Интерактивті оқыту әдістемесі бойынша қышқылдар тақырыбын оқыту Жұмыстың мақсаты: «Интерактивті оқыту әдістемесі бойынша қышқылдар тақырыбын оқыту»



бет1/6
Дата31.12.2021
өлшемі3,16 Mb.
#23200
  1   2   3   4   5   6
  • Жұмыстың мақсаты: «Интерактивті оқыту әдістемесі бойынша қышқылдар тақырыбын оқыту» барысында оқушылардың қышқылдар жайлы алған білімдерін еске түсіру арқылы, жіктелуі,алыну жолдары ,қасиеттері жайында түсінік бойынша білімі мен білігін қалыптастыру. Оқушының тұлғалық қалыптасуын дайындау арқылы,қышқылдардың өмірде, тұрмыста, қолдануын білуге тәрбиелеу.
  • \
  • Қойылған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер қойылады:
  • • Қышқылдар тақырыбындағы білім мазмұнын ұжымдық оқыту технологиясы сәйкестендіру;
  • • Тақырыптың мазмұндарын бөлуде өткізілетін әр сабақтың ерекшеліктерін ескеру;
  • • Сабақтың мазмұндарын дидактикалық принциптерге сай құру, педогогикалық әдіс- тәсілдерді таңдап жүйелендіру;
  • • Интерактивті оқыту әдістемесі негізінде әр сабақтың әдістемесіне және көрнекі құралдарына қойылатын талаптарды ескеру;
  • • Эксперимент сабақтарын өткізу және нәтижелерін талдап қорыту.
  • Оқыту әдістерінің педагогикалық негіздерін анықтау
  • Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс - тәсілдері, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық - педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс - әрекет үстінде өзіндік даңғылы жол салуға икемді, шығармашылық педагог - зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді. Қоғамның даму формацияларының әр кезеңінде « педагогика» сөзі (ұғымы) кең, жалпы мағынады қолданыла бастады. Педагогика гректің «пайс» - балалар, «эгейн» - баланы басқару, тәрбиелеу, жетектеу ұғымдарынын шыққан.
  • Педагогикалық тұрғыдан қарастырғанда оқыту дегеніміз — жасөспірімнің бойына ұжымдық, тәжірибені сіңіру. Дидактикалық жағынан алғанда, оқыту — білім берудің мазмүнын жасөспірімге жеткізу ісіндегі сабақ беру (мұғалімнің қызметі) мен оқудың (оқушының таным әрекеті) бірлігі.
  • Әдістемелік тұрғыдан алғанда оқыту — нақтылы оқу пәнінің материалын жасөспірімге жеткізу ісіндегі сабақ беру мен оқудың бірлігі.
  • Қазіргі ауқытта болашақ химик мұғалімдерді даярлауға жоғары талап қойылып отыр. Осыған орай мектептегі химия пәнінің мазмұнын жіктеп, түрлендіру міндеті қойылды. Қазірдің өзінде жалпы білім беретін мектептерге және химияны тереңдетіп оқытатын кластар мен мектептерге арналған бағдарламалар жарық көрді.
  • Бүгінгі заманғы педагогикалық саладағы жаңалықтардың бірі – оқытудың іс-тәжірибесіне жаңа әдіс-тәсілдерді енгізу болып табылады. Менің алдымда тұрған үлкен міндет – оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып, саналы, салауатты, жан – жақты дамыған, рухани бай, заман талабын орындай білетін тұлғаны тәрбиелеп дамыту. Білім беру ісінде талап деңгейінен шығу мұғалімнің іздену шеберлігіне тіреледі. Оқытудың барлық әдістері баланы дамытуға бағытталған, әрекет нәтижесін байқау, бағалау және соның нәтижесінде алдағы жұмыстарды жоспарлау болып табылады.
  • Химия пәндерін оқытудағы ақпараттық технологиясының тиімділігін зерттеу
  • Қазіргі қоғамда оның дамыған ақпараттық мәдениетімен ақпараттық білім беруді ұйымдастыру аса маңызды болып табылады. Оқу – тәрбие үрдісінде оқушылардың оқу – танымдық белсенділіктері мен оқуға деген көзқарастары, өз дәрежесінде емес. Осы проблеманы жаңа ақпараттық технологияны тиімді пайдалану арқылы шешуге болады. Аудиовизуалды құралдарды қолдану оқу материалының мазмұнын түсінікті, қызықты етеді;
  • 1. Оқу материалдарын түрлі динамикалық суреттермен жан –жақты бірнеше қырынан түсіндіруге болады;
  • 2.Қарапайым жағдайларда қиындық туғызатын заңдылықтырды көрсетуге болады;
  • 3. Күрделі химиялық эксперименттерді виртуалды лаборатория арқылы көрсетуге болады;
  • 4. Оқушылардың білімін есепке алу мақсатында тез және тиімді жолмен тест алуға болады;
  • 5. Оқушыларға өзіндік жұмыс және анықтамалықпен жұмыс жасауға үйретуге болады;
  • 6.Тұлғаға бағытталған оқыту жүзеге асырылады;
  • 7. Оқушының жеке жас ерекшелігіне сай жағдай жасалады;
  • 8. Ақпараттық мәдениеттің дамуына, жаңа ақпараттық құралдармен жұмыс жасауға ықпал жасалады.
  • Бағдарламалық өнімдерді пайдалану бірнеше оқыту ұстанымдарын (ғылымилылық, белсенділік, өзіндік, көрнекілік) жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Дәстүрлі оқыту жүйесі мен АКТ қолданылған оқыту жүйесі үлкен айырмашылықты көрсетеді. Басты айырмашылық мұғалімнің рөлі өзгереді, ол бағыт бағдар берушінің функциясын атқарады. Жаңа электронды окулықтарды, виртуалды химиялық лабораторияларды қолдануда интернет, компьютерді білу ұстаздың негізгі міндеті болып табылады.
  • Химия сабағын меңгертуде компьютерлік анимациялардың маңызы зор. Рефераттар жазуда оқушылар химиядан энциклопедиялық мәліметтер ала алады. Сонымен қатар оқушылар сабақта видеоматериалдар пайдаланады. Олар оқушыларға заттар және олардың халық шаруашылығында қолдануы туралы мәліметтер алуға көмектеседі. Рефераттар жазу барысында оқушылар өз беттерімен Интернет кеңістігінің материалдарын, электрондық оқулықтарды іздеу арқылы компьютерлік сауаттанады.
  • Қышқылдар туралы ілімнің даму барысында көптеген теориялар пайда болды. Уақыт өте келе олардың ішінде ғылыми дәйектілері танымал болып, ал сәйкестік таппағандары ұмытылып жатты. Заттардың табиғатын тану мақсатында жасалған түрлі зерттеулерге сүйеніп, А.Лавуазье 1778 ж. Заттардың қышқылдық қасиеттері негізінен олардың құрамында оттектің болуына байланысты деп түсіндірді. Бірақ теория мен практикада қарама-қайшылықтар анықталып көптеген оттекті заттар (металл оксидтері, тұздар) қышқылдық қасиет көрсетпейтін болып шықты, ал бірқатар қышқылдардың (тұз, көгерткіш қышқылдары, галогенсутек қышқылдары) құрамында оттек тіптен жоқ екенін Г.Дэви мен Гей — Люссак анықтап берді.
  • Қазақстанның әйгілі физик-химигі М.И.Усанович қышқылдық-негіздік қасиеттерді кеңірек қамтиды. Оның ең басты сипаттамасы қышқылдық-негіздік әрекеттесудің нәтижесінде тұз түзілуі тиіс деп санайды. Тұз- қышқыл мен негіздің өзара бейтараптануынан шығатын өнім.
  • Н3РО4 + 3NаОН Nа3 РО4+3H2O
  • Бұл теория бойынша қышқыл дегеніміз өзінен катиондар (оған протон да кіреді) бөле алатын немесе аниондар (оған электрон да кіреді) қосып ала алатын бөлшек. Бұл анықтамаға бұрынғы теорияларға сай келетін сутекті, сутексіз қышқылдардың бәрі де бағынады.
  • Теория тұз түзе жүретін барлық реакцияларды бейтараптау процесі ретінде қарайды. Тұздың өзі қышқыл- катион мен негіз-анионнан тұрады. Тұз ретінде кезделген электролит (тіпті әлсіздері де) қабылданады. Бұл күрделі теорияға бағынатын қышқылдық-негіздік әрекеттесулерге бірнеше мысалдар келтірейік.
  • Су мен күкірт (VI) оксиді әрекеттескенде:
  • 2H2O + SO3 = H3O+ SO42-
  • су өзінен анион бөліп негіздік қасиет көрсетсе, күкірт (VI) оксиді осы анионды қосып алып қышқылдық қабілетін танытады. Егер судың орнына натрий оксиді алынса да тұз түзіледі:
  • Na2O + SO3 = 2Na+ + SO42-
  • Мұндағы натрий сульфаты басқа тұздар сияқты қышқыл (Na+) мен (SO42- ) негізден құралғанымен бұл реакция бейтараптану реакциясына жатады, өйткені бастапқы күшті негіз Na2O мен күшті қышқыл SO3 әрекеттескенде әлсіз негіз және әлсіз қышқыл шығады.
  • Усанович теориясының химия ғылымында жүретін процестің көбісін бір жүйеден қарауға мүмкіндік беретінін айттық. Ал солардың барлығы дерлік иондар қатысуымен жүретіндіктен катион - қышқылдардың және анион - негіздердің күшін болжай білудің үлкен маңызы бар.
  • Қышқылдар деп электролиттік диссоциация кезінде сутек катионын Н+ түзетін электролиттерді айтады:
  • HCI =Н++CI-
  • H2SO3 = 2Н++ SO3-2
  • Қышқылдар қатты (мысалы: Н3РО4, Н3ВО3) және сұйық түрде (мысалы: Н2SО4, Н2SОз, Н2СО3) болады. Кейбір қышқылдар (мысалы: Н2S, НСІ) газдардың судағы ерітіндісі түрінде болады
  • Қышқылдар
  • Химиялық қасиеті
  • Алынуы
  • Химиялық
  • қасиеттері
  • Жіктелуі
  • Қышқылдардың жіктелуі
  • Оттекті
  • Оттексіз
  • Бірнегізді
  • Екінегізді
  • Үшнегізді
  • Қышқылдардың жіктелуі
  • ОТТЕКСІЗ
  • HF,HCl,
  • HBr,HI H2S
  • 1. ОТТЕГІ АТОМЫНА БАЙЛАНЫСТЫ:
  • ОТТЕКТІ
  • HNO3 ,H2SO4
  • H2CO3,H3PO4
  • ҚЫШҚЫЛДАР
  • 2. Сутегі атомына байланысты.
  • Қышқылдар
  • Бір негізді
  • HCl
  • HNO3
  • Екі негізді
  • H2S
  • H2SO4
  • Үш негізді
  • H3PO4
  • Негізділігі бойынша:
  • Қышқылдардың кұрамындағы металға ауыса алатын сутек саны кышқылдың негізділігін көрсетеді:
  • 1. Бір негізді қышқылдар (молекулада сутектің бір атомы бар) HCI, HBr, HI, НNО3;
  • HCI H+ + CI-
  • 2. Екі негізді қышқылдар (молекулада сутектің екі атомы бар) H2S, H2CO3, H2SO3;
  • H2CO3 « H+ + HCO3-
  • HCO3- « H+ + CO32-
  • H2SO4 H+ + HSO4-
  • HSO4- H+ + SO42-
  • 3.Үш және одан да көп негізді қышқылдар (молекулада үш және одн да көп сутек атомы бар) H3 PO4, H3 AsO4 , H4 P2 O7 және т. б.
  • H3 PO4 H+ + H2 PO4-
  • H2 PO4- H+ + H PO4-2
  • H PO4-2 H+ + PO4-3
  • H3 PO4 3 H+ + PO4-3
  • H2S
  • Н2SO4
  • HF
  • H3PO4
  • күкіртсутек
  • фторсутек
  • күкірт
  • қышқылы
  • фосфор
  • қышқылы
  • оттексіз
  • оттекті
  • бірнегізді
  • екінегізді
  • екінегізді
  • үшнегізді
  • Н-О
  • С = O
  • Н-О
  • O
  • H – O – P
  • O
  • =
  • =
  • Н-О
  • H-O P = O
  • Н-О
  • көмір қышқылы
  • метафосфор қышқылы
  • ортофосфор қышқылы
  • Бор қышқылы
  • H3BO3
  • Қышқылдардың химиялық қасиеттері
  • (оқушылар реакция теңдеуін жазып, қорытынды шығарады.)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет