И Қазақ тіл білш інің антологиясы с. Исаев Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар Павлодар 2010


§ 8. ЖАҚ (ЖІКТІК) КАТЕГОРИЯСЫ (ЖІКТЕЛУ)



Pdf көрінісі
бет8/9
Дата15.03.2017
өлшемі10,59 Mb.
#9984
1   2   3   4   5   6   7   8   9
§ 8. ЖАҚ (ЖІКТІК) КАТЕГОРИЯСЫ (ЖІКТЕЛУ)
Әрине, ж ақ деген үғым мен ж іктелу бір-бірімен толық бала- 
ма емес.  Әдетте мектеп оқулықтары  мен грамматикаларда жақ 
үгымы  таза  морфологиялық  қана  түргыдан  ж іктік  жалгау  я 
жіктелу  деген  парадигмалық  жүйенің  шеңберінде  көрсетіліп 
келді. Бірақ одан жіктік жалғаудың табиғаты толық ашыла ал- 
майды,  әсіресе  оның  жақтық  сипаты  мен  сөйлеу  процесіндегі
қызметі айқындалмай қалады.
Сүрақ.  Оқулықтар  мен  грамматикаларда  беріліп  жүрген
жіктік  жалғау  жүйесінде  жақтық  сипат  та  берілген  ғой.
Морфологиялық көрсеткіш ретіндегі жіктік жалғау үш жақтың
әр  жағында  бөлек-бөлек  болып  түрленіп,  сол  арқылы,  бір
жағынан,  түтас  бір  тектес  грамматикалық  (жіктік)  мағынаны
білдіріп,  екінші  жағынан,  әр  жақта  (жекеше-көпше  де  әр
түрлі  грамматикалық  формалар  арқылы  бір-біріне  қайшы
грамматикалық  мағына  білдіріп,  морфологиялық  түрлену
жүйесінің  яғни  парадигмалық  жүйенің  жиынтығын  қүрау
арқылы грамматикалық (морфологиялық) категория болып та-
былмай ма?
Жауап. 
Сөздердің 
жіктелу 
жүйесі, 
бір 
жагынан,
морфологиялықтүрлену түлғаларыныңжүйесі, екінші жағынан,
сол  арқылы  берілетін  грамматикалық  мағыналар  жиынтығы 
арқылы грамматикалық категория болып танылатыны рас. Со- 
нымен бірге осыған негіз болып отырған жіктік жалғаулардың 
синтаксистік  қызметі  мен  сөйлем  қүраудағы  сипаты  ерекше 
екенін естен шығаруға болмайды. Әрине, барлық жалғаулардың 
да  (септік,  тәуелдік,  жіктік,  көптік)  сөз  байланыстырудағы
120

қызметі  ерекше  екені  белгілі.  Сондықтан  да  олар  басқа 
қосымша  түрлерінен  бөлініп,  жалғау  деп  аталады.  Ал,  жіктік
жалғаудың сонымен оірге сөилем қүрауға, сөидемді тиянақтап, 
ой білдіруге, тікелей қатысы болып отырады, өйткені сөйлемнің 
діңгегі,  ойдың корінісі,  негізі  болып  түратын  сөйлемнің  баян- 
дауышы  жіктік  жалғау  арқылы,  бір  жағынан,  ойдың  қазығы, 
қимыл, іс-әрекеттің иесі бастауышпен (субъектімен) қиыса бай- 
ланысып түрса, екінші жағынан, ойды түжырымдап, тиянақтап, 
сөйлемді  аяқтап  түрады.  Сондықтан  да  түркологияда  жіктік 
жалғауын  баяндауыш  (предикат)  қосымшасы  немесе  баян- 
дауыш  категориясының  түлғасы  (ИСГТЯ,  5-19)  деп  атайды.
Н. Қ. Дмитриевтің көрсетуінше, сөзге қосымшалар (аффикстер) 
жалғану  негізінде  болатын  грамматикалық  категория  әдетте 
морфологиялық категория деп саналатын болса да, өзінің мәні 
жағынан баян дау ыштық катеғория (катеғория сказуемости) яғни 
жіктелу  таза  синтаксистік  қызмет  атқарады.  Түркі  тілдерінің 
ерекшелігінің өзі осында (ИСГТЯ, 5), өйткені, Э. В. Севортянның 
көрсеткеніндей,  баяндауыштық  сипат  (сказуемость)  дегеніміз 
екі түрлі грамматикалық  категорияның қатысы:  оның  бірі,  ба- 
яндауыш деп аталатыны, белгілі бір қасиетті (іс-әрекет) білдіре 
отырып,  екінші  бірімен,  сол қасиеттің (іс -  әрекеттің)  иесімен 
немесе  оның  жағын  білдіретін  бастауыш  деп  аталатынымен 
қосылып  кетеді.  Баяндауыштық  сипат  ойлау  актісінің  сөйлеу 
арқылы берілуі болып табылады да, сөйлемнің негізін қүрайды
(ИСГТЯ,  16).
Қазақ  тіл  білімінде  жіктелуді,  жіктік  жалғауды  бірде  тек 
жақтық мағынамен байланысты қарап, оны, жақтық мағынаны, 
предикативтік мәнмен барабар деп түсінушілік те бар.  «Жіктік 
жалғауы  өзінің  жалғанған  сөзіне  тек  қана  жақтық  мағына 
үстейді яғни предикативтік реңк береді» (М. Ы. ҚҚТ, 85). Бірақ 
жіктелу, сол арқы лы ғрамматикалық жүйе ретінде жіктік жал ғау
тек  жақтық  мағынамен  ғана  шектеліп  қалмаиды,  онда  жіктік 
жалғаудың  тәуелдік  жалғаудан  бөлек  грамматикалық  катего-
121

рия  боларлықтай  ерекшеліктері,  айырмашылықтары  болмас 
та  еді.  Жақтық  мән  жіктік  жалғауда  да,  тәуелдік  жалғауда да 
бар. Оның үстіне жақтық мағынаны тек предикативтік реңк деп 
түсінуге  де  болмайды.  Бүлар,  жақтық  мағына,  предикативтік 
реқк  (дүрысында  қатынас  я  қызмет),  бір  жағынан,  бір-бірімен 
қанша  байланысты,  жақын  болса  да  бір-бірінен  бөлек-бөлек, 
екінші  жағынан,  әр  тілдік  қабаттың  жүйесінен  шығатын  әр 
түрлі үғымдар, сөйтіп, олар бірінің орнына екіншісі жүрмейді, 
бір  тілдік  қүбылыстың  шеңберінде  бір-бірін  әр  жақтан  (бірі 
морфологиялық,  сөздің  бір  қүрамды  бөлшегі  және  оның 
білдіретін грамматикалық мағынасы ретінде, екіншісі басқа бір 
сөзбен қатынасы негізінде) толықтырып отырады.
Әрине,  жақ  үғымы  қимыл,  іс-әрекеттің  қай  жақ  арқылы 
(сөйлеуші  ме,  тыңдаушы  ма,  бөгде  ме)  іске  асатынын  немесе 
белгілі қасиеттің қай жаққа қатысты екенін я қасиеттің иесі қай 
жақ болып түрғанын білдіру болып табылады да, оның мәні екі
сөздің,  суоъекті  мен  предикаттың  арасындағы  семантикалық 
және  грамматикалық  қатынас  пен  қызметтен  көрініп, 
айқындалады.  Бүл  түрғыдан  келгенде  жақ  үғымы  тілдің 
грамматикалық  қүрылысын  синтаксистік  сипаттың  көрінісі 
ретінде  өмір  сүреді.  Бірақ  жақ  үғымының  (жіктелудің) 
морфологиялық  сипатын  ескермеуге  болмайды,  өйткені 
жіктік  жалғау  -   үш  жақта  (және  жекеше-көпше  болып), 
әрқайсысына  (сол  жаққа,  бүл  -   грамматикалық  мағына)  төн 
арнайы грамматикалық түлғалары  бар  парадигмалық түрлену 
жүйесі  болып  табылады.  Сондықтан  да  жақ  (жіктік)  катего- 
риясы  немесе жіктелу  оның түрлену  түлғасы -  жіктік жалғау, 
баяндауыштық  қосымша  деп  аталса  да,  синтаксистік  сипа- 
ты  мол  болса  да,  морфологиялық  категория  болып  саналады, 
өйткені  біріншіден,  жіктелудің  мәні  ең  алдымен  грамматика- 
лық түлгалар (жіктік жалғау формалары)  мен  солар  білдіретін 
грамматикалық  магыналар  сәйкестігі  арқылы  анықталады, 
екіншіден, сөз түрлендіру түлғалары жиынтығынан қүралатын
122

грамматикалық 
категориялардың 
синтаксистік 
қызмет 
атқару  қасиеті,  мысалы,  тәуелдік  жалғауыньщ  ілік  септік 
жалғаулы  сөзбен  анықтауыштық  қатынаста  матаса  байланы-
суы,  септік  жалғауларының  ооъектілік,  мезгілдік,  мекендік 
қатынастарда  екінші  сөзбен  меңгеріле  байланысуы  -   заңды 
құбылыс.  Сондықтан  да  жақ  (жіктік)  категориясын,  жіктелу
жүиесін  оір  ғана  қырынан  түсіну,  сөитіп,  категориялық  сипа- 
тын  синтаксистік  қана  қызметінен  айқындау,  морфологиялық 
түрлену  (парадигмалық)  жүйесін,  соған  сәйкес  бір  тектес,
өз  ішінде  қарама-қаишы  мәнді  грамматикалық  мағыналар 
жиынтығын  ескермеу  бүл  тілдік  қүбылыстьщ  (жіктік 
жалғаудың)  мәнін  толық  ашпайды,  грамматикалық  сипатын 
терең айқындай алмайды. Өйткені жақ (жіктік) категориясының, 
жіктелу  жүйесінің  грамматикалық  сипатын  анықтайтын 
ерекшелік  оның  синтаксистік  қатынасы  мен  қызметінде  емес, 
жіктік жалғау яғни морфологиялық түрлену жүйесінде жатыр 
да, көрсетілген синтаксистік қатынас жіктік жалғаудың сөйлеу 
процесіндегі  атқаратын  қызметінен  туындап  отыр.  Яғни  бүл 
жерде  тілдік  қүбылыстың  морфологиялық  түрлену  жүйесі 
мен  мағыналық  сипаты  және  олардың  сөйлеу  процесінде 
синтаксистік қатынасқа түсіп, белгілі түрақты қызмет атқаруы 
диахрондық  аспектіде,  тарихи  түрғыда  (яғни  қайсысынан 
қайсысы пайда болды деген ыңғайда) түжырымдалып отырған 
жоқ,  синхрондық аспектіде,  статикалық түрғыда (яғни белгілі 
бір  форма,  формалар  жүйесі  белгілі  бір  грамматикалық 
мағыналарды  білдіріп,  сөйлеу  процесінде  белгілі  бір  түрақты 
қызмет  атқарады)  көрсетіліп  отыр.  Сондықтан  да  «жіктік 
жалғау -  баяндауышқа ғана тән жалғау»  екенін мойындай  от- 
ырып,  «жіктік жалғау тек қана синтаксистік қызмет атқарады. 
Өйткені  жіктік  жалғаулы  сөз  сөйлемде  әрдайым  баяндауыш 
қана болады» (Ы. А.-ҚҚТ,  67) -  деген түжырымның бір жақты 
екенін  көрсету қажет.  Осы  ізбен яғни  ілік септік жалғауын  ол 
түлғадағы сөз тек аньщтауыш қызметін, табыс септік жалғауын
123

ол  тұлғадағы  сөз  тек  тура  толықтауыш  қызметін  атқаратыны 
үшін және ілік септік жалғауы тәуелдік жалғаумен, табыс септік 
жалғауы  сабақты  етістікпен  байланысып  қана  қолдануына 
қарап, оларды басқа септік жалғауларынан, тіпті жалғаулар деп 
аталатын  қосымшалар  тобынан  бөліп  алып,  тек  синтаксистік 
қызмет  атқаратын  тілдік  единица  деу  қаншалықты  қисынды 
болар  еді?  Сөйтіп,  жіктік  жалғау  — сөйлем  қүрайтын  негізгі 
діңгек  сөздерді  (бастауыш  пен  баяндауышты)  байланыстыра- 
тын предикаттық мәндегі морфологиялық түлға.
Сұрақ.  Төрт  жалғаудың  үшеуі  (көптік,  тәуелдік,  септік 
жалғаулар) әдетте сөз табы жағынан зат есімге тән, зат есімнің 
түрлену  жүйесі  деп  анықталады  да,  жіктік  жалғау  көбіне 
етістікпен  байланысты  сипатталады.  Бірақ  жіктелетін  тек 
етістік  қана  емес.  Әдетте  жіктік  жалғауы  етістіктің  түбіріне 
тікелей  жалғанбайды,  белгілі  бір  формаларының  ғана  үстіне 
жалғанады, соған байланысты жіктік жалғаулардың түлғалары 
да  біркелкі  болып  келмейді,  ал  есім  сөздерге  жіктік  жалғау 
тікелей түбірге және бір қалыппен жалғана береді. Бүның сыры
неде? 

 
•  N
Жауап.  Рас,  қазақ  тілінде  адамға  байланысты  есім  сөздер- 
тікелей жіктеледі де, жіктік жалғау тікелей сол түбірғе жалғана 
алады.  Ал  етістік  түбіріне  тікелей  жіктік  жалғау  жалғана 
алмайды.  Тек  «функциялық  етістік»  деп  аталатын  ерекше 
грамматикалық формалары ғана (М. Ы. -  ҚҚТ,  83-185) жіктеле 
алады,  яғни  осы  формалардың  үстіне  ғана  жіктік  жалғаулар 
үстеле  алады.  Бүл-бір.  Екіншіден,  қазақ тілінде  қалып  етістіғі 
деп  аталып  жүрген  отыр,  түр,  жатыр,  жүр  деген  4  етістік  те 
тікелей жіктеледі. Бүның өзі бүл төрт етістік түбір емес екендігін, 
етістіктің  белгілі  бір  грамматикалық  түлғасы  екендігін 
аңғартады.  Үшіншіден,  етістіктің  жіктелетін  түлғаларының 
өзіне  жіктік  жалғаулары  біркелкі,  бір  түрлі  жалғанбайды. 
Әрине,  бүлай  болу  тегін  емес.  Бір  жағынан,  жеке  сөз  табы
ретінде  етістіктщ  озі  сан  салалы,  күрделі  екенін  көрсетсе,
124

екінші  жағынан, жіктік жалғаудың грамматикалық мағынасы,
#
әр  жаққа  байланысты  түрлену  жүйесі,  сөйлемде  атқаратын 
қызметі,  синтаксистік  қатынасты  білдіруі  бір  кезде,  бір  түрлі, 
бір  ыңғайда  қалыптаса  қоймағанын  көрсетеді.  Сондықтан  да 
жіктік  жалғаудың  осындай  әр  жақтылық  сипатының  себебін 
бір  сөзбен  дәлелді  түсіндіру  өте  қиын.  Етістіктің  қай  түрін 
(тіпті есімдерді де) жіктесек те, яғни жіктелу үлгісінің қай түрін 
сөз  етсек те,  жіктік жалғауының сөзге  жалғануы  жағынан  да, 
сыртқы  түр-түлғасы  жағынан  да,  басқа  сөзбен  (предикаттың 
субъектімен)  байланысы жағынан да,  бірінші және екінші жак 
бір түрлі,  ал үшінші жақ өзінше бөлек екені байқалып түрады. 
Бүл  -   тек  1-2-жақтың  сөйлеуші  мен  тындаушы,  ал  3-жақтың 
бөгде  болуымен  ғана  емес,  сонымен  бірге  шығу,  қалыптасу 
тарихымен,  қолданылу  ерекшеліктерімен  де  байланысты. 
Айталық,  1-2-жақ  жіктік  жалғаулары  жіктеу  есімдіктерінен 
(-мын, -мін, -бын, -бін, -пын, -пін түлғалары мен дегеннен, -сың, 
-сің ден дегеннен,  -сыз, -сіз сіз дегеннен,  сондай-ақ біз сөзінен 
-мыз, -міз, -быз, -біз, -пыз, -піз, сендер дегеннен -сыңдар, -сіңдер, 
сіздер  дегеннен  -сыз-дар,  -сіздер)  жасалып,  қалыптасқаны 
белгілі.  Бүнымен  бірге  1-2-жақ  жіктік  жалғаулары  1-2-жақта 
кейбір  дыбыстық  өзгерістерге  түсіп,  түрін  өзгертіп,  1-жақта, 
-м,  мысалы,  келді-м,  барса-м  (бара-мын дегеннің  сөйлеу тілде 
бара-м болуы сияқты дамудың салдары болу керек), 2-жақта -ң, 
мысалы,  келді-ң,  барса-ң  немесе  сыпайы  -ңыз,  -ңіз:  келді-ңіз, 
барса-ңыз болуын көрсете кеткен жөн. Осындай өзгеріс үстінде 
жіктеу есімдіктері (бәлкім жіктік жалгаулары арқылы)  1-2-жақ 
тәуелдік жалғауларын да (-ым, -ім, -м, және -ың, -ің, -ң, -ыңыз, 
-іңіз, -ңыз, -ңіз) қалыптастырған. Ал қазақ тілінде -а, -е, -й, -ып, 
-іп—п  көсемше  түлғалы  етістік  жіктелғенде  ғана  кездесетін 
3-жақ  жалғауы  -ды,  -ді,  -ты,  -ті  тарихи  жағынан  түр  көмекші 
етістігінен кейінірек жасалып қалыптасқан. Көпшілік жағдайда 
3-жақтың арнайы  қосымшасы  болмайды  да,  ол  мағына  көбіне 
нольдік форма арқылы беріледі. Н. К. Дмитриевтің керсетуінше,
125

қазіргі 3-жақ баяндауыш қосымшасы (аффикс сказуемости) тұр
-  көмекші  етістігіне  саяды да,  қосымша қатарына кеш келген. 
Кейбір түркі тілдерінде 3-жақтағы баяндауыш ешбір қосымша 
арқылы берілмейді.  Сөйтіп,  3-жақ баяндауыш  қосымшасының 
шығу  төркіні  I  және  2-жақ  жіктік  жалғаулардан  өзгеше.  Тіпті 
түр етістігінің болу мәнінде жүмсалуы тек түркі тілдеріне ғана 
тән емес, басқа да тілдерден байқалып отырады: бір ғана латын 
тіліндегі түбірге  саятын  итальянша  зіаге,  испанша  езіаг,  фран- 
цузша ёіге, парсыша истадан, орысша стать, т. б.
Көптеген түркі тілдерінде түр-үр - түр-ыр - ол түр - ол түрар
-  ол түрып түр  (осы шақ -  келер  шақ) деген  алғашқы түлғасы 
әр  түрлі  дыбыстық  өзгерістерге  түсті.  Түбірдегі  дауысты 
дыбыстың  өзгерісін  былай  қойғанда  (түр-тор),  сөз  басындағы 
қатаң дыбыстың үяңдануы (түр//дур-, тыр-//дыр-) немесе сөздің- 
ыр//-ур деген екінші буыны түсіп қалып, соның салдарынан сөз 
мүжіліп барып, түр-ур//дур-ур - түр//дур) түр//дүр, тыр-ыр//дыр- 
ыр -тыр//дыр-тыр//дыр (қазақша, озбекше -ды//ди, қырғызша -т) 
болып қосымшаға айналған (ИСГТЯ, 5).
Бүның  үстіне  есім  сөз  таптарының  3-жақта,  дүрысында 

және 2-жақта жүмсалуында да белгілі бір ерекшелік бар. Әдетте 
адамға  қатысты  зат  есім,  сын  есім,  сан  есімдер  ғана  жіктеле 
алады.
Мен  бала-мын,  жігіт-пін,  жалғыз-бын,  үлкен-мін,  екін-ші- 
мін
Біз бала-мыз, жігіт-піз, жалғыз-быз, үлкен-біз, екеу-міз 
Сен бала-сың, жігіт-сің, жалғыз-сың, үлкен-сің, екін-ші-сің 
Сендер  бала-сьщдар,  жігіт-сіңдер,  жалғыз-сыңдар,  үл-кен- 
сіңдер, екеу-сіңдер
Сіз бала-сыз, жігіт-сіз, жалғыз-сыз, үлкен-сіз, екеу-сіз 
Сіздер  бала-сыздар,  жігіт-сіздер,  жалғыз-сыздар,  үл-кен- 
сіздер, екеу-сіздер
Ол бала -  0 , жігіт -  0 , жалғыз -  0 , үлкен -  0 , екеу -  0  
(Олар) бала-лар 0 , жігіт-тер 0 .
126

Ал,  адамға  байланысты  емес  (айналадағы  жанды-жансыз) 
заттарға, сол заттардың әр түрлі сындық, сандық сипатына бай- 
ланысты сөздер бірінші (айтушы) я екінші (тыңдаушы) жақ бола 
алмайды, яғни мен үй-мін сен тау-сың деп айтуға болмайды, тек 
кейде жанды жансыз заттар адам мағынасында түсініліп, әсіре- 
се поэзияда экспрессиялық мәнде ғана қолданылуы мүмкін.
Сонда мен көп өліктің бірімін ғой,
Сүйгеннің аузьгадағы 
жырымын 
ғой
(С.  Торайгыров).
Жапанда бір 
гүл едім 
жеке біткен,
Қызықты дүниеден өмір күткен
(С.  Торайгыров).
Жылансың 
екі басты ел жалмаған,
Қоймаймын не қылсаң да, айтар сөзін
(ЖаяуМуса).
Хан емессің, 
қасқырсың, 
Қас албасты басқырсың...
Хан емессің, 
ылаңсың, 
Қара шүбар 
жылансың 
Хан емессің, 
аярсың, 
Айыр қүйрық 
шаянсың!
Мен келелі қара 
бүлтпын,
Келе жаумай ашылман.
Қарсыласқан дүшпанға 
Найзағай 
мен 
жасылмын
(Махамбет).
Нүрысың 
сен дүниенің алып түрған 
Күйігің сенің мені зарықтырған
(«Дарига» хальщ әні).
Сен жаралы 
жолбарыс ең. 
Мен 
киіктің лағы ем 
(Абай). 
Кейде  1,  2-жақ  жіктік  жалғаулары  тіпті  түсіп  қалып  та
қолданылады:
Мен 
көмір 
де, сен 
темір, 
Еріткелі келгемін...
Сен 
қабылан 
да, мен 
арыстан, 
Алысқалы келгемін
(Қазбек шешен).
127

Ардақжан, сен ақ сұңқар бақшадағы, Біреудің мәпелеген ақ
тамағы (Әсет ақын).
бетіңде
(«Шилі
Бейіштің  гүл  жамылған  сарайында  Сайраған  тоты  қүстай
сен бір бүлбүл («Қара торғай» әні).
Сіз  асыл  тас,  қалқатай,  сағаттағы,  Көңілімді  сүйген  жар 
табаттағы («Ахау керім» әні). Ой, Ардақ, сен ақ қоян секеңдеген
(«Ардақ»), т. б.
Соңғы  мысалдарда  өлең  сөздің  ерекшелігіне  байланысты, 
әр  жолда  буын  санының  сәйкестігіне,  үйқасқа  қарай  және 
стильдік,  экспрессиялық  мақсатқа  сәйкес  2-жақтың  жіктік 
жалғаулары  қолданылмаған,  түсіп  қалған,  бірақ  оның  қай 
жақта  түрғандығы  тексте  қолданылған  қимыл,  іс-әрекеттің, 
заттық  иесі  субъектіні  білдіріп  түрған  1-2-жақтағы  жіктеу 
есімдіктерінен анық байқалады: мен көмір -  мен көмір-мін, сен 
темір -  сен темір-сің, сен қабылан -  сен қабылан-сың, мен ары- 
стан -  мен арыстан-мын, сен ақ сүңқар, және біреудің ақ тамағы 
-сен  ақ  сүңқар-сың  және  біреудің  ақ  тамағы-сың,  мен  қоңыр 
қаз -  мен қоңыр қаз-бын,  сен  бір бүлбүл -  сен  бір бүлбұл-сың, 
сіз  асыл тас -  сіз  асыл тас-сыз,  сен  ақ қоян -  сен  ақ қоян-сың. 
Ал  зат  есімнің  көмекші  етістікпен  (көбіне  е  көмекші  етістігі) 
тіркесіп жүмсалуы бүл сияқты қолданысқа шақтық мән (әсіресе 
өткен шақ) береді, жіктік жалғау әдеттегідей көмекші етістікке 
жалғанады:  (мен) гүл  едім, сен жолбарыс ең (едің), мен киіктің
лагы ем (едім), т. б.
Бүл  сияқты  өлең  сөзде,  әсіресе  ауыз  әдебиеті  дәстүріндегі
поэзияда,  ақындар  айтысында  айтушы  (автор  я  кейіпкер)  езін
және тыңдаушысын  (қарсыласын)  белгілі  бір  қасиеті  я  сапасы
жағынан сай келетін я айтушы түрғысынан  сай  болып санала-
тын жанды я жансыз (адамнан басқа) заттарға балау, сөйтіп, бір
жағынан, оны субъектінің предикаты ету, екінші жағынан, сол
арқылы әсем де әсерлі, образды ой, экспрессиялық мән білдіру
128

жиі кездесіп отырады.  Мысалдағы (сүйгеннің аузындағы) 
жы- 
рымын ғой 
— мен өліп қалсам да, өзімнің іс-әрекетім, сезімім, 
т. б. арқылы сүйгеннің қол созған арманы, әмән айтып жүретін, 
жырлап жүретін адамымын, (мен) жапанда жеке біткен бір 
гүл 
едім 
- өмірге құштар, жүрттан көмек күткен, қолдаушысы жоқ 
өте нәзік адам едім, (сен) екі  басты 
жылансың 
жұртқа жақсы- 
лығы  жоқ,  обыр,  озбыр,  жауыз  адамсың  (Махамбеттегі  қара 
шүбар жылансың деген де осыған жақын мәнде қолданылған), 
(сен) 
каскырсың,  ылаңсың,  жылансың,  аярсың,  шаянсың 
дегендер  де  Жәңгір  ханның  озбыр,  адамдық  қасиеттен  ада, 
қатыгез,  айлалы  мінездерін  көрсету  үшін  қолданылған;  мен 
келелі  қара 
бұлтпын 
-  айбарлы,  ашулы,  кек  алатын  адаммын, 
мен 
найзағай 
(мын), 
жасылмын 
(жай  түсу)  -   сол  айбарлы,
кекшіл мінезді, оір сәтте іске асыратын қуаты оар, мерт ететін 
жанмын  (өте  бір  ерекше  экспрессия),  т.  б.  Әдетте  айтушы  өзі 
мен тыңдаушысын (қарсыласын) қайшы қойып, шендестіре су- 
реттегенде,  сол  зат  білдіретін  ұғымның  барлық  қасиеті  емес, 
жеке  бір  қасиеттерін  ғана  есепке  алатын  сияқты:  сен  бұзау
терісі 
шөншіксщ 
-  әрі  кіші,  әрі  жұқа, әрі  осал, мен өгіз терісі 
талыснын 
-  әрі үлкен, әрі қалың, әрі мықты; сен жаралы 
жол- 
барыс ен 
-  өмірден опық жеген яғни жаралы, айбарлы, сойқан 
күші  бар  жансың,  мен  кіиктің 
лағы  ем 
-   басында  еркі  жоқ, 
тағдыры  жұрттың  қолында,  нәзік  жаратылған  жанмын;  мен 
көмір 
-  қызуы күшті, көрінгенді ерітіп жіберетін жанмын, сен 
темір 
-  өте мықты, берік, бірақ көмір қызғанда балқып кететін 
жансың;  сен 
кабылан 
-  дүлей  күштің  иесі  жансың,  мен 
ары- 
стан 
-  одан да асқан күші бар адаммын, т. б.
Ал  баяндауыш  қызметіндегі  сөз  3-жақта жүмсалғанда яғни 
жіктелудің  3-жағында  тұрғанда,  біріншіден,  грамматикалық 
түлға(форма) реті н де арнайы қосымша (жіктік жалғау болмайды, 
бұл - нольдік форма деп аталады, яғни жіктік жалғаудың арнау- 
лы көрсеткіші -  тұлғасы болмаса да, 3-жақтық грамматикалық 
мағына  бар)  болмайды,  екіншіден,  предикат  (баяндауыш)
129

1-2-жақтардағы  секілді  міндетті  түрде  адамға  байланысты  сөз 
болмай,  кез  келген  заттың (адамға  байланысты  болуы тіпті  де 
міндетті емес) ұғымды немесе соның (заттық ұғымның) сандық, 
сан -  мөлшерлік, т.  б. сипатын  білдіретін сөз болып, оның иесі 
субъекті де, яғни ол,  1-2-жақтардағыдай (яғни мен,  біз, сен, сіз, 
сендер, сіздер, тек адамға байланысты, өйткені сөйлеу, ой жеткізу, 
пікір  айту  және соларды  тындау,  тындату,  соған  қаратылу тек 
қана  адамға  қатысты,  адамға  байланысты  сипат)  тек  адамға 
қатысты ғана емес, кез келген зат атауы, бөгде зат ұғымы болып 
та келеді.  Сондықтан да субъектілік — предикаттық қатынаста 
3-жақта  жіктелу  арқылы  қолданылған  сөз  байланыстарының 
табиғаты  ерекше.  Өйткені  ондай  қолданыстағы,  яғни  баягн- 
дауыш  қызметін  атқарып,  3-жақ  жіктік  жалғаудың  нольдік 
формасында  тұрған  сөз  әр  уақытта  1-2-жақтарда  яғни  жіктік 
жалғаудың  1-2-жақ  грамматикалық  көрсеткіштерін  жалғап 
жұмсалмайды.  Жіктік  жалғау  белгілі  қызметтегі  (баяндауыш 
қызметіндегі)  сөздердің  парадигмалық  түрлену  жүйесі  болса 
да,  адамнан  басқа  заттарға  байланысты  жоғарыда  көрсетілген 
қолданыстардан  басқа  жағдайларда  олардың  семантикалық 
(мағыналық)  сәйкестігіне  қарай  1-2-жақтарда  жіктелмейді. 
Бірнеше  мысал:  Екеуінің  де  көңіл  түбіндегі  бір  жүбаныш  -  
Кәлен. Және Қоңырат, Үшсай, Үйреніш -  Кәленнің мүнан бұрын 
да  талай  болған,  жалғыз  жортқан 
жерлері 
(Ә.  Нүрпейісов). 
Тәкен  де  алысты  болжап  отырған  сияқты.  Сонда  теріс  -  кім? 
Талас  неден  шықты  (Ғ.  Мұстафин).  Өлең  — сөздің 
патшасы, 
сөз 
сарасы. 
Ғашықтың  тілі  -   тілсіз 
тіл 
(Абай).  Ар  жазасы  -  
бар  жазадан  ауыр 
жаза 
(М.  Әуезов).  Көп  оқу  — білім  алудың 
негізгі  шарты (С Мұқанов).  Баланың жақсысы -  
қызық, 
жама- 
ны  -  
күйік 
(Абай).  Жан  болып  өз  тіршілігімде  сүйгенім  -   ән 
(Ғ. Мүсірепов). Адасқанның алды -  
жөн, 
арты -  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет