Ќысќаша µмірбаяны



Pdf көрінісі
бет1/29
Дата07.03.2023
өлшемі393,22 Kb.
#72321
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты
С.Н. Сүтжанов
МӘШҺҮРТАНУ КУРСЫ
Дәрістер жинағы
Павлодар
2006
1


ББК 83.3 Я 73
С 90
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының
Ғылыми Кеңесі ұсынған
Пікір жазғандар:
Б.Әбдіғазиұлы, филология ғылымдарының докторы, профессор
Н.Қ. Жүсіпов, филология ғылымдарының кандидаты, доцент
Сүтжанов С.Н.
С 90 Мәшһүртану курсы. Дәрістер жинағы. – Павлодар: ПМПИ, 2006. – 
92 б.
ISBN 9965–802–07–6
Бұл оқу құралында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі ақын
философ, тарихшы әрі халық ауыз әдебиеті мен фольклор 
үлгілерін жинаушы Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының шығармашылық 
өмірбаяны және әдеби мұрасы туралы ой-тұжырымдар дәрістер 
жинағы ретінде берілген.
Кітап жалпы әдебиет сүйер қауымға, орта және жоғарғы оқу 
орындарының шәкірттері мен студенттеріне, магистранттарға 
және мектеп мұғалімдеріне көмекші құрал болып табылады.
ББК 83.3 Я 73
( )
06
05
00
4603020000

С
ISBN 9965–802–07–6
© Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, 2006.
© Сүтжанов С.Н., 2006.
2


АЛҒЫ СӨЗ
Қайсыбір қоғам не әдебиет қайраткерінің қызметі мен 
шығармашылығы оның өзіне дейінгілерге қарағанда 
қаншалықты жаңалық әкелгендігінде қарай бағалануға тиіс. 
Шынында, осы талап бар кезеңнің қайраткерлеріне қатысты. 
Әсіресе, аумалы-төкпелі заманда өмір сүріп, не бір 
қиындықтарды бастан кешкен халық ұлдарының іс-әрекеті 
мен ой-пікірлерін осы тұрғыдан саралауымыз керек.
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басы қазақ 
халқының рухани-мәдени өмірінде өшпес із қалдырған ерекше 
бір кезең екені белгілі. Сондықтан да сол кезеңнің әрбір қалам 
иесінің, мейлі ол ұсақ не ірі болсын, шығармашылығын нақты 
әрі жан-жақты зерттеу бүгінгі таңда толғақты да маңызды. 
Өйтпейінше сол дәуірдің шын суретін көзге елестету еш 
мүмкін емес.
Сол кезеңде, яғни Қазан төңкерісіне дейінгі әдеби 
процесте М.Ж. Көпеевтің де атқарған рөлі айрықша. Ол – 
қазақтың сөз өнеріне өшпес із қалдырған көрнекті 
тұлғаларымыздың бірі. Әдебиетіміздің тарихын зерттеуші 
сыншы-ғалымдарымыздың көпшілігі оны Октябрь кезеңінің 
белді де белгілі өкілдерінің бір деп таныды. Ақын, ағартушы, 
тарихшы және халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинаушы 
ретінде ол туралы М.О. Әуезов, Ә.Х. Марғұлан, М. Ғабдуллин, 
Б. Кенжебаев, Қ. Бейсенбиев, Ә. Қоңыратбаев, И. Жарылға-
пов, Ы. Дүйсенбаев, М. Бөжеев, Д. Әбілов және т.б. қазақтың 
белгілі ғалымдар мен сыншылар өз ой-пайымдарын білдіріп 
отырған.
М.Ж. Көпеев туралы уақыттың талғам-талабына орай әр 
кезде әр түрлі пікірдің болғаны да рас. Алайда, оның кестелі 
өлеңдері мен келісті ойларын, әсіресе, халық ауыз әдебиетін 
жинаудағы жойдасыз еңбегін ешкім де жоққа шығарған емес.
М.Ж. Көпеев шығармашылығын жан-жақты әрі терең 
зерттей келіп, оның екі ғасыр аралығындағы қазақ қоғамының 
саяси-әлеуметтік «халық-ахуалы» мен тұрмыс-тіршілігін 
бедерлеудегі болсын, бәрінің де қыр-сырын ашып, әділ де 
нақты бағасын беру қажет.
Әрқилы тарихи-әлеуметтік, саяси-қоғамдық өзгерістерге 
толы кезеңде дүниеге келген М.Ж. Көпеев (1858–1931) қазақ 
жазба әдебиетінің қалыптасуына, көркемдік көкжиегінің 
кеңеюіне елеулі үлес қосқан, ағартушылық-демократтық 
бағытты берік ұстанған ақын әрі тарихшы ретінде белгілі. 
Оның кітаптары мен мерзімді баспасөз беттерінде басылған 
3


мақалаларында екі ғасыр аралығындағы қазақ қоғамының 
саяси-әлеуметтік жағдайын шынайы суреттеген, замана 
тынысын дөп басып, айта білген қаламгер. Мәшһүр Жүсіп, 
сонымен қатар, қазақ ауыз әдебиеті мұралары мен тарихи 
мағлұматтарды, этнографиялық деректерді әрі жинаушы, әрі 
зерттеуші фольклорист, этнограф-тарихшы ретінде де төл 
әдебиетіміздің тарихында ерекше орын алады.
Мәшһүр Жүсіп туындылары 1959 жылдан бері мектеп, 
ЖОО оқулықтары мен хрестоматияларына енгізіліп, шығарма-
шылығын зерттеуге ден қойылды. Сөйтіп «Мәшһүртану» 
ілімінің негізі қаланды. Бүгінгі күні ақын, тарихшы әрі 
фольклоршының әдеби мұрасы жан-жақты, терең зерделену 
үстінде. Осының бәрі «Мәшһүртану» курсы бойынша қысқаша 
болса да, дәрістер жинағын құрастыруға тірек болды. Оқу 
құралы ретінде ұсынылып отырған бұл еңбекті ЖОО-дағы 
арнаулы курста пайдалануға толық болады.
4


ДӘРІС ТАҚЫРЫПТАРЫ
1-дәріс тақырыбы:
МӘШҺҮР ЖҮСІП КӨПЕЙҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ 
ҒҰМЫРНАМАСЫ
Мақсаты: Екі ғасыр аралығындағы көрнекті әдебиет 
өкілінің ғұмырымен таныстырып, шығармаларының туу 
тарихы мен басылып шығуы туралы деректер беру.
Міндеттері:
– қаламгер өміріне қатысты тың мағлұматтарды түсіндіріп 
жеткізу;
– ақынның Қазан төңкерісіне дейін жарық көрген 
кітаптарының шығу тарихынан мәліметтер беру;
– жазбагердің Кеңес өкіметі тұсындағы өмірінен деректер 
көрсету.
Жоспар:
1. М.Ж. Көпейұлы – Баянауыл өңірінің тумасы
2. 1907 ж. Қазан қаласында басылған кітаптары туралы
3. Мәшһүр Жүсіптің ғұмырының соңғы кезеңі
Дәріс мазмұны:
1. М.Ж. Көпейұлы – Баянауыл өңірінің тумасы
Мәшһүр Жүсіп 1858 жылы Баянауылдағы Қызылтауда, 
Найзатас деген жерде Сүйіндік руынан шыққан, Көпей атты 
шаруаның семьясында дүниеге келеді. Мәшһүрдің ата тегі 
туралы Сүйіндік Көпеев «Мәшһүр Жүсіп өмірі» атты еңбегінде 
ақынның көзі тірісінде айтып кеткен әрі қағазға түсірген 
дерек көздерін көрсетеді: «Мәшһүр-Жүсіп тірісінде өзінің 
топырақ бұйырар жерін (қазіргі «Жаңа жол» совхозы, бұрынғы 
Еламан елі) белгілей отырып, әрі қарай былайша сыр шертеді:
– Әкем Көпей (Көпжасар) 73 жасында, барыс жылы дүние 
салып, Баян қалашығындағы «Көп жатақ» атты ауылдың 
зиратына жерленген еді. Момын, жас кезінде керуен басшысы 
болған. Кейін сопы атанып, бар арманы мені оқыту болды. Сол 
себепті әулиелі Қызылтауды тастап, Баян қалашығына көшіп 
келген, – деп отырады екен.
5


Бұл жерде айта кетер бір жай, – Мәшһүр көзі тірісінде 
әкесінің басына барып тұрған, бірақ көзге түсерліктей белгі 
қоя алмаған. Сол себепті де қазір ол кісінің жатқан жері 
белгісіз. Кезінде білген адамдар болған, бірақ бәрі де ол 
дүниелік болып кетті.
Көпжасардың әкесі Сермағамбет 70 жасында Қызылтауда 
дүниеден өтіп, сол жерде жерленген екен. Одан арғы бабасы 
Ақжігіт 49 жасында қайтыс болыпты.
Көкшетауда Шүрікті Қарағай деп аталатын аймақта 
«Қыздың Қарасуы» деген жер бар. Міне, Ақжігіт сол жерге 
жерленген. Ал, ол жер – ат-қонысы болды ма, ол жағы бізге 
беймәлім. Мәшһүр:
– Ақжігіт бабамыз сауықшыл, бірбеткей, ер адам болып-
ты, – деп айтады екен. Сондықтан да Көкшені жерсінуінің де 
бір сыры болса керек. Оның арғы атасы – Бесім.
Мәшһүр Бесімге көп тоқталады. «Қартайып, дүние салған 
адам. Мекені Ұлытауда болған, онда «Бесімнің бес саласы» 
атанған жер бар.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет