Химиялық термодинамикаға жалпы сипаттама. Химиялық термодинамиканың негізгі түсініктері: жүйе, жүйенің күйі, параметрлері, процесс ұғымдарының анықтамасын айтып беріңіз


Электрод калссификациясы бойынша электродтың түрлерін атап, электродтар туралы түсіндіріңіз



бет19/21
Дата21.11.2022
өлшемі2,11 Mb.
#51440
түріҚұрамы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
18. Электрод калссификациясы бойынша электродтың түрлерін атап, электродтар туралы түсіндіріңіз.


Электродтардың классификациясы. Электродтар потенциал анықтаушы заттың түріне, электродта өтетін реакцияның түріне және олар қандай мақсатқа қолданылуына байланысты біршене типке бөлінед
Бірінші текті электродтар. Оларға металл және бейметалл электродтары жатады. Металл электродының потенциалы катионның n+), бейметалл электродының потенциалы анионның n-) активтігімен анықталады. Олардың жазылуы: Мn+/М, мысалы, Zn2+/Zn. Аn-/A, мысалы, 2-
/Sе, яғни, халықаралық стандарт бойынша оң жаққа ион, содан соң металл немесе бейметалл жазылады.
Электродтық реакция мен Нернст теңдеуі келесі түрде жазылады:


Екінші текті электродтар. Олар металдан, сол металдың нашар еритін тұзынан және осы тұзбен аттас анионы бар басқа бір электролиттің ерітіндісінен тұрады. Мұнда металл өзінің нашар еритін тұзының пастасымен қапталып, сол нашар еритін тұзбен аттас анионы бар электролиттің ерітіндісіне батырылады. Электродтың жазылуы: Аn-/ МА, М.
Электродтық реакция катионның да анионның да қатысында жүреді. Электрохимиялық процестің өзімен (Мn+ + ne ↔ М) қатар, нашар еритін МА тұзының тұнбаға түсуі не ерітіндіге өтуі байқалады (МА ↔ Мn+ + Аn-). Осы екі процестің қосындысы мына реакцияны береді: МА + ne → М + Аn-.
Электрод потенциалы осы соңғы реакциямен анықталады. Потенциалдың теңдеуі
( aMA aM 1 жағдайда) мына түрде жазылады:
Екінші текіт электродтардың потенциалы ұзақ уақыт бойына өзгермей тұрақты сақталатындықтан олар салыстырмалы электрод ретінде потенциометриялық әдістерде қолданылады. Салыстырмалы электрод ретінде көбінесе каломель және хлор-күміс электродтары пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет