Ысманның жалғыз ұлы Шағырбай-ды,
Ұлы оның Нұриидин мен Түрғынбай-ды.
Ортаншысы - Халиддин, кенжесінің
Есімі елге әйгілі Бөрібай-ды.
Тұрғынбайдан - Ғабдулин, Сәбит, Марат,
Мәлік, Мұхит, Хамиттер жаңа талап.
Нұриддинұлы Мұрат, Хамидиннен,
Fалым, Рали, Дәурен бар - темірқанат.
Баласы Бөрібайдың Жанкелдімен,
Жошыны аяқтуды жөн көрдім мен.
Шежіре Қожаханның Ақайының,
Баяндайтын жеріне кез келдім мен.
Қожаханұлы Ақайдың балалары
Қожаханұлы Ақайдың балалары -
Тұрсынбек, Тұрсын менен Жақуда, Уәлі.
Түрсынбектен
Жұрынбай ұлы Алпысбай,
Алпысбайдан төрт бала таралады:
Төребек, Жорабек пен Талғат атты,
Төртіншісі Қалаубек азамат-ты.
Қалаубекүлы - Бардат, онан соңғы
Шежіреге қоса алмадым жас ұрпақты.
Түрсынның ұлы Жақып өсіп дара,
Озінен көбейеді бес ұл бала:
Шырынбек, Еркін, Медеу, Сәрсен менен
Олжабектерден ұрпақ, алтау және.
Шырынбек - тілге шешен болған пысық,
Әйгілі лақап атты алған "мысық"
Биіктен лақтырса да қарсыласы,
Үлгерген аяғымен жерге түсіп.
Жолдас болып Мәкен және Омарбекпен,
Жақсыны жандай шауып қызмет еткен.
Ілініп әзіл-оспақ сықағына,
Үзеңгісін қағысқан Исабекпен.
Шырынбектің Қайырбек бел баласы,
Талабы бар болатын ел ағасы.
Қабыланбекте меңгеріп оқу ісін,
Ілімін күрметтеуде айналасы.
Қайырбектің ұлының аты - Аян,
Есімін жас үрпақтың етсем баян.
Еркіннен - Мелдебек, одан - Мүслім, Мақсат,
Медеуұлы Ордабектен - Сабыр, Мейман.
Олжабектен - Батырбек, Бауыржан-ды,
Кенже үлының есімі Fалымжан-ды.
Мейірбектен - Қаныбек, Ағзам, Қайрат,
Ер еді Қаныбегі ақынжанды.
Әйгілі журналистің бірі болған,
Аузынан шыққан сөзі ірі болған.
Ағылтқан әңгімені ұлағатты,
Отырыстың шешен тіл гүлі болған.
Қаныбектен - Абзал, Келес, Алтай, Саян,
Алтай ғылым докторы халыққа аян.
Түркістандық, іскерлер дайындауға,
Деп жүргеннің біреуі құшақ жаям.
Алтай ұлы Алмас пен Әлібек-ті
Абзалдан - Асхат, Саяннан
Ерболат пен Жәнібек-ті.
Келестен - Аспандияр, Қуаныштар,
Атамыз деп мақтанатын Қаныбекті.
Ағзамбайдан - Сағынтай менен Темір,
Қайраттан бір Сағындыққа берсін өмір.
Осымен Жақұда әулет тамамдалып,
Ақай ұлын талдауым болар жеңіл.
Ақайұлы Уәлиден жалғыз Ақтай,
Ақтайға алла берген төрт ұл аттай.
Жәкімбай, Әкімбай, Арзамбек, Нышаннан бар
Он екі ұлдан - жиырма төрт жұрағатты-ай.
Жәкімбай - ел ағасы зейнеттегі,
Елге әйгілі ұстаздық еңбектері.
Алты ұлы бар ер жеткен үйлі-жайлы,
Кем емес бір-бірінен сәулеттері:
Сайфулла, Исматулла, Рахматулла,
Нұрдилла, Изатулла, Сағатулла -
Осылар Жәкімбайдың балалары,
Қызмет етіп жайласқан ой мен қырда.
Балдары Әкімбайдың - Оспан, Омар,
Үшінші - Орал, соңғы екеуі - Құрал, Марал.
Арзамбектің баласы - Мұрат, Марат,
Қанат, Бақыт, Кенжетай, Талғаты бар.
Нышанбай балалары - Арман, Ерлан,
Балдырғандар баршылық, тілі балдан.
Аттарын термелеп атау менен,
Қажетсіз деп ойладым уақытты алған.
Бұрынғы мен соңғыны мәлімдесем,
Білім іздеп аламын тағлім десең.
Нәдірдің бақ-дәулеті келіп қонған,
Артық болмас "Арзамбек-ғалым" десем.
Арзамбек - ел ағасы қадірменді,
Дайындаған жас ұрпақ қадірледі.
Қабыланбекті коледжге айналдырды,
Жетілдірін үстаздық, тагілімдерді.
Тарихи тұлғалардан Майлықожа,
Бейітіне тұрғызды ел сағана.
Осы бір үлкен іске мұрындық боп,
Арзамбек үлес қосты жұрттан оза.
Қаржымен мал жиналып елден енді,
Демеушілер қатары жөнге келді.
Жиынға деп сүбелі қаражатты
Өтебайдың Манабы берген еді.
Жиынға қол үзатып ат салысқан,
Ысадан
Пәзіл менен озды Оралхан.
Оралхан - ту биені қосты асқа,
Пәзілден сәйгүлік ат мінді Әсілхан.
Баласы Атаханның Манап мырза,
Қызметіне қариялар болды риза.
Жайылып кең дастархан Шайханада
Келелі сөз айтылды дәм мен тұзда.
Елеулі үлес қосқанның бірі - Әріпхан,
Ермекбай, Нұрахмет, Дәуіт, Тәжіхан.
Кеңшардан Қожатоғай - бір ат, қырық, қой,
Он мың теңге қосты Қуанышбек пен Айпан.
Алқалы бір жиында ақылдасқан,
Оқылып бабаларға дуа достан.
Сәлима - Байназардың қызы озды,
Мың тенге және үш жүз доллар қосқан
Сейіт-Омар басында боп құрылыстың,
Міндетін мойнына алды жауапты істің.
Сағана қырық бес күнде дайын болды,
Күмбезіне қадалып айдан мүсін.
Қашап өрнек граниттен қаратасқа,
Аты-жоні жазылып басқа-басқа,
Мәделі, Майлықожа, Асан ақын
Құлпытас орнатылды Жолбарысқа
Облыстан - Әсілхан, Адхам, Манап келді,
Жақсы істің бастамасын қалап келді.
Теледидар өкілімен ансамбль де,
Манаптың өзі менен қабат келді.
Баспагерлер қауымының талапты ері,
"Ордабасы оттары" сарапкері
Нармахан ақындардың ансамблыін,
Мүсіндетіп іргесін қалап келді.
Көгал сазда "Мәлмолла" маңындағы,
Жалғасып сардаланың сағымдары,
Талайдан ойда жүрген жиын болды,
Еске алынып бабалар әруағы.
Бұл ісі Арзамбектің ерлік болды,
Қызметі Манаптың да дерлік болды.
Әруағын бабалардың тебренткендей
Ынтымақ, бірлік болды, елдік болды.
Өлең жырдың зергері - бағы қалың.
Ардақтап Майлықожа әруағын:
Мың тоғыз жүз тоқсан бес тамыз айы,
Жиырма алты еді сағана салынған күн.
Мың тоғыз жүз тоқсан бірге қарағанда
Әулетін Нәдірқожа санағанда,
Отбасы бір жүз сексен болып шықты,
Одан соң үйленді көп балалар да.
Нәдірқожа әулеті баяндалып,
Осымен тұра тұрсын тамамдалып.
Әулетін Бабақожа таратайын,
Қолыма ақ қағаз бен қаламды алып.
Ахметұлы Бабақожа баласы
Бабақожа - Ахметтің екінші ұлы,
Тілі алла, дін исламда болған ділі.
Шариғаттан халыққа уағыз айтып,
Қоңыраттың Алғиының болған пірі.
Бабадан - Арыслан, Шадман, Қабыл атты,
Жетілген үш ұл өсіп, инабатты.
Бір ұлы Бөріқожа деген сөз бар,
Қабылдап кеткендерден өзбек салтты.
Бабаның Қызырқожа сағанасын,
Қызыл қыштан күмбездеп қалаған соң,
Әулиені күзетер ишан деген,
Машираб қожа атты ел ағасын.
Арыслан ғазиздердің бірі болған,
Исламды алып барған тура жолмен.
Fәріп пенен ғасірге илтифатты,
Жетім менен жесірге болған қорған.
Бабаұлы Арысланның ұрпақтарын,
Шамамның келгенінше еттім мәлім.
Ата-атаға жіліктеп ретімен
Беремін жас ұрпаққа тарап бәрін.
Арыслан ұрпақтары
Қожампатша Арысланның бір ұлы еді,
Әулиелік атаққа ие ұлық еді.
Әбдікәрім, Мәшрәб балалары,
Болжайтын алдағыны жыл ілгері.
Машрабтың баласы үшеу - бірі Шамшиддин,
Сейдрасил, Төрехан, бірі Мүһиддин.
Шамшиддиннен - Қамбар, Абдолла, Насреддин,
Муһиддиннен - Нәжмеддин, Асемиддин.
Муһиддин ғұлама екен ұлағатты,
Меңгерген тарихат пен шаригатты.
Сейіт әулеті Қызырдың шежіресін,
Жалғастырып сақтаган ұлық затты.
Қазы-Муфті қол қойып, тастық еткен,
Сан гасырлар сақталып бізге жеткен.
Шежірені Муһиддин ишан сақтап,
Мұра етіп, соңғы ұрпаққа тастап кеткен.
Осы бір қымбат жазба - жәдігерлік,
Дастанның мен жазған бұл негізі дерлік.
Сәйід-Нәбі ғалымнан көшірмесін,
Суретке алып, кітапқа қоса бердік.
Сәйідрасулүлы - Әкрам, Сман ишан,
Сейітомар, Сейітахмет Баһадұр мен.
Баласы Төрехан мен Тұрсынқожа,
Ташкенттің ескі шаһарын еткен отан.
Әбдікәрімнен - Әбсамат, Әбдіжаппар
Әбсаматтың баласы - Әбдіғаппар,
Әбдіжаппардан - Жүсіп пен Камал және
Үшінші ұлдың аты - Сейідәкбар.
Әбдіғаппарұлы - Әблазім, Сейідәзім,
Алла берер перзенттің көп пен азын
Жалғыз ұлы Әбләзім - Әбубәкір,
Жас кетті көтере алмай заман сазын.
Баласы Сейідәзімнің - Сейдікәрім,
Жұрт білер басқа да оның ұлы барын.
Жүсіптен Түрсын менен Жүніс молда,
Әбдіәкім, Әбді - Мажит баласы оның.
Сейідакбардан Сейідалы, Илияс, Қалқожа,
Камалдың ұлының есімі - Әліқожа.
Әліқожа үстаздыққа маманданып,
Жастарға тәлім берген мәлім қожа
Арысланның екінші ұлы - Мырзақожа,
Үшінші - Сейіт, төртінші Қазы қожа
Мырзадан - Әшім, Қасым, Жәдігер мен
Ережеп ағайынды - төрт ұл бала.
Әшімнен - Пәйіз, Қалқожа, Сман, Қала,
Сманнан Отеп пенен Оте ғана.
Өтесінен туылып өсіп-өнген,
Серік пен Ерік атты екі бала.
Қалқожаұлы Тәжібайдан - Лесбай, Қошан.
Спорттан деп жүр Лесбай үздік болсам.
Жастарды баулып тоғыз құмалаққа,
Дегеннен ұлттық, ойынның көзін ашсам.
Мырзаұлы Әшімнен Пәйіз ғана,
Пәйізден - Мұсақожа жалғыз бала.
Мұса өзінен көбейіп өсіп-өніп,
Үйлі-жайлы болған бар төрт ұл бала.
Пәйізұлы Мұсадан - Зиябеддин,
Әбеддин, Низамеддин, Агзамеддин:
Өнерге бәрінің де жаны құмар,
Суреттің білсем дейтін қыр мен сырын.
Әшімнің кенже ұлының аты Қала,
Қаладан қалған Сапар жалғыз бала.
Сапар белді мүше еді ұжымшарға
Қолдай көр деп жүретін дихан баба.
Сапардан - Дәрмен, Нартай, Үсен менен
Дүниеге ағайынды үш ұл келген.
Нартай нағыз нарлары ұжымшардың,
Дәрмені үстаз жастарға тәлім берген.
Мырзаның Қасымынан Жұман ғана,
Жұманнан Белқожа мен Рахматулла.
Белқожаұлы Абдірахманнан үшеу бала,
Рахматоллаұлы - Жұмабек, Ысак, жана.
Мырзаның екінші ұлы Жәдігер-ді,
Жәдігер Молдахметтей бала көрді.
Оның жалғыз баласы Әжіқожадан,
Әбдіраш дүниеге кеп өсіп өнді.
Ережепұлы Нәметтен - Өзбек пенен
Екінші ұлдың есімі Досжан деген.
Досжандар уағында белсенді боп,
Елге көрім көрсеткен нәубет кезең.
Өзбектің жалғыз ұлы Перден ғана,
Досжанның жоқ соңында қалған бала.
Жігіттер шамаң келсе жақсылық қыл,
Дүние шіркін келді-кет, кептерхана!
Арысланның үшінші үлы Сейіт қожа,
Сейітұлы Муһаммат жалғыз бала.
Муһамматтап туылып Ахмет, Құрбан,
Ахметтен Жолдас пенен Жиенқожа.
Жолдастан Кеңес пенен Кенегес-ті,
Есімі үшінші ұлдың Елемес-ті.
Бұлардан өсіп жатқан ұрпақтар бар,
Бәрін атай беруім жөн емес-ті.
Құрбанұлы - Есназар, Ерназар-ды,
Дүйсен, одан үлкені Қайназар-ды
Өтеп пенен Биназар, Ерназарға
Ұл берместен жаратқан өзі алды.
Баласы Есназардың Арынқожа,
Одан - Асан, Үсен мен Асқар қожа
Қайназарұлы Ілес, одан - Нұрмат,
Ермат, Fалым және де Алым қожа.
Дүйсеннен - Мәрахан мен Қалмахан-ды,
Әбдіхалық, соңғысы Әлмахан-ды.
Мәреханнан - Қуаныш, Нұржан менен,
Есімі үшінші ұлдың Бақытжан-ды.
Ауылдың Дүйсен "сары сандуғашы",
Сөзіне еліткен елдің кәрі-жасы.
"Ол бар жерде қажетсіз деседі жүрт,
Теледидар, әзіл-оспақ тамашасы".
Бір ұлы Арысланның Қазы болар…
Бір ұлы Арысланның Қазы болар,
Жақсының коңілінің жазы болар.
Қазыдан - Әуез, Мәден, Иманәлі,
Оразәлі, Сейітәлі, Уәліш тарар.
Әуездің төртеу болған балалары,
Солардан өсіп әулет таралады.
Назар, Сайып, Шаһпейіз Шаһсейіттің
Сопыға тән болған дер жобалары.
Назардан - Әбдіқадірұлы Ермекбай,
Ел ағасы сыпайы мінезге бай.
Көп жыл бойы жауапты қызмет істеп,
Зейнет шығып, қол берген сопылыққа-ай.
Ермекбайдан - Жорабек, Әділбек-ті,
Жігіттерден заманга бейім епті.
Жорабек биология ғылымының
Кандидаты болуға қолы жетті.
Сақыбек - Әбдіқадір екінші ұлы,
Дейтін жұрт ұстаздардан келген түрі.
Ұстаздықтан жалығып зейнет шығып,
Ауылдың молдасының болған бірі.
Жорабектің Нұрлан мен Бегалы үлы,
Үшінші үлдың есімі - Серәлі-ді.
Әділбектен
Әлішер, Қыдырғали,
Сақыбек ұлы Рүстем мен Мұхтар бірі.
Сайыптың Жүнісінен - Тәжіхан-ды,
Батырхан, Уалахан, Мамырхан-ды.
Батырхан елге әйгілі галым болып,
Денсаулық саласының болды алды.
Тәжіхан жер өлшейтін инженерден,
Қаймақ қалқып алатын қара жерден.
Төбе шашы түскенше қасқаланып,
Тізгінін жер өлшеудің емес берген.
Тәжіханнан - Насырхан, Кенесары,
Наурызбайлар дәрігер болған бәрі.
Батырхан ұлы-
Әзімхан, Төрегелді,
Уалаханнан - Қуаныш, Олжас тағы.
Мамырханнан - Ақылхан, Орынхан-ды,
Шоқан, Мұқан, Тайырхан, Қайырхан-ды.
Бірі молда, бірі шаруа, бірі дәрігер,
Кенже ұлының есімі - Оразхан-ды.
Сайыпұлы Садықтан
Омарқожа,
Азамат еді ақкөңіл жаны таза.
Зерікпей Зеңгі баба жолын қуып,
Дүниеден кетті өтіп жайып пада.
Омардан - Беделхан мен Махаметхан,
Рауханнан үлкені - Ералыхан.
Балдары әкесінен батпап асып,
Дәрігер, іскерліктен тауып жүр нан.
Сайфұлы Салыбектен - Келес, Аппақ,
Келес есепші, уағында алған жақсы ат.
Әппағы ұстаздардан тәжірибелі,
Тәрбие ісін дейтұғын басты мақсат.
Әуезұлы Шаһпейзден өсіп-онген,
Ұрпақтар бар Смайыл, Сүлейменнен.
Смайылұлы Ораздың Мырзахметіне,
Есімхан, Қасымханды Алла берген.
Сүлейменұлы Аққожадан - Сейітахмет,
Осылар Шаһпейізден қалған әулет.
Әуездің кенже ұлына азап айтып
Қойылған аты-жөні Шаһсейіт.
Шаһсейіт жалғыз ұлы - Айысқожа,
Одан Тұрдықожа мен Жаппарқожа.
Тұрдыдан -- Төлеш, Дәулет, Айдар, Мәлім,
Жаппардан -- Орынқожа жалғыз бала.
Орынқожа баласы - Қайрат, Жомарт,
Жандос пен бір ұлының есімі Марат.
Орынқожа есепке жүйрік болып,
Банкирлерден ысылған теңге санап.
Қазының екінші үлы Мәденінен,
Дүниеге ағайынды төрт ұл келген:
Байқожа, Шәріп пенен Қанқожа, Абыз,
Перзент жоқ Абызынан өсіп өнген.
Байқожаның бір ұлы Қайролладан,
Алты бала өсіп үй жайлы болған.
Балдар бар өсіп жатқан қанат жайып,
Рахматолла, Ибадолла, Байдолладан,
Жұмаділла Сейдулла Рысбекпен
Алтауының баласы онға жеткен.
Шәріптен
- Мәуленқожа, одал - Әздер.
Әздердің төрт ұлы бар ірге тепкен.
Ханқожа ұлы Полат пен Дауыл бірі.
Полаттың Сабыр менен Fафур ұлы.
Сабырдан - Сәліхан, Анарбай, Сейітжан мен
Әділбек, Әлібек, Жәнібек - алтауы үйлі.
Fафур ұлы - Бауыржан, Бақытжан-ды,
Есімі үшінші ұлдың Берікхан-ды.
Дауылұлы Тешебайдан бала екеу
Әбдімұрат және де Әбдіғани.
Fафур - маман басшыдан абтоколік,
Жауапты істі тапсырған аудан сеніп.
Шардарада талай жыл қызмет етіп,
Жақсы ісін жалғастырған елге келіп.
Қазының үшінші ұлы Иманәлі,
Баласы Бабатайдан Искандар-ды.
Мүтал менен Исақтың әулеті жоқ,
Искандардан - Таңатар, Жарғақсары,
Жақыптан - Әзім, одан - Сейітмұрат,
Кенже ұлына Нұржан деп қойылған ат.
Осымен Арыслан бітіп Шадман жайлы,
Шежіре шертер сырын салсаң құлақ.
Бабақожаұлы Шадманқожа ұрпақтары
Шадманның - Бегімқожа бір баласы,
Онан соң Айтқожа мен Әлқожасы.
Есімін кенже ұлының Бекқожа деп,
Еркелетіп осірген айналасы.
Бегімбайдан - Мүсілім, Зәйд, Әмірхан,
Әмірхан ұлы Смайл менен Ешан.
Мүсілім ұлы - Досберді, Зәйдтен Тұрсын,
Бұлардан өсіп-өнген бар біраз жан.
Досбердінің Ідіріс жалғыз ұлы,
Қолы-гүл жігіттерден еті тірі.
Құрылыс шаруасын ұжымшарда,
Ілгері сүйреп жүрген ердің бірі.
Смайыл ұлы Әби, Зұфар.
Нәбиден
-Телқожа, Әбиден - Сағындық бар.
Зұфар ұлы - Ғалымжан менен Нүржан,
Ешан ұлы - Ұлқожа, Аюп, Омірзақ, Жанызақтар.
Колхоз бастық, Кеңестің төрағасы,
Айтулы Ешан болған ел ағасы.
Кешегі Отан соғыс уағында,
Ешанның өрмелеген өрге тасы.
Тұрсыннан - Жарылқап пен Ескермес-ті,
Жарылқаптан бір қауым әулет өсті.
Орынбек, Шаймерден, Асан, Үсенінен
Перзенттер бар туылған ерте-кешті.
Орынбек ұлы - Ордабек, Райымбек, Әділбек-ті,
Асаннан Полат, Қанат, Бақыыт, Жәнібек-ті.
Үсен ұлы - Сейітқожа мен Бақтияр,
Шәймерден тоғыз ұлының алды ержетті:
Асқар, Ерлан, Ермахан мен Бауыржан,
Ғалым, Марат, Жорабек, Нүрмахан мен Нүрлан.
Ата-анасы - Шаймерден мен Айсара,
Нағыз ардақты ата-ана, үздік шопан.
Қызырдың әулетінде жеке-дара,
Тоғыз үл қатарынан тапқан бала
Айсара екен, шопаннан үздік шығып
Омырауға "Алтын алқа" таққан ана.
Ескерместен - Қуатбек, Әріпбектер,
Есімін Кенже ұлының Әліпбек дер.
Бұлардан өсіп жатқан балаларды,
Дей қоймас "тізіп бәрін дәріптеп бер".
Ескерместі сыйлап ел кәрі-жасы,
Ел басқартты құрметтеп айналасы.
Бұл кезде осы ауылдың болып қалды,
Ұлқожа, Қуатбектер қариясы.
Айтқожадан - Әбдіжалил. Әбдірайым…
Айтқожадан - Әбдіжалил, Әбдірайым,
Муһаммед-бақи, Сейіт пен төрт ағайын.
Баласы Әбдіжалил бесеу екен,
Болған дер Байназары іске қайым .
Ахмет Есім, Жүніс, Жиенқожа,
Байназар мен болады бесеу бала.
Ахметтен - Ағабек, Төлеп, Есіменен - Барһат.
Жиеннен - Елемес, Жүніс ұлы - Шәкірқожа.
Ағбектен - Бәкір, Әсіл, мен Әділбек,
Әділбегі ілімге аударып ниет:
Техника ғылымының кандидаты,
Атағына ие болғандардан бір бет.
Шәкірден - Мәлік, Мұхит, Әбдіәмитжан,
Төлептен - Асқар менен Ералы, Арман.
Елеместен - туылып соңына ерген,
Махмут, Әбдімұрат, Тәжімұрат Жанболатхан.
Әбдірайым баласы - Аяз, Әбен,
Үшеу болған кенжесі Охан менен.
Аяздан - Ілес, Әбеннен - Қали, Перне,
Қалидан бір бала бар Расул деген.
Бұл әулетте Әбенге әруақ қонып,
Ақтөбеде атақты хазірет болып:
"Ұлсызға - ұл, қызсызға - қыз беретін",
Келген екен атақты Шайық болып.
Аумастан тұрған кезде бағы бастан.
"Түф" деген түкірігі іске асқан.
Әбен берген баланың бірі осы деп,
Жұрт көрсетер "Ағанай" қарындастан.
Қалида құралақан бос қалмастан,
Бригадир көп жыл болып абырой асқан.
Марапатталып ұлы Ленин ордені мен,
Атқарған ісі жылда алға басқан.
Сейітті тегін емес деп айтар жүрт,
Қолы күймес қожадан дейді екен қырт.
Баласы Рысқұлбек қажы болып,
Тұрбатқа имам сайлаған қастерлеп мұрт
Сейіт ұлы Әзімбек пен, Әдіхамнан
Ұл бала жоқ - артында қыздар қалған.
Рысқұлбек қажының бір баласы,
Әулет бар өсіп жатқан Әліханнан.
Шадманның үшінші ұлы Әліқожа…
Шадманның үшінші ұлын Әліқожа дер,
Бес ұлынан әулеті бар өсіп өнер:
Омар, Оспан, Нұрқожа Аллаяр мен
Есімін кенже үлының - Рамша дер.
Омардан - Әшірәлі мен Балқожа,
Үшінші ұлдың есімі Кенжеқожа.
Әшірәліден - Салқожа, Мәді, Әбділла өсіп,
Балқожадан жалғыз ұл Мақсұт қожа.
Мақсұттың үлкен ұлы - Садықбек-ті,
Кішісінің есімі Мұратбек-ті.
Садықбек ұлы Тұрап, Әлішер мен
Мұратбектен дүниеге Нұржан кепті.
Салқожадан жалғыз ұл - Саидулла,
Ол ерден қалған ұрпақ Рахматулла.
Рахматулла өзінен өсіп-өніп,
Бұл кездері молдалық, түскен жолға.
Баласы Кенжеқожа - Нәсім қожа,
Нәсімнен қалған зүрят Пернеқожа.
Пернеден өсіп-өніп алты бала,
Меңгерген техниканы жұрттан оза.
Тындырмай тракторын жазы-қысы,
Перненің көп үйренер үлгілі ісі.
Балдары - Мадияр, Шадияр, Данияр, Құдияр,
Ықтияр, Бақтияр елдің өнерлісі.
Әрі - шаруа, әрі - диқан, әрі - өнерпаз,
Бейсеубет бос жүруге уақыты аз.
Перненің тәрбиелі балалары,
Ансамбльде ән салып тартатын саз.
Әлқожаның - Нұрқожа үшінші ұлы,
Нұрдан екі ұл өседі ілімге ірі.
Тәжіқожа, Мұзаффар - ғүлама ишан,
Айтқұлдың танасының болған пірі.
Тәжіқожадан туылып Сыдық, Әндар,
Мүзаффар ұлы - Ғұлам, одан - Саттар.
Сыдықтан - Ташполат, Әндар ұлы - Әлиғадан
Өсіп жатқан жас ұрпақ жұрағат бар.
Оспаннан - Назым, Бүркітбай-ды.
Екінші ұл есімі - Жүсіпбай-ды.
Бүркітбайдан - Сәлім, Орын, Кәрім, Баймахан,
Жүсіпбайдан -- Жақия, Иса Мұсабай-ды.
Сәлімнен - Fабит, Сабит, Бақыт, Рашидбек,
Баймаханнан
Нұрмахан, Ермаханбет.
Жақиядан - Махаммат Жолдас пенен,
Ергеш, Нұрлан және де Нұрмағанбет.
Исадан - Асқар менен Рұслан-ды,
Мұса ұлының есімі - Рустам-ды.
Иса әйгілі ауданның оташысы,
Дертінен айықтырған талай жанды.
Аллаярдан тарайды алты бала…
Аллаярдан тарайды алты бала:
Бірі шаруа, бірі дихан, бірі ғұлама
Әбдіраман, Уайыс, Айнақожа,
Әшір, Абыз, кенжесі Әбу қожа.
Айнақожа ғұлама молда болған,
Тарйхат шариғатқа жорға болған.
Заманында көп шәкірт тәрбиелеп,
Пәк көңіл әулиелік жолда болған.
Ағайын жинап алып жамағатын,
Жария етіп ойындағы өсиетін.
Айтқан дер кереметпен қалт жібермей,
Дүниеден өтетін уақты-сәтін.
Айнақожа ұлдары бес ағайын:
Абдімүтәл, Әбдіпәтта, Әбдіқайым,
Әбдіразақ және Әбдімәліктерден,
Ұрпақтар бар өсіп жатқан әр жыл сайын.
Баласы Әбдімүтал - Мырзахымет.
Шарасіл, Қожахмет, Сейітахмет.
Кенже ұлының есімі елге әйгілі
Геология ғалымы Нұрахмет.
Ғалымдардың қауымы еткен құрмет,
Табанды ұстаздардан Нұрахмет.
Тәрбие тәліміне оның берген,
Шәкірттері айтуда сан рақмет,
Қастерлеп баба жолын етіп құрмет,
Ақ, жолына дін-Ислам бұрып ниет.
Шымкенттегі ислам институтын,
Басқаруда бұл кезде Нұрахмет.
Айнақожа бір ұлы - Әбдіқайым,
Кәсіп еткен диқаншылық шаруа жайын.
Әбдіоқап, Әбдіжаппар, Әбдіхалық,
Балдары шаруалардан қарапайым.
Әбдіразақ баласы - Әбдіәкім,
Ерлерден техникаға жаны жақын.
Көп жылдар мекемеге басшы болып,
Танытқан іскерлік пен елге атын.
Әкімқожа баласы -. Дінмұхаммед,
Әбдікерім жана да Нұрдәулет.
Бұлар да үйлі жайлы отан құрып,
Алды ата болғаннан сүйіп перзент.
Қасиетті қара шаңырақ басып орнын,
Әбдіпәтта атаның қуып жолын,
Ауылдың ортасынан мешіт құрып,
Жастарға аңлатуда оң мен солын.
Айнақожа кенжесі - Әбдімәлік,
Зеңгі ата жолын тұтқан етсем дәріп.
Қой сойып шақырудан тайынбайды,
Ашу мен айқасқан соң сияқты алып.
Баласы Әбдіпәтта - Әбдісамат,
Асан-Үсен егіз ұл өскен қабат.
Әбсаматтан - Асадулла, Данияр, Нәдір
Асаннан - Ниғметулла жайған қанат.
Үсен ұлы Файзулла мен Сайдолла,
Осылар болашақта болар молда.
Жиырма бес отбасы екен есепке алып,
Әулетін Айнақожа санағанда.
Аллаяр ұлы Уайыс алып екен,
Қазақ, сарт қайратына қанық екен.
Бір өзі он адамның жейтінін жеп,
Жиырманың ісін істеуі анық екен.
Әбдіраманнан - Әбділла жалғыз ғана,
Тұрдалы одан қалған жалғыз бала.
Әбуден - Әбдіәзім, Fафур, Әбдішүкір,
Әшірден - бір Тастемір шыққан дара.
Тастемірдің қолы гүл - ұсталардан,
Құрылыс үй-жай салу іске маман.
Тасмағанбет, Бақытжан, Ралымжан мен
Балдары төрт ағайын Тасқожа мен.
Аллаяр ұлы - атбегі Абыз деседі жұрт,
Қайтпайтын беттегеннен айналып сырт.
Абыз "Қызыл" атанған атын баптап,
Бір елге абырой атақ, әкелген құт.
Қаралы, ақтаңдақты кезде нәубет.
Тың жерге су шығарған арық кеулеп,
Қалық жауы аталып мерт болса да,
Әруағын "Абыз-арық" жатар тербеп.
Абыздан - Адамқожа асып батпан.
"Қожахан" табанынан топырақ, атқан.
Қашсада кейде ордаңдап жуас аттай,
Азанды айтатыннан қыраһатпен.
Адамқожадан - Абыл мен Әбдінәсір,
Әбдікерім көлікпен адам тасыр.
Автокөлік айдауға маманданып,
Сөзі бар тыңдаушыға етер тәсір.
Рамша - кенже ұлы Әлқожаның,
Әр істің істейтұғын болжап алдын.
Жүсіп пен Ысақ атты ағайынды,
Артында екі бала қалган оның.
Жүсіптің Сүлеймен мен Дәуіт ұлы,
Майталман мамандардан Дәуіт ірі.
Елге еңбек сіңірген зоотехник,
Атағын алғандардың болар бірі.
Жақсы іске жан аямай шешінгеннен,
Сөйлесе ақ көңілден шешілгеннен.
Оңтүстік биязы жүн қой тұқымын,
Шығаруға қатысып өсіргеннен.
Дәуіт ұлы Бақтияр, Абит, Сабит,
Құрылыста Бақтияр - бастық, инженер - Абит.
Сәбиті облыстық заңгерлерден,
Бәрі де өз ісінің білгірі анық.
Сүлеймен - молдалардан салауатты,
Халық,қа уағыздайтын шариғатты.
Ежірейе тіке қарап бейнамазга,
Батыра айтатұғын насихатты.
Лебізі кейде ащы кейде тәтті,
Бірде мәйім сөйлейді, бірде қатты.
Мінез бар Сүлейменде қилы-қилы,
Бірде ожар, бір кездерде инабатты.
Замандас жезделерге көңілі ақ,
Әзілімнен көңіліне түспейді дақ.
Сөз тартымды болсын деп суреттедім,
. Теңеуім әзіл емес, шындық бірақ…
Шадманның бесінші ұлы Беккожа…
Шадманның бесінші ұлы Бекқожадан,
Отбасы алтау бүгін отан болған.
Баласы Бекқожаның Лабектен,
Алтын, Әймен дейтұғын екі ұл қалған.
Алтын үлы Мүһиддин жалғыз бала,
Одан бір Егемберді өскен дара.
Әйменнен - Рақым менен Шмаммі өсіп,
Рақымнан қалған ұл Ортай ғана.
Баласы Егемберді - Мәулен, Сәрсен,
Бейсебай, Дүйсебайы - іскер өңшең.
Рақым ұлы Серік, Елікбай,
Дейтіннен темірден ат ерттеп мінсем.
Бабаның Қабылқожа үшінші ұлы
Бабаның - Қабылқожа үшінші ұлы,
Дордиған қос ерінді екен түрі.
Лақап атқа айналып кеткен екен,
"Дордақ" деп айтып кеткен жеңге сыны.
Мыңжасар - Қабылқожа екен ұлы,
Ұқсайды жан болғанға сүйегі ірі.
Мыңжасардан тараған төрт баладан,
Бердәлінің болған дер еті тірі.
Ағасы Бердәлінің Сапаралі,
Інілері - Шерәлі, Жүсіпәлі.
Сапаралы ағаш үй ұстасы екен,
Қолынан өнер тамған толық, сары.
"Сапаралы - шымқорек, Өмір - семіз,
Ет піскенше мейіз бен тары жеңіз"
Деп айтылған кертолғау қанатты сөз,
Қалыптасып халық аузында қалған лебіз.
Өлшеусіз ас жейтұғын тәбеті бар.
Жемейді десе жемес әдеті бар,
Сапаралы - өнерлі алып екен.
Көтермелеп сөйлеуді көңлі үнар.
Сапаралыдан Палқожа өсіп дара,
Қалмырза, Ілес одан екі бала.
Бердәлі ұлы - Ибрайым, Абауқожа,
Шеріәліден бір бала Жиенқожа.
Баласы Ибрайымның Сейдікарім,
Іскер басшы болғаны жұртқа мәлім.
Өзінен бұрын ел қамын ойлайтұғын,
Жақсы ісінен жастар көп алған тәлім.
Бір ұлы Ибрайымның Әмзе және
Соңына өсіп жатқан төрт үл бала:
Сағидолла, Ақжол, Әбдікәрім, Сейдіәлім
Алланың атын жүрген аузына ала.
Балдары Сейдікәрім төрт ағайын:
Әмір, Дархан, Сәбит, Бақыт іске қайым.
Әмірі - аты әйгілі ғалымдардан,
Еңбек жазған зерттеп изен жайын.
Абаудан - Сейітәкбар, Сейітжаппар,
Әліакбардан қаланған төрт үрпақ, бар.
Жиенқожа баласы - Тоққожа мен
Қасымнан да бар біраз жүрағаттар.
Жүсіпәлі баласы - Жүнісәлі,
Тілмаш, мүрап болған жан, молда әрі.
Артында ұл бала жоқ, үш қыз қалып,
Түрмыс құрып отан боп кеткен бәрі.
Мың тоғыз жүз сексен бес жылға қарап,
От басын Баба әулеті көрсек санап:
Екі жүз қырық, жеті үй болып шықты,
Бүған үйлер қосылуда күн-күн санап.
Шежіреде Баба қожа ұрпақтары
Қамтылды дей алмаймын тегіс бәрі.
Бір ұлы Бөрі қожа деген сөз бар,
Өзбектің құрамында жүрген әлі.
Кеттеұлы Жиенқожа баласы
Әуезұлы Кеттеден төрт ағайын,
Таратып әулеттерін баяндайын:
Жиен, Есен, Кемел мен Батырқожа,
Үрпақтары бұл кезде жамағайын.
Құда жекжатқа айналып қыз алысқан.
Қожа әулеті іздемес қызды алыстан.
"Қызырдан шыққан қыдырып қалар" деген,
Аталы сөзді ардақтап тіл табысқан.
Туыстық, етпесін деп текке нұқсан,
Жеті атаға жеткен соң қыз алысқан.
Қожалардың айналып дәстүріне,
Бұл кезде ірге теуіп енші алысқан.
Жиенқожа дер Кеттеұлы біріншісін,
Қызырдың жалғастырған ұлық ісін.
Нәдір мен бірге барып Арқа еліне,
Насиғат еткен ислам құдірет күшін.
Жиырма бірінші хикая
Жиенқожа
Керемет әулиелік бойға дарып,
Нәдір мен Жиенқожа Арқа барып.
Арғынның шаншарынан шыққан шешен,
Келеді Қызыл биге сырттай қанып.
Құдықтан арғымағын би суғарып
Тұрғанда жолығады қолын алып.
Қызырдың әулетіміз деп айтады,
Десе би кім боласың танымадық.
"Болған ба ит те - Қызыр, қүс та - Қызыр,
Қызырыңа мен емес көңлі жібір.
Жолың мен келген қайтып кете бер!" - деп,
Айтады екеуіне сөздерін зіл.
Кеткенін екеуінің қырдан асып,
Коріп би түрғанында көңлі тасып,
Кенеттен өлі тиіп арғымақтың,
Құлағанын көрді де қалды сасып.
Япырмай қалдым ба деп қара басып,
Шақырып бір жігітін көңілі ашық.
Ебін тауып қайтар деп тапсырады,
Екеуді бара жатқан қырдан асып.
Артынан екеуінің қуып жетіп,
Сәлемдесіп ізетпен құрмет етіп,
Сіздерді келсін деді би қайрылып,
Сөзімді артық, айтқан ғапу етіп,
Жабысып екеуінің шаужайынан,
Баяндап Қызыл бидің қал-жайынан.
Қуғыншы алып келді би алдына,
Қайтарып кері қайтқан жол бойынан.
"Бізді жұрт арғындағы шаншар дейді,
Шаншу сөз айтса құмары тарқар дейді.
Сөзімді осы айтқан кешіргінде,
Кеселін арғымақтың қайтар"дейді.
"Ауруда - шаншу, сөздегі - қанқу жаман",
Атыңа өлі тиіп шаншулаған"
Деп екеуі дұға оқып дем салғанда,
Арғымақ басты демін ырсылдаған.
Жатқан ат дүр сілкініп түрегеліп,
Қи тастап қимылдады іреңі еніп.
Үйіне қос қожаны қонақ етті,
Қызыл би кереметін көзбен көріп.
Бар еді бидің қызы жеті жылдай,
Жынды болып байлауда жатқан ұдай.
"Сауықтырсаң нәзірге бердім" деді,
Уәде етіп алдында жалғыз құдай.
Ауруды екі қожа алдына алып,
Оқып құран сүресін демін салып,
Жеті күнде жазады кеселінен,
Қызыл би таңданады қайран қалып.
Қызырдың әулетіне бағы биік,
Қызыл би қызын берген басын иіп.
Нәдірқожа Нәзірге берген қызды,
Қосады інісіне неке қиып.
Онан соң Нәдір елге аттанады,
Пір тұтып Жиен қожаны апқалады.
Ислам дінін елге насихаттап,
Жеті жыл пір қызметін атқарады.
Сауққан қыздың аты Дәмелі екен,
Ажары ай секілді әдемі екен.
Жиенге ой келеді елге оралу,
Есіне түсіп үй-жай өскен мекен.
Бір кеште Дәмелі ана көріп түсті,
Баяндайды түсінде көрген істі.
Бірі көкжал, біреуі сары сабалақ,
Бөріні көрдім дейді түсі сұсты.
Пайда боп көкжал жаққа сәуле жарық,
Жатқан көп жүмыртқаға болдым қарық.
Сары сабалақ жағынан қызылшүбар,
Жұмыртқаны байқадым деді анық,
Жиенқожа Дәмелі жорып түсін,
Қуаныш билеп кетеді көңіл құшын.
Екі бала туарсың бірі батыр,
Бірі байлық-дәулет пен сынар күшін.
Жұмыртқа үрпағы оның өсіп өнер,
Бірі батыр, біреуі сөзге шебер.
Бір құдай екі әруақ, жар боп дәйім,
Соңғы әулетті әрдайым жебеп-желер.
Деп жорып Дәмелінің түсін көрген,
Қол жайып Жиенқожа бата берген.
Жүсіп пайғамбар жоруы болғай да деп,
Тәтті үміт пен әйелі ләззатенген.
Тура болып жоруы айтқан пішіп,
Құдай әруақ жар болып мейірі түсіп.
Дәмелі жыл аралап екі ұл тапты,
Ат қойған азан айтып Ыса, Жүсіп.
Жеті жыл Жиенқожа Арқаға асып,
Білімі бойындағы судай тасып,
Муридтті есебі жок, тәрбиелеп,
Еліне қайта оралу болған нәсін.
Алдынап күтіп алып Аққыз ана,
Атына атты ұқсас қойып жаңа,
Енді сен "Тәттіқызсың" деп айтыпты,
Болсын деп тату-тәтті екі ара.
Аққыздан төрт, Төттіден екі ұл өсіп,
Екі рулы ел болған Сырда көшіп.
Арадагы дауды бір қыз бітіріп,
Қыз алысқан бауыр мен құйрық жесіп.
Аққыз бен Тәттіқыздың әулетінен,
Дүниеге келген ер көп нәубетімен:
Ыса, Жүсіп, Асқар, Жәбек, Мәделілер,
Топтан озған ақыл ой дәулетімен.
Баласы Жиенқожа - Қонар, Ыса,
Жүсіпқожа, Қылыш пен Жүніс, Мұса.
Қонардан - Сұлтан, Асқар, Әлім, Әзім,
Әулет бар бәрініңде ізін қуса.
Қонарқожа баласы
Адамнан бері қарай кесек-кесек,
Артық болмас сансыз ер етті десек.
Сексенінші ұрпағы Қонар екен,
Шежереден мөр басылған есептесек.
Әзіреті Әлі шері Мұртазаға,
Отыз бір ата екен Қонар қожа.
Әулетін сол Қонардың баяндайын,
Тұңғышы Кетте ұлының Жиенқожа.
Қонардан төрт ұл болған жұртқа мәлім:
Сұлтан, Асқарқожа мен Әзім, Әлім.
Сұлтанның Тасқожа атты баласының,
Жұрт дәріптер есепсіз дүние малын.
Сұлтан қожа баласы
Сұлтан ұлы Тасқожа ғана болған,
Жер қайысқан төрт түлік малы болған.
Жанасып жақсысы мен қалың қазақ,
Құда болып қыз алған даңы болған.
"Есепсіз Тасқожадай малын болсын,
Не мендей ат қайысқан бағың болсын.
Жанасқың келсе қалың қазақпенен,
Шалқып жатқан дәулетің қалың болсын"
Деп айтыпты Есімхан Мәделі ұлы,
Заманында мықтының болған бірі.
Есімханның қанатты әр бір сөзін,
Жатқа айтар қариялар көзі тірі.
Жаз жайлауы Дарбаза, Көкшымылдық,
Ақдала, Араптөкті мен Қосқұдық,
Бақа мен Бадам бойлап Ордабасы,
Тау жайлап қайтады екен аракідік.
Коктемде кеурек өсіп, раң, қызғалтақ,
Жайлауға ірге тепкендей жұпарлы бақ.
Жаз бен күзде жайылымы қалың жусан
Қыс жайлы келген жылы шыққан қыстап.
Қыс қысырап жып-жылы болмай жылда,
Қалың қар қаһарлы аяз болып қырда.
Малын қырып жүтатып кететүгын,
Жүт та болып түрган дер әр он жылда.
Жұттан қорқыып қарамал, жылқы, қойын,
Ықтатқан кей жылдары Сырдың бойын.
Байтоғай, Қосжарсуат, Ысқалының
Тоғайын қыстайды екен қойын-қойын,
Тасқожа жүтты көріп үш мәртебе,
Қырылған мал сүйегі болған төбе.
Қайтадан шаруасын тіктеген дер,
Табиғат апатына төтеп бере.
Тарақты Есенбек дер есепшісін,
Жаралған адам екен шаруа үшін.
Сайгүлік бәйге аттарын бабында үстап,
Атқарған қоса қабат атбегі ісін.
Тасқожа Есенбекке сеніп малын,
Биліктің алыс-беріс беріп бәрін.
Есенбекке тындыр деп айтады екен,
Келсе егер ісі түсіп біреу жарым.
Дейді жұрт Тасқожаны сақы болған,
Сайгүлік жүйрік бәйге аты болған.
Берейін хикая етіп бір тұлпарын,
Айтулы "қара жүйрік" аты қалған.
Жиырма екінші хикая
Қаражүйрік
Арабы-Қарабайыр заты болған,
"Қаражүйрік". атанған аты болған.
Бұданнан шыққан нағыз тұлпар екен,
Тасқожа Жызақ жақтан сатып алған.
Қыңырақтың қыратының ойындағы,
Келестің кең салалы бойындағы,
Бәйгеге Қаражүйрік бапталуда,
Болатын Қаңлылардың тойындағы.
Жеміне арпа мен тек сұлу беріп,
Атшабар терін алған күйде желіп.
Атбегі қадагалап жүйрік жайын,
Қаңтартқан көк бидайық, гүлін беріп.
Сусынга су орнына қымыз беріп,
Жүйріктен шыққан тердің түзын көріп,
Есенбектің ежелгі әдеті екен,
Сынайтын суыған ат түрін көріп.
Қалайша сайгүлікті баптағанның
Қыр-сырларын етпестен жұртқа мәлім,
Есенбек ертелі кеш қадағалап,
Баулитын жаттықтырып атшабарын.
Атақты Айқожа ишан шөбересі,
Жұмаділла мағзұмның немересі.
Нақып үлы Шамшиддин - жиен екен,
Жүретін бәйге атына кетіп есі.
Баланың байқап бапкер ықыласын,
Бәйге атына ауған мұрт-мұқыласын.
"Екен деп әрі пысық, әрі жеңіл.
Жүйріктің дейді жиен терін алсын".
Бәйгеге суытылған Қаражүйрік,
Бүгіліп бауырынан мойны иіліп.
Кететін құланға ұқсап құмда жортқан,
Ойқы-шойқы денесін алса жиырып.
Басында қырым ет жоқ құлан құлақ,
Аягы алшақ біткен болат тұяқ,
Қақпан-бел, омыраулы, талыс-танау,
Қой-мойын, өндіршекті кең жұтқыншақ.
Қаражүйрік бәйгеге бапталуда,
Қандай адам қызықпас ат шабута.
"Бәлен жерде бәлендей жүйрік бар" деп,
Даңқы мен дабырасы тас жаруда.
Қоңыраттың жел жетпейтін қос жүйрігі,
Қаңлының Қарақасқа қас жүйрігі,
Бәйгеге қосылмақ деп дәрштеуде,
Дулаттың аты шулы бес жүйрігі.
Сіргелі Бекмұраттың Керқұласы,
Жауқаштының Сүркөжек сұңғыласы.
Бәйгеге қосылады деп жүрген бар,
Шанышқылының Шаңқанбоз шаң жұқпасы.
Бәйгеге суытылған Қаражүйрік,
Сүзілген жібектей боп жал мен құйрық.
Сомдалған бұлшық, еттер денедегі,
Бұлтылдар бірде жиырылып, бірде түйіліп.
Аңдысқан атбегілер бірін-бірін,
Бапкердің білу үшін құпия сырын.
Қоңыраттар жансызын Есенбекке,
Жібереді бәйгеден бір күн бұрын.
Есенбек бұл жағдайдың алдын ойлап,
Жібекпен қара жүйрік тілін байлап,
Тыңшы есітер дауыспен баласына,
"Атты қой, ажырыққа" дейді жайлап.
Даңқынан Қаражүйрік қауіптенген,
Қоңыраттар қос жүйрікпен суыт келген.
Қояды Есенбекше ажырыққа,
Тыңшының айтуы мен көріп келген.
Келестің бойындағы Қызылжарда,
Той болып ұлы жиын қаңлыларда.
Есепсіз уақ, мал мен ірі-қара,
Сойылды ту бие, тай емген арда.
Сапырылып сары қымыз саба-саба,
Құйылып қонақтарға шара-шара.
Етке бөгіп ентігіп отырғанда,
Жаршылар шықты әр жерден айқай сала.
Қарақшы қадап қыңырақ баурайына,
Жердің қарап ыңғайлы аужайына,
Шарапханадан ат шабу белгілепті,
Сыбайлас Қазығұрттың тау жағына.
Төрешілер есептеп алыс-жақынын,
Шамамен болар депті елу шақырым.
Керешілер екі жүз есептепті,
Ұзын санын шабатын бәйге атының.
Қоңыраттың сарапшысы келіп жақын,
Көреді аңлап қос жүйрік бәйге атын:
- Әттең-ай қойыпсыңдар табын бұзып,
Аттарыңның бәйгеге шабылатын.
Содан соң тағы да ол басын шайқап,
Ат жегенін ажырық қойды байқап:
Бәйгеге басқа қосып әуреленбей,
Аттарды кете бергін елге айдап!
Деді де қос жүйріктен көзін үйіріп,
Қарады тұрған жаққа Қаражүйрік:
Жануар, бабында екен, оған бүгін,
Бәйгенің түр ғой деді алды бұйырып!
Сарапшы осыны айтып сырт айланды,
Қазығұрт тарабына ат айдалды.
Шәмшиддінің басына шытты тартып,
Есенбек үйретуде ат айдауды:
Барғанша аяңдата желіп отыр,
Шаң қаптырмай желге ырық беріп отыр.
Тізгін қағып атыңды алқындырмай,
Бір қалыпты қимылын сезіп отыр.
Қайтарда жөн тізгінді тежегенің,
Келіспес кейін тартпақ кежегені.
Бірдің соңы болғын да озып кетпе,
Жетеді тек тақыммен жебегенің.
Қыратты қырқа аспай қиялап шық,
Тізгінді тежеңкіреп ұстағын нық.
Шалқаламай алдыңа бейім отыр,
Сияқты шырғай асық түсетін бүк.
Ат шабуға шыдар тек тағат қылған,
Сақ бол қалқам көлденең көк аттыдан.
Бүйірден шаншудай боп сарт ететін,
Демегін арам ниет жоқ антұрған.
Көмбеден Шарапхана шыға шапқан,
Аттың көп болуы һақ жұлдызша аққан.
Тізгінді ірке ұстап алға тартқын,
Аңысын аңлап шабудың шаңсыз жақтан.
Екі мен бірдің соңы болып отыр,
Ат жалына тұйғындай қонып отыр.
Қалмасын ат тасырқап абайлағын,
Жерлер бар тастақталған жоны қотыр.
Ылдилап Ақжар жаққа беттегенде,
Аттың басын қоя бер көп тежеме.
Онан кейін өзі алға басып озар,
Дегізбес Қаражүйрік әттегене.
Ал енді жөне, жаным, шаңда қалма!
Жар болсын екі әруақ, жалғыз алла.
Айтқанымды қалтқысыз орында - деп,
Баланы аттандырды салып жолға.
Сайгүлік алуан түрлі не бір саңлақ,
Екі атты екі айдаушы мінген таңдап,
Қадағалап тұрсын деп жол жөнекей,
Әр жерге керешіні қойған сайлап.
Атақты Қазығұрт тау маңындағы,
Жазыққа Шарапхана жанындағы,
Тізіліп сайгүліктер тырна қатар,
Қайтуға дайындалды тегіс бәрі.
Айдаушылар қаз-қатар тізіп бәрін,
Қайт деген жарлықтарын етті мәлім.
Жөнелді атшабарлар алға қарай,
Сүзілтіп жүйріктердің құйрық жалын.
Дауыстар ұран тастап саңқылдаған,
Саңлақтар ауыздығы қаршылдаған,
Желдей есіп көтеріп көкке шаңды,
Жүйіткуде жер танабын тарту менен.
Ұранға кімнің қозбас арқалары,
Арқаланса құмары тарқағаны.
Жер-көкті лүрілдетіп келеді аттар,
Бар күшін бойындағы сарқа бәрі.
Топтан торай шалдырмай құстай шүйгіп,
Оқ, бойы алға шықты үш сайгүлік:
Бірі - құла, біреуі - торалаяқ,
Біреуі аты шулы Қаражүйрік.
Үш саңлақ, маң далаға етіп билік,
Қалың топтан қара үзіп шықты түйіліп,
Керқұла мен Торыны алға салып,
Келеді Қаражүйрік тістеп қүйрық.
Деп тастап тұяқтарын асықша иіріп,
Ұзаққа шапқан сайын бойын шиырып,
Қыңырақтың баурайына бетті түзеп.
Екеудің шықты алдына Қаражүйрік.
Я, Алла бола гөр деп өзің пана,
Аллалап ұран тастап өтті бала.
Аяғын тапырақтай басып алға,
Келуде Қаражүйрік жеке-дара.
Келіп жетті көтермеші ұрандатып,
Демеуге үзеңгі мен шылбыр тартып.
Айқай-дүбір жүйрікке беріп қуат,
Шылбырын сипатпастан кетті ұзатып.
Бәйгеден жалғыз келіп Қаражүйрік,
Бас бәйгені алады Алла бұйырып.
Ағайындар олжаға қарық болып,
Аулына масаттана қайтты жиылып.
Дәріптеп Қаражүйрік шабыстарын,
Теберік етіп олжа табыстарын,
Қожаның жігіттері қайтты ауылына,
Жүйріктің жайып елге дабыстарын.
Риза болып Есенбек еңбегіне,
Жүйріктің бәйгеде озып келгеніне,
Тасқожада төгілген деп айтады,
Жүрек-жарды той беріп елдегіге.
Көктемнің зауза айы еді шуақтанған,
Қызғалтақ-шытыр кілем сияқтанған.
Маңына Ордабасы Тасқожа бай,
Кез еді көшіп келіп түрақтаған.
Тұлпарға Қаражүйрік қарау менен,
Сипалап құлақтарын танау менен.
Уқалап умасының шаңын үгіп,
Күнде әуре жал-құрығын тарау менен.
Шамшиддин шаң жүқтырмай жүйрік атқа,
Жалықпай үзақ күнді салып артқа.
Терін алып келген соң қайта оралып,
Қаңтарып суытатын ұстап бапта.
Шоқыға шығып жиен ауық-ауық,
Бой тіктеп қарауынан етіп қауіп,
Тасқожаның келіні Рабиға,
Аңдайтұғын жүргенде бие сауып.
Шәмшиддін күндегіден ерте тұрып,
Ер-тұрман әбзелдерін атқа ұрып.
Терін алып қайтатын әдетімен,
Жөнелді сайгүлікке мініп суыт.
Оралып уағында келмегенін,
Секемнің көңліндегі дәл келгенін,
Атасы Тасқожаға хабарлайды,
Шәмшиддін жиендігін сезген келін.
Тасқожа шақырып алып Есенбекті,
Дерегін өзің біліп келсең депті.
Арыстың өткел бермес тасуынан,
Кері қайт өтсе аман-есен депті.
Есенбек қасына бір жігітті ертіп,
Жүйріктің ізіменен көтті жортып,
Тасыған Бадам судан кешіп өтіп,
Арыстың өткеліне кетті тартып.
Желдей есіп желігіп қызып алған,
Есілген сайгүліктің ізі қалған.
Арыстың өткелінен өтіп жиен,
Қайда деп тартып түрған Жаңақорған.
Басқан із әлде қашан қалған суып,
Арыстың өткеліне келді жуық.
Сүрады бір шопаннан сол маңдағы,
Көрдің бе деп аттыны өткен суыт.
Шопан айтты қара атты өткендігін,
Өзеннен жүзіп аман кеткендігін.
Мінгені астындағы жараулы екен,
Тасуы деді өзеннің өктем бүгін.
Сендер әуре болмандар отемін деп,
Артынан қара аттының жетемін деп.
Өзенді тасып жатқан көктеп өтті,
Ойланбастан суға ағып кетемін деп!
Шопанның хабарына болып қанық,
Судан аман откенін біліп анық,
Есенбек кері қайтты ауылына.
Тасқожа тапсырмасын ойына алып.
Шәмшиддін жиендіктің істеп жолын,
Кеткен дер нағашыдан үзіп қолын.
Тасқожа да қутыншы жіберменті,
Дауына ағайынның сілтеп қолын.
Осылай хикаясы Қаражүйрік,
Жиенге нәсіп болған Алла бұйырып.
Сол Шәмшиддін үрпағы жүз жылдан соң,
Нағашыға бас ие келді жиылып.
Жиеншар - Шәмшидіннің бел баласы
Елеусіз екен үлкен қариясы.
Атаның өсиетін орындауға,
Жиналып келген екен кәрі жасы.
Қауышып жиендермен үмыт болған,
Жүрекке от пайда болып суып қалған.
Мың тоғыз жүз жетпіс бес жыл жазында,
Жалғанды жиен жібі үзіп қойған.
Нағашылар-жиендер дидарласып,
Әңгіме-дүкен қызды сүбхаттасып.
Жиендер қонақ болып қайтты еліне,
Сан жылғы сағыныштың мауқын басып.
Осымен хикаясын Қаражүйрік,
Аяқтайын шежіреге беріп билік.
Әулетін Тасқожаның баяндайын,
Жүйрікті дәріптеуден бойды жиырып.
Тасқожа ұлы - Сейітәлі, Қазыбекті,
Нұрәлісі дүниеден ерте өтті.
Сейітәліден - бес, Қазыбектің төрт ұлынан,
Таратамын өсіп-өнген әулетті.
Сейітәлі заманында мырза болған,
Жомарттығына жұрты дән-риза болған.
Майлықожа сияқты ақындардың,
Асыл сөзін үйде көп тыңдау болган.
Жақсылардың түсетін үйі болған,
Үйінде думан-жиын жиі болған,
Өнерін ақын-жырау марапаттап,
Беретін мол сияпат-сыйы болған.
Қайырымды жан екен, қолы ашық,
Сауап іске жүмсаған малын шашып.
Жасына пайғамбардың жеткеннен соң,
Меккеге кеткен дейді қадам басып.
Қабыл болып зияраты ниет еткен,
Еліне оралмапты барған беттен.
Қаһбаны үш айналып тәуеп етіп,
Дер "Меккеде уақыт күні біткен".
Стамбүлдан алынып, Меккеге өткен,
Теберік Мәнбай құран бізге жеткен.
Жолдастары атаңның көзі осы деп,
Қолына әкеміздің табыс еткен.
Сейітәлі үлкен ұлы - Тәжібек-ті,
Дүниеге Тәжібектен - Нәдір кепті.
Нәдірдің Әбибулла ағасынан,
Бір қыз қалып өздері ертеде өтті.
Нәдір қожа бригадір болып епті,
Отан соғыс жылында майдан кетті.
Нәдірдің Камалқожа баласынан:
Қалдыбек, Алтынбек пен Жеңісбек-ті.
Сейітәлі екінші ұлы - Ақылбек-ті,
Ақылбек дүниеден ғапылда өтті.
Дарияға ат жалдатып жүргенінде,
Деп айтар қапылыста батып кетті.
Ақылбектен Телқозы өсіп дара,
Артында қалды оның үш қыз бала.
Азамат үйлі жайлы болып кеткен,
Олардан өсіп өнген бала-шаға.
Сыр шертсем Сейітәліұлы Айнабектен,
Бұлбұлдай заманында сайрап өткен.
Қазығұрт, Өгем, Арыс, Шыршық, Сырдың елін,
Өлең-жыр асқак, әні қайран еткен.
Той-жиынның гүлі боп жайнап өткен,
Серілік салтын құрып сайран еткен.
Атақты Майлы ақынға шәкірт болып,
Өлең-жырды теңселте айдап өткен.
Атағы алты дуан елге кеткен,
Әуені талайларды делбе еткен.
Ән салса айлы түнде есітіп жұрт,
Алты қырдан астынан демде жеткен.
Майлыұлы Жолбарыспен жақын болып,
Бір жүріп ақындықтың нәпін көріп.
Батасын Майлықожа берген екен,
Жыршылық, өнеріне көңілі толып.
Құбылтып алуан түрлі әнге салған,
Ұлағатты сөзінен жұрт үлгі алған.
Айнабекте жұрт барар жайға кеткен,
Кімге опа қылар бұл дүние жалған.
Махамбетәлі - Айнабек үлкен ұлы,
Қатардағы жауынгер болған бірі.
Хабарсыз-ошарсыз жок, болғандардан
Мың тоғыз жүз қырық бір соғыс жылы,
Айнабек екінші ұлы - Ахметәлі,
Көңілі-көл, қолы-гүл, пәк-таза еді жаны.
Отыз жыл емханада еңбек еткен,
Қызметіне тәнті еді жұрттың бәрі.
Ахметәліден - Айтқожа, Сапарқожа,
Нұрәлі, Нұрлыбек пен Батырқожа.
Бәрі де отан болған үйлі жайлы,
Жас ұрпақ, өсіп жатыр қанат жаза.
Айтқожаның баласы - Бақытқожа,
Нүрәліден - Азамат, Талғатқожа.
Сапарқожа баласы - Бегалы, Еркін,
Нұрлыбектен - Нұрлан, Батырдан -
Қанатқожа.
Айтқожа құрылысшы-инженерден,
Облыстық, басшылық, та істеп келген.
Қалалық әкімшілік қарауында,
Бұл кезде істеп жүрген қызметкерден.
Нүрәлі - заң орпында ішкі істер.
Қызметін атқарып токкеннен тер.
Сапарқожа, Нұрлыбек Батырқожа,
Еңбек еткен ауылда қатардағы ер.
Айнабекұлы жазған бұл шежірені,
Түрсынәлі есімін деген елі.
Өзімді өзім келмей түр дәріптегім,
"Өзі жайлы өзге айтқан жөн" деген еді.
Баласы Тұрсынәлі Әбутәліп,
Жүсіпәлі, Ысман, Серіәлі мен Мірәлі.
Бұлардан осіп жатқан исмерелер.
Өлеңімдей өзіме шырын бәрі.
Әбуәлі - су техник инженерден,
Жүсіпәлі, Сманәлі дәрігерден.
Серіәлі мен Мірәлі орта буын
Техник - ауылдағы шаруагерден.
Әбуәліден - Нүрсейіт күйге бейім,
Өлең жырдан құры болмас қойса зейін.
Жүсіпәліден - Мұхтар мен Исмайыл,
Қатарынан озса - озар, қалмас кейін.
Исманәлі баласы Сейітжаннан,
Іскер шықса деймін жүрт үлгі алған.
Асан-Үсен бірі дәрігер, бірі зергер,
Болса деймін қолынан өнері тамган.
Серіәлі ұлы - Жансейіт, Сейітмұса,
Бірі шаруа бірі ілім жолын қуса,
Жас келіндер талантты тауып бала,
Өнер менен ғылымға белін буса.
Сақтап Алла кездейсоқ, нәубетіңнен,
Жақсылар шықса деймін әулетімнен.
Жаратқан жарылқай көр жас ұрпақты,
Кенде қылмай перзент-бақ, дәулетіңнен.
Рақымбек - Сейітәлінің төртінші ұлы,
Рақымбекұлы - Орынбек, Саттар бірі.
Орынбектен - Жамал мен Амангелді,
Саттардан - Сейіткәрім, Сейіт-Омар-ды.
Рақымбектің лақабы Кемер еді,
Көңлі аққан дариядай кемел еді.
Өлең-жыр мен хикая-дастандарын,
Тыңдаған рахатқа бөленер-ді.
Орынбек - қариялардың тереңі еді,
Көкірегі күмбірлеген шежіре еді.
Үзақ, жыл үжымшарда жылқышы боп,
Құрығын Жамалына берген еді.
Сенімін әкесінің Жамал ақтап,
Ісіне сай марапат алды жақсы ат.
Атанып малшылардың марқасқасы,
Жастарды жақсы іске жүрді бастап.
"Көл деген көп тілеуі" болып нәсіп,
Жамалдан - Ибрагим-Серік өсіп,
Ірге теуіп іскерлер қатарынан,
Жүргеннен түбірлі істің түйінін шешіп.
Амангелді ұлы - Нұрлан мен Шоқанқожа,
Үстаздар санатынан шықпақ оза.
Бірі спорт, бірі есептен үздік шығып,
Игермек тәлімгердің ісін таза.
Сейдікәрімнен - Алдан мен Қожа, Сүннәт,
Қанігі шаруалардан Үсен, Мұрат.
Сейітомардың Ержан мен Көпжандары,
Суынан нәр алуда білім-бұлақ.
Сейітомар сопылардан тілі ысылған,
Зеректік қабілет бар тумысынан.
Мұсылман медресесін ашқандардан,
Уағыздап елге жолын дін-ислам.
Fасырдың жиырмасыншы іскерінен,
Көңіліне шытырман жәйт құш келіген.
Белді деген ғалыммен тілдессе ол,
Сауалы ұйықтап жатса түске кірген.
Сейітәлі бесінші ұлы - Ибатбек-ті,
Оның жалғыз перзенті Маханбет-ті.
Маханбет Отан соғыс құрбаны боп,
Ол ерден қалған үрпак, Анарбек-ті.
Анарбек ұлдарының бірі - Рысбек,
Бекқожа мен Аққожа, Райымбек.
Бұлардан өсіп жатқан ұрпақтардың,
Есімін сұрап алар еткен керек.
Төрт бала - Тасқожаулы Қазыбектен:
Медетбек, Сүйеубек, Ешан, Ағабекпен.
Баласы Медетбектің Ысаққожа,
Қабыланбекте талай жыл қызмет еткен.
Ысақ, жаннан отанпаз ерлікті ұнар,
Әскери шен-шолпыдан таққан тұмар.
Бұхардан қалыңсыз қыз алып келген,
Өзіне Разияны етіп сыңар.
Ысақұлы - Өмірзақ, Қайрат батыр,
Қызметін отан қорғау өтеп жатыр.
Екеуі де инженер-офицерден,
Соғыс ісін меңгерген қалмай ғапыл.
Қазыбек екінші ұлы Сүйеубектен,
Төрт ұл бар үйлі жайлы бәрі ержеткен.
Жеткіншек он төрт үл бар өсіп жатқан,
Байдәулет, Назар, Құмар, Ережептен.
Байдәулет заң ісіне болып жүйрік,
Ауылдың кеңесіне етті билік.
Аудандық прокурордың қызметтерін,
Атқарды абыроймен асықша иіріп.
Байдәулеттен бес үл бар, үлкені - Абжан.
Әбдіжәліл, Пернебек, Ақжол, Көбжан.
Бәрі де үйлі жайлы отан болып,
Перзенті бар жаңадан қанаттанған.
Назардан - Сабыржан мен Әкімжанды.
Нұрлан, Ербол азамат болған алды.
Құмардың ұлы - Нұржан, Ерлан менен,
Ережептен - Нұрғали бала барды.
Қазыбек үшінші ұлы - Ағабектен,
Үш бала отан болып үй тербеткен.
Сүннаттан - Ермек, Рахматолладан - Қалдар, Берді.
Рақымқожа туылған - Шындәулеттен.
Қазыбек кенже үлы - Ешан еді,
Ақ көңлімен көгерткен көсегені.
Елдің нағыз айтулы ағасы еді,
Орындайтын ағайын десе нені.
Ешекең ел ағасы көсем еді,
Шырмалған іс түйінін шешер еді.
Ердәулет, Ергеш пенен Әбдіғаппар,
Жарасар орнын басар десем енді.
Балалар өсіп жатқан Ердәулеттен:
Нұрсұлтан, Нұрлан, Сабыр, Нұрдәулетпен.
Ергеш ұлы - Асқарқожа мен Ерғали,
Әбдіғаппардан - Ербол, Еркін, Ерланбекпен.
Сұлтаннан өсіп-өніп тарағанның,
Отбасы қырық бір болды санағаным.
Желісін шежіренің аударайын,
Баяндауға Асқардың балаларын.
Асқардың балалары
Жазсам деп тарихаттың жаңа жағын
Ақ қағазбен қолыма қалам алдым.
Асқар жайла хикая баяндайын,
Талдаудан бұрын оның балаларын.
Жиырма үшінші хикая
Асқар датқа
Қонардың екінші ұлы Асқар датқа,
Жан екен ие болған жақсы атқа.
Уағында Беглербектің Ташкендегі,
Билік еткен алты ата қоңыратқа.
Тақ тұрып айтқанына Көктіңұлы,
Уағында беделдінің болған бірі.
Қара қылды қақ жарған әділдікпен,
Жиында шешеді екен дауларды ірі.
Мекендеп Ташкент, Бадам, Сырдың бойын,
Сіргелі, Дулаттар да бұрып мойын.
Халыққа қорған болған ерден екен,
Күш-қайрат аямаған ақыл-ойын.
Аз емес айтылған сөз Асқар жайлы,
Жырлаған Мәделі мен ақын Майлы.
Жолбарыс ақын артына сөз қалдырған,
Азумен шешендерше білеп айды.
"Қанай датқа, Сапақ, би, Асқар болып,
Халқыңа үш қарқара, дастар' болып.
Үшеуің Көкұлына қорған болдың,
Халқыңа қала болып, асқан болып".
Деп Мәделі уағында сипаттаған.
Алдында дұшпандары қипақтаған.
Асқар датқа айбынды адам екен,
Сыншылар бойынан бір мін таппаған.
Қожадан Асқар өткен бағы биік,
Алты ата Көктіңұлы басын иіп.
Хан алдында қадірі артқан екен,
Дардан адам құтқарған арқан қыйып.
Деп өлеңмен сипаттап ақын Майлы,
Соңына сөз қалдырған Асқар жайлы.
Асқар датқа ақылды адам екен,
Кем көрмейтін тең көрген кедей-байды.
Қожада әуелі озған Асқар, Жүсіп,
Түлпардай шыққан екен қасарысып.
Алты ата Көкұлы елге хан болған дер,
Уақтында тамам елді басқарысып.
Деп Жолбарыс ақында баяндаған,
Fазиздер жақсы сөзін аянбаған.
Әділет пен шындықты жақтайтұғын,
Асқар датқа болған дер аяулы адам.
Қайтқанда бір жиыннан Жүсіпқожа,
Асқар алға шығады топтан оза.
Астындағы мінген ат ер Жүсіпке,
Корінеді саф алтын болып таза.
Қызырдағы айтулы көшпелі бақ,
Асқарға ауды дейді Жүсіп болжап.
"Ел билігін енді Асқар алсын дейді,
Алтын ат астындағы депті алтын тақ, ".
Осындай Асқар жайлы аңыздама,
Шындықтың сыры жатар аңызда да.
Қариялар кәрік,үлақ еске алып,
Асқарды деп айтады нағыз дана.
Қапсағай, кең маңдайлы, ұзын қара,
Ақылы ашуын жейтін нағыз дана.
Атына заты да сай екен депті,
Қырғыздың бір сыншысы - ақылы сара.
Атақты Бегларбектің заманында,
Ташкенттің халқы көп хан базарында.
Жендеттер бір қазақты дарға асуға,
Қыл арқанды салады тамағына.
Асқарға бір кейуана кемпір келіп,
Жігіттің хал-жайынан хабар беріп.
Салығын өтей алмай балам дарға,
Асылмақ дейді азалы күйге еніп.
Атымен Асқар датқа дарға барып,
Суырып қынабынан қылышын алып.
"Қылыш үстінде серт түрмас деген бар" деп,
Арқан қыйып босатып алғаны анық.
Жан сауғалап тірліктен үміттеніп,
Асқарға аман қалған жігіт келіп,
Орындауга дайынмын депті тақсыр,
Не қызметті тапсырсаң бүйрық беріп.
Мен сенің қызметіңе қызықпадым,
Арызына анаңның қызып бардым.
Балам жаза алуда деп жылады,
Төлей алмай бектердің салықтарын.
Рахым етіп кейуана көз жасына,
Азаттық алып бердім мен басыңа.
Енді сен бір ұстындық терек жеткіз,
Қоятын депті сарай-там басына.
Қызметің одан басқа қажеті жоқ,
Кімге опа қылар бұл дүние-боқ.
"Ер құнына тең ұстын" деп жүрсін жұрт,
Кетерміз келсе бір күн сүм ажал-оқ.
Асқардың немересі Тайыр ишан,
Кереметін жұрт көрген зайыр ишан,
Мынау деп ер құнына келген үстын,
Көрсететін көзге жас алып ишан.
Жан екен Асқар датқа қадірі артқан,
Дос жараны көп болган қазақ-сарттан.
Мырзабидің қыргыны боларында.
Асқарға ел жақсысы иек артқан.
Келіперлер жиылған потуаға,
Мәжілісті өткізін құпияда.
Дау тагдырын ретіне келтірулі.
Шешсін деп түйіндеді Асқар аға.
Беделді Ташкент, Қоқап, Бұхар жаққа,
Дау тағдырын шешсін деп Асқар датқа.
Жиынға жиналғандар сенім артып,
Тараған жай-жайына мініп атқа.
Асқар датқа бірі еді сабырлының,
Демеді көпшілікке ауыр мұның.
Сөз берді аянбауға шама келсе,
Халықтың көтеруге ауыр жүгін.
Датқа менен Беглербек кездескенде,
Қырдағы қырғын жайлы тілдескенде.
"Сен де құры емессін бұл істен" деп,
Ұқсайды күмәнданып күн кешкенге.
Бетіне тік келе алмай белдескенде,
Ерлігін жасай алмай елдескенде,
Зұлымдықпен у беріп өлтірген дер,
Басында бұл сойқанның бар деп сен де.
Тамамдап хикаясын Асқар датқа,
Әулетін баяндайын жамағатқа.
Асқардың алған тоғыз әйелінен,
Жұрағат бесеуінен қалған артқа.
Асқардан бала жетеу өсіп-өнген:
Ахмет, Өмірбек, Далбай, Жәдігер мен
Жәбек, Бабек, кенжесі Әкімқожа -
Соңғысы Ташкент шәрін мекендеген.
Ахметтен - Қошан, Қантай, Мырзахан-ды,
Қошан - елдің дәулетті болған алды.
Қантайдың бір баласы Серікбайдан,
Тасқожа өсіп одан бес ұл қалды.
Тұңғышы Тасқожаның - Оразалы,
Есімі екінші ұлдың Сматәлі.
Оралхан мен Мейірбек, кенжесі Оңғар -
Осылар Серікбайдың ұрпақтары.
Қошан ұлы - Ибадулла, Жұмаділла,
Жүзімбек, Шардарбекті берген Алла.
Ибадулла баласы Әбдікерімнен,
Әбдіқасым Сейітқасым екі бала.
Баласы Жүмаділла - Сүлеймен-ді,
Сөзге ұста Сүлейменді "сүлей" дерді.
Топты жарып суырыла сойлегенде,
Аузына жұрт қаратқан ірі ерден-ді.
Сөз сарасын сұрыптап салмақтаған.
Досқа қорған дұшпанға айбат болған.
Беделді қариялар санындағы,
Ауылдың ағасы еді ардақтаған.
Сүлейменнің балдары - Егемберді.
Өзінен Егемберді көбейген-ді.
Барһат пен Орынқожа, Орынбасар,
Аз емес бұлардың жас көбеңдері.
Жүзімбек ұлы - Инаят, Сейдіәзім,
Онан соңғы Ескер мен Әбдіәзім.
Инаяттан - Тассейіт, Сейіәзімнен - Қуандық,
Қансейіт туылады Әбдіәзімнен.
Ескер ұлы - Елеусіз, Елемес-ті,
Оған Рашид, Толеген ере өсті.
Бұлардан осіп жатқан үрпақтар бар,
Бәрін тере беруім жөн емес-ті.
Шардарбектен - Иса, Мүса, Нышанбай-ды,
Шаруалардан еңбекқор жұртқа жайлы,
Нышанбайдан - Жақып, Бақыт, Ақан, Еркін,
Мұсадан - Ербол, Исадан - Асан, Досанбай-ды.
Ахмет ұлы - Қошанның балалары,
Жиырма бес от басы болар бәрі.
Ахметтің екінші ұлы Мырзаханнан,
Шежіренің желісі таралады.
Мырзаханның баласы Жұмабектен,
Әулет бар Боранбай, Нұр, Әуелбектен.
Жұмабектен - Әбу мен Дәріқожа.
Әбу Отан соғыста мерт боп кеткен.
Дәріқожадан - Бекқожа, Есепқожа,
Әбдіқалір, опан соң Сейілқожа.
Бұлардап өсіп жатқан балалар бар.
Балапан сияқтанып бауырын жаза.
Оралбектен - Мырзабек, одан - Кеңес,
Кеңесқожа перзепттен кепде емес:
Көбей, Данир, Алдияр, Рақымжан мен
Бақытжандар қатардан қалам демес.
Боранбай ұлы - Құзар, Райыс - мерген,
Райыстың мергендігін көзім көрген.
Ауытқып оты босқа кетпейтұтын,
Атқанда қырғауылды дәлдеп көзбен.
Өзін аулақ, ұстайтын артық, сөзден,
Трактордың ақауын үнінен сезген.
Райыс техниканы ерттеп мініп,
Еңбектің ерлерінен дала кезген.
Қүзар ұлы - Дүйсен мен Үсен, Сәрсен,
Алымқожа, Нұрлыбек ерлер өңшең.
Райстан - Бақыт, Ербол, Еркебүлан,
Қыдырбайы төртінші ұлы есептесең.
Нұрқожа ұлы - Аппаздан - Тұрсынқожа.
Екінші ұлдың есімі - Тұрдықожа.
Түрсыннан - Артық, Әкім, Бердіқожа,
Кішісінің есімі Еркінқожа.
Түрдыдан - Ергешбай мен Бақытжан-ды,
Осы менен бір ата тамамдалды.
От басы Мырзаханның өсіп өнген,
Есептесек он беске жетіп қалды.
Асқар ұлы Далбайдан
Асқар ұлы Далбайдан - Икрам-ды,
Өсіп-онген Икрамнан - Шырынхан-ды.
Баққожа, Ортай, Ешаны ертеде өтіп,
Жаратқан перзент бермей өзі алды.
Қонарлар Ақыл салып Далбайына,
Далбай қарар әр істің хал-жайына.
Далбай ұлы Икрамда ұлық болған,
Жан екен Төңкерістің жағдайында.
Алғашқы кедей-қосшы съезінде,
Төраға етіп Шымкент уезінде.
Икрамды сайлаған дер риза боп ел,
Іскерлік пен байсалды мінезіне.
Икрамның қара орнын басып қалған,
Шырынханы сауатты молда болған.
Баласы Шырынханның Амангелді,
Жаратқаннан жалынып тілеп алган.
Амангелді балдары - Әбдісәлам,
Әбдімәлік, Әбдімәулен, Әбдікәлан.
Асқарұлы Далбайдың ұрпағының,
От басы төртеу екен отан болған.
Асқарұлы Өміректен - Оразымбет,
Төленді, Шаубай дүние салды ертерек.
Оразымбет баласы - Тіллақожа,
Жалынып жаратқаннан алған тілеп.
Жан еді Тіллақожа инабатты,
Үлдары - Тасқожа, Әлхан, Анар атты.
Отбасы он болыпты есептесек,
Бұлардан өсіп жатқан жамағатты.
Асқардың төртінші ұлы - Жәдігерден,
Дүниеге үш бала екен келген.
Әбу, Ергеш перзентсіз дүние салып,
Бұғыбайдан Кәрім мен Тәңірберген.
Кәрімнен - үш, Тәңірден екеу бала.
Отбасы бұл әулеттің үшеу гана.
Жас ұрпақ өздерінен өсіп-өніп,
Көбейтсін өмір беріп Алла-тала.
Асқарұлы Жәбектен - Әділбек пен
Әулет бар таралатын Қасымбектен.
Әділбек ұлы - Егізбай, Асанқожа,
Үш ағайын болады Жақыпбекпен.
Баласы Егізбайдың - Шарап, Ерген,
Шараптан дүниеге төрт ұл бала келген:
Орынхан, Омархан мен Мұрат, Марат,
Ергенге бір Арапты Тәңірім берген.
Бұлардан да жастар бар қанаттанган,
Қатарынан қалмауға талаптанған.
Жақыпбектен - Омірзақ, одан
Асқар,
Асаннан жоқ бүл кезде үрнақ қалған.
Қасымбектің баласы Жандарбек пен,
Әулет жоқ алғашқы ұлы Айдарбектен.
Мырзақожа ұлы - Нышанхан, Сопыханнан,
Жас ұрпақ қанат жайып бар ер жеткен.
Жандарбек жан болған дер салауатты,
Ұжымға тартқан талай жамағатты.
Аша-тұяқ қоймауға ат салысқан,
Болған дер белсендінің бірі атақты.
"Жандарбек-ау сауындықты-да ойлан! "
Деп әкесі балаға талап қойған.
Қанатты соз халыққа тарап кеткен,
Бос сөз емес сияқты шыққан ойдан.
Жәбекұлы Қосжан мен Қалдарбектен.
Ұрпақ жоқ өсіп-өніп бізге жеткен.
Жәбек биден тараған әулеттердің,
Отбасы әзір сегіз ірге тепкен.
Асқарұлы Бабектен
Асқарұлы Бабектен - Момын, Арыстан
Әлжан, Жолан - Момынның орнын басқан.
Арыстаннан - Әлсейіт, Тоқтақожа,
"Апиын" дер Тоқтаны ел әуел бастан.
Баласы Момынқожа - Әлжан, Жолан.
Әлжанның ұлы үшеу отан болған.
Арынқожа, Әріпқожа, Кеңесінен
Есебі от басының он үйлі жан.
Арыннан - Керімқожа, Айқожа, Әздер,
Әріптен - Байқожа, Әлқожа, Мейірхан дер.
Кеңес ұлы - Атахан, Берік, Серік.
Бұлардан баршылық, жасөспірімдер.
Жоланнан - Әбдіразақ, Әбдуәлі,
Ержеткен Разақтың бұл ұлдары,
Ідіріс, Рысқожа, Жүнісқожа,
Үйлі, бала-шағалы болған бәрі.
Әбдуәліқожаның төрт ұлы бар:
Бақыт, Фархат, Бегалы, Ералылар.
Момынқожа әулетін есептесек,
От басы өсіп-өнген он төрт болар.
Бабектің екінші ұлы Арыстаннан,
Тоқтақожа, Әлсейіт дедік қалған.
Әлсейіттен әулет жоқ, Тоқтасынан,
Алты ұл бар өсіп-өніп отан болған.
Қалдарқожа Мұстапа, Сапарбек пен
Нәбіқожа, Кәдірбек, Қанатбектен:
Он төрт ұл қанаттанып жетілуде
Әулетін Тоқтақожа таратбақ, кең.
Асқардың жетінші ұлы
Асқардың жетінші ұлы - Әкімқожа,
Қазақтан тілі өзбекке жақын қожа.
Әкім ұлы Тайыр мен Сейіткәрім,
Шығарған ишандықпен атын қожа.
Тайыр ұлы - Сейідмагрұп, Сейідахмет,
Сейідахмет дүние салған қалмай әулет.
Сейідмағруптан - Сейідәлі, Сейіднәсір,
Сейітәкбар, Сейідмапыр, Сейідмахмат.
Сейідәліден - Сейідмәлік, Сейіддәуран,
Сейідмүрат жанада Сейідағлам.
Сейіднасыр баласы Сейіднадір,
Сейідмахмуттан - Сейіджасур, Сейід-жалан.
Сейідмапырдан - Мақсұт, Мәжит, Сейітасқар,
Болашақ ишан болар бұлар жастар.
Осылар Тайыр ишанның әулеті,
Пірім деп айтатұғын замандастар.
Сейідкәрім ишаннан Сәйід-нәбі,
Сейідуәлі, Сейідәзім, Сейідғаны.
Сейіднәбі баласы - Сейідабрар,
Сейідғаныдан - Сейідәзиз, Сейідәлі.
Сейідуәлі баласы - Сейідәкрам,
Сейідбахрам жанада Сейідикрам.
Сейідәзімнен - Сейідәлім, Сейідәкімал,
Әулеті Асқар осылар - сайыпқыран.
Жоғарыда Сейіднәбі қажы жайлы,
Баяндап айтқан едік біраз жайды.
Сейіднәбі ғұлама докторлардан,
Ғылымға жастайынан болған сайлы.
Университет, институтта ірі-ipі,
Абройлы ғалымдардың болған бірі.
Ғұлама зиялыдан зейнет шыққан,
Ишанзада әулеттен көзі тірі.
Осымен Әкімқожа балалары,
От басы он екі боп саналады.
Бұл әулет өзбектерге сіңіп кеткен,
Тегі араб болғанмен бабалары.
Асқардың өсіп-өнген балалары,
Тоқсан тоғыз от басы болды бәрі.
Әлімнің әулетінен кезегімен,
Сыр шертіп шежіре енді таралады.
Қонардың үшінші ұлы
Қонардың үшінші ұлы - Әлімқожа,
Қызырдың әулетіне мәлім қожа,
Дәулет пенен перзентті тәңірім беріп,
Күшейте түскендерден әлін қожа.
Әлім ұлы - Сарт, Әбатай, Оразалы,
Қарабала, Төлтай мен Әбадалы.
Жетінші ұлы Кенжебек молда болып,
Әулеті Әлімқожа таралады.
Сартұлы - Әбдінәсір, Садыққожа.
Жақсылардан сөз айтқан жүрттан оза.
Әбдінәсір ұлы - Әбдікәрім, одан - Тұрсынғали,
Садық ұлы Жамалбек пен Камалқожа.
Камалдан - Аман менен Бердіқожа,
Жамалбектің Сапары шықты оза.
Ұжымшар, бригада ел басқарып,
Озаттан алып жүрген табыс таза.
Баласы Сапар қожа - Ақылбекті,
Ақырал, Алтынбек пен Әсілбек-ті.
Аманнан - Дәурен менен Нұрлан, Ержан,
Бұл кезде Сарт әулеті алты үй бопты.
Оразалы баласы Сақы ғана,
Сақыдан Жүсіпқожа жалғыз және.
Жүсіп ұлы Нысан мен Әсетқожа,
Бірі шаруа, бірі жүр құрылысты ала.
Әсеттің Асқары мен Әсеті бар.
Көрген жан жанасқандай жақсы аты бар.
Білікті құрылыстың инженері - Әсет,
Ойы бар, талабы бар, мақсаты бар.
Нысаннан - Мұстафа, Сейдан мен Муханбет,
Есімі кенжесінің Нұрмаханбет.
Сейданы аты шулы шабандоздан,
Аты жүйрік бапкерлер еткен құрмет.
Сейдан ұлы - Нұржан мен Нұрдәулетті,
Маханбеттің баласы Ердәулетті.
От басы Оразалы әулетінің,
Есептесек бес үйге енді жетті.
Әлімқожа баласы
Әлімқожа баласы Әбатайдан
Ислам, Кенжеқожалар үрпақ, жайган,
Исламның баласы - Мұса, Остемір,
Иса-Кенжеқожа үлы Тоженбайдан.
Мұсаүлы - Мырзақожа, Тәжібай-ды
Есімі кенжесінің Жұмабай-ды.
Бұлардан өсіп жатқан балалардың,
Алды өсіп отан болып бұтақ, жайды.
Мырзақожа үлгілі үстаздардан,
Қабыланбекте шәкірттер тәлім алған.
Баласы Мұхтар, Бақыт, Бауыржан, Мейіржан,
Ержетіп екі ұлы отан болған.
Өстемірұлы - Дүйсенбай мен Құдияр.
Дүйсенқожа төртіншісі - Бердияр.
Бұлардан осіп жатқан балалардың.
Алғашқысы болғаннан жылқы жияр.
Әбатай екінші ұлы Кенже қожа,
Айдарбек, Ертай өткен уақыттан оза.
Кенже қожа баласы Тәженінен,
Жас қалып жалқы өскен Исақожа.
Исақожа "Қасжомарт қасаптардан",
Қажетті несиеге етін алған.
Тойыңда төлерсің деп келгендерге,
Қойдың етін бүтіндей бере салған.
Исаұлы - Меңліқожа, Салыққожа,
Сейітқасым, Жақсылық, Палқожа.
Бұлардан өсіп жатқан балалар бар,
Кәсіпке қасапшылық, қолын соза.
Осылар Әбетайдың әулеттері,
Кем емес қатарынан дәулеттері.
Он алты от басы деп бұл әулетті,
Өтеміз қарабалаға кезектегі.
Қарабаладан туылып
Қарабаладан туылып ірге тепкен,
Екі ұл болған Мейірбек, Қыдырбекпен.
Мейірбектен - Зәріпбек, Әбдіқадір,
Бала жоқ Қыдырбектен бізге жеткен.
Зәріпбектің азамат бес ұлы бар:
Сәдірқожа, Әліпбек, Әбдімутал,
Нажамеддин мен кенжесі Әбеддин-дер,
Отан құрып перзентті болған бұлар.
Сәдірқожа - замана іскерінен,
Сауда ісі көңліне құш келінген.
Халық қажетін отеуде ең өзекті,
Өзге емес өзінің күштерімен.
Ойлаған бір өзі емес халық қамын,
Еңбегімен еселі тапқан нанын.
Нағашыдан Сәдірге ауды дер жүрт,
Дәулеті Мәделіұлы Есімханның.
Ерлердей ел намысын қорғайтүғын,
Әр істің болашағын болжайтұғын,
Сәдірқожа талапты жігіттерден,
Бастамасын жақсы істің қолдайтұғын.
Сәдірден - Әбдіқожа, Ерғали бар,
Нұрмұхаммед және де Нұрғалилар.
Әліпбектен - Досыбек, Әбеддиннен -
Әбдімүталдан - Әбді, Әбдімәлігі бар
Оразбек,
Әбдіқадірұлы - Асқар, Әбдірәйім,
Жеткіншек Бақыты бар одан кейін.
От басы бүгін таңда алтау екен,
Қарабала ұрпағы алты ағайын.
Әлімнің бесінші ұлы
Әлімнің бесінші ұлы Әбәдәлі,
Ел билеп сөз сөйлеген маганалы.
Әбәдәлі үлының Сейітімен,
Артында қалмапты ұл балалары.
Әлімнің алтыншы ұлы Төлтайынан,
Бәкірқожа жетіліп ел таныған.
Бәкірұлы Омірзақтан - Марат пен
Қайрат пен Бақыт, Талғат төртеу ұлдан.
Әлімұлы Кенжебек білімі мол,
Молдадан шаригаттан көрсеткен жол.
Уағында мектеп үстап шәкірт баулып,
Пір тұтып мүридтері тапсырған қол.
Кенжебектің баласы Адахамнан,
Бақыт осіп үйлі-жайлы отан болған.
Бақыттан - Толқын, Еркін менен Нұржан,
Жастардан мектептегі тәрбие алған.
Осылар Кенжебектің әулеттері,
Уағында аталғаннан бір ғазиз жан.
Қорытып айтсақ Әлім ұрпақтары,
Отыз тоғыз от басы болар бәрі.
Қонардың төртінші ұлы Әзімінен,
Шежіре сырын шертер мұнан әрі.
Қонардың кенже ұлы Әзімінен,
Жаңабай жалғыз бала біздер білген.
Жаңабайдан - Сарыбас пен Шаһнасуп,
Үш бала туылады Бахадүр мен.
Сарыбастан - әулет жоқ, Бахадүрден
туылады - Шамсұддин, Мүһиддинмен.
Мүһиддин ұлы - жалғыз Нәсір қожа,
Үл перзент жоқ қыз бала - Шамсудиннен.
Нәсірдің төрт ұлының бірі Әсілхан,
Әлиәкбар, Әлиасқар мен Әуезхан.
Шаһнасүп баласы Омарбектен
Хұсанқожа, Әбдішүкір мен Мұхтархан.
Құсанқожа баласы - Нәдір, Шәдір.
Шүкірден - Мәлік пенен Зікір, Батыр.
Нәсірұлы Әсілхан отан болып,
Жас ұрпақтар жетіліп келе жатыр.
Өсіп-онген Әзімқожа үрпағынан,
От басы бессу бүгін отан құрған.
Қонарқожа баласы жүз сексен төрт,
Отбасы екен жинасақ, ой мен қырдан.
Қылыш ата баласы
Қылыш ата - Абала, Әуез, Толеген мен
Әзімбек - аға-інілі төрт үл көрген.
Абаладан -- Сәһат пен Нәт туылып,
Нәттен үрпак, қалмапты өсіп-өнген.
Сәһат дәулетті болыпты сәтіменен,
Даңқын жайған сақылық атыменен.
Атбегі, құсбегілік салтанаттың,
Жан екен жүрттан артық, нәпін көрген.
Белдеуден - ат, тұғырдан - қүс кетпеген,
Қадала қарағанның көзі өтпеген.
"Сәһат, Сатанат, Қалыбек -- қазынам" деп,
Дуалы ауыз Есімхан суреттеген.
Сәһаттен - Ажақ, туылып, Арызбекпен,
Перзентсіз дүниеден Ажақ өткен.
Қарабек, Айдақара, Досыбай мен
Үш бала туылады - Арызбектен.
Арызбек заманының биі болған,
Ел-жұрты қадірлейтін сыйы болған.
Қырық күн тойын жасап қыз ұзатқан,
Дәулетті сән-салтанат күйі болған.
Қарабектен -- Мәдіхан Төлепберген.
Екі бірдей бала бар өсіп-өнген.
Айдағара баласы - Шопалат, Полат.
Шопалат - екеу, Полаты - төрт ұл көрген.
Шаполаттан - Амангелді мен Ханқожа,
Амангелді баласы - Серік, Әжікожа.
Ханқожадан - Нұрлан мен Нұрғалилар,
Жастардан өсіп жатқан қанат жаза.
Шаполат - Қожатоғай қойын баққан,
Саулықтары егіздеп қозы тапқан.
Елу жыл ел сыйлаған қадірменді,
Озат аға шопан боп абырой артқан.
Досыбайдан - Әзімхан, Қалдықожа.
Қалды шыққан қатарының алдына оза.
Қалды ұлы - Бәкір, Әкім, Мыңайдар мен
Дәнияр, Ашоққожа, Бақтиярқожа.
Бақ-дәулет оралады ордасымен,
Су ағады ежелгі арнасымен.
Дәулеті Сәһат пенен Арызбектің,
Қалдыға келген сынды мал-басымен.
Баласы Әзімханның - Асан қожа,
Дегеннен атақты аспаз болсам қожа.
Сауда мен қазан бағын берсе Алла,
Түрі бар болмайтұғын осал қожа.
Тастемір - Әзімханның екінші үлы,
Өзінің қатарынан сүйегі ірі.
Көзі көрген Досыбайды қариялар,
Осы дер атасына тартқан түрі.
Сәһаттың бір інісі Төлеген-ді.
Құсбегі екен таңдантқан өнері елді.
Бүркіті қасқырларды қоянша іліп,
Баптаумен жолбарысты алган дер-ді.
Төлеген үлы - Момбек, Төребек-ті,
Үшінші ұлы оның Әсілбек-ті.
Момынбектен - Искандар, Исламқұл,
Төребектің баласы Тұрғанбек-ті.
Тұрғанбектен - Дүйсебек, Талғат, Оспан,
Есімін кенже ұлының қойған Досжан.
Әсілбектен - Исахан, одан - Исақ,
Есімі екінші ұлдың Мүсілімхан.
Тұрғанбек ер тұлғалы палуан еді,
Онері ат үстінде алуан еді.
Күш сынасқан сайыста басым түсіп,
Әр жерде абыройды алған еді.
Жоқтық, жомартың қолын келте етті,
Түрғанбек дүниеден ерте отті.
Күш қайратын орнына пайдаланбай,
"Әттең-айы" іші-бауырын өртеп өтті.
Жиырма төртінші хикая
Төлеген құсбегі
Азырақ, сөз қозғасам Төлегеннен,
Ерекше - құсбегілік өнері елден.
Тағының алуан-түрлі жүмбақ сырын,
Білетін дейді нағыз көрегеннен.
Сылқым-Сыр, сиқырлы-Сыр сылаң қаққан,
Шың-құздан бастау алып төмен аққан.
Нарын, Қарадәрия, Шыршық, Келес,
Арыстың өзенінен айдар таққан.
Тоғайында сыңсыған қамыс-құрақ,
Тораңғы, тал мен жиде жүпар сыйлап.
Ақ баттауық, қараолең, қоңыраулы
Шеңгелінен түрғандай күй сылдырлап.
Жыңғыл мен қарабарқын, нулы жиек,
Қумында өскен сексеуіл, қоянсүйек,
Жарсуат, кенере үсті құм-шоқылар,
Кейуана кемпір сынды қызыл иек.
Жұпарлы жусанды алқап, қызыл изен,
Табиғаттың сыйындай құмға тиген.
Әр жерде ойдым-ойдым оскен қаулап,
Ат құлағы көрінбес қалың бүрген.
Төлеген бүркітімен "қарашолақ,",
Саят құрып жүргенде тамашалап,
Құм-шоқының маңынан ізін көрді,
Жолбарыстың жүріп өткен іле-шалақ.
Қырағы аңшы барлап жан-жақты,
Жолбарыс жатқан жерді болжалдапты.
Төлеген жедел жетіп ауылына,
Алты қанат көрегені түйеге артты.
Пілтелі мылтық, қанжар, айбалта алып,
Қоржынына жіп-таңғыш, арқан салып,
Жанына екі жігіт ертті-дағы,
Жолбарыс жатқан маңға түсті барып.
Құсбегілік - Төлеген өнері еді:
Мықтан таңып тігілген керегені,
Үстіне қыран құсын қондырды да,
Оңтайлап қойды мылтық, селебені.
Жігіттерге тез енді кеткін деді.
Түйені алып ауылга жеткін деді.
Жолбарыстың кәрісі әккі болар,
Құс құйылса тигізбес тепкі деді.
Ол жағдайда қыран құс мерт болады,
Жауды алу жолбарысқа серт болады.
Аман қалса шабады маған қарай,
Мылтық-қанжар сол сәтке сеп болады,
Жасы болса қыранға қарсы шабар,
Қарсы шапса қыранның бағы жанар.
Бұл жағдайда олжалы боламыз біз,
Олжалансақ, өзімнен болар хабар.
Деп екеуін қайтарды ауылына,
Көңлі сеніп қыранның қалыбына.
Томаға тартып құсын үшырады,
Қанды басты басқын деп бауырыңа.
Құс шықты шырқау кокке үшып самғап,
Қалықтап ноқаттай боп көктен барлап.
Бір сәтте тіліп кокті төмен қарай,
Құйылды бірде зулап, бірде саулап.
Төлеген көріп құстың боздағанын,
Тілеуде жаратқаннан жол болганын.
Қанаты жалт-жұлт ете кокті тіле
Түскенде, болды деді болжағаным.
Жолбарыс ұмтылғанда көкке қарай,
Қара құстан тебуге келді орай.
Жан-жағына шашылып кетті миы,
Қыран бүрді шеңгелін қанға бояй.
Тоят алды барыстың ойып көзін.
Билеп бойын олжалы болған сезім.
Отырды қоқилана несін күтіп,
Дегендей құс патшасы мен бір өзім.
Төлеген сылап-сипап қыран құсын,
Ажыратып шеңгелінен жолбарысын,
Тілінен кесіп алып пышагымен,
Тоят берді ашуын басу үшін.
Жолбарыс алған бүркіт даңқы тарап,
Бірге саят құруды көңілі қалап,
Алыстан ат сабылтып Төлегенге,
Келеді бүркітшилер көп нан-талап.
Тау қыранын баулыған құсбегілер,
Керемет екен деп бұл түске кірер.
Ілдіріп тау тағысын қайтқын дейді.
Болса егер көңіліңізге құш келінер.
Топ құрған саятшылар қонып атқа,
Сый деп бұл Алла берген адамзатқа.
Өгемнің өлкесіне аттапады,
Ілмек боп тау тағысын саяхатта.
Аралап Өгемнің қүз биіктерін,
Аулап түлкі-қарсақ, пен киіктерін,
Мол олжамен оралып келе жатса,
Қараңыз бір топ ит-құс киліккенін.
Бес-алты қасқыр тобы шатқалда кең,
Алысуда ойнап бұларды қылмай елең.
"Япырмай Қарашолақ, қайрат қылар,
Дейді аңшылар сәті түсіп келді кезең".
Төлеген ит-құстардың ұйыққанын,
Көріп жүрген алаңсыз сыйықтарын,
Тартпайды Қарашолақ томағасын,
Алдық қой деп Алланың бұйыртқанын.
Төкеңді саятшылар қорашалап,
"Тартқын деп томағасын Қарашолақ".
Кеу-кеулеп қоймаған соң қайта-қайта,
Тартады томағасын іле-шала ақ.
Қолда бір дүр сілкініп Қарашолақ,
Жарқ етіп жай отындай көкке қарап,
Аспанға шырқау биік көтерілді,
Ит-құсты шатқалдағы көре-сала ақ.
Биіктеп ұшқан сайын жиып күшін,
Қасқара қатулана тартып ішін.
Төңкеріле шаншылды боздап төмен,
Бет түзеп орындауға міндетті ісін.
Түйіле тас-түйнектей аққан заулап,
Төменге құйылуда қыран саулап.
Жайсыз шыққан дыбысты ит-құс сезіп,
Ықтауға бейімделді қашып аулақ.
Қос ит-құс түзеп бетті құзжар тасқа,
Қабаттаса бөлініп шықты басқа.
Жонына екеуінің салды шеңгел,
Дегендей жіберембе бостан-босқа.
Батқанда қара жонға болат тырнақ,
Екі ит-құс екі жаққа тартқанда ырғап,
Қас қыран қақ бөлініп қасқырлардың.
Жонында жантәсілім қылды бір-ақ.
Қос ит-құсты бір ілген Қарашолақ,
Мерт болды жолы болмай, құдай қалап.
Жалпылдап сауырында кете берді,
Жарқ-жүрк, етіп мүзбалақ, болат қанат.
Бір емес қос қасқырды іліп кетті,
Ілді де тау қойнына сіңіп кетті.
Деп бір сығып көз жасын көкке қарап,
Төлеген төмен қарай жүріп кетті.
Жынынан айырылған бақсыдай боп,
Шамандар табынатын тас-құдай боп.
Сүрықсыз сүп-сүр болып келді үйіне,
Жартасқа сіңген көкжал қасқырдай боп.
Жарқ-жүрқ, етіп жалтылдап болат қанат,
Итқүспен бірге кеткен Қарашолақ,
Елесі түскенде еске күрсінетін,
Алмадым деп ажалдан аршалап.
Қызыгын он жыл көрген тамашалап,
Осылай мерт болыпты Қарашолак,
Төлеген аңшылықты қойған екен,
Сол бетімен үйіне келе сала-ақ.
Осылай - хикаясы Қарашолақ,
Жігітке нелер келмес қараса бақ.
Шамамның келгенінше суреттедім,
Болсам да аңшылыққа орашолақ.
Шет шығып шежіреден оңашарақ,
Тарихын баяндадым Қарашолақ.
Абала төртінші ұлы Әзімбектің.
Берейін үрпақтарын тарашалап.
Әзімбектің баласы Жүнісбектен,
Жамбылқожа есейіп бізге жеткен.
Жамбыл ұлы - Ертай мен Нүржан, Бегжан.
Ертайы отан болып үй тербеткен.
Қылыш ұлы Абаланың балалары,
Жиырма екі отбасы болды бәрі.
Қылыштың Әуез атты баласынан,
Кезегімен шежіре таралады.
Қылышұлы Әуез балалары
Әуезден - Назар, Зікір, Ибрайым,
Зікірді алып еткен бір құдайым
Уағында Мәделіге жігіт болып,
Аңлатқан алыптықтың көп сыңайын.
Назардан - Мәмірайым, Қожамұрат,
Мәмірайым молладан айтқан дағуат.
Балдары - Қали мен Мәдіхан, Тұрсынхан
Қалидан - Қыдыр, Нәдір, Олжабай, Бақ.
Бақ пен Қыдыр соғыста болған опат.
Нәдірден - бір Тіллабек қалған зүрият
Тіллабек ішкі істерде қызмет етіп,
Азаматтан заң ісін білген мұхият.
Тұрсынхан ұлы - Рахымжан мен Әділхан,
Қаныбек, Төрехан мен Махмутхан.
Мәдіханнан -- Рысбек, Омар, Рақыммен,
Бақтияр кенже ұл да болған отан.
Қожамұраттан - Бегжан мен Аппаз қожа,
Бегжан ұлы Кәукенбек, Камалқожа,
Тілләбек пен Балабек төрт ұлынан,
Жастар бар өсіп жатқан уақыт оза.
Кәукенбектен - Жорабек, Сәбит, Мұрат,
Үйлі-жайлы болғаннан отан құрап.
Камал ұлы - Шорабек, Іңкәрбектен
Жеткіншек жете өскен ұрпақты ұлап.
Баласы Тілләбектің - Қанат, Марат.
Бес ұл бар Балабектен берсем санап:
Мадияр, Данияр мен Ермекқожа,
Қаныбек, Бақыты бар жаңа талап.
Аппаздан - Әуелбек пен Алтынбек-ті,
Әуелбек еді азамат адал ниетті.
Бес бала тәрбиелеп отан қылып,
Дүниеден Әуелбек те өтіп кетті.
Әуелбек ұлы - Ақылбек, Сағымбек пен
Ержан, Нұржан жана да Әділбектен:
Жастар бар жарыс өсіп келе жатқан,
Есімін сұрап алар қажет еткен.
Алтынбек бірі болып білімдінің,
Ерден еді көтерген елдің жүгін.
Ержеткен Ербол, Марат, Талғаттары,
Әкенің мойнына алған жүгін бүгін.