ХХ ғасырдағы қазақ мәдениеті.
XX ғасырдың басындағы қазақ мәдениетінің жаңадан қалыптасуына әсер еткен жағдайлар:
1905-1907 жылдардағы революциялық қозғалыс.
Демократиялық күрестің шегінуі.
Таптық күрестің қайтадан өрлеуі.
Баспа ісінің жолға қойылуы (Ұлттық-демократиялық мәдениеттің көрнекті өкілдерінің алғашқы өлеңдері 1905-1907 жылдардағы революциядан кейін шыға бастады.)
Діни мектептерді қайта құру жолындағы қозғалыстар басталды
XX ғасыр ─ өрлеу кезеңі.
XX ғасырдың басында С.Сейфуллин, І. Жансүгіров, Б. Майлин, М. Әуезов өздерінің алғашқы шығармаларын жариялады. Кейін бұлар кеңес өкіметі кезеңіндегі қазақ әдебиетінің негізін қалаушыларға айналды.
Қазақ халқы музыкалық мәдениеті: сазгерлер Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина Нүрпеисова, Тәттімбет, Қазанғап, Ықыластың өлмес күйлері жарық көрді.
Қазақ баспасөзінің дамуы күшейді. Мысалы,
1911 жылы бірінші қазақ журналы “Айқап” жарық көрді,өмір сүрген төрт жыл ішінде оның 88 нөмірі шықты.
1913-1918 жылдары “Қазақ” газеті шығып тұрды.
Қазақ авторларының кітаптарын шығару ұлғайды. (Петербургте, Қазанда, Орынборда, Ташкентте Абай Құнанбаевтың, Ыбырай Алтынсариннің, Ахмет Байтұрсыновтың, Міржақып Дулатовтың, Әбубәкір Диваевтың және т.б. Ақын-жазушылардың шығармалары басылып шықты).
1912 жылы Семейде қазақ тіліндегі кітаптарды басуға мамандырылған “Жәрдем” баспаханасы құрылды.
Мәдени-ағарту жұмысының ошақтары- кітапханалар, мұражайлар, театрлар, жұмысшы клубтары, халық университеттері,көшпелі және жартылай көшпелі аудандардағы қызыл отаулар, қызыл керуендерден тұрды. 1922 жыл көктемінде республикада 77 орталық және 90 аудандық клуб, 33 аудандық халы үйі, 221 оқу үйі жұмыс істеді.
Мәдени ошақтар жұртшылыққа қызмет етумен бірге, қазақ әйелдерінін еңбек және тұрмыс жағдайын жақсартуға, олардың арасында ағарту жұмысын жүргізуге, сауаттарын ашуға назар аударды.
Қазан төңкерісіне дейін Қазақстанда жалпы қоры 98000 кітабы бар 139 кітапхана болса,1925 жылы олардың саны 300-ге жетті.1929 жылы республикада 494 оқу үйі,74 қызыл отау,11 театр,9 мұражай болды.Ал бірінші бесжылдықтың соңына қарай республикада 3569 кітапхана жұмыс істесе,1937 жылы олардың саны 2073-ке жетіп,қорында 2,5 миллион кітап болды.
Ауылдық жерде 1747 кітапхана жұмыс істеді.Бірақ бұл кітапханалармен оқу үйлері дұрыс қолдана алмады. Олардың жұмысын жүргізуші адамдардың сауаттары да, кәсіптік дәрежесі де төмен болды.Тіпті қалалардың өздерінде мәдени ошақтарда істейтін адамдардың білім деңгейі көбінесе төмен болатын.
БАСПАСӨЗ, КІТАП ШЫҒАРУ
Степная правда ( қазіргі Казахстанская правда)және Еңбекші қазақ,Қазақстан журналы шыға бастады. Басында газеттер мен журналдар мәдени — ағарту мекемелеріне желісіне,кеңестік және кооперативтік ұйымдарға келіп тұрды.Газеттер көп жұрт жиналатын жерлерге ілінді,оларды дауыстап оқып беруісі ұйымдастырылды. Қазақстанның мәдениет қайраткерлері өздерінің шығармашылық жолын осы газеттерде жалғастырды.
1920-1930жж Ж.Аймауытовтың,С.Торайғыровтың,М.Жұмабаетың, А.Байтұрсыновтың, И.Жансүгіровтің, Ш.Құдабердиевтің, С.Сейфуллиннің Б.Майлиннің шығармалары кеңінен танылды.Әдеби қозғалыста М.О.Әуезов,С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Т.Жароков, Ғ.Орманов есімдері естілді.
1934 жылғы 12-18 маусымда Қазақстан жазушыларының 1 съезі болды.
Келесі жылы халық поэзиясының алыбы Жамбылдың туғанына 90 жыл толуын бүкіл Кеңес елінің халықтары атап өтті.1936 жылы республика еңбекшілері С.Сейфуллиннің әдеби қызметінің 20жылдығын мерекеледі.
М.Әуезовтың «Абай» роман – эпопеясының бірінші кітабы соғыс жылдарындағы қазақ әдебиетінде ірі құбылыс болды.Ғ.Мүсірепов «Қазақ солдаты» повестін жариялады.
САУАТСЫЗДЫҚТЫ ЖОЮ
1920 жылы жергілікті Халық ағарту бөлімдерінің жанынан сауатсыздық жөнінде комиссиялар құрылды. Олар педагог кадрларды даярлаумен,курстар мен мектептерді ұйымдастырумен,көмекші оқу құралдарын басып шығарумен шұғылданды.Кейінірек бұл жұмысты Бүкілодақтық «Сауатсыздық жойылсын» қоғамының жергілікті бөлімшелері жүргізді. Жер-жердің бәрінде лекциялар оқылып, бір күндіктер, үш күндіктер айлықтар өткізілді.
Жастар инциативасымен 1928 ж. «Мәдени шеру» өткізіліп, бұл сауатсыздықпен күрестің түріне айналды. Сауатсыздықты жою қиын жағдайда жүргізілді: қаржы жетпеді,мұғалімдер,оқулықтар,көмекші құралдар,жазу құрал-жабдықтары жетпеді. 20-жж. аяғында қазақ жазуы араб әріпінен көшірілді.
30-жылдардың екінші жартысында сауатты аудандар, колхоздар мен совхоздар пайда болды.1939 жылы Қазақстан халқының сауаттылық дәрежесі 83,6 пайызға жетті. Сауатсыздықты толық жоюға Ұлы Отан соғысы кедергі жасады.
ӨНЕР
20-ж. екінші жартысында кәсіби театр өнері және қазақтың ұлттық бейнелеу өнері пайда болды.Әнші Ә.Қашаубаев Париж бен Майндегі Франкфурттың концерт залдарында табыспен ән шырқады.Ұлы Отан соғысының қарсаңында Қазақстанда қазақтың мемлекеттік академиялық драма театры,республикалық орыс драма театры,қазақтың мемлекеттік опера, қазақтың мемлекеттік опера және балет театры, ұлт аспаптар оркестрі,симфониялық оркестр,Республикалық қуыршақ театры,Қазақстан суретшілер және жазушылар одағы жұмыс істеді.Өнер саласындағы алты оқу орнында 600-ден астам адам оқыды.
32-33 жылдары Қазақтың театр, музыкалық-актерлық студия және музыкалық мектеп ашылды.Музыка өнерінің кадрларын даярлайтын Республикалық — музыкалық драма техникумы, рейдер Қарағанды, Шымкент, Орал,Ақтөбеде ашылған өнер училищелерінде халық арасынан шыққан талантты жастар оқыды. Солардан іріктеліп Қазатком ( қазіргі Құрманғазы атындағы)халық аспаптар оркестір құрылды.
Айман-Шолпан музыкалық комедиясы( либреттосын жазған М.Әуезов), Қыз Жібек операсы (либреттосын Ғ.Мүсірепов жазған), Жалбыр (либреттосын Б.Майлин жазған), Ер — Тарғын (С.Вамалов либреттосын жазған) операларының сахнаға шығуы қазақ театрларының дамуындағы үлкен белес болды.
1935 жылы А.Жұбановтың ұйымдастыруымен қазақ филормониясы құрылды.Оның фольклорлық оркестрі, хор копеллосы болды.
Халық өнерін дамытуда Қ.Жандарбеков,Қ.Бәйсейітов, К.Бәйсейітова,Қ. Қуанышбаев,Ж.Шанин,М.Ержанов,С.Қожамқұлов, Ә.Мұхитов Ш.Жиенкулова,Қ.Бадыров т.б. еңбегімен атты шықты.
МЕКТЕП
1930 жылы 14 тамызда Жаппай міндетті бастауыш білім беру,1931 жылы 5 қыркүйекте Бастауыш және орта мектептердің оқу бағдарламасы мен тәртібі туралы, 1934 жылы мамырда Бастауыш және орта мектептердің оқу бағдарламасымен құрылысы туралы қаулы қабылданып, олар халық ағарту ісінің және мектептердің тез дамуына үлкен ықпалын тигізді.
Мектеп жасындағы балаларды оқуға тартуға, әсіресе қыз балаларды оқытуға айрықша қамқорлық жасалды. Мектептің тез қарқынмен дамуы мұғалім, ұстаз кадрларды көптеп даярлауды қажет етті. 1940 жылы мұғалімдерді: Қазақтың Мемлекеттік Университетімен 13 педагогикалық институттарында, 23 педагогикалық училищелерінде даярлайтын болды.
ҒЫЛЫМ
20-жж. Қазақстанда табиғи өндіргіш күштерді зерттеу жөніндегі комиссияның(КИЕПС),КСРО Ғылым академиясының Одақтық және автономиялық республикаларды зерттеу жөніндегі айрықша комитетінің(ОКИСАР) және басқалардың көптеген орнықты және көшіп жүретін топтары жұмыс істеді.
Тұнғыш ғылыми – зерттеу мекемелері: 1922 ж.ҚАКСР Денсаулық сақтау комиссариатының жанынан Өлкелік химия-бактереологиялық лаборатория,1924 ж.Денсаулық сақтау халық комиссариаты жанынан малдәрігерлік-бактереологиялық институт,1926 ж. тыңайтқыш және агротопырақ зерттеу институты пайда болды.
Әншілер
Естайдың «Майдақоңыры»;
Динаның «Көңіл ашары» мен «Әскерге алу» күйлері шықты;
Үкілі Ыбырайдың «Гәкку» эні сүйіспен- шіліктің өзіндік эн ұранына айналды;
Мұхиттың «Зәуреші» нағыз «Ревкием» саналды.
Музыка өнері: Қазақ музыкасын дамытуға үлес қосқандар: Кенен Әзірбаев, Балуан Шолақ Баймурзин, Қазанғап Тілепбергенов, Дина Нұрпейісова, Үкілі Ыбырай Сандыбаевы, Шгірілі Ыбырай Сандыбаевы, Сүгірңра.
Достарыңызбен бөлісу: |