Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім



жүктеу 2.46 Mb.
Pdf просмотр
бет1/15
Дата15.03.2017
өлшемі2.46 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

1

ISSN 2308-0590

Индекс 74661

РЕДАКЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС

Мағауин Мұхтар

Қазақстанның халық жазушысы



Ғарифолла Есім

 академик



Жанболатов Сұлтан

профессор (Қытай)



Мырзахметұлы Мекемтас

филология ғылымдарының докторы, профессор



Сыдықов Ерлан

     Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық

университетінің ректоры,

тарих ғылымдарының докторы, профессор



Қалижан Уәлихан

М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер

институтының директоры,

филология ғылымдарының докторы, профессор



Әбдіғазиұлы Балтабай

Түркі академиясының ғалым хатшысы,

 филология ғылымдарының докторы, профессор

Жұртбай Тұрсын

"Отырар кітапханасы" ғылыми орталығының

директоры, филология ғылымдарының докторы,

профессор



Хакім Мерием

PhD, профессор (Түркия)



Жақып Бауыржан

"Қазақ энциклопедиясының" бас директоры,

филология ғылымдарының докторы, профессор

Ескендіров Мейір

тарих ғылымдарының докторы, профессор



Еспенбетов Арап

филология ғылымдарының докторы, профессор



Рамазан Айгүл

 филология ғылымдарының докторы, профессор



Әубәкір Жандос

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік

тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-

мұражайының директоры



ШӘКӘРІМ

 ғылыми-танымдық журнал

Қазақстан Республикасы

Мәдениет және ақпарат

министрлігінде 2013 жылдың

10 қазанында қайта тіркеліп,

№13921-Ж куәлігі берілген.

2005 жылдан шыға бастады.



БАС РЕДАКТОР

Әмірбеков Шәріпбек

Ағабайұлы

Семей қаласының Шәкәрім

атындағы мемлекеттік

университетінің ректоры, саяси

ғылымдарының докторы

БАС РЕДАКТОРДЫҢ

ОРЫНБАСАРЫ

Смағұлова Ақмарал

Төлеуғазықызы

«Шәкәрімтану» ғылыми-зерттеу

орталығының директоры,

филология ғылымдарының

кандидаты

ЖАУАПТЫ ХАТШЫ

Қадыров Айбар Қабыкенұлы

филология ғылымдарының

кандидаты, доцент

© Семей қаласының Шәкәрім

атындағы мемлекеттік

университеті, 2014

© «Шәкәрімтану» ғылыми-

зерттеу орталығы, 2014



2

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ШӘКӘРІМТАНУ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ



Шәкәрім. Ғылыми-танымдық журнал.

МАЗМҰНЫ

ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ

ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕ

Ақманова  Ғалия.  Әдебиет  сабағында  Шәкәрім  ақынның  мұрасын  танытудағы  ой-пікірлерді

қолдану.....................................................................................................................................................................88



Тұрғанбаева Бейбітгүл. Мұғалімнің қарым-қатынас стилін қалыптастыру ерекшеліктері..............................91

Nergis Biray.

 

Ahmet Baytursinuli hayati, kulturel, edebi faaliyetleri ve eserleri.....................................62



Қарсыбекова 

Шолпан. 

Киіз 


үйдің 

сыртқы 


жабдығының 

өңіне 


байланысты

атаулар.....................................................................................................................................................................69



Исаева  Жазира,Исаев  Қанат.  Адамның  дене  мүшелеріне  қатысты  сын  есімдер

семантикасы..........................................................................................................................................................73



Жылқыбай Гүлімжан, Бейбітова Гулзира. Ы.Маманов зерттеулеріндегі есімше мәселелері.....................77

Мағжан  Сәуле,  Қубайдарова  Жанар.  Тіл  саясаты  және  тілдің    жоспарлануы,тіл

идеологиясы.................................................................................................................................................................82

ШӘКӘРІМТАНУ

Ердембеков Бауыржан. Шәкәрім поэмалары. Тарихи шындық және көркемдік желі........................20

Ізтілеуова Салтанат. Абай, Шәкәрім шығармаларындағы рухани құндылықтар.........................32

Құрмамбаева  Қарлығаш.  Шәкәрім  Құдайбердіұлының  «Еңлік-Кебек»  поэмасындағы  нәзира

дәстүрі..........................................................................................................................................................37



Өтепбаев  Нұрбұлан. Шәкәрімнің тұңғыш монументті ескерткіші.......................................................41

      АБАЙ АРМАНЫ



Аққұлұлы  Сұлтанхан.  Әлихан  Бөкейхан  –  қазақтың  тұңғыш  кәсіби  журналисі  әрі  дарынды

публицисі.................................................................................................................................................3

 

АБАЙТАНУ


АЛАШТАНУ

Жұртбай  Тұрсын.  Біртұтас  Алаш  идеясы  және  Шығыс  Түркістан  ұлт-азаттық

қозғалысы...............................................................................................................................................46



Абдусаттор  Нуралиев.  Переводная  литература  Времени  Алаша  (Алаш  дәуіріндегі  аударма

әдебиет)...................................................................................................................................................50



Нұрқасымова Айжан. Қызыл қырғын құрбандары...........................................................................58

Абай Құнанбаевты еске алу кешіне –100 жыл......................................................................................14



3

АБАЙ АРМАНЫ

2014 №2 (23)

ӘОЖ 821.512.122



С. АҚҚҰЛҰЛЫ, филология ғылымдарының  кандидаты

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті

ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН – ҚАЗАҚТЫҢ ТҰҢҒЫШ КӘСІБИ ЖУРНАЛИСІ

ӘРІ ДАРЫНДЫ ПУБЛИЦИСІ

«Абай арманы» зиялылар клубының кезекті мәжілісінде оқылған баяндама.

Мақалада  автор  Әлихан  Бөкейхан  публицистикасы  мен  бүркеніш  есімдері  туралы  сөз

қозғайды. Алаш қозғалысы көсемінің публицистика саласындағы мол мұрасына талдау жасайды.

Тірек сөздер: Әлихан Бөкейхан, публицистика, бүркеніш есім, журналистика.

Әлиханның  ғылыми-публицистикасын

ХІХ соңы мен ХХ ғасыр басындағы отаршыл

империяның  езгісіне  қарсы  күрескен  бір

Қазақстан  емес,  бүкіл  отаршыл  Ресей

империясындағы 

тарихи 

оқиға-


құбылыстардың  шежіресі  деп  батыл  айтуға

болады.


Алаштың  ұлы  Әлихан  өзінің  мақала-

очерктерін  30-дан  астам  бүркеніш  есімімен

(псевдонимімен)  жариялады.  Олардың

көпшілігін  орыс  тілінде  пайдаланды.  Қазір

оның  1930  жылдардың  ортасына  дейін

француздардың  ықпалды «Фигаро»  газетінде

жарияланып тұрғаны туралы тың мәлімет [1]

анықталу үстінде.

Өзінің  ғұмырында  Әлихан  төңкеріске

дейін  төрт  газет,  оның  үшеуі  орыс  тілінде:

«Иртышъ»,  «Омичъ»    және  «Голосъ  степи»

газеттеріне  өзі  редактор  болса,  қазақ  тілінде

тұңғыш  жалпыұлттық  «Қазақ»  газетін

ұйымдастырды.  Төңкерістен  кейін  қазақ

тіліндегі  «Темірқазық»  және  «Шолпан»

журналын шығарып, 1925 жылдан бері шыға

бастаған «Жаңа мектеп», «Әйел теңдігі» және

«Сәуле» журналдарын ашуға мұрындық болды.

«Жаңа  мектеп»  журналының  кейін

«Қазақстан  мектебі»,  ал  «Әйел  теңдігі»

журналының 

«Қазақстан 

әйелдері»

басылымына  айналғанын  ерекше  айта  кеткен

маңызды [2].

Әлихан 


Бөкейханның 

белсенді


жарияланып  тұрған  публицистік  жолы  1889

жылдан  қолдағы  бар  нақты  тарихи  деректер

бойынша 1927 жылға дейінгі қырық жылға жуық

кезеңді 


қамтиды. 

Ал 


«дүние 

жүзі


пролетариатының көсемі» В.И.Лениннің жақын

үзеңгілесі  болған  Д.В.Бонч-Бруевичтің  1934

жылы  Мәскеуде  пәтер  қамауында  отырған

Әлиханға жазған хатын  және қарт Алаш көсемі,

ғалымы  әрі  публицисінің  «Фигаро»  газетінде

жарияланып тұрғаны туралы мәлімет расталатын

болса, онда оның публицистикалық дәуірі 1930-

жылдардың  ортасына  дейін  дерлік  жалғасқан

болып шығады.

Оның  кейінге  қалдырған  бай  ғылыми-

публицистік мұрасының тек библиографиялық

көрсеткішінің  өзі  ғана  отыз  беттен  асады.

Әлиханның  мыңға  жуық  мақала  мен  очерктен

және  тағы  басқа  туындыдан  тұратын  ғылыми-

публицистикасы 1917 жылғы Ақпан төңкерісіне

дейін және одан кейінгі 1927 жылға дейін елуден

астам  қазақ  және  орыс  газет-журналдарында,

оның ішінде төңкеріске дейін ғана отызға жуық

қазақ-орыс басылымдарында жарық көрді.

Әлиханның  қаламынан  шығып  түрлі

мерзімді  басылымнан  жарық  көрген


4

АБАЙ АРМАНЫ

2014 №2 (23)

туындыларының  географиясы  да  қазіргі  кең

байтақ  Еуразия  кеңістігін  қамтиды.  Оның  ең

алғашқы  бір  топ  мақаласы  1889  жылы  Дала

генерал-губернаторының  ресми  үнқағазы

ретінде  Омбыда  шығып  тұрған  «Особые

прибавленія  къ  «Акмолинскимъ  областнымъ

ведомостямъ»  [3]  газеті  мен  оның  қазақша

қосымшасы  «Дала  уалаятының  газетінен»

көрінсе, көп ұзамай оның түрлі бүркеніш есімі

көрсетілген туындыларын 1917 жылғы Ақпан

төңкерісі  мен  Қазан  бүлігіне  дейінгі  бір

Омбының  ғана  «Степной  край»,  «Степной

піонеръ», «Омичъ», «Иртышъ», «Голосъ степи»,

Семейдің  «Семипалатинскіе  областные

ведомости»,  «Семипалатинскій  листокъ»,

Ташкенттің  «Туркестанскіе  ведомости»,

Орынбордың  «Қазақ»  газеті  мен  қазақтың

тұңғыш «Айқап» журналынан, С.Петербордың

«Речь»,  «Сынъ  отечества»,  «Наша  жизнь»,

«Слово»,  «Восточное  обозрение»  [4],  Ресей

мұсылмандарының  «Въ  мире  мусульманства»

«Мусульманская  газета»  басылымдары  мен

«Сибирскіе  вопросы»  журналынан    жиі

ұшыратуға болатын.

1917  жылдың  күзіндегі  Қазан  бүлігінен

кейінгі  кезеңде,  әсіресе  Совет  өкіметінің

күштеуімен  Мәскеуде  тұруға  мәжбүр  болған

(1922-1937  жж.)  кезеңде  оның  қайсыбір

ғылыми-публицистикалық мақала-материалын

жарияламаған  қазақ  тілінде  газет-журналдар

кемде-кем болғанын мойындау керек. Мейлі ол

Мәскеуде, мейлі Қазақстанның өз ішінде жарық

көрсін.


Міне тақырып жағынан сан-алуан әрі мол

ғылыми-публицистік мұраның авторы - Әлихан

Нұрмұхамедұлы Бөкейханды қазақтың тұңғыш

кәсіби  журналисі  деуге  де,  қазіргі  қазақ

публицистикасының негізін қалаушы деуге де

толық негіз бар.

Олай  деуге  Алты  Алаш  көсемінің  1894

жылы  С.-Петербордан  Омбыға  бір  емес,

«ормантанушы-ғалым»  әрі  «заңгер»  деген  екі

бірдей  дипломымен  оралған  бойда  қызмет

жолын  кәсіби  журналист  ретінде  бастағаны

ғана себеп болып отырған жоқ. 1937 жылдың

шілдесінде  Бутырка  түрмесінде  өз  қолымен

толтырған 

«Тұтқын 

анкетасындағы»

«төңкеріске  дейінгі  мамандығың  мен  кәсібің

не?»  деген  саулаға  «ұлттық-территориялық

Алашорда  автономиясының  төрағасымын»

немесе  «ормантанушы-ғалыммын»,  тіпті

болмаса  –  «жер  бағалаушымын»  деп  емес,

«журналиспін» деп жазғаны негіз болады.

Дегенмен  де  Әлихан  Бөкейханды

қазақтың тұңғыш кәсіби журналисі әлі қазіргі

қазақ  публицистикасының  негізін  қалаушы

деуге басты себеп – оның ХІХ ғасырдың соңы

мен ХХ ғасырдың 30-ыншы жылдарына дерлік

кезеңдегі мерзімді қазақ басылымы мен қазақ

журналистикасының және жалпы публицистика

жанрының  қалыптасып  өркендеуіне  қосқан

теңдессіз зор үлесі болып табылады.

Әлиханнның  ғылыми-публицистикасы

арқылы қазақтың қазіргі мәдениетін дамытып,

қазақ  ұлтын  қалыптастыруға  қосқан  үлесі

туралы  белгілі  драматург,  жазушы  әрі  Алаш

қозғалысы белсенділерінің бірі Қошмұхаммед

Кемеңгерұлы  1924  жылы  былай  деп  жазды:

«Үкіметтің  қара  қуғын  жасаған  күндерінде,

айдауына  да,  абақтысына  да  шыдап,  ел  үшін

басын  құрбан  қылған  ат  төбеліндей  ғана

азаматтың  тобы  болды.  Бұл  топты  баулыған

Әлихан. Әлиханның қазақ еліне істеген тарихи

қызметі:  әдеби тіл  тууына  себеп болды,  өзіне

ерген топты діни фанатизмге қарсы тәрбиеледі.

Бұдан барып татардан іргесін аулақ салған қазақ

ұлты туды» [5].

Әлихан  Нұрмұхамедұлы  Бөкейханның

ғылыми-публицистикалық бай мұрасын жинау

мен  зерттеу  үшін  оның  сан-алуан  бүркеніш

есімін анықтаудың аса маңызды екенін ерекше

атап  өткен  дұрыс.  Себебі,  отаршыл  Ресей

империясы  әкімшілігінің  қазақ  жерінің  ең

шұрайлы  жайлауы  мен  жайылымын  тәркілеп,

империяның  ішкі  губерняларынан  қоныс

аударып келген жерсіз шаруаларына үлестіріп

берген  және  орыстандыру  саясатына  қарсы

күрескен  1917  жылғы  Ақпан  төңкерісі  мен

Қазан  бүлігіне  дейін  де,  одан  кейін  Совет

өкіметінің  алғашқы  кезеңінде  де  қазақтың

ұлттық көсемі орыс тілінде де, ана тілінде де

көбіне  бүркеншек  есімдерін  пайдалануға

мәжбүр болды.

Әлиханның  бүркеншек  есімдерінің  осы

күнге  дейін  анықталғаны  отыздан  асып

жығылады.  Олардың  басым  көпшілігін  қазақ


5

АБАЙ АРМАНЫ

2014 №2 (23)

публицисі  орыс  тіліндегі  публицистикасында

қолданды.  Санаулысы  ғана,  нақты  айтсам  -

«Қыр баласы» - «Сын степей» және «V» деген

екі  бүркеншек  есімін  ғана  екі  тілде  қатар

пайдаланды.

Әлиханның 

төл 


тіліндегі

публицистикасында  қолданған  бүркеншек

есімдерінен осы күнге қарай анықталғандары

мыналар:  «Ә.Н.»  [Ә.-лихан  Н.-ұрмұхамедов],

«Қыр ұғлы» немесе «Қыр ұлы», «Қыр баласы»,

«Қ.Б.»,  «Ғали  хан»  немесе  «Әли  хан»,  «Ғ.Б.»

немесе «Ә.Б.» [Ғ.-али хан Б.-өкейханов немесе

«Ә.-ли хан Б.-өкейханов], «Арыс ұлы», «Түрік

баласы», «Қалмақбай» және, әрине, «V».

Орыс  тілінде  пайдаланған  бүркеншек

есімдері одан көбірек көрінеді: «А.Н.» [А.-лихан

Н.урмухамедов], «Сын степей» [сирек болса да

«Сын  степи»  деп  көрсетілген  мақалалары  да

ұшырасады] немесе «Дала баласы», «Туземецъ»,

«V», «А.Б.», «Статистикъ», «Киргизъ-кайсакъ»,

«Алиханъ» 

или 

«Ал. 


Кочевникъ»,

«Мусульманинъ»,  «Киргизъ»,  «Степнякъ»,

«К.Степнякъ»  немесе  «Киргизъ-степнякъ».

Оның  орыс  тіліндегі  көпшілікке  де,

зерттеушілерге  де  беймәлім  есімдерінен

«Обыватель»,  «Наблюдатель»,  «Читатель»,

«Уакъ» және «Н.Ш.» есімдерін атап көрсетуге

болады.


Дегенмен  де  сараптаманы  «Қара-жаяу»

есімінен  бастаған  орынды  болады.  Себебі,

авторы  «Қара-жаяу»  деп  көрсетілген  әдеби

аударма  соңғы  сәтте  ғана  табылып  отыр.

Аударманы  тапқан  жас  ғалым,  әл-Фараби

атындағы  Қазақ  ұлттық  мемлекеттік

университеті  филология  факультетінің

ізденушісі Оспанова Гүлмарияның есептеуінше,

«Жас  қайрат»  журналының  1924  жылғы

алтыншы санында басылған «Соқыр мен көзді

кісі» мысалын аударған да, оның астына «Қара-

жаяу» [6] деп қол қойған да Әлихан Бөкейхан

болып табылады.

Осы  пікіріне  дәлел  ретінде  ізденуші-

ғалым бір ғана айғақ келтіреді, атап айтқанда

«Соқыр мен көзді кісі» мысалы «Жас қайрат»

журналында басылып шыққаннан кейін, арада

шамамен  бір  жыл  өткенде  Әлихан  Бөкейхан

Эзоп пен Лев Толстойдың мысалдары мен қысқа

әңгімелерінің  аудармаларын  «Жетпіс  жеті

мысал»  деген  атаумен  1925  жылы  Мәскеуде

жинақ етіп басып шығарды. Сөз болып отырған

мысал-әңгіме  «Соқыр  мен  сүт»  [7]  деген  сәл

өзгеше атауымен жинаққа кіреді.

Бірақ Гүлмария Оспанованың «Қара-жаяу

- Әлихан Бөкейханның бүркеніш есімі» деген

көзқарасымен  келісуге  асықпаған  дұрыс.

Себебі,  ізденуші-ғалымның  ол  көзқарасын

жанама  түрде  болса  да  растайтын  да,  теріске

шығаратын да бірқатар маңызды айғақ бар.

Оның ішінде мысал-әңгіме аудармасының

«Жас  қайрат»  журналы  мен  «Жетпіс  жеті

мысал» жинағындағы екі нұсқасының тілі мен

стилистикасы  және  сапасы  Г.Оспанованың

пікірін теріске шығаратын ең негізгі дәлел бола

алады.


Мысал-әңгіменің журналдағы үлгісі мен

араға  бір  жыл  салып  жинаққа  кірген

нұсқасының түпкілікті демесе де, айтарлықтай

айырмашылығы бар. Оның өзінде де бір жыл

ерте  жарық  көрген  журнал  үлгісінің  аударма

сапасы әлдеқайда жоғары. Аударманың бір жыл

кейін жарық көрген екінші нұсқасы – оқушылар

мен  әдеби  сыншылардың  ескертпе-тілектерін

ескере  отырып  –  алдыңғысынан  сапалы  әрі

артық болып шыққаны қисынды болар еді.

Ізденуші  Оспанованың  «Қара-жаяу  -

Әлихан  Бөкейхан»  деген  көзақарасын  теріске

шығаратын  тағы  бір  маңызды  жайт:  «Жас

қайрат» журналына шыққан «Соқыр мен көзді

кісі»  мысалының  аудармасы  «Орыс

әңгімелерінен»  деп  көрсетілген  болса,  бір

жылдан  кейін  басылып  шыққан  «Жетпіс  жеті

мысал» жинағындағы «Соқыр мен сүт» үлгісі –

«Үндістан әңгімелерінен» деп берілді. Мысал-

әңгіме жинақта алпысыншы болып тұр [7].

Сонымен  бірге,  осы  аударма  мен  Қара-

жаяу  бүркеніш  есімінің  Алты  алаш  көсемі  -

Әлиханға  жататынын  өзге  бірнеше  айғақ

растайды. Бірақ олар да жанама айғақтар.

Дегенмен  де  олардың  біріншісі  –  «Жас

қайрат» журналы 1922 жылдың қазан айынан

1927 жылдың желтоқсан айына дейін Әлихан

Қазақ редакциясының әдеби қызметкері болып

жұмыс істеген Мәскеудегі СССР халықтарының

Орталық баспасынан шығып тұрды. Екіншісі –

Алаш қайраткері не ерте, не одан кеш емес, нақ

1924 жылы «Жас қайрат» журналымен жақын



6

АБАЙ АРМАНЫ

2014 №2 (23)

байланыста  болып,  дәл  осы  жылы  журнал

сандарында оның үш шығармасы жарық көрді,

оның ішінде сөз болып отырған мысал-әңгіме

де бар.

Бір  қарағанда  жұмбақ  болып  көрінуі



мүмкін  қызық  жайт:  Әлиханның  осы  үш

шығармасы да әйгілі немесе көпшілікке онша

таныс  емес  үш  түрлі  бүркеніш  есімдерімен

барілді. Олар - әйгілі Қыр баласы [8], жұрт көп

біле  бермейтін  V  [9]  және,  егер  толық

расталатын 

болса, 

Қара-жаяу 



[10]

псевдонимдері.

Оған  қоса  ерекше  назар  аудара  кететін

маңызды  мәселе:  Алаш  қайраткері  орыстың

немесе 

Еуропаның 



классикалық

жазушыларының  қайсыбір  үздік  туындысын

қазақшаға  аударып,  мәселен  щзоп  пен  Лев

Толстойдың  мысал-әңгімелері  сияқты  жинақ

қылып басудан бұрын, көлемді шығармалардың

үзінділерін немесе шағын әңгімелерді мерзімді

газет-журнал беттеріне жариялап көретін әдеті

болатын.


Мысалға,  Лев  Толстойдың  әйгілі

«Қажымұрат» повесінің аудармасын 1924 жылы

жеке  кітап  етіп  басудың  алдында,  туындыны

тәржімелеген  Қыр  баласы  оның  үзінділерін

1923  жылы  «Ақ  жол»  газетінің  үш  санына

жариялады  [11].  Ал  повесть  аудармасының

толық үлгісі 1924 жылы СССР халықтарының

«Кіндік» баспасынан кітап болып шықты [12].

Міне  бұл  да  «Жас  қайрат»  журналына

жариялаған «Соқыр мен көзді кісі» мысалы мен

оны  аударған  Қара-жаяудың  да,  «Жетпіс  жеті

мысал» жинағымен жарық көрген «Соқыр мен

сүт»  мысалын  аударған  Қыр  баласының  да

Әлихан Бөкейхан екенін жанама түрде болса да

растаса керек.

Ал  енді  Әлихан  Бөкейханның  жоғарыда

тізіп келтірілген бүркеніш есімдерінің арасынан

«әй, қайдам?» деп күдік туғызуы мүмкін немесе

қалың оқырман қауымға беймәлім болып келген

лақап  есімдеріне  тарихи  құжаттардың,

естеліктердің және басқа да дерек-айғақтардың

негізінде кеңірек тоқталып өтемін.

Болашақ Алаш көсемі ең алғашқы бір топ

мақаласын  бүркеншек  есімімен  жариялады.

Оған  1889  жылы  «Особые  прибавленія  къ

«Акмолинскимъ  областнымъ  ведомостямъ»

газеті  мен  оның  қазақша  қосымшасы  «Дала

уалаятының газетінде» жарық көрген бірнеше

туындысы,  атап  айтқанда  қазақ  және  орыс

тілдерінде  қатар  шыққан  «Қ.  оязының

молласының баяны», «Ықтиятты болыс» немесе

«Бұрынғыдан қалған жақсы мұра» [13] айдарлы

мақалалары куә болады.

Осы  жылы  «Особые  прибавленія  къ

«Акмолинскимъ областнымъ ведомостямъ» мен

«Дала уалаятының газетінде» жас қаламгер тағы

бір топ үлкенді-кішілі мақаласын «Қыр ұғлы»

немесе  «Қыр  ұлы»  деген  жасырын  лақап

есімдерімен  жариялады.  Осы  екеуінің  жас  та

болса  көсемсөзге  деген  қабілетін  байқатқан

Әлихандікі  екеніне  күмән  келтірудің  еш

қисыны  жоқ.  «Қыр  ұғлы»  мен  «Қыр  ұлы»  -

Ә.Н.Бөкейханның  алдымен  1900-1901  жж.

«Киргизская  степная  газета»  мен  «Дала

уалаятының газетінде», 1913-1918 жж. «Қазақ»,

«Сарыарқа» газеттерінде және 1922-1927 жж.

аралығында  Мәскеу  мен  Қазақстанның  өз

ішіндегі  мерзімді қазақ  басылымдарында  кең

пайдаланған әйгілі, аңызға айналған екінші аты-

жөні десек те артық айтпағандық болады [Алаш

көсемінің жүзін көрмеген қалың бұқара қазақ

«Әлихан  Бөкейхан»  емес, «Қыр  баласы»  келе

жатыр  дегенде  жақсырақ  танитын  болған    –

С.А.].  Бұл  екеуінің  «Қыр  баласы»  есімімен

мағыналас екенін айтса да жеткілікті. Оған қоса

қаламгер Әлихан  осы үш  есімімен 1889-1927

жж.  аралығында  жарық  көрген  публицистік

шығармаларының орыс тіліндегі үлгілерін бір

«Сын  степей»  деген  лақап  атымен  таңбалап

келді.


Ал  «Ә.Н.»  және  орыс  тіліндегі  «А.Н.»

есімдеріне  келсем,  оның  да  авторлығын

бұлтартпай  анықтауға  екі-ақ  тарихи  айғақ

келтірсе жетеді.

Әлиханның 1879-1886 ж. Қарқаралының

төрт  жылдық  бастауыш  мектебі  мен  кәсіптік

(етікші)  училищесінде  және  1886-1890  жж.

Омбының  техникалық  училищесінде  (ОТУ)

«ӘЛИХАН НҰРМҰХАММЕДОВ» деген аты-

жөнімен оқып бітіргені тарихи факты.

ОТУ-дың  3-курсының  соңы  мен  4-

курстың бірінші тоқсанында оқып жүріп басып

шығарған  бір  топ  мақаласын  24-ке  енді  аяқ

басқан қаламгер осы аты-жөнінің «Ә» және «Н»



7

АБАЙ АРМАНЫ

Каталог: files -> journ shakarim
journ shakarim -> Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім
journ shakarim -> Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім
journ shakarim -> Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім
journ shakarim -> Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім
journ shakarim -> Шәкәрім. Ғылыми-танымдық журнал
journ shakarim -> Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім
journ shakarim -> Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар
journ shakarim -> Бас редактор әмірбеков Шәріпбек
journ shakarim -> Issn 2308-0590 Индекс 74661 ШӘКӘрім
journ shakarim -> Бас редактор әмірбеков Шәріпбек


Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет