Фонетика (гр phone – дыбыс, phonetikos дыбыстық)



бет1/2
Дата02.10.2023
өлшемі416,89 Kb.
#112299
  1   2

Фонетика және оның салалары
Орындаған: Рүстем Ақерке
Қабылдаған: Сманова Бақытгүл
Фонетика (гр. phone – дыбыс, phonetikos - дыбыстық) – тілдің дыбыстық жүйесін
зерттейтін тіл білімінің бір саласы
.

Фонетиканың қарастыратын мәселелері мыналар:
тіл дыбыстарының пайда болуы, олардың іштей жіктелуі және бір – біріне әсері, буын,
екпін, тілдің дыбыстық жағы мен жазудың арақатынасы, орфография, орфоэпия т.б.
Фонтиканың салалары
Сипаттамалы фонетика
Салыстырмалы фонетика
Тарихи фонетика (диахрониялық фонетика)
Физиологиялық фонетика
Эксперименттік фонетика
Фонология немесе функционалдық фонетика
Сипаттамалы фонетика. Тілдің өмір сүріп тұрған дәуірдегі дыбыстық жүйесін
қарастырады. Мәселен, қазіргі кездегі мектептер мен жоғарғы оқу орындарында
оқытылатын фонетика сипаттамалы фонетикаға жатады.
Тарихи фонетика (диахрониялық фонетика) тілдің дыбыстық жүйесін тарихи
тұрғыдан қарастырып, олардың даму тарихын өзгерістен айқындайды.
Салыстырмалы фонетика белгілі бір тілдің дыбыс құбылыстарын өзге тілдердің
дыбыс жүйесімен салыстыра зерттейді. Мысалы, М.Томановтың «Түркі тілдерінің
салыстырмпалы фонетикасы» (1981), «Түркі тілдерінің салыстырмпалы тарихи
фонетикасы» (Л., 1984) деп аталатын еңбектер.
Физиологиялық фонетика. Тілдегі дыбыстардың артикуляциялық, акустикалық
қасиеттерін зерттейді.
Фонология немесе функционалдық фонетика. Тілдегі дыбыс құбылыстарын
фонетикалық тұрғыдан зерттейтін сала.
Эксперименттік фонетика белгілі бір тілдің дыбыстарын түрлі техникалық құралдар
мен аспаптардың (спектрограф, осциллограф. Палатограф, рентгенограф т.б.) көмегімен
зерттеп, тіл дыбыстары туралы нақтылы, дәл тұжырымдар жасайды.

  • Дыбыс – сөздердің мағыналары мен тұлғаларын ажырататын ең кіші тілдік бірлік.
  • Дыбыс сөздің өмір сүруінің формасы.
  • Фонема – сөздер мен морфемаларды құрастырып, оларды бір –бірінен мағына және
  • форма жағынан ажыратуға септігі бар тілдің ең кішкене бөлшегі. Фонема туралы
  • ілімнің алғаш негізін салған орыс және поляк тілін зерттеуші И.А.Бодуэн де Куртенэ.
  • Фонема – тілдің мағына ажыратқыш ең кіші бірлігі.
  • Дыбыстар сияқты фонемаларға түрленіс (варирования) пен алмасып (чередования)
  • тән. Яғни фонемалардың әр түрлі типтері болады. Оның негізгі типін архифонема деп
  • атаса, ал қосымша типтерін (варианттарын, оттенкілерін) аллофон деп атайды.
  • Әріп – дыбысқа берілген шартты таңба. Әріпті жазамыз, көреміз.
  • Дыбыстау мүшелері мыналар: өкпе, тамқ, көмей, дуыс шымылдығы, тамақ қуысы,
  • ауыз қуысы, мұрын қуысы, тіл, кішкене тіл, таңдай, тіс, ерін т.б. Дыбыстау
  • мүшелерінің жиынтығы сөйлеу аппараты (речевой аппарат) деп аталады.
  • Дыбыстарды айтуда, әсіресе, дауыс шымылдығы мен тіл айрықша қызмет атқарады.
  • Дауыс шымылдығы көмейде болады. Дауыс шымылдығының керіліп тұруынан діріл
  • пайда болады да, үн шығады. Дыбыстардың басым көпшілігінің жасалуында, әсіресе,
  • ауыз қуысы айрықша қызмет атқарады. Дыбыстау мүшелері актив және пассив болып
  • екіге бөлінеді. Актив мүшелер дыбыстау кезінде қимыл, қозғалыс жасайды. Олар тіл,
  • ерін жұмсақ таңдай, бөбешік, дауыс шымылдығы т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет