Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебі



бет1/5
Дата17.07.2023
өлшемі3,04 Mb.
#104441
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4   5



Ф-ОБ-004/006-4


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің 6В01509-Математика білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Акимжанова Мехринса Дадаханқызының 13.02.-08.04.2023ж аралығындағы педагогикалық практика II
Е С Е Б І
Мен Темирбаева Умида Дильшодқызы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ түрік университетінің №СБ-237 бұйрығы негізінде Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінде математика пәнінен педагогикалық практикадан өтуге келдім. Алғашқы күні аталған мектеп ұжымымен және пән жетекшіммен танысуға бардым. Практика бойынша жетекшім Рисбекова Севара апаймен таныстым. Сонымен қатар мектеп директорынан және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарынан рұқсат алып, математика сабақтарына қатыса бастадым.
Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебі

23.01.2023ж. Бірінші апта мектеп ұжымымен танысып, 5 «Б» сыныбына сынып жетекші ретінде бекітілдім. Бекітілген сыныбымның сынып жетекшісі Рисбекова Севара апаймен танысып, сынып тізімін, сабақ кестесін жазып алдым. Пән жетекшімнің сабақ кестесімен таныстым. Севара апай 7 «А», 7 «Б», 5 «Д», 5 «Б», сыныптарына сабақ береді. Практиканың алғашқы күндерінде жетекшім Севара апайдың сабақ беретін сыныптарымен таныстым. Сабақ барысында жетекшімнің сабақ өту барысын, әдіс-тәсілдерін бақыладым.


30.01.2023ж. Екінші апта сынып жетекшілікке берілген 5 «Б» сыныбымен таныстым. Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін, білімдерін, қабілеттері мен белсенділіктерін бақыладым. Жетекшім қысқа мерзімді жоспар, ұзақ мерзімді жоспар жасауды үйретті. Сонымен қатар оқушылармен қалай дұрыс қарым-қатынас құру керектігін үйрендім.

5 «Б» сыныбымен танысу барысынан
6.02.2023ж. Үшінші апта маған жетешілікке берілген 5 «Б» сыныбының оқушыларын түгелдеп, келмеген оқушылардың ата-анасымен хабарласып келмеу себептерін сұрап сыныппен жұмыс жасадым. Оқушылармен тез тіл табысып кеттік. Сонымен қатар күнделікті жетекшімнің сабақтарына қатысып жүрдім.
Мектептің оқу-материалдық базасымен, жетекшімнің пән мұғалімдік әдістемелік құжаттарымен таныстым. Жетекшім жалпы сабақты қандай дайындықпен өту керектігін және білім беру базасын, бағалауды үйретті. Жетекшімнің сабақтарына қатысу арқылы оқушылармен танысып, сыныпта қанша оқушы әрі топ басшысы кім екенін анықтап, топ тізімін алып, олардың оқу үлгерімдеріне бақылау жасадым. Жетекшімнен сабақ өтуге рұқсат алдым. 7 «А» сыныбының оқушыларымен де танысып, қандайда бір сұрақтары бар ма, жоқ па екендігін анықтап, байланысымды үзген жоқпын. Күнделікті сыныпқа кіріп оқушыларды түгелдеп, жақсы қарым - қатынаста болдық.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет