Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы


Өлкенің табиғи ресурстары



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата03.03.2017
өлшемі0,77 Mb.
#6931
1   2   3   4   5   6
Өлкенің табиғи ресурстары  

Табиғи  ресурстар  –  табиғи  ортаның,  қоғамның  материалдық  және  рухани 

мұқтажын  қамтамасыз  ету  үшін,  өндірісте  пайдаланылатын  бөлігі.  Оларды 

тиімді  пайдалану  және  адамзатты  табиғи  ресурстармен  қамтамасыз  ету  өте 

күрделі мәселелердің бірі. Табиғи ресурстардың түрлері: отын-энергетикалық, 

минералдық, климаттық, су, топырақ-өсімдік, жануарлар дүниесінің қорлары. 

Жер қыртысының үстінде және жердің онша терең емес қойнауында жатқан 

минералды  ресурстар  ашық  әдіспен  өндіріледі.  Ашық  әдіспен  негізінен 

құрылыста  қолданылатын  шикізаттар:  ізбес,  құм,  бор  тағы  басқа  ресурстар, 

сонымен  қатар  шымтезек,  көмірдің,  темір  және  мыстың  кейбір  түрлері 

өндіріледі.  Ал  жер  қойнауының  терең  қабаттарында  жататын  қатты  пайдалы 

қазбаларды  жер  асты  шахталарында  арнайы  құрылғылардың  көмегімен 

өндіреді.  Сұйық  және  газ  тектес  пайдалы  қазбалар  жердің  үстіне  арнайы 

бұрғыланған  скважиналармен  шығарылады.  Пайдалы  қазбалардың  кейбір 

түрлерін өндіру үшін қосалқы тәсілдер қолданылады. Мысалы тұз өндіру үшін 

оны жердің астында скважинаға су жіберіп ерітеді, ал күкірт сияқты шикізатты 

скважина  арқылы  берілген  ыстық  бумен  ерітіп  барып  өндіреді.  Өлкенің 

пайдалы қазбаларын, олардың өндірілу жолдарын оқыған кезде осы тәсілдердің 

қайсысы  қолданылатынын,  қандай  әдіспен  өндіру  қолайлы  болатынын, 

экологияға зиян келмейтін жағын қарастыру қажет. Оқушылар өз тараптарынан 

пайдалы  қазбаларды  өндірудің,  еңбекті  жеңілдетудің  жолдарын  қарастырып, 

жобалар жасайды, өз ойларын ортаға салады.  



Жергілікті жердің ауа райы және климаты  

Ауа райын зерттеу адамның күнделікті тұрмысы мен шаруашылық әрекеті 

үшін  қажет.  Ауа  райының  жай-күйі  тек  қана  бір  белгісіне,  мысалы, 

температураға  немесе  жауын-шашынға  ғана  емес,  барлық  элементтерінің 

жиынтығына қарап анықталады. Мысалы, ауа райына тек «салқын» не «жылы» 

деп  баға  беру  жеткіліксіз.  Салқын  не  жылы  ауа  райы  желді,  жаңбырлы, 

21 

 


бұлыңғыр  және  тағы  басқаша  болуы  мүмкін.  Ауа  райы  жиі  өзгеріп  тұрады. 

Оның бір элементінің өзгерісі басқасының да өзгерісін тудырады. Оның толық 

сипаттамасын  беру  үшін  ауа  райын  құрайтын  элементтерді  түгелдей  бақылау 

қажет. 


Туған өлкенің климатын зерттеп-білу барысында ауа райын бақылау әдісін 

қолданған  дұрыс.  Жыл  мезгілдеріне  қарай  ауа  температурасының  өзгерісіне, 

жауын-шашынның  түсу  мөлшеріне,  желдің  бағытына,  бұлттылыққа  бақылау 

жүргізу.  Оқушылар  жүргізілген  бақылаулардың  нәтижелерін  ауа  райы 

күнтізбесіне  белгілеп  отырып,  соңынан  ауа  райының  айлық,  жыл  мерзімдері 

бойынша орташа температураны, жауын-шашынның орташа мөлшерін есептеп 

шығарады. Ауа температурасының жылдық өзгерісінің, бұлттылықтың, жауын-

шашын  түскен  күндердің,  желдің  бағытының  (жел  өрнегі)  диаграммаларын 

жасайды. Сонымен қатар оқушыларға өлкенің климатының қандай себептерге 

байланыстылығын  анықтауды  тапсыруға  болады.  Олар  метеорологиялық 

стансаның  (ондай  станса  болмаған  жағдайда  радио,  теледидардың  ауа  райы 

мәліметтерін  қолдануға  болады)  мәліметтері  бойынша  (күн  сайын  сағат  7-де, 

13-

те,  19-да)  өлке  аумағы  жыл  мезгілдеріне  қарай  қандай  ауа  массаларының 



ықпалында болатынын анықтайды.  

Ауа  райының  жыл  мезгілдері  бойынша  өзгерісінің  сипаттамасын  жасау 

қажет,  ауыл  мектептерінде  бұл  жұмысты  ауыл  шаруашылығымен  де 

байланыстыруға  болады.  Ол  үшін  жыл  мезгілдеріне  қарай  ауыл  шаруашылық 

жұмыстарының күнтізбесін құрастыруға болады, мысалы көктемгі жер жырту, 

тұқым  себу,  өсу  барысында  өсімдіктерге  күтім  жасау,  шабу.  Климатты  оқу 

барысында ауыл шаруашылығын дамыту үшін қандай жағдайлар бар, қолайсыз 

климат құбылыстарына қарсы қандай күрес жүргізілетінін анықтауға арналған 

жұмыстар  жүргізу  арқылы  оқушыларды  еңбек  етуге,  еңбексүйгіштікке 

тәрбиелеу де жүзеге асырылады.  

Оқушылардың  жүргізген  бақылау  жұмыстарының  нәтижесін  жақын 

маңайдағы метеорологиялық стансаның мәліметтерімен салыстыру барысында 

туған  өлке  туралы  мағлұматтардың  құндылығы  артады.  Ауа  райының 

сипаттамасы  және  әр  түрлі  геоботаникалық  жағдайлардағы  климат 

экскурсиялар  мен  саяхаттардың  бағдарламасында  бейнеленуі  тиіс.  Туған 

өлкенің  ауа  райы  өзгерісін  оқу  және  зерттеу  кезінде  оқушыларды  жергілікті 

белгілер  бойынша  болжауға  үйретуге  болады.  Ол  үшін  балаларға  үлкен 

адамдардан,  қосымша  әдебиеттерден  ауа  райын  болжаудың  жергелікті 

белгілерін  біліп  келу  тапсырылады.  Жинақталған  деректерді  дәптерге  жазып 

алып, күнделікті ауа райын бақылау жұмысында қолдануға болады. 

Ауа райын болжаудың кейбір белгілері: 

будақ бұлттар кешке қарай тарап кетпей, керісінше қалыңдап, көбейсе; 



таңертеңгі және күн батар алдындағы кешкі күн көзінің шапағы қызғылт 

болса;  

күндізгі және түнгі температураның амплитудасы азайса; 



шық және қырау түспесе; 

кешке қарай жел саябырсымай, керісінше күшейе түссе; 



ауа қысымы төмендесе, бұлар – ауа райы бұзылар алдындағы белгілер;  

22 

 


Күн  көзі  және  айдың  жан-жағындағы  шеңберлер  –  циклонның 

жақындағанының белгісі, қатты жел тұрып, жауын-шашын болады; 

таң  шапағы  сары  не  қызғылт-сары  түске  боялса  ауа  райы  құрғақ  және 



ашық болады; 

Күннің  көзі  ұясына  отырар  кезде  қызыл  не  қою  қызыл  түсті  болса  –



циклонның жақындағаны, келесі күні қатты жел тұруы ықтимал; 

қолайлы ауа райының белгісі – алтын түсті Күн шапағы; 



Күннің  не  Айдың  шеңбері  ұясынан  шығар  не  ұясына  отырар  кезінде 

формасын  өзгертіп  кішкене  қисайса  (сопақша,  бас  киімнің,  саңырауқұлақтың 

түріне  ұқсаса)  немесе  қара  жолақшалармен  бөлшектерге  бөлінсе  –  бұл 

антициклонды сипаттағы құрғақ ауа райының белгісі;  

- 

егер  жұлдыздар  мардымсыз  жарқырап  және  жасылқай  түске  боялса  – 

тұрақты қолайлы ауа райы орнайды; 

егер  жұлдыздар  жиі-жиі  айқын  жарқыраса  –  жауын-шашын  түседі  деп 



күтіледі; 

- 

желдің  күшінің  кенет  бәсеңдеуі  –  жуыр  уақытта  оның  бағытының 

өзгеруінің белгісі; 

кешке  қарай  жел  күшейсе  –  ұзаққа  созылатын  жауын-шашынның  және 



дауылдың жақындағанының белгісі; 

егер  дауылды  жел  кешке  не  түнге  қарай  күшін  бәсеңдетсе  не  мүлдем 



тоқтаса – ауа райының бұзылуы ықтимал; 

жел кешке қарай күшін бәсеңдетпей және күннің көзімен бірге бағытын 



өзгертсе – циклон мен жауын-шашынның жақындағаны; 

жер  жастанған  тұман  Күннің  көзі  шыққанға  дейін  түнде  тарап  кетсе 



циклонның жақындағаны; 

Күннің  көзі  ұясына  кіргеннен  кейін  пайда  болған  және  Күннің  көзі 



шыққаннан  кейін  тарап  кеткен  жер  үсті  тұманы  –  қолайлы  (жақсы)  ауа 

райының белгісі; 

егер  пештің  мұржасынан  шыққан  түтін  тура  көтерілсе  қолайлы  тұрақты 



ауа  райының  белгісі,  ал  егер  ол  мұржадан  шыққаннан  үзіліп-үзіліп  желдің 

бағытымен  немесе  жер  бетіне  төселіп  ұшса  бұл  жауын-шашынды,  желді 

қолайсыз ауа райының белгісі; 

табиғаттағы  кейбір  дыбыстардың  жақсы  естілуі  –  жауын-шашынның 



жақындығының белгісі; 

кешкі  қараңғылық  қысқа  болса  –  ауа  райы  жақсы  жағына  өзгереді  деп 



күтіледі.  

Өлкенің сулары және оларды пайдалану.  

Жергілікті жердің сулары (өзендер, көлдер, бұлақтар, батпақтар, жер асты 

суы, құдықтар) адам өмірінде үлкен рөл атқарады. Туған өлкені оқу барысында 

жергілікті жердің суларына қажетті деңгейде көңіл аудару керек, өйткені олар 

өлкенің табиғат жағдайларының ерекшеліктерін және адамның шаруашылық іс-

әрекетін  сипаттайды.  Осыған  байланысты  өлкетану  негізінде  жергілікті 

суларды  және  олардың  жергілікті  жағдайларға  тәуелділігін  оқу  және  зерттеу 

үлкен  маңызға  ие  болады.  Оқушылар  мысалы,  өзен  ағысының  жер  бедеріне 

және  өзен  аңғарын  құрайтын  тау  жыныстарына  тәуелділігіне  көз  жеткізеді. 

23 


 

Оқушылар  өзенге  бақылау  жүргізу  барысында,  бұл  факторлардың  өзеннің 

бұзғыш әрекетіне әсер  ететінін де анықтайды. Сонымен қатар  түсетін жауын-

шашын  мөлшерінің  өзен,  көл,  бұлақ  суының  деңгейіне  әсер  ететінін  де 

байқайды.  Жергілікті  өзенді  үлгіге  ала  отырып,  адамның  өзенді  пайдалануы 

туралы  түсінік  беруге  болады.  «Өлкенің  сулары  және  оларды  пайдалану» 

бөлімін оқу барысында экскурсияға шығу арқылы жер асты суларының пайда 

болуы,  шығуы,  олардың  өзендерді  қоректендіру  мен  адам  өміріндегі 

маңызымен  танысады.  Бұндай  экскурсия  өткізу  мұғалімнен,  оқылатын 

тақырыптың  мазмұнын  толық  ашуға  жағдай  жасайтын  нысанды  тыңғылықты 

таңдауды және дайындықты талап етеді.  

«

Өлкенің  сулары  және  оларды  пайдалану»  бөлімін  оқу  барысында 



өткізілетін жұмыс түрлерінің үлгілері:  

Өлкедегі су қоймасына экскурсия жасаудың жоспары: 

1) Су қоймасына дейінгі жолдың сызбасын жасау. 

2) Өзеннің (су қоймасының) пайда болу себептерін анықтау.  

3) 

Бұлақ көздері туралы түсінік беру, сонымен қатар су өткізгіш қабат, су 



өткізбейтін қабат, сулы қабаттар туралы да түсінік беру.  

4) Бұлақ көзіндегі судың дәмдік сапасына анықтама беру. 

5) Бұлақтың, өзеннің ағу бағыты мен жылдамдығын анықтау.  

6) Су шығынын есептеу. 

7)  Су  көзінің  бастау  алатын  жерінен  оның  басқа  суға  құйылатын 

(қосылатын) жеріне дейінгі ара қашықтыққа бақылау жүргізу арқылы алап, су 

айрығы,  өзеннің  бастауы,  сағасы,  атырауы,  аңғары,  жайылымы  сияқты 

ұғымдарды практикалық жолмен түсіндіру. 

8) 

Ағын сулардың түбін, арнасын құрайтын жыныстарды анықтау. 



9)  Өзеннің  қоректенуіне  және  жауын-шашын  мөлшерінің  жер  асты 

суларының қорына тигізетін әсері туралы түсінік беру. 

Мектепке ең жақын жердегі өзенге сипаттама беру жоспары: 

1) Өзеннің атауы, атауының шығу тарихы. 

2) Бастау алатын жері. 

3) Қай бағытта ағады? 

4) Қайда құяды? 

5) Қандай алапқа жатады? 

6) Қандай салалары бар және ол салаларды қай жағынан алады? 

7) Ағынының сипаты қандай? 

8) Жер бедерінің өзгеруіне тигізетін әсері. 

9) Қай кезде қатады? Мұз басып жату ұзақтығы. 

10) Өзен қай кезде ериді? 

11) Қай кезде тасиды? 

12) 

Қоректену түрлері. 



13) 

Өзен суының түсі, иісі, мөлдірлігі, температурасы. 

14) 

Өзеннің шаруашылық мақсатта қолданылуы. 



15) 

Өзен суын қорғау бойынша істеліп жатқан іс-шаралар. 

16)  Өзеннің  экологиялық  жағдайын,  қолданылуы  жағдайын  жақсарту 

бойынша оқушылардың ұсыныстары. 

24 

 


Жергілікті жерге ең жақын орналасқан көлге (бөгенге) сипаттама беру: 

1) Көлдің атауы, атауының шығу тарихы. 

2) 

Оның пайда болу тарихы (мұғалімнің көмегімен) 



3) Қанша шаршы метр жерді алып жатыр? (Өлшеу жұмыстарын жүргізуге 

болады). 

4) Ағынды көл ме, ағынсыз көл ме? 

5) Суының температурасы қандай? 

6) 

Мектептен қай бағытта орналасқан? 



7) 

Мектептен (шамамен) қандай қашықтықта орналасқан? 

8) 

Бетін мұз басу уақыты, мұз құрсауында болу ұзақтығы. 



9) 

Мұзы қай кезде ериді? 

10) 

Жағалау сызығының сипаты. 



11) 

Суының түсін, мөлдірлігін анықтау. Суының химиялық құрамын (әктас, 

метан, көміртекті сутегі) анықтау.  

12) 


Бұл  су  қоймасында,  жағалауында  өсетін  өсімдіктер  (өсімдіктердің 

атауларын анықтау, кеппешөп жасауға өсімдік үлгілерін жинау). 

13) 

Оны мекендейтін жәндіктер, жануарлар, құстар (атауларын анықтау). 



14) 

Қоректену сипаты (өзен суымен, жауын-шашын суымен, қар суымен). 

15) 

Көлдің шаруашылық мақсатта қолданылуы. 



16) 

Көлді қорғау бойынша істеліп жатқан іс-шаралар.  

17) 

Көлдің  экологиялық,  қолданылуы  жағдайын  жақсарту  бойынша 



ұсыныстар. 

18)  Жергілікті  тұрғындармен  әңгімелесу  арқылы  көлдің  осыдан  жиырма 

бес,  елу  жыл  бұрын  қандай  болғанын,  қандай  жылдамдықпен  кеуіп  келе 

жатқандығын анықтау.  

 

Жергілікті жердегі құдықты сипаттау: 



1) Құдықтың орналасқан жерін сипаттау, планға құдықты белгілеу. 

2)  Құдыққа  баратын  жолдар,  елді  мекеннен  немесе  оқушының  үйінен 

құдыққа дейінгі ара қашықтық.  

3) Жер бетінен суға дейін неше метр (жуықтап). 

4) Құдықтағы су қорын анықтау. Ол үшін жіптің басына темір гайка байлап, 

құдыққа  түсіру  керек.  Гайка  құдықтың  түбіне  жеткенін  сезгенде,  қайтадан 

тартып алып, жіптің су болған жерін өлшейміз. Мысалы, егер жіптің 2,5 м жері 

суланса,  ал  құдық  кесіндісінің  ұзындығы  мен  ені  1  м  болса,  онда  құдықта 

шамамен 2,5 м

су бар. 1 м



-

та 1000 л су болатынын білеміз, ендеше құдықта 



2

500 л су қоры бар екенін есептеп шығара аламыз.  

5) Судың дәмі, иісі, мөлдірлігі, температурасы және қаттылығы (егер суда 

сабын көпірмесе, ол су кермек (қатты), ал сабын жақсы көпіретін суды жұмсақ 

дейміз)  қандай?  Бұл  жұмысты  орындау  үшін  жергілікті  жердің  планы,  шыны 

ыдыс (банка), гайка мен жіп, сабын керек.  

Судың  ағу  жылдамдығын  анықтаудың  ең  қарапайым  түрі:  қармақ 

қалтқысының немесе ағаш қабығының жылдамдығы арқылы анықтауға болады. 

Ол  үшін  өзен  жағасынан  (судың  ағу  бағытымен)  20  м  жерді  өлшеп  алып  екі 

шетін қадақпен белгілейді, қадақтар судан 5 м жерде қадалуы тиіс. Әр қадақтың 

жанында  бақылаушы  оқушы  тұрады.  Үшінші  оқушы  (сағаты  болуы  керек) 

25 


 

бірінші қадақтан жоғары қарай тұрып қалтқыны суға түсіреді, қалтқы бірінші 

қадақ  пен  екінші  қадақтың  арасын  қанша  уақытта  өтетітін  бақылайды.  Осы 

тәсілмен уақыт үш рет қайталанып тексеріледі, тек бірінші рет қалтқы өзеннің 

сол жақ жағасынан жіберілсе, екінші рет өзеннің орта тұсынан, үшінші рет оң 

жақ жағасынан жіберіледі. Уақыттың үш көрсеткіші қосылады, мысалы 3 минут 

42 секунд шықты дейік немесе 222 секунд. Қашықтықты уақытқа бөлу арқылы 

судың  жылдамдығын  шығады  (20  : 222  =  0,09  м  немесе  секундына  9  см)  [7]. 

Ағын  судың  өзеннің  түбімен  үйкелісі  нәтижесінде  судың  жылдамдығы 

бәсеңдейді.  Түбі  сазды  өзендердің  үйкеліс  коэффициентін  оқушыларға  айту 

қажет  (0,8).  Өлшеу  арқылы  алынған  орташа  жылдамдықты  үйкеліс 

коэффициентіне  көбейту  арқылы,  өзендегі  судың  ағу  жылдамдығы  шығады 

(0,09 х 0,8 = 0,072 м/сек).  

Өзеннің су шығынын есептеу әдісі: алдымен өзен қимасының ауданын табу 

керек.  Ол  үшін  өзеннің  орташа  тереңдігін  өзеннің  еніне  көбейтеді  

(0,9  х  28  =  25,2  м

2

).  Одан  соң,  өзен  қимасының  ауданын  өзен  суының 



жылдамдығына  көбейту  арқылы  бір  секундтағы  куб/м  су  шығыны  есептеледі 

(25,2 х 0,072 = 1,8 куб. м). 

Өзеннің қимасы арқылы секундына 1,8 куб.м. су ағады делік, әрине бұл сан 

өте  аз  болып  көрінеді,  сол  себепті  оқушыларға  бір  минутта,  бір  сағатта,  бір 

тәулікте  қанша  су  ағып  шығатынын  есептеу  жұмысын  тапсыруға  болады.  Бір 

минутта 60 х 1,8 = 108 куб. м. Бір сағатта 60 х 108 = 6480 куб. м. Бір тәулікте  

24 х 6480 = 155 520 куб. м. Тапсырманы түрлендіру мақсатында, осынша суды 

тасымалдау  үшін  қанша  темір  жол  цистернасы  (егер  цистернаның 

сыйымдылығы 50 т. болса) қажет болар еді, осынша су қайдан шығып жатыр, 

бұл суды қандай мақсаттарда қолдануға болады, қалай үнемдеп жұмсау керек 

деген сұрақтар қоюға болады.  

Өзеннің  енін  рулеткамен  немесе  өзеннің  үстінен  өтетін  көпірде  адым 

арқылы өлшеуге болады.  

Өзеннің тереңдігін құдықтың тереңдігін өлшеген әдіспен өлшеуге болады, 

тек өзеннің тереңдігі бірнеше рет әр жерде өлшенеді. Тереңдік көрсеткіштерін 

қосамыз  да  өлшеу  санына  бөлеміз  (мысалы,  2,5  м  +  1,6  м  +  0,8  м  =  4,9  м;  

4,9 : 3  = 1,6 

м), сонда өзеннің орташа тереңдігі шығады.  

Судың түсі мен мөлдірлігін анықтау үшін ақ тәрелке (ыдыс) қолданылады, 

тәрелкені  екі  шетінен  тесіп  жіппен  байлау  керек.  Жіптің  әр  метрі  және 

дециметрі  түсті  жіппен  белгіленеді.  Тәрелкені  15-20  см  тереңдікке  түсіргенде 

өзен суының түсі қандай, тереңдеген сайын тәрелкенің түсімен салыстырғанда 

судың түсі қалай өзгеретінін және қандай тереңдікте тәрелке мүлдем көрінбей 

кеткенін бақылауға болады. Жіптегі бөліктер арқылы судың қандай тереңдікке 

дейін мөлдір екенін анықтауғы болады.  

Мысалы,  өзен  жағалауының  биіктігін  өлшеуге  арналған  экскурсия  өткізу 

барысында  мұғалім  экскурсияның  жоспарын  және  оқушылардың  іс-әрекетін 

мұқият  ойластыруы  керек.  Өзен  жағалауының  биіктігін  анықтауға  арналған 

экскурсияның мазмұны және құрылымы 2-кестеде көрсетілген.  

Экскурсиялар  өткізу  барысында  оқушылар  күнделік  жүргізулері  тиіс. 

Күнделік бетінің оң жағына қажетті мағлұматтарды жазады, ал сол жақ шетіне 

26 


 

суреттер  салады,  кестелер  сызады,  бұл  жұмыс  негізінен  қарындашпен 

жүргізіледі.  Жинақталған  материалды  рәсімдеуді  (жұмыстың  ІІІ  кезеңі) 

сыныпта сабақ барысында жүзеге асырады. Оқушылар сабақта істелген жұмыс 

туралы есеп жазады, арнайы альбомға жұмыс барысында сызылған кестелерді, 

суреттерді сызады. 

 

2-



кесте – Өзен жағалауының биіктігін анықтау 

 

Экскурсияның тақырыбы 



және міндеттері 

Іс-әрекет түрлері 

Мұғалім 

Оқушы 


Тақырыбы: 

Өзен 


жағалауының 

биіктігін 

анықтау 

Міндеттері:  оқушыларды 

нивелирдің және барометр-

анероидтың 

көмегімен 

биіктікті 

өлшеу 

жолдарымен  таныстыру, 



құралдармен 

жұмыс 


істеудің 

практикалық 

дағдыларын қалыптастыру 

 

І. Экскурсияға дайындық 



Мазмұнын  іріктеп  алу, 

зерттелетін 

нысанмен 

танысу, 


оқушылармен 

жүргізілетін  кіріспе  және 

қорытынды 

әңгіменің 

мазмұнын  және  оқылатын 

әдебиеттердің 

тізімін 

әзірлеу 


Құралдармен 

жұмыс 


істеуге 

арналған 

нұсқауларды 

қайталау, 

алға  қойылған  проблема 

бойынша әдебиеттер оқу 

ІІ. Экскурсияны өткізу 

Кіріспе 


әңгіме, 

оқушылардың  екі  тобына 

тапсырмаларды бөліп беру. 

Оқушылардың  іс-әрекетіне 

басшылық 

жасау, 


нұсқаулар беру 

Кіріспе  әңгімеге  қатысу, 

нивелирдің және барометр-

анероидтың 

көмегімен 

өзен 


жағалауының 

биіктігін 

өлшеу 

жұмыстарын  өз  күшімен 



жүргізу, 

есертеулер, 

жүргізілген  жұмыс  жайлы 

қысқаша жазбалар жасау 

ІІІ. Жинақталған материалды рәсімдеу 

Қорытынды 

әңгіме, 

жинақталған  материалды 

саралау 

Істелген 

жұмыстың 

қорытындысы 

туралы 

қысқаша 


хабарлама, 

профильді рәсімдеу 

 

Жер  бедері  мен  климат  ішкі  сулардың  ағу,  қоректену  және  режимінің 



сипатына  қатты  әсер  етеді.  Сол  себепті  жер  бедері  мен  климат  туралы 

жинақталған  мәліметтер  өлкенің  суларын  сипаттау  барысында  қолданылады. 

Карталардың  көмегімен  және  жергілікті  жерде  саяхат  жасау  арқылы  өлкенің 

аумағынан  қандай  өзендер  ағатынын  анықталады.  Жер  бедері,  климат  және 

зерттелген  өзен  туралы  мәліметтердің  нәтижелері  жинақталып  өзенге  жан-

жақты сипаттама беріледі, сонымен қатар оның шаруашылықта қолданылуы да 

көрсетіледі.  

Қысқы уақытта өзен-көлдерге бақылау жасау барысында келесі ережелерді 

(ережелерді дәптерге жазғызып отыру) есте сақтау қажет: 

– 

қатпаған мұз үстіне шықпа;  



27 

 


– 

мұз үстінде топ болып тұрма;  

– 

мұзы  жарылған,  шұңқыр  жерлерге,  мал  суаруға  арналып  жасалған 



суаттарға жақындама және ішіне үңіліп қарама;  

– 

биік жардан шана, шаңғымен сырғанама;  



– 

мұз үстіне рұқсат етілмеген жерлерден өтпе.  



Өлкенің топырағы  

Топырақтану  –  топырақ  туралы  ғылым,  ол  жаратылыстанудың  құрамына 

кіреді.  Топырақтану  топырақтың  пайда  болуы,  дамуы,  құрамы,  құрылымы, 

қасиеті, географиялық таралуы және топырақты тиімді пайдалануды зерттейді. 

В.В.Докучаев  «топырақ  –  табиғаттың  айнасы»  деген  болатын,  қарапайым 

тәжірибелер  мен  бақылаулар  жүргізу  арқылы  климат,  өсімдік  жамылғысы, 

жануарлар дүниесі, адамның шаруашылық әрекеті топырақтың пайда болуына 

әсер ететініне көз жеткізуге болады. Ол үшін арнайы дайындалған топырақты 

тану,  зерттеу  экскурсиясын  өткізуге  болады,  бұл  экскурсияның  мақсаты: 

оқушыларды  «топырақ»  ұғымымен,  топырақтың  пайда  болу  процестерімен 

таныстыру, туған өлкенің топырағының түрін анықтау және оған шаруашылық 

баға беру [10].  

Бұл  экскурсияны  өткізу  үшін  өлкенің  табиғат  зонасының  морфологиялық 

белгілері  айқын  байқалатын  жерді  алдын-ала  таңдаған  жөн.  Экскурсия 

өткізерден бұрын топырақ түрін зерттеуге арналған ені 1,5 м, ұзындығы 1,5 м, 

тереңдігі 1,5 м болатын шұңқыр қазылады. Бір жағы тік болып, екінші жағынан 

шұңқырға түсетін баспалдақ жасаған жөн.  

Өлкенің топырағын зерттеуге арналған жұмыс жоспары: 

1.  Топырақ  горизонтын  белгілеу  және  олардың  қалыңдығын  анықтау 

(қарашірік (гумус) қабаты А және иллювиалды қабат Б. (Иллювиалды қабат – 

әр түрлі заттардың жинақталуымен және жуылуымен сипатталады). 

2. Әр горизонттың түсін анықтау және олардың түсі төменнен жоғары қарай 

қалай  өзгеретінін  қадағалау  (біркелкі  немесе  біркелкі  емес,  мысалы,  жолақ 

немесе дақ сияқты). Мұғалім оқушыларға қара түстің топырақтың құрамындағы 

шіріндінің,  ал  қарашіріндінің  азаюын  горизонт  түбіндегі  топырақтың  түсінің 

өзгеруін көрсететінін түсіндіруі қажет. 

3. Топырақтың тығыздығын анықтау: тығыз, борпылдақ, үгілгіш. 

4.  Топыраққа  тұз  қышқылының  әлсіз  ерітіндісін  (10%)  құйғанда  қайнау 

тереңдігін анықтау. 

5.  Ін  қазатын  жануарлардың  (құрттардың,  суырдың,  көртышқанның, 

тышқанның т.б.) ізі бар ма екендігін бақылау. 

6. Өсімдік тамырларының қандай тереңдікке дейін жететінін анықтау.  

7. Қарашіріктің пайыздық мөлшерін анықтау үшін әр горизонттан топырақ 

үлгілерін алу. 

8. Жасалған бақылауларды қорытындылау.  

Өлкенің топырағын оқу барысында оқушыларға топырақтың механикалық 

құрамын  анықтауды  ұсынуға  болады.  Ол  үшін  20  –  25  см  тереңдіктен 

топырақтың  (бақшадан,  далалы  жерден,  жайылымнан,  өзен  жағасынан, 

орманнан) үлгілері алынады. Топырақ үлгілері алынған уақыты, алынған жері 

28 


 

жазылған  этикеткамен  жеке-жеке  қағазға  салынады.  Топырақтың  құрамында 

қанша су, қарашірік, сазбалшық, құм бар екені анықталады. 

Сараптама  жасау  үшін  100  г  топырақ  алынады,  оны  жайпақ  қаңылтыр 

табаға  жұқа  қабатпен  жайып  салады.  Табаны  ыстық  пештің  үстіне  бір  түнге 

қою қажет. Таңертең топырақты өлшеу арқылы құрамында қанша су болғанын 

анықтауға  болады.  Ал  егер  кептірілген  топырақты  көмірдің  үстінде  түтін 

шыққанға дейін  қыздырса  және қайтадан өлшесе  құрамында қанша  қарашірік 

болғанын анықтауға болады. Бұдан кейін топырақты суы бар банкаға салады да 

жақсылап араластырады (банканы жоғары-төмен қозғау арқылы), құм банканың 

түбіне отырғаннан кейін лай суды төгіп тастайды да, банкаға қайтадан таза су 

құйып  тағы  да  араластырады,  лай  суды  тағы  төгеді  осылайша  су  тазарғанға 

дейін  қайталайды.  Банканың  түбіндегі  құмды  кептіреді  де  өлшейді.  Бұндай 

сараптаманың  нәтижесінде  топырақтың  құрамында  (пайыздық  мөлшерде) 

қанша су, қанша қарашірік, қанша құм болғанын анықтауға болады.  

Топырақтың қышқылдығын анықтау әдістері:  

1. 


Үлескінің  бірнеше  жерінен  топырақ  сынамасын  алу.  Сынаманы 

полиэтилен пленканың үстінде жақсылап араластыру. Қоспадан кішкене бөлігін 

алып,  тазартылған  сумен  суландыру.  Бұл  қоспаға  лакмус  қағазды  салу.  Егер 

қағаз  қызыл  түске  боялса,  онда  топырақ  жоғары  қышқылды  болғаны,  ал  егер 

қызғылт  түске  боялса  топырақ  орташа  қышқылданған.  Төмен  (аз)  қышқылды 

топырақ  сары  түс  береді.  Көк  түске  боялса  бейтарап  (орташа)  қышқылды 

топырақ  болғаны.  Көкшіл  жасыл  түске  боялса  орташа  қышқылдыға  жуық 

топырақ. 

2. 

Топырақтың қышқылдығын жергілікті жерде өсетін өсімдіктерге қарап та 



анықтауға  болады.  Өйткені  табиғи  ортада  өсетін  өсімдіктер  өздеріне  қажетті 

қышқылды  топырақта  жақсы  өседі.  Мысалы,  қышқыл  топырақта  келесі 

өсімдіктер өседі: аршагүл, қазанақ, қияқ, аққылтан, сарғалдақ, бөденешөп, дала 

жалбызы,  қырықжапырақ,  жолжелкен,  майдашөп,  ат  қымыздығы,  дала 

қырықбуыны.  Төмен  (аз)  қышқылды  топырақта:  бақша  сарықалуені,  дала 

гүлкекіресі,  шалғын  бедесі,  есекқұрт,  қалақай,  иіссіз  түймедақ,  алабота, 

қоңырбас,  бидайық  өседі.  Бейтарап  (орташа)  қышқылды  топырақта:  дала 

шырмауығы,  көктемгі  жанаргүл,  ақ  түйежоңышқа,  бақша  қалуені  кездеседі. 

Сілтілі топырақта: дала қышасы, тегеурінгүл, көкнәр өседі. Жұмыстың бұл түрі 

балаларды  байқағыштыққа,  өлке  аумағында  өсетін  өсімдік  түрлерін  танып-

білуге баулиды.  

Әр  түрлі  тәжірибелер  өткізу  арқылы  өлкенің  топырағымен  танысудың, 

зерттеудің  қорытынды  мақсаты  –  морфологиялық  белгілердің  негізінде 

топыраққа шаруашылық, яғни оның құнарлылығына баға беру.  



Өлкенің және қаланың өсімдіктері  

Оқушыларды  өлкенің  өсімдік  жамылғысымен  таныстыру  жұмысы 

бастауыш  сыныптарда  басталады,  ал  өлкетану  курсында  биология  пәнінің 

сабақтарында  жергілікті  жердегі  ағаштардың,  бұталардың,  шөптердің 

түрлерімен,  атауларымен,  құрылысымен,  шаруашылық  маңызымен,  емдік 

қасиетімен  танысу,  сабақта  қолдану  мақсатында  кеппешөп  дайындау 

жұмыстары  жүргізіледі.  Экскурсия  барысында  орманда  қандай  ағаштар 

29 


 

өсетінін,  орманның  жоғары  қабаты  қандай  ағаштардан  тұратынын,  төменгі 

қабаттың  өсімдік  жамылғысын,  жергілікті  жердің  шалғындарына  тән 

өсімдіктерді,  тоғайлардағы  бұталардың  түрлерін  анықтауға  бағытталған 

жұмыстар жүргізу арқылы оқушыларды өсімдіктерді қорғауға, өлкенің өсімдік 

жамылғысының түрлерін айыра білуге тәрбиелеу. 

Өлке  аумағында  өсетін  өсімдіктермен  танысуға  арналған  жұмыстың 

түрлері: 

1. Өсімдіктердің түрлерін, басым түрлерін, атауларын анықтау. 

2. Өлшеуіш құралдардың көмегімен кейбір ағаштардың биіктігін өлшеу. 

3.  Зерттеу  жұмысы  жүргізілетін  аумақтағы  орманның  түрін  (қарағайлы, 

қайыңды, теректі т.б.) және олардың жасын анықтау.  

4.  Ағаштардың  бейімделгіш  қасиетіне  көңіл  аудару.  Мысалы,  жарыққа, 

ылғалға, желден қорғануға байланысты орналасуы.  

5.  Кеппешөп  әзірлеу  үшін  шөптесін  өсімдіктердің  түрлерін,  ағаштар  мен 

бұталардың  жапырақтарын  және  жергілікті  жерге  ғана  тән  өсімдік  түрлерін 

жинау  (қажетті  мөлшерде  ғана  жинауға,  өсімдіктерді  бостан-босқа  жұлмауға 

үйрету). Жинаған өсімдіктерден жасалған кеппешөптерді биология, география 

сабақтарында қолдануға болады.  

6. Орманның топырағымен танысу. 

7.  Орманның  және  шалғынның  шаруашылық  маңызын  анықтау.  Сонымен 

қатар  осы  экскурсия  барысында  өлке  аумағында  өсетін  дәрілік  өсімдіктермен 

танысуды жүзеге асыруға болады. Кейбір дәрілік өсімдіктердің белгілері: 

Інжугүл. Мамыр – маусым айларында гүлдейді. Оның гүлдері иіс су жасау 

үшін  қолданылады.  Гүлдерінің  спиртте  ұсталған  тұнбасын  жүрек  ауруларын 

емдеуге қолданады.  

Қалақай  (тікенді,  күйдіргіш).  Оның  мұртшаларында  құмырсқа  қышқылы 

болады.  Гүлдеу  кезінде  жиналған  қалақайдың  жапырағы  діңгене  (цинга) 

ауруына қарсы қолданылады, ал қалақайдың шырынын – өкпе ауруларына ем 

ретінде қолданады. 

Түймедақ  (дәріханалық).  Ол  жаз  бойы  гүлдейді.  Иісі  күшті  болады. 

Түймедағының  гүлді  кәрзеңкелерін  кептіріп,  дәріханаға  тапсырады.  Оны 

ауруды басу үшін қолданады.  

Түйежоңышқа  (дәріханалық).  Жаз  бойы  гүлдейді.  Гүлінің  жоғарғы  жағын 

іріңдену кезінде теріні жұмсарту үшін қолданады. 

Жусан  (ащы).  Тәбетті  ашу  үшін,  сонымен  қатар  терінің  бөртпе  және 

мысқыл (золотуха) аурулары кезінде ішеді.  

Дәрілік өсімдіктер жинау барысында, олардың тамырларын жерде қалдыр. 

Дәрілік өсімдіктерден өз өлкеңде көп өсетін түрлерін ғана жинауға болады. 

Өсімдіктердің  бір  бөлігін  табиғатта  қалдыру  керек.  Дәрілік  өсімдіктер  – 

табиғаттың  құнды  байлығы.  Шамадан  тыс  көп  жинаудың  нәтижесінде  кейбір 

түрлерінің  өсімі  күрт  төмендеп  кетті,  мысалы  меруертгүл.  Балалар  дәрілік 

өсімдіктердің өз өлкесінде көптеп өсетін түрлерін жинап, дәріханаларға өткізе 

алады. Бірақ бұл өсімдіктерді жинау барысында, өсімдік өскен жерде олардың 

көпшілік бөлігінің қалуы керек. Қалған бөлігі тұқым шашып өсімдіктің келесі 

жылы қайта шығуына жағдай жасайды. Әрине, оқушылар дәрілік өсімдіктерді 

30 


 

білетін,  танитын  адамның  басқаруымен  жинаулары  тиіс.  Дәрілік  шикізатты 

жинау  жұмысы  туған  өлкенің  өсімдіктерін  тану,  білу  мақсатында  ғана  емес, 

оларды қорғау мақсатын да көздеуі тиіс.  

8

.  Діңінің  жуандығы  әртүрлі  ағаштардың  көлденең  кесіндісін  үлкейткіш 



шыны арқылы бақылап, жылдық сақиналарды табу. Сақиналарды санау арқылы 

ағаштардың  жасын  анықтау.  Сақиналардың  жуандығын  (енін)  қарау  арқылы 

(кең, тар), әр ағаштың өсуіне ықпал еткен ауа райы жағдайларын түсіндіру. Бұл 

бақылаулар арқылы келесі қорытындыларды жасауға болады: 

 

жылына  бір  шеңбер  түзетіндіктен,  жылдық  шеңберге  қарап,  осы  белгі 



арқылы ағаштың жасын анықтау; 

 



жылдық  сақиналардың  өсуінің  қарқыны  мен  еніне  түсетін  жауын-

шашынның  мөлшері,  ауа  температурасы,  жарық  көп  әсер  етеді.  Егер  жылдық 

шеңбердің  ені  жуан  болса,  ол  –  ауа  райы  өсімдіктің  өсуіне  қолайлы  жылы, 

жауын-шашынды  жаз  болғандығының  белгісі.  Ал  тар  сақиналар  –  ауа  райы 

қолайсыз жылдары пайда болады; 

 



жылдық  сақинаның  (бір  сақинаның)  ені  ағаштың  әр  жағында  бірдей 

болмауы  мүмкін.  Оның  себептері:  ағаштың  жарыққа  қарағандағы  бағытына, 

діңінің  өсу  бұрышына,  басқа  ағаштармен  немесе  құрылыс  ғимараттарымен 

көршілестігіне  байланысты.  Бұл  ағаштың  сақиналары  жарық  және  ылғал 

жеткілікті жағында жуан болады да, көлеңке жағында жіңішкерек болады; 

 



сақиналар  арқылы  көкжиек  тұстарын  да  анықтауға  болады:  оңтүстік 

жағында сақина жуанырақ, ал солтүстік жағында жіңішкерек болады [11].  

Оқушылар  өсімдіктерді  қорғауға  байланысты  бірнеше  ережені,  олардың 

мәнін, табиғатта артық және керексіз заттар болмайтынын білулері керек:  

өзен-көлдердің  жағалауында,  таудың  бөктерінде  өсетін  ағаштарды 



сындырма, олар топырақты бекітеді;  

ормандағы тіршілік иелеріне қамқорлықпен қара, олар бізге пайда әкеледі;  



табиғаттағы  жеміс-жидекті  жинау  барысында  ағаштар  мен  бұталарды 

сындырма, зиян келтірме;  

саңырауқұлақ жинаған кезде оның өсіміне зиян келтірмей, пышақпен кесіп 



ал; 

жеуге  жарамайтын  саңырауқұлақтарды  жұлма,  ол  саған  керек 



болмағанымен  ормандағы  тиіндерге,  кірпілерге,  құстарға  қажет.  Шыбынжұт 

саңырауқұлағының  өзі  де  ағаштарға  қажет,  ол  ағаштардың  тамырын 

қоректендіреді. 

Өлкенің  және  қаланың  ерекше  қорғалатын  аумақтары  және 

табиғатты қорғау  

Қоғам мен табиғат бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан, қоршаған 

орта мен адамның жеке-дара тіршілік етуі мүмкін емес. Табиғат байлықтарын 

тиімді  пайдалану,  табиғатқа  сүйіспеншілікпен  қарай  білу  қоғамның  да  алға 

қарай  дамуына  негіз  болады.  Қоршаған  ортаның  қолайлы  болуы  адамның 

дұрыс  білім  алып,  еңбек  етуіне,  материалдық  жағынан  қамтамасыз  етілуіне 

ықпал  етеді. Сондықтан әрбір адам табиғатты аялап сақтауға өз үлесін қосуы 

тиіс.  Әрбір  отырғызылған  ағаш,  тазаланған  бұлақ  сол  табиғаттың  бір  бөлегі 

екенін ұмытпаған  жөн.  Өзіміз  тұрған жердің  табиғатын  сақтаймыз.  Табиғатқа 

31 


 

аялы  көзқарасты  қалыптастыру  үшін  туған  өлкеге  туристік  саяхат  жасаудың, 

оның табиғат ерекшеліктерімен, экологиялық жағдайымен танысудың маңызы 

зор. 

Ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақ  –  ерекше  қорғау  режимi  белгiленген 



мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен нысандары бар жер, 

су нысандары және олардың үстiндегi әуе кеңiстiгiнiң бөліктері. 

Ерекше  қорғалатын  аумақ  –  кеңістігінде  бағалы  табиғи  немесе  колдан 

жасалған  (бағалы  экожүйе,  гейзерлер,  бау-саябақ  ескерткіштері,  инженерлік 

құрылыстар,  т.б.)  немесе  қоршаған  ортаға  қолайлы  әсер  ететін  кеңістіктер 

(

орман жолағы, көгерген аймақтар), аумақтар, акваториялар. Мұндай аумақтар 



тек заңмен ғана емес, арнайы бақылауда болып, адамдармен қорғалады. 

Қазақстан  Республикасындағы  ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақтарға 

жататындар: 

1.

 



Мемлекеттік табиғи қорықтар: 

Ақсу-Жабағылы 

Алматы 

Батыс Алтай 



Қорғалжын 

Наурызым 

Алакөл 

Барсакелмес 



Қаратау 

Марқакөл 

Үстірт 

2.

 



Мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар:  

«

Алтынемел» 



«

Бұйратау» 

«

Көкшетау» 



Сайрам-Өгем 

Баянауыл 

Жоңғар Алатауы  «Көлсай көлдері»  Шарын 

«

Бурабай» 



Катонқарағай 

Қарқаралы 

Іле Алатауы 

Сонымен қатар: 

Мемлекеттік табиғи саябақтар. 

Мемлекеттік  табиғат  ескерткіштері  –  экологиялық,  ғылыми,  мәдени  және 

эстетикалық  тұрғыдан  алғанда  жекелеген  бiрегей,  орны  толмайтын,  құнды 

табиғи  кешендердi,  сондай-ақ  мемлекеттiк  табиғи-қорық  қорының 

объектiлерiне  жатқызылған  шығу  тегi  табиғи  және  жасанды  объектiлердi 

қамтитын ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Табиғат ескерткіштерінің тізімі: 

Ақмола  облысында  «Дулыға  сүйір  шоқысы»,  «Қара  май  шоқысы», 

«Қашқын шоқысы», «Көк мүйіс», «Көне ағашты тоған», «Қызыл күрең мүйісі», 

«Малта  тасты  шоқы»,  «Өрт  байқау  шоқысы».  Алматы  облысында:  «Баум 

тоғайы»,  «Айғай  құм»,  «Шарын  шетен  тоғайы»,  «Шынтүрген  шыршалары». 

Павлодар  облысында:  «Қаз  қайтуы».  Солтүстік  Қазақстан  облысында: 

«Айыртау  шоқысы»,  «Бүркіттау  шоқысы  және  Қайнар  көзі»,  «Жаңажол», 

«Имантау  көлінің  аралы»,  «Қазан  жартасы  шөгінділері»,  «Қарағайлы  орман», 

«Қостау  шоқысы»,  «Көне  алап»,  «Күміс  қарағайлы  орман»,  «Сүйір  шоқысы», 

«Үңгірлі  сарқырама»,  «Шолғыншы  шоқысы».  Шығыс  Қазақстан  облысында: 

«Көкшілтау самырсын тоғайы», «Қиын-Керіш». 

Мемлекеттiк  табиғи  қаумалдар  –  мемлекеттiк  табиғи-қорық  қорының  бiр 

немесе  бiрнеше  объектiлерiн  сақтауға  және  молықтыруға  арналған 

шаруашылық  қызметтiң  тапсырыстық  режимi  немесе  реттелмелi  режимi  бар 

ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Табиғи қаумалдарды үш топқа бөледі: 

* зоологиялық қаумалдар; 

* ботаникалық қаумалдар; 

32 

 


* кешенді қаумалдар. 

Мемлекеттік қорық өңірлері. 

Мемлекеттік табиғи қорықшалар. 

Мемлекетік зоологиялық бақтар. 

Мемлекеттік ботаникалық бақтар. 

Мемлекеттік дендрологиялық бақтар. 

Мемлекетік қорғалатын табиғи аумақтардың ормандары. 

Ерекше мемлекеттік маңызы бар сулы-батпақты алқаптар. 

Халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптар. 

Жер  қойнауының  экологиялық,  ғылыми,  мәдени  және  өзге  де  жағынан 

ерекше құнды үлескілері жатады [12].  

Өлкенің, қаланың шаруашылығы 

Өлкенің өнеркәсіптік кәсіпорнын оқудың үлгі-жоспарын ұсынамыз: 

1. Кәсіпорынның атауы. 

2. 


Кәсіпорынның  орналасуына  физикалық-географиялық  тұрғыдан  баға 

беру. Мұғалімнің көмегімен экономикалық-географиялық жағдайын анықтау.  

3. 

Кәсіпорын  қашан  және  қандай  себептермен  пайда  болған  немесе  пайда 



болу  тарихы?  Өлкенің  табиғат  жағдайы  мен  ресурстарының  кәсіпорынның 

жұмыс істеуіне, өркендеуіне тигізетін әсері және маңызы.  

4. 

Кәсіпорын  қандай  өнім  шығарады? Өлкенің,  ауданның,  облыстың  және 



елдің экономикасындағы орны (шығатын өнімді еліміздің өнеркәсібінің қандай 

салалары тұтынады, өнім қайда жіберіледі)? 

5. 

Бұл  кәсіпорын  басқа  қандай  кәсіпорындармен  байланыс  жасайды? 



(Өнеркәсіптік байланыстың картасын, сызбасын құрастыру). 

6. Дайын өнім қандай көлік түрлерімен тасымалданады? 

7. Кәсіпорында қанша адам жұмыс істейді, олар қандай мамандық иелері?  

8.  Кәсіпорынның  алдыңғы  қатардағы  адамдары,  олардың  қысқаша 

өмірбаянымен танысу (кездесулер өткізу).  

 

Туған  өлкенің  ауыл  шаруашылықты  кәсіпорындарын  оқып-зерттеуді  де 



осыған ұқсас жоспармен жүргізуге болады. Мысалы:  

1. 


Ауылдың  атауы,  ауылдың  құрылған  жылы,  атауында  болған  өзгерістір, 

атауының шығу тарихы. 

2. 

Ауылдың  қалаға,  аудан  немесе  облыс  орталығына,  өнеркәсіп 



орталықтарына,  көлік  жолдарына,  көршілес  ауыл  шаруашылығы 

кәсіпорындарына қарағандағы географиялық орны. 

3. Ауыл аумағының физикалық-географиялық сипаттамасы. 

4.  Ауыл  халқының  жалпы  санын,  жастық-жыныстық,  ұлттық  құрамын 

анықтау.  Халықтың  еңбекпен  қамтамасыз  етілуі.  Ауыл  шаруашылығына 

байланысты мамандықтың түрлерімен танысу.  

5. 

Ауыл  шаруашылығына  жарамды  жерлердің  көлемін,  құрамын  және 



олардың  ауылдың  маңайында  қалай  орналасқандығын  жергілікті  ауыл 

шаруашылығы  мамандарымен  кездесулер  арқылы  анықтауға  болады  және 

ауылдың  планына  түсіру.  Мал  азығын  дайындайтын  шабындық  жерлер, 

олардың  жер  бедеріне,  топырақ  жағдайына  және  суару  көздеріне 

байланыстылығы.  Егістік  жерлерді  жақсартуға  бағытталған  өлкедегі  іс-

33 


 

шаралардың  түрлерін  анықтау,  оқушылардың  ұсыныстары.  Шөп  шабуға 

арналған жерлердің көлемі, орналасуы, өсімдік құрамы, өсімдіктердің азықтық 

құндылығы: бұл жұмысты оқушылар өз беттерімен, әр түрлі ақпарат көздерін 

пайдалану  арқылы  орындай  алады.  Мысалы,  өлкеде  өсетін  шөптесін 

өсімдіктердің немесе әзірленген кеппешөптердің көмегімен атауларын анықтап 

олардың  мал  азығы  ретінде  қандай  құндылығы  барлығын  әр  түрлі  әдебиетті 

қолданумен анықтай алады. Жазғы және қысқы мал жайылымдарының ауданы, 

олардың  елді  мекенге,  мал  фермаларына  қатысты  орналасуы.  Өлкедегі  бау-

бақшалар,  егістіктер,  оларда  өсірілетін  жеміс-жидек,  көкөніс  түрлері. 

Шаруашылықта  өсірілетін  дәнді-дақылдардың,  техникалық  дақылдардың 

негізгі  түрлері,  оларды  себу  және  жинау  мерзімдері,  өнімділігі  (жоғары, 

орташа, төмен). Дәнді-дақылдарды өсіруге қолданылатын тыңайтқыш түрлері, 

қолданылатын  техника  түрлері,  тасымалдауға  арналған  көлік  түрлері, 

мелиорациялық  жұмыстар.  Мелиорация  дегеніміз  (латын  тілінде  melioratio  – 

жақсарту) – ауыл шаруашылық дақылдарынан жоғары және тұрақты өнім алу 

үшін,  жердің  қасиетін  жақсарту  мақсатында  жүргізілетін  шаруашылық  және 

техникалық іс-шаралар. Қазіргі кезде мелиорациялық жұмыстар бірнеше түрге 

бөлінеді:  

* су мелиорациясы – ол жерді кептіру, эрозияға қарсы, су тасқынына қарсы 

және суару жұмыстарын қамтиды; 

*  агро-орман  мелиорациясы  –  ағаштар  отырғызу  арқылы  егіс  далаларын, 

жайылымдарды топырақ эрозиясынан қорғауға бағытталған; 

*  мәдени-техникалық  мелиорациясы  –  ол  жерді  бұталардан,  ағаштардан, 

мүкті қоса алғанда жалпы өсімдіктерден тазартуға бағытталған шара; 

*  химиялық  мелиорация  –  гипстеу,  фосфорлау  және  ізбестеу  арқылы 

топырақтың сапасын жақсатруға арналған. 

Техникалық  дақылдарды  өңдеу  орталықтарымен  қарым-қатынас  сызбасын 

жасау.  Жеміс-жидек,  көкөніс  өнімдері  қайда  тапсырылады,  оларды  өңдеу 

арқылы қандай қосалқы өнім түрлері шығарылады?  

6. 


Өлкедегі  мал  шаруашылығының  түрлері,  олардың  жергілікті  жердегі 

басым немесе сол жерге тән түрі. Шаруашылық аумағында мал шаруашылығын 

орналастыруға  қандай  табиғи  және  экономикалық  жағдайлар  әсер  етті?  Мал 

шаруашылығында  қолданылатын  механикалық  және  электрлік  құрал-жабдық, 

техника түрлері. Шаруашылықтың басқа түрлері: омарта, балық аулау.  

7.

 



Қосалқы  шаруашылық  кәсіпорындары:  диірмен,

 

май  былғау,



 

ұстахана 

тағы  басқалар.

 

Қосалқы  кәсіпорындар  қандай  жұмыстар  атқарады,  олардың 



шығаратын өнімдері. 

8. Өлкенің ауыл шаруашылығының даму болашағы (оқушының көзқарасы). 

Жергілікті  жердің

 

ауыл  шаруашылығы  кәсіпорындарын  оқу,  зерттеу 



барысында  ауылдық  округтегі  мамандармен  кездесулер  өткізіп,  әңгімелесу. 

Әңгімелесу барысында жоғарыда айтылған ауыл шаруашылығына байланысты 

жұмыстарының жүзеге асу барысын білуге мүмкіндік туады.  

Ал  ауылдың  тарихы,  оның  Кеңестер  Одағы  кезіндегі  өмірі  туралы, 

атауының,  жергілікті  жердегі  жер-су  атауларының  шығу  тарихы  туралы  білу 

үшін  өңірдегі  қарт  адамдармен  әңгімелесу,  мұрағаттарда  жұмыс  істеу  көп 

34 

 


нәтиже  береді.  Әрине,  жиналған  деректерді  оқушылар  жазбаша  рәсімдеп 

мектептің  мұражайына  немесе  география,  тарих  пәндерінің  кабинетіне 

өткізулері тиіс.  

Өлкенің  ауыл  шаруашылығы  салаларының  дамуы  туралы  мағлұматтарды 

қорытындылауды  азық-түлік  өнімінің  өсу  диаграммасын  сызу,  басқа 

аймақтармен  қарым-қатынас  карта-сызбалар  жасау,  әр  түрлі  кестелер 

құрастыру жұмысымен аяқталуы тиіс. 

Өлкеде өмір сүретін халықтардың тарихы және мәдениеті 

Мектеп оқушыларын табиғат, тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау, 

оларды қалпына келтіру жұмыстарына қатыстыру қажет, бұл әрекеттер арқылы 

оқушылар ескерткіштердің өлке өміріндегі құндылығын түсінеді. Мәдени мұра 

ескерткіштерін  зерттеу  барысында,  оқушы  мұғалімнің  басқаруы  арқылы  өз 

күшімен  өлкенің  тарихи  маңызы  бар  жерлері  немесе  нысандары  туралы 

материалдар  және  құжаттар  жинайды,  бұл  –  оқушыдан  шығармашылықты, 

жауапкершілікті  талап  етеді.  Жинақталған  деректерді  реферат  жазу,  пәндік 

викториналар,  ойын-сайыстар,  олимпиадалар  өткізу,  оқушылардың  күшімен 

ұйымдастырылған мектепішілік өлкетану көрмесін өткізу барысында қолдануға 

болады.  Өлкетану  материалдарын  жинау  барысында  өлкетану  жұмысының 

орталығына айналған аудандық, облыстық кітапханалармен, басқа да мәдениет 

мекемелерімен тығыз байланыста жұмыс істеу қажет.  

Арнайы  мәдени  мекемелерге  саяхат  жасау  туған  қаланың,  ауданның, 

облыстың мәдени мұраларымен жұмыс істеудің маңызды түрі болып саналады. 

Олар:  


– 

мұғалімнің, ата-аналардың ұйымдастыруымен өлкелік, тарихи, өнер және 

басқа да мұражайларға, кітапханаларға саяхат жасау, мұражай экспозициялары 

бойынша білімдік маңызы бар арнайы оқу экскурсиялары, мұражай, кітапхана 

қызметкерлерінің  ұйымдастыруымен  оқушылар  үшін  өтетін  дәрістерге 

(лекцияларға) қатысу;  

– 

сәулет өнерінің қорғауға алынған орындарына саяхат;  



– 

жергілікті 

суретшілердің, 

мүсіншілердің 

көрмелеріне 

және 


шеберханаларына саяхат. 

Өлке тарихын оқуды кезең-кезеңге бөліп зерттеуге болады. Мысалы: 

1. Революцияға дейінгі өткені. 

2. 


Кеңес  үкіметін  орнату  (Ұлы  Октябрь  социалистік  революциясы  және 

азаматтық соғыс), кеңес үкіметі орнағаннан Ұлы Отан соғысына дейінгі кезеңі. 

3. 1941-

1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысу, тылдағы еңбек. 

4.  Соғыстан  кейінгі  кезеңнен  егемендік  алғанға  дейінгі  шаруашылық  пен 

мәдениет. 

Өлкенің  халқын,  шаруашылығын  және  елді  мекендерін  оқу  мектептегі 

өлкетану  курсының  негізгі  бөлімін  құрайды,  бұл  бөлімді  оқу  барысында 

халықтың  саны,  әр  түрлі  демографиялық  көрсеткіштер  арқылы  құрамы 

анықталады.  Өлкенің  аумағында  халықтың  орналасу  тығыздығының 

әркелкілігін  түсіндіру  маңызды  орын  алады.  Өлкенің  халқы  әр  түрлі  өнімдер 

шығару  үшін  жер  байлығын  (жерді,  пайдалы  қазбаларды,  өзен-көлдерді, 

өсімдіктерді)  пайдалану  арқылы  ел  өмірімен  бірге,  қатар  еңбек  етеді.Туған 

35 


 

өлкенің халқы шаруашылықтың қандай салаларында еңбек ететінін, жергілікті 

халықтың қандай еңбек жетістіктері бар екенін анықтау қажет. Өлкенің белгілі 

адамдары  туралы  мағлұматтар  жинау  да  өлкетанудың  маңызды  бөлігі  болып 

табылады.  Сонымен  қатар  мәдени-ағартушылық  мекемелердің  (ауыл  клубы, 

кітапхана, мектеп, бала бақша тағы басқалар) іс-әрекетімен танысу. 

Ұлттық  қол  өнер  –  эстетикалық  тәрбиенің  негізі,  қолөнер  –  ежелден  келе 

жатқан  кәсіп.  Ол  халықтың  өмірімен,  тұрмысымен  бірге  дамып,  ұрпақтан 

ұрпаққа  беріліп  отырады.  Өнер  туындыларының  иесін  шебер  деп  атаған. 

Қолөнер  шеберлері  табиғаттың  әсем  көріністерін  қолөнер  бұйымдарында  жиі 

қолданған. Қолөнер дүние жүзінің әр халқында бар. Сонымен қатар әр елдің, әр 

халықтың тарихи дамуына, тұрмысына, тарихи ерекшелігіне және эстетикалық 

талғамына байланысты өзіндік ерекшелігімен өшпес із қалдырып келеді. 

Халықтың қолданбалы өнері – әлемдік көркем мәдениеттің негізі, даналық 

пен әсемдіктің таусылмас қайнар қөзі. Онда сан ұрпақтың түрлі материалдарды: 

ағаш,  саз,  жүн,  металдарды  өндеу  тәжірибесі  бейнеленген.  Көне  дәстүрлерді 

көздің карашығындай  сақтап және байыта  отырып, халықтық көркем қолөнер 

кәсібі  қазіргі  мәдениеттің  айқын  құбылысы  болып,  үй  тұрмысының  маңызды 

және  бөлінбес  құрамына  айналды.  Қолөнер  туындылары  қайталанбас  және 

алуан  түрлі:  әсем  әшекейлерден  және  шағын  ойыншықтардан  бастап  күрделі 

кестеленген композицияларға дейін және көлемді кілемдерді, тоқыма матадан 

жасалған көп заттық жиынтықтарды, шыны, ағаш және металл бұйымдардарын 

қамтиды.  Пішіндердің  ықшам  да  мәнді  үйлесімі,  түстердің  жоғары  талғамы, 

өрнектердің  әсемдігі,  композициялық  шешімі,  көздің  мүлтіксіздігін,  қолдың 

дәлдігін және қиял ұшқырлығын ұштастырып, шебердің өзіне тән тәсілдермен 

орындауына жеткізеді. 

Қолөнері  әр  халықтың  таңбасы,  сол  елдің  өнерінің  көнеден  келе  жатқан 

мәдениеті. Ал осындай құндылықтың маңызын бірі білсе, бірі білмейді. Мектеп 

оқушыларына халқымыздың қолөнерін үйретумен эстетикалық тәрбие береміз. 

Өнер  мектеп  өмірінің  алғашқы  күнінен  бастап-ақ  баланың  әлемге  көзқарасын 

қалыптастыру  құралы  ретінде,  әлемді  біртұтас  жағымды  мәнімен  қабылдауға, 

бағалауға  үйретеді  және  бейнелі  ойлауын  дамытады.  Бейнелеу  өнеріндегі 

әртүрлі  өнер  түрлеріндегі  көркем  іс-әрекеттерді  меңгере  отырып,  адам  тек 

суретшінің  практикалық  дағдыларын  ғана  меңгеріп,  шығармашылық  ойларын 

жүзеге  асырып  қана  қоймайды,  сонымен  қатар  өзін  талғампаздыққа 

тәрбиелейді.  Күнделікті  көріп  жүрген  нәрселерінен  әсемдікті  таба  білу 

қабілетіне  ие  болады,  көргенін  еске  сақтап,  қиялдау  қабілеті  дамып, 

шығармашылықпен  ойлап,  талдауға,  біліктілікке  дағдыланады.  Аталған 

қасиеттер  баршаға  қажет.  Кез  келген  кәсіптің  иесі,  егер  ол  бейнелеу 

құралдарын игерсе және оны пайдалана білуге машықтанса, жұмысты да жақсы 

істейді.  Эстетикалық  тұрғыдан  дамымаған  адам  маңайындағы  әдемі  әсемдікті 

көре алмайды, өзінің ой елегінен өткізе алмаған, ол ештеңені түсінбейді [13]. 

Өлкенің  белгілі  адамдары  туралы  мағлұмат  беру  барысында  мұғалімнің 

және оқушылардың алдында тұрған міндеттер: 

36 


 

*  өлкеге  танымал  адамның  (жазушының,  ақынның,  суретшінің  т.б.)  өмір 

жолының  оның  шығармашылығына  тигізген  әсері  туралы  сұрақты 

айқындайтын арнайы әдебиеттерді оқу; 

*  жерлес  ақын-жазушылар,  суретшілер  туралы  нақты  материалдар 

жинақтап, арнайы альбом әзірлеу, мұражайдың танымал жерлестерге арналған 

бөлімін толықтыру; 

халық  ауыз  әдебиеті  және  жерлес  ақын-жазушылардың  әдеби 



шығармалары арқылы оқушылардың туған өлке туралы білімдерін кеңейту; 

туған  өлкені  және  әдебиетті  олардың  тарихи  дамуының  өзара 



байланысында көруге көмектесу; 

өлкетануға  қоғамның  дамуында  ерекше  рөл  атқаратын  жалпы  адамзат 



мәдениеті ретінде қарауға және жеке тұлға мәдениетін тәрбиелеу. 

Жер-су атауларын жинау, олардың шығу, пайда болу себебін анықтау, әрбір 

атаудың  мән-мағынасын  ашу,  әсіресе,  жастардың  туған  өлкеге  деген  ыстық 

ынта,  патриоттық  сезімін  күшейтпек.  Қазақстан  аумағындағы  кейбір  жер-су 

аттарының шығу тарихына тоқталар болсақ: 

Балқаш  –  көл,  қала  аты.  Атаудың  шығу  төркіні  мен  мағынасы  жайлы 

әртүрлі  пікір  бар.  Әуел  бастан  ол  Балықаш  аталып,  кейіннен  Балқаш  боп 

қалыптасқан болу керек. Өйткені көне түркі тілдерінде балық – «су, өзен» деген 

сөз болғаны тарихи деректерден мәлім. 

«Балқаш»  «жағасы  балшықты,  батпақты,  су  көп,  мол  көл»  деген  мәнді 

білдіретін  атау.  Көлдің  қазіргі  атауына  байланысты  халық  ішінде  бұрыннан 

айтылып  келе  жатқан  аңыз  бар.  Бұдан  көп  ғасырлар  бұрын  көлдің  батыс 

жағалауын  бір  бай  мекендеген  екен.  Оның  Балқия  атты  аса  көрікті  қызы 

болыпты.  Ол  тек  көркімен  ғана  емес,  ақылымен  де,  адамгершілігімен  де  ел 

ауызына ілігіпті. Сүйікті қызды әкесі ғана емес, бүкіл жұрт еркелетіп Балқаш 

деп атайтын болыпты. 

Жасы  он  жетіге  толғанда  Балқия  алыс  елден  келген  Ерден  атты  бір  жас 

жігітке  ғашық  болады.  Алайда  қазақтың  көне  әдет-ғұрпы  бойынша  ата-анасы 

қызды бала күнінде атастырып, бай қалың мал алып қойған екен. Мұны естіп-

білген  қыз бен жігіт  жасырын  қашпақ болып келіседі де, бір ыңғайлы келген 

түнде  екеуі  екі  атқа  мініп  тайып  отырады.  Ертесіне  екі  ғашық  бір  қалың 

қамыстың  ішіне  келіп  дем  алуға  тоқтайды.  Мұнда  олар  ойламаған  жерден 

қырсыққа тап болады. Тал түсте аттарына қамыс ішіндегі қабандар тап береді. 

Ерден  аттарды  құтқарам  деп  жүргенде,  қабанның  азу  тісі  денесіне  оңдырмай 

ауыр  жарақат  салады.  Балқияның  сүйікті  жігітін  өлімнен  арашалап  қалуға 

шамасы келмейді  де  асыл жарын жерлеп, өзі де сол жерде өлмек болады. Ал 

бұл кезде қабаннан үркіп қашқан екі ат қыз бен жігіттің туған ауылына келіп 

бір-ақ  тоқтайды.  Ыза  болған  қыздың  әкесі  жігіттерге  қашқындарды  ұстап 

әкелуге  әмір  береді  және  оларды  халық  алдында  қарабет  қылып  жазаламақ 

болады.  Қашқындарды  іздеп  шыққан  жігіттер  ат  тұяғының  ізімен  жүріп 

отырып, қыздың тығылған жерін табады. Қуғыншыларды көрген соң, әкесінің 

қатал мінезін жақсы білетін Балқия, қолға түскеннен өлімді артық көріп, биік 

жардан көлге бір-ақ секіреді де су түбіне кетеді. 

37 

 


Бұл  ауыр  оқиға  сол  маңдағы  елге  түгел  жайылып,  бұдан  былайғы  жерде 

көлді өздері еркелетіп айтатын, сүйікті жас арудың атымен халық Балқаш деп 

атап кеткен екен. 

Жауыртау – атауын халық аңыздарында жиі кездестіреміз. Бұл атау туралы 

көнекөз  қариялардың  айтуынша:  «Айбас  Қозының  ел-жұртын  іздеуге  шығып, 

астындағы атының одан әрі жүруге жарамай, жауыр болып қалған жері, қазіргі 

Теміртау маңайы болса керек, содан Жауыртау атанған еді», - дейді. 

Теміртау  қаласының  солтүстік  жағында  жауыр  аттың  иығы  секілді 

айғыздалып жатқандығы үшін Жауыртау деп атап кеткен кішігірім шоқы бар. 

Атадан балаға ауысып отыратын халық аңызы Жауыртау деген атауды «Қозы 

Көрпеш-Баян сұлу» жырымен сабақтастырады. Ол жырда былайша суреттеледі: 

«Жауыр атты сен жүрсің, жаба тоқып, 

Көктайың жауыр қылған соған орай!..» 

Кәдуілгі  «жетпіс  жыл  баққан  малының  жеті  жапырақ  етін  тісіне  басуға 

қимайтын»  –  Қарабай әкесі өлген Қозыны қомсынып қаша көшетін аңыз  бар. 

Ұзақ көш жолында қырық нары арып өліп, Қарабай Аякөзге келгенде ноғайлы 

Шақшақ  байдың  баласы  Қодар  Баянға  ғашық  болады.  Кешікпей-ақ  тоқсан 

мырзасын  жалшылыққа  берген  Қодар  Қарабаймен  құда  болып  алады.  Сонда 

әбден шарасы таусылған  Баян Айбас деген жігітті қанатты қара биеден туған 

Бақа айғырға мінгізіп, алыста қалған ғашығы Қозыға жібереді. Сәлемдеме деп 

алтын сандыққа домбрасы мен моншағын, басындағы қарқара қадаған тақиясын 

салып берген екен. 

Қарабайдың  қырық  нарын  жалмаған  ұзақ  жол  Айбастың  арғымағына  да 

оңай  тимепті.  Шексіз-шетсіз  сары  дала  Айбастың  өзін  де,  астындағы  тоқпақ 

жал Бақа айғырды да титықтатса керек. Алайда қаншалықты қалжырап, қажыса 

да  Айбас  Баянның  өтінішін  орындау  үшін  Қозы  Көрпештің  елін  бетке  алып 

жүре берсе керек. Бірақ, амал қанша, елсіз-күнсіз сары дала астындағы аттың 

титығына  жетіп,  бір  жерлерге  келгенде  болдырып,  тоқырап  тұрып  қалыпты. 

Айбас  алған  бетінен  сонда  да  қайтпайды.  Бақа  айғырды  Тоқыраудын  бойына 

тынықтырып алып, тағы да жүріп кетеді. Ай жүреді, апта жүреді, бір жерлерге 

келгенде мінген атынын тұяғы сөгіліп, арқасы ошақтай жауыр болып, мүлдем 

міністен қалған екен. Осынау жауыр аттың қалған жері содан бері «Жауыртау» 

атаныпты дейді қыр аңызы. 

Ер  жігіттің  атын  арытқан  Жауыртауды  казір  Теміртау  деп  атайды.  Халық 

жүрегінен шыққан атау өміршең болады. Шынында да Теміртау дегеніңіз – ел 

өміріндегі тарихи-әлеуметтік өзгерістерімен біте қайнасқан атау. Теміртау десе 

Теміртау. Кәдуелгі «тау-тау темір» деген сөзден шыққан атау. Теміртау – 1945 

жылға  дейін  Самарқант  қалашығы  аталып  келіп,  1945  жылдың  аяғында 

Теміртау  қаласына  айналған.  Қарағанды  облысына  қарасты,  Самарқант  су 

қоймасының жағасындағы қала. Бұл жерде темір көп болғандықтан да Теміртау 

аталған. 



Қоңырат  –  Қарағанды  облысындағы  қала  аты.  Бұл  атаудың  шығу  төркіне 

тоқталсақ, халық аңызымен байланыстырады: ертеде бір байдың жүйрік тұлпар 

қоңыр аты болыпты. Жастайынан қорлық пен зорлыққа булыққан ер жігіт бір 

күні байдың  тұлпарына мініп алып, бар жылқысын шөлге айдап қашады. Бай 

38 

 


жан-жақтан қуғын шығарғанымен, жеткізбейді. Ақыры ол жапан түзде тұрған 

бір шоқыға жете бергенде, бірнеше күн отсыз, сусыз шапқан қоңыр ат мұрттай 

ұшады да содан қайтып басын көтермейді. Содан былай биік Қосшоқы Қоңырат 

атанып кетеді. 



Ботақара  –  елді  мекені/көл/тау/.  Орталық  Қазақстандағы  ұсақ  төбелі  тау. 

«Қара»  сөзі  көлемді  көрсететін  анықтауыш.  Ал  «бота»  сөзі  халықта  ХVIII 

ғасырда өмір сүрген Нарбота батырдың есімімен байланысты. Ел ауызындағы 

аңыз бойынша осы таутөбешіктердің арасында қазақ пен қалмақтың ортасында 

шайқас  болған.  Қазақтың  жауынгерлерінің  басшысы  Нарбота  батыр,  ал 

қалмақтар әскерінің басында – Шешен есімді қыз тұрды. Сондықтан, қазақтар 

бекінісі Ботақара, ал қалмақтар жағы Шешенқара деп аталады. 

Осынау  сан  ғасыр  баба  тарихының  куәсіндей  аңыз-ақиқатқа  ие  Ботақара 

атауы бірнеше рет өзгертілді. Кейін осынау киелі жерге Санникова, Колхозная, 

Ворошилов,  Ульянов  деген  атаулар  берілген.  2001  жылы  елді  мекеннің  

100 жылдық мерейтойына қарсы қайтадан ежелгі аты берілді. 

Доскей – елді мекен. Зеленая Балка селосына тақау. Халық ақыны Доскей 

Әлімбаев (1850-1946 ж.) құрметіне аталған. Ол 16 жасынан өзінің ақындығын 

таныта  бастаған.  Революцияға  дейін  Доскей  патша  өкіметі  мен  бай-билердің 

айуандық қылықтарын өзінің өткір жырларымен өлтіре шенеді. 

Кеңес  заманы орнағаннан  кейін Доскей  көмірлі  Қарағандыда өмір сүрген. 

Сондықтан  шығармаларының  негізгі  тақырыбы  Қарағанды  кеншілерінің өмірі 

мен  еңбегі  болды.  «Қарағанды»,  «Екі  сайлау»,  «Жүрегім»  деген  өлеңдері 

ақынның  таңдаулы  шығармалары  болып  есептеледі.  Ұлы  Отан  соғысы 

жылдарындағы  өлеңдері  түгелдей  дерлік  Отан  қорғауға  арналды.  Облыстық 

ақындарының  айтысын  ұйымдастырушылардың  бірі.  Ақынға  Қазақстанның 

еңбек  сіңірген  өнер  қайраткері  атағы,  «Құрмет  Белгісі»  ордені  берілді. 

Д.Әлімбаев жерленген жеріне ескерткіш қойылған. 

Қарқаралы ауданындағы Пашенное көлі. Бұл көлдің ертедегі қазақша аты –

Кішкене көл болыпты. Бірақ, ол ұмытылған. Көл сонау бір кезде Крешке көлі 

деп  те  аталыпты.  Өйткені  көлдің  жағасында  православье  дініндегі  адамдар 

ағаштан  крест  белгісін  койған  екен.  Ал  онда  кімнің  жерленгенін  ешкім  де 

білмейді. Көлдің Гришке көл деген де аты болған. Осында көшіп келіп, қоныс 

тепкеннен кейін, Қарқаралының казак-орыстары бұл жерді егістік алқап ретінде 

таңдап  алған  екен.  Бірақ,  егін  шықпай  қойған  соң  олардың  көпшілігі  жайына 

кетіпті.  Тек  Григорий  есімді  біреу  ғана  мол  қайсарлықпен  біраз  жыл  әуре 

болып,  ақырында  бұл  маңайға  егін  шықпайтынына  оның  да  көзі  жетіпті.  Ал 

соқа  тістерінің  ізі  ұзақ  сақталып,  жергілікті  түрғындарға  айқын  белгі  болып 

қалған.  Сөйтіп,  иесіз  алған  егістік  жер  бірте-бірте  «Пашенное»  деген  көлдің 

атына айналса керек. 



Шайтанкөл  –  бұл  көл  алғашқы  кезде  «Әулие  көл»  атанған.  Жағасына 

тастан қашалған крест қойылған. Бір кезде әлгі крест суға құлап кеткен. Содан 

кейін «Шайтанкөл» аталыпты. 

Баяғыда  бұл  көлді  әулие  мекендеген,  суына  беті-қолын  жуған  деп  жұрт 

киелі  су  санапты.  Жұма  сайын  қожа-молдалар  бастаған  байлар  келген  екен. 

Жағасында құдайға арнап мал сойып, құран оқиды. Шаншар ішінде Торсықбай 

39 

 


дейтін  қу  болған.  Бірде  сол  әлгіндей  топтың  үстінен  шығады,  құрбанға 

шалынған малдың мол етінен қарбыта асап, сары қымыздан сылқыта жұтармын 

деп  ойлайды.  Бірақ  жуандар  жыртық  шапанды  кедейді  табаққа  жолатпайды. 

Бұған қорланған қу ішінен «тұра тұрыңдар, бәлем!» деп кете барады. 

Бір  күні  әлгілер  көлдің  басына  тағы  жиналады.  Шартық  қарын,  шүй 

желкелер  мол  табақты  алдарына  енді  ала  бергенде  жақын  жерден  үрейлі  үн 

шығады. Артынша тастардың бірінен сақалы сала құлаш, шашы жалбыраған бір 

мақұлық  селтиіп  шыға  келеді.  Үрейі  ұшқан  қожа-молдалар  күбірлеп  дұға 

оқиды, бірақ әлгі пәле тайсалмайды, дауысын құбылтып, құтырынып жақындай 

береді.  Сол  кезде  қатты  үрейі  ұшқан  бір  бай  орнынан  ұшып  тұрып,  көзі 

алақтап: 

Ойбай,  шайтан!-  деп  төмен  қарай  зыта  жөнеледі.  Қорқып  отырған  жұрт 



орындарынан  қопарыла  тұрып,  тым-тырақай  қашады.  Оларды  шайтан  боп 

үркітіп  жүрген  Торсықбай  ешкі  терісінен  жасаған  кепті  шешіп  тастап, 

«бісмілла» деп, жайрап қалған асты қолға алады. Содан бері Әулиекөл осылай 

Шайтанкөл болып аталып кетіпті. 

Ал бұл туралы орыстар басқаша айтады. Бірде аңшылар атып алған бұғыны 

кейін бір айналып кеп алмақ боп осы Шайтанкөл жағасында қалдырады. Қайта 

келгенде көлді таба алмай: «Шайтан алғыр-ай, қайда кетті?»-деп іздесе керек. 

Бертінде шіркеудегі поп көлді бұрынғысынша атайық деп тақтайға жаздырып 

қойса жұрт оны аулаққа лақтырып тастап, «Шайтанкөл» деп атапты [14]. 

 

Халық аузындағы деректерге  сүйінсек, Кіші жүздегі тама руынан шыққан 



батыр,  қазақтың  перзенті  Есет  Көкіұлы  арғындарды  жаудан  арашалауда 

Жәнібек  батырға  көмек  беру  үшін  Орта  жүз  жеріне  кетеді.  Табын  Бөкенбай 

батыр  да  арғындарға  кетеді.  Осы  оңтайлы  сәтті  пайдаланған  қалмақтар  Кіші 

жүз  қазақтары  мекендеген  ну  орман  ағашты  іздеп  келіп,  күтпеген  жерден 

шабуылдайды. Осы жерде қалмақтар қазақтарды қойға тиген қасқырдай қырып-

жойып, талан-таражға ұшыратып, қыз-келіншектерді айдауға алып кетеді. Сол 

себепті қазақтың қаны, аналардың көз жасы аққан талайлардың басы кесілген 

жерді халық Қандыағаш деп атап кеткен [15]. 

Сонымен  тарихи-мекендік  әпсананың  қызметі  жер-суға  байланысты 

туындаған халық прозасының түрін көркемдеп айту, оған ғибраттық сипат беру 

болып  табылады.  Мысалы,  әпсана-хикаяттық  сарында  баяндалатын  «Кәлкен» 

деген  жер  атын  алып  қарайық.  Кезінде  «Тұздыкөл»  деп  аталатын  көлдің 

жағасын  жайлаған  бір  байдың  Кәлкен  атты  жалғыз  қызы  болады.  Қыз  бой 

жетіп,  көрші  рудың  бір  жігітіне  ғашық  болады.  Екі  жас  көңіл  қосып, 

үйленбекші  болған  кезінде  қыздың  әкесі  қарсы  болып,  қызын  үйінде  қамап 

ұстап  шығармаған екен. Сондағы себеп -  жігіт бір байдың жылқышысы екен. 

Сүйгеніне қосыла алмаған Кәлкен сұлу көп қайғырып, құсадан қайтыс болады. 

Ал үш күн өткеннен соң, бай судың жиегіне барса, мөлдіреп жатқан көл қара 

суға  айналыпты.  Еш  нәрсенің  мәнісін  түсіне  алмаған  бай  бәйбішесіне  айтып, 

жалшыларына  суды  батпақтан  тазартуды  бұйырады.  Онысынан  түк  шықпай 

байдың  өзі  де,  адамдары  да  батпақтың  арасынан  шыға  алмай,  өледі.  Жалғыз 

қызының  көз  жасынан  қорықпаған  бай  азаппен  жаһаннамға  аттанған  жерді 

халық «Кәлкен» деп атап кеткен екен [16].  

40 


 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет