Глоссарий академиялық күнтізбе


Узурпация – өкімет билігін заңсыз басып алу немесе басқаның құқығын иемдену.  Ультиматум



Pdf көрінісі
бет38/42
Дата02.05.2022
өлшемі319,68 Kb.
#33045
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
Узурпация – өкімет билігін заңсыз басып алу немесе басқаның құқығын иемдену. 

Ультиматум  –  1)  саясатта  жазалау  шаралары  қолданылады  деп  қорқыту  арқылы 

қойылатын талап; 2) халықаралық құқықта бір мемлекеттің екінші мемлекетке белгілі 

бір  мерзімге  нақтылы  ұсыныстарды  міндеттеген  үзілді-кесілді  талабы.  Егер  ол  талап 

орындалмаса, дипломатиялық қатынастар үзіледі. Қарулы күш, экономикалық блокада 

жасалуы жəне т.с.с. шаралар қолданылуы мүмкін. 

Унитарлық мемлекет – саяси билік бір орталыққа бағынған, мемлекеттің ішінде 

өз алдына бөлек басқа құрылымға жол берілмейтін мемлекеттің түрі. Оның жер аумағы, 

конституциясы бір болады, мемлекеттік биліктің жоғары органдар жүйесі, азаматтығы 

ортақ  келеді.  Мысалы,  Греция,  Италия,  Қазақстан,  Норвегия,  Польша,  Финляндия, 

Франция, Жапония жəне т.т. 

Ұлтжандылық  –  Отанға,  халқына,  оның  тарихы,  тілі,  мəдениетіне  деген 

сүйіспеншілік, бойындағы күш-қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау. 

Отан сүйгіштік, ұлтжандылық үлкен азаматтық, мəдениеттілігінің белгісі. Ол өз мүддесі 

мен елінің, халқының мүддесі бір, ортақ екенін сезінуге əкеледі. Сондықтан бұл сезім 

Отанның егемендігін, абыройын қорғауға шақырады. Оны ұлтшылдықпен шатастыруға 

болмайды. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет