«Қияли» деген сөз бар. Мақтауға қара­ғанда даттау, көп жағдайда келемеждеу жағы басым түсіп жататын сөз. «Қияли» сөзі жас балаға қатысты айтылса, бұл сөзде үміт күттірерлік қасиет байқалады



Дата05.05.2023
өлшемі23,34 Kb.
#90313
Байланысты:
Қиял


Қиял
«Қияли» деген сөз бар. Мақтауға қара­ғанда даттау, көп жағдайда келемеждеу жағы басым түсіп жататын сөз. «Қияли» сөзі жас балаға қатысты айтылса, бұл сөзде үміт күттірерлік қасиет байқалады. Ал өмірдің белестерінен әбден өткен, шау тартқан адамға қатысты қолданылса, онда расында да бұл босқа өткен өмірді білдіретіндей. Өйткені «қиял», «қиялдау» дегеніміз әлі ашылмаған ресурс қой. Жасы келген кезінде өз бойындағы осы ресурсты ашып, оның қасиетін пайдалана алмаса, расында да әрбір адам баласы келемеждеуге лайық секілді. Шын мәніне келгенде, қиял дегеніміз – өте ғажайып дүние. Алланың адамға бере­тін негізгі байлығының бірі осы қиялдай білу қасиеті. Ғалымдардың пікірінше, қиял­дай білу қасиеті басқа жан-жануарларға дары­тыл­маған. Демек адамзат дамуының түпкі заңды­лығы, оның бүгінгідей өрке­ниеттік биік дең­гейге көтеріле алуы адамның осы қиялдай білу қасиетіне молынан қатысты екендігі анық.
Қазіргі біз бастан кешіріп отырған заман – адамзаттың қиялы мен бүгінгі өмір шын­дығы әбден астасқан заман. Өйткені адамзат өз қиялын толық жүзеге асырарлық деңгейге көтеріліп отыр. Кезінде ұшқыш кілемді арман еткен адам баласы қазір дыбыс жылдамдығымен бірдей жүйтки алатын ұшақтарға мініп алып, Жердің бір шетінен екінші шетіне санаулы сағаттарда жете алатындай мүмкіндікке ие болды. Қиял-ғажайып ертегілерде айтылған адамзаттың арман-тілегінің бәрі қазір жүзеге асуда. Алланың адамға дарытқан қасиетінің арқасында қиял дегеніміз шексіз ғой. Қиялдың осы шексіздік қасиеті адамзатты әлі талай биіктерге көтереді деп үміттенемін.
Қиял дегеніміз – төбеміздегі көк зеңгір аспан секілді де, адам ойы – сол қиял аспа­нын­да шарқ ұрған қыран құс секілді. Егер адам­ның қиял әлемі соншалықты кең болса, оның ойы да қыран құстай неғұр­лым алыстарға самғап ұша алады. Демек бүгін­гідей бәсекелестік өріс алып отырған заман­да, жаңа туған жас нәрестенің бойына қиял­дай білу қасиетін молынан дарытуға ұмтылу – әрбір ата-ананың парызы. Сіз бала­ңызға осы қасиетті дарыту арқылы ғана оның бола­шағының үлкен бір бөлігін қамтамасыз ете аласыз. Өйткені баланың қиял әлемі барын­ша кең болса, оның арманы да соған сай асқақ болмақ. Егер баланың арманы барын­ша асқақ болса, ол өз алдына соған сай биік мақсат қоя алады. Оның мұндай қыры, көбінесе, бозбала шағынан бас­тап ашы­ла бастайды. Егер бозбаланың немесе бойжет­кеннің алдына қойған мақсаты биік болса, оның өмірге, сонан кейін өзіне қояр талабы да соншалықты мығым болмақ. 
Әрине осының барлығы – ұзақ үдеріс және мұнан кейінгі жағдайлар адамның қандай білім алатындығына, қандай ортада еңбек ететіндігіне, қандай тәжірибе жинақтайтынына және жеке басының жа­­уапкершілігіне байланысты өріс алатындығы анық. Бірақ қандай уақыт, қандай өмір кезеңінде болсын, белгілі бір жұмысты игеруге кіріскенде оған ең алдымен көмекке қиялдай білу қасиеті келетіндігі анық. Міне, осы қасиеті арқылы ол қарастырылып отырған проблеманы мейлінше кең ауқымда көре алатын және оның шешімінің сандаған нұсқаларын байқай алатын болады. Қиялдай білу қасиеті, әсіресе шығармашылық еңбек­пен шұғылданатын адамдар үшін таптырмас құрал. Ал біз өмір сүріп отырған қазіргі заман кез келген еңбек түріне шығармашылықпен ойлау талабын қоюда.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет