Микотоксикоздар



бет1/6
Дата02.02.2023
өлшемі9,47 Mb.
#64773
  1   2   3   4   5   6

Микотоксикоздар

.

Микотоксикоздар

- жануарлар ағзасына микоз тәріздес уытты заттардын (саңырауқұлақтар) енуі нәтижесінде пайда болатын ауылшаруашылық малының аурулары. Оларға: аспергилло, дендрохио, стахиоботрио және фузариотоксикоздар жатады.

Аспергиллотоксикоздар

- аспергиллюс туысына жататын (20-астам) уытты саңырауқұлақ әсерінен пайда болатын аурулар. Олар ылғалдылығы 18 ден 35 градус аралығындағы жемдерде пайда болып, афлотоксин деп аталатын уытты зат бөліп шығарады. Афлотоксиндер суда және органикалық ертінділерде жаксы ериді. Судағы ерітінділері жоғары температураға төзімсіз, күн сәулесіне төзімді. Қышқылдар мен сілтілердің әсерінен белсенділігін жояды.

Токсикологиясы.

  • Малдын организміне ене отырып афлотоксиндер бауырдың функционалдық қызметін бүлдіреді, кейбір ферменттердің белсенділігін төмендетеді, РНК-ның метаболизмін өзгертеді, белоктардың синтезін бұзады, мүшелерді майлы және белоктык дистрофияға ұшыратады, гепатоцидтерді өлі еттендіреді, канцерогенді, тератогенді және мутагенді әсер етеді

Клиникалық белгілері

  • Алғашқы белгілері 1-3 күннен кейін байқала бастайды. Улану жіті, жітілеу және созылмалы түрде кездеседі.
  • Жылқыларда аздаған козу пайда болып, ол тежелу сатысына алмасады. Жем-шөптен қалады, шөлдейді. Ауыз куысының кілегейлі қабықтары қызарады, ішектін перистальтикасы күшейеді, нәжіс кілегейлі заттармен араласады. Температура төмендейді, тамыр согуы және тыныс алу жиілейді, мал жатаған келеді, бұлшық еттері тартылады.
  • Құстарда: Жалпы әлсірейді, тәбеті төмендейді, айдары мен сырғалығы көгереді.
  • Қойларда: Жалпы әлсірейді, тәбеті төмендейді, саливация, несеп белу жиiлейді, гипотония, атония және тимпания калыптасады, қарын iсiнедi.

Клиникалық белгілері

  • Ірі карада алғашкы белгілер 4-6 күннен кейін пайда болады. Көз карашығы үлкейеді, бұлшық еттері тартылады, кұлақтарының ұштары, аяқтарында, бас терілерінде өлі еттенулер көрінеді, жалпы әлсірейді, кілегейлі қабықтар сарғаяды, тәбеті төмендейді, сілекей көп бөлінеді, жөтеледі, тремор, асқорыту және жүйке жүйесі жұмысы нашарлайды. Буаз мал іш тастайды, бұзаулардың iшi өтеді, тамыр соғуы және тыныс алуы жиілейдi.
  • Шошкаларда: Жалпы қозу, атаксия, тремор, іш ету, парез секілді белгілерімен қатар, ас корыту жолынын функциясы бүлінеді, құсады, салданады, тілі, кызыл иегі, желінінің, құлағының ұштары, аяктарынын, бас терісінің кейбір бөліктері өліеттенеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет