1 – деңгей 11. XX ғасырдың 70 жылдарың басына дейін бастауыш мектепте жазудың қандай белгілер сақталды



бет1/5
Дата25.12.2022
өлшемі23,32 Kb.
#59573
  1   2   3   4   5

1 – деңгей
11. XX ғасырдың 70 жылдарың басына дейін бастауыш мектепте жазудың қандай белгілер сақталды.
Жазбаша сөйлеу – баланың тіл мәдениетінің дамуына ерекше ықпал жасайтын қуатты фактор. Баланы жазу сөзіне үйрету – бастауыш мектептегі оқуды пайызға шаққанда жартысына жуығын алады. Өйткені, жазу техникасын меңгеру – психологиялық тұрғыдан өте күрделі құбылыс. Бастауыш мектеп оқушыларының ауызекі сөзі мен жазбаша сөзін салыстыра зерттеу – психология мен педагогиканың өзекті мәселелерінің бірі. Бастауыш сыныптарда жүргізген зерттеулерге қарасақ, екінші, үшінші сынып оқушыларының жазба сөзі ауызша сөйлеуінен сан жағынан да, сапа жағынан да кейін қалып отыратындығы, олардың сөздік қорында зат есім, етістіктердің көп ұшырасатындығы, сөздік қоры өз деңгейінде дамыған балалардың жазба жұмыстары жоғары болатындығы анықталған. Балалардың орфографиялық дағдыларымен қатар, жазу жұмысының дағдыларын үйренуі жазба сөйлеуді меңгерудің негізгі элементі болып саналады. Жазба сөйлеудің дамуы хат танудан басталады. Хат тану арнаулы дағдылардың қалыптасуын қажет етеді. Хат танудың үш кезеңінің міндеттеріне тоқталсақ: бірінші кезеңде оқушы әріптің аттары, сол әріптердің айтылу дыбысына қалайша сәйкес келетіні, олардың буынға бірігуін, буыннан сөздің қалай құралатынын меңгереді.


21. Сауатты жазуға үйрену жұмысы неге сүйенеді
1. Сауатты жазуға үйрену жұмысы грамматикаға сүйенеді. Мектепте грамматиканы оқыту неғұрлым жақсы жолға қойылса, оқушылардың сауаттылығы да соғұрлым жоғары болады. Олай болса, белгілі бір жазу ережесіне негіз болатын грамматикалық құбылыстар саналы түре ұғындырылып, содан кейін қорытынды шығарылуы қажет. Мұнда ережені мәніне түсінбей, құр жаттап алудан сақ болған жөн. Мұғалім тіл құбылыстары мен жазу ережелерін анық етіп түсіндіріп, оқушыларға сол ережелерді меңгерту тәсілдерін қарастыруға тиіс. Мысалы, қандай да болсын сөз немесе оған жалғанған қосымшалар басқаша болмай, неге солай жазылғанына оқушы түсініп және оқыған ережесіне сүйеніп, оны дәлелдей алатын болса, оның ережені саналы меңгергені ал ережені мүдірместен айтып бергенімен, неге солай жазылып тұрғанын дәлелдей алмаса, оқушы ережені механикалық түрде меңгерген болып шығады да, ол білгендерінің сауатты жазуға пайдасы шамалы болады. Сондықтан балалар мұғалімнің басшылығымен тіл құбылыстарын, емле ережелерін бақылап, талдауға, оларды бір-бірімен салыстыруға, ой жүгіртуге, сипаттауға, өз беттерімен жазған жазу жұмыстарында қолдануға міндетті.
Грамматиканы оқу барысында оқушылар тіл құбылыстарын саналы түсінумен қатар, тілдің нақты фактілерін де білулері қажет. Мысалы, сөйлемдегі сөздердің жалғауларын ажыратып айтып та бере алады. Бірақ өздері сөйлем құрауға келгенде оны қолдана алмайды. Егер олар сөйлем құрағанда сөздердің арасындағы байланысты анықтау арқылы, жалғаудың қызметіне көңіл аударып дағдыланса, мұндай байланысты өздері сөйлем құрғанда да сақтауға тырысады. Бұл үшін сөйлемдегі бір сөзден екінші сөзге сұрақ қойып дағдылану қажет. Мысалы, мен (кім?) мектепке (қайда?) барамын т.б
Дұрыс, сауатты жазуға үйрену үшін сөздерді дыбыс құрамына, буын жігіне ажырату жұмысы әріп қалдырып кетпеуге, әріп алмастырып алмауға бірсыпыра көмектеседі. Мұндай жаттығулар III-IV сыныптарда да жүргізіліп отырады. Тіліміздегі жазылуы айтылуынан өзгеше құлын, жұлын, күрек, басшы т.б сөздерді тек есту дағдысына сүйеніп жазуға болмайды. Көбіне оларды салыстыру жолымен талдаудың жәрдемі тиеді.Сондай-ақ -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе сұраулықтарын етістіктің болымсыз түрімен, мен, бен, пен септік жалғауларымен салыстырудың маңызы күшті. Сөздердің ұқсастықтары мен ерекшеліктері, теріс жазылуынан мағына бұзылатынын, айтайын деген ойдың күңгірт, екі жақты болып шығатынын балаларға ережені түсіндіргенде де, жаттығу жүргізгенде де, жазуларындағы қателерді түзеткенде де көрсетіп, түсіндіріп отырудың пайдасы зор (тұзшы-тұщы, барма-бар ма т.б)



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет