек тілінде физиология деген сөз организмнің функциялары туралы ғылым немесе тіршілік тану деген мағына береді. Физиология организмнің тіршілк әрекеттерін, жеке торшалар, мүшелер, жүйелер қызметін зерттеп, олардың ерекшеліктерін, физиологиялық мңызын анықтайды. Физиология организмнің тіршілік әрекеттерін даралап тексермей, оларды біртұтас, тығыз байланыстағы процестер жиынтығы ретінде қарастырады және организмге тәне біртұтастық қасиет орталық жүйесі (ОНЖ) қызметі мен әр түрлі биологиялық белсенді заттардың әсерінен қалыптасады деп тұжырымдайды.
Жасқа сай физиологиясының заңдылықтарын айқындау - өмірді ұзартуға, организмді сауықтыру, еңбек пен тұрмыс жағдайларын жақсатру шараларын дұрыс ұйымдастыруға, аурулардың алдын алудың және олардан емдеудің жаңа жолдары мен тәсілдерін табуға негіз болып табылады.
«Жас ерекшеліктері физиологиясы мен мектеп гигиенасының негіздері» пәнінің басты мақсаты – болашақ педагог мамандарды балалар мен жасөспірімдер организмінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерімен таныстырып, оқыту және денсаулықты сақтау, нығайту жолдарын үйретумен қатар, ғылыми – педагогикалық сананы қалыптастыру. Ол, түрлі жастағы және жыныстағы адам организмнің негізгі қызметтік заңдылықтарын, олардың әрқандай функциональдық жағдайын және бір-бірімен байланыстылығын сипаттайды. Оның практикалық маңыздылығы организм дамуының жастық кезеңдерін, әрбір адамның жеке ерекшелігін, олардың физикалық және ақыл-ой қабілеттерінің көрініс механизмдерін, организмнің функционалдық жағдайын басқару мүмкіншіліктері мен бақылау ерекшеліктерін ғылыми негіздеу. Жас ерекшеліктері физиологиясы мен мектеп гигиенасының негіздері, адамдардағы жаман әдеттердің зияндылығын көрсетіп, функциональдық ауытқуларды болдырмау шараларын және денсаулықты сақтау жолын іздестіреді. Барлық педагогтар өз қызметінің кәсіби деңгейін жоғары көтеру үшін адам организмінің функциясын білуі қажет. Адам организмінің өсуі мен дамуын дұрыс басқаруға, балалар мен ересектердің денсаулығын жақсартуға, тіпті кәрілік жастағы жұмыскерлік қабілетін сақтап қалуға, оның тіршіліктегі қызметтік ерекшеліктерін білу ғана көмектесе алады.
Пәнді оқыту барысында студенттер, адам организміндегі жүйке жүйесі, жүрек-тамыр, тыныс алу, ас қорыту т.б. жүйелерінің қызметтері жайында нақты білім алады. Сонымен бірге шынығу, рациональді тамақтану, өсімталды көбеюге қабілетті денсаулықты сақтау және нығайту, түрлі жұқпалы аурулармен күресудің, оның алдын алудың жолдарын үйренген, физикалық және ой белсенділігі жоғары, кемелденген әлеуметті-қоғамдық тұлғаны қалыптастыра алатын білімді меңгереді.
Курстың негізгі міндеті:

  • Балалар және жасөспірімдер мен тікелей жұмыс істейтін педагогтарға балалардың анатомиялық, физиологиялық ерекшеліктері жөнінде нақты білім беру;

  • Балалар және жасөспірімдердің даму заңдылықтары жөніндегі негізгі диалектикалық түсініктерді қалыптастыру;

  • Жас ұрпақтарды тәрбиелеу, оларға жасына лайықты білім беру, ақыл-ойын дамыту, дені сау, сымбатты етіп өсіру.



  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет