Іі. Заттың сапалық ҚҰрамын анықтау


Диметилглиоксим (Чугаев реактиві)



бет70/124
Дата22.09.2022
өлшемі1,45 Mb.
#39819
түріҚұрамы
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   124
5. Диметилглиоксим (Чугаев реактиві) C4H8N2О2 аммиакты ортада Ni2+ катионымен күлгін-қызыл түсті ішкі комплексті тұз – никельдиметилгли-оксим (бис-диметилглиоксиматоникель(ІІ)) тұнбасын түзеді:



Тұнба күшті қышқылдарда, сілтілерде ериді, аммиак ерітіндісінде ерімей-ді.


Тәжірибе:
3-4 тамшы никель(ІІ) тұзы ерітіндісіне 3-4 тамшы концентрлі аммиак ері-тіндісін және 1 тамшы диметилглиоксимнің спиртті ерітіндісін тамызады. Қызыл түсті комплексті тұнбаның түзілгенін бақылайды.
Тәжірибені жүргізу шарттары:
1) реакция рН = 6 - 9 (аммиакты орта) ортада жүреді;
2) Сu2+, Fе2+, Fe3+, Pb2+ катиондары және Со2+ ионы аз мөлшерде болса реакция жүруіне кедергі келтіреді. Оларды бөліп тастау керек, олар да диме-тилглиоксиммен боялған қосылыс түзеді. Ол үшін төмендегі әдістерді қолда-нуға болады.
Тәжірибе:
Никель тұзының 4 тамшысына сутек асқын тотығының ерітіндісінің 1-2 тамшысын, концентрлі аммиак ерітіндісінің 5-6 тамшысын қосады. Егер, тұнба ерімесе сүзгіден өткізіп, фильтраттың 1 тамшысын фарфор пластин-каға тамызып, диметилглиоксим тамшысын қосады. Ni2+ катионы қатысында ерітінді алдымен ақшыл-қызыл түске боялады, содан соң қызыл түсті тұнба түзеді.
Тәжірибе:
Фильтр қағазының жолағына натрий гидрофосфат ерітіндісін тамызады, дақ ортасына зерттелетін ерітінді тамшысын тамызып (Ni2+ катионы бар болса, ерітіндіге 1 тамшы сутек асқын тотығын қосу керек), содан соң натрий гидрофосфаты мен диметилглиоксим тамшысын қосады. Ni2+ катионы бар болса, дақтың барлық бөлігі немесе дақтың шеті ақшыл қызыл түске боялады.


16-кесте. Кейбір реактивтердің VI топ катиондарына әсері





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет