I. Кіріспе "Информатика" пәнінің мазмұнын ұйымдастыру II. Негізгі бөлім



бет1/2
Дата09.06.2022
өлшемі1,12 Mb.
#36626
  1   2

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
«Семей қаласының Шәкәрім атындағы Университеті» КеАҚ

СӨЖ
Тақырыбы: Информатика пәнінен оқу жылының 3-ші тоқсанға арналған оқу – тәрбие жұмысының календарлық жоспарын таблица бойынша құру.

Орындаған: Жеңісқанов Ж.
Топ: МИ-901
Тексерген: Тлеубаева А.Б.

Семей - 2022


Мазмұны:
I. Кіріспе
- "Информатика" пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
II. Негізгі бөлім
- «Информатика» пәні бойынша үлгілік оқу жоспарын жүзеге асырудың
ұзақ мерзімді жоспары
III. Қорытынды
IV. Пайданылған әдебиеттер тізімі

"Информатика" пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
"Информатика" оқу пәнін оқыту мақсаты білім алушыларды заманауи ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану үшін базалық білім, білік және дағдылармен қамтамасыз ету болып табылады.
Негізгі міндеттер:
1) білім алушыларда ақпараттық процестердің қоғамдағы түсінігін, ақпараттық технологияларды адам іс-әрекетінің әр түрлі салаларында пайдаланудың техникалық мүмкіндіктері мен перспективаларын түсінуді қалыптастыру;
2) ақпараттық технологияларды күнделікті өмірде, оқуда және келешек еңбек іс-әрекетінде тиімді пайдалану біліктерін дамыту;
3) білім алушыларды жүйелерді талдау, шешімдерді әзірлеу, программалық қосымшаларды жасау, өздерінің өнімдерін бағалау үшін компьютермен жұмыс істеудің базалық қағидаларды түсінуін қамтамасыз ету;
4) талдау, абстракциялау, модельдеу және программалау арқылы түрлі тапсырмалар шеше білуді дамыту;
5) білім алушылардың бойынша жалпылау және ұқсастық, есепті құрамдас бөліктерге бөлу және жалпы заңдылықтарды айқындау, қойылған міндеттерді шешудің тиімді және ұтымды тәсілдерін іздеу қабілеттілігін қамтитын логикалық, алгоритмдік, сондай-ақ есептеу ойлауын дамыту;
6) білім алушылардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру – жалпы қабылданған қағидаларды сақтау, жеке адамның және бүкіл қазақстандық қоғам мүдделерін ескеру;
7) білім алушылардың академиялық тілді меңгеруіне және пән бойынша ұғымдық аппаратты байытуына ықпал ету.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет