Жаңа реформалар сөзсіз жаңа өзгерістердің бастауы. Бұл жаңа кезеңге қарай жасаған батыл қадам болмақ. Халық осыны күтіп отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, барлық саладағы тоқырау тығырыққа тіреді



Дата08.04.2023
өлшемі14,56 Kb.
#80673

Жаңа реформалар – сөзсіз жаңа өзгерістердің бастауы. Бұл жаңа кезеңге қарай жасаған батыл қадам болмақ. Халық осыны күтіп отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, барлық саладағы тоқырау тығырыққа тіреді. Жалпы, мемлекеттің саяси-әлеуметтік жүйесіне өзгеріс көптен қажет еді. Басқару тетіктерінде де жаңа талаптар енгізу керек болды. Көпшілік нәтижесіз іс-шаралардан әбден шаршады. Орындалмайтын уәделер үміт­сіздікке әкеліп соқты. Прези­дент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауында осы мәселеге айрықша тоқталды.
Жаңа Жолдауында еліміз­дің саяси жүйесін кешенді жаң­ғырту бағдарламасын ұсын­ған Мемлекет басшысы бұл өзгерістер жұртқа жақсы көріну үшін жасалмайтынын атап өтті. Президент қағаз бетін­де ғана жүзеге асырылған, бірақ шындыққа еш жанаспайтын жалған табыстарға масаттанып отыратын заман келмеске кет­кенін ашық айтты. «Халыққа қажетті реформаларды жүзеге асыру – менің Мемлекет басшысы ретіндегі басты міндетім. Саяси жаңғыру болмаса, елімізді орнықты дамыту, ауқымды әлеу­меттік-экономикалық өзге­ріс жасау мүмкін емес. Бұл – анық нәрсе», деді Президент. Сонымен жұрт күткен жаңа реформалар елдегі басқару жүйесіне қан­дай өзгерістер әкеледі, соның маңызды бірнеше қадамына тоқталсақ. Мемлекет басшысы алдымен бұған дейін қалыптасқан «барлық іс Президенттің араласуымен шешіледі» қағидасын өзгерту қажеттігін баса айтты. Жасыратыны жоқ, қоғам демо­кратия үдерістеріне сай Прези­дент­тік-парламенттік басқару жүйесінің іс жүзіндегі ш­ына­йы бейнесін қалыптастыратын осындай кесімді сөзді ұзақ күтті. Бұл бетбұрыс Парламенттің рөлі күшейетінін көрсетеді. Негізі елде жүргізілетін саяси реформаның қарапайым формуласы мынадай: Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет. Ендігі мәселе – осы жүйенің жұмысын жүйелі етуде жатыр. Мемлекет басшысы «Парламент республикалық бюджеттің сапалы орындалуына бақылауды күшейтуі қажет», деп атап өтті. Сол үшін Есеп коми­тетінің орнына Жоғары ауди­торлық палата құруды ұсын­ды. Бұл – өзгерістердің сөз жүзін­де қалмайтындығының көрінісі.
Өңірлерде азаматтардың би­лік­ке деген сенімін нығай­ту үшін мәслихаттардың да мәртебесін көтеру керек екендігі айқын нәрсе. Мем­ле­кет бас­шысы әр деңгейдегі мәслихат­тар­дың рөлін арттырып, дер­бес­ті­гін қамтамасыз ету үшін Мәслихат төрағасы лауазы­мын енгізуді ұсынды. «Сондай-ақ мәслихаттардың ықпалын барынша күшейту үшін облыс әкімдерін тағайындау тәртібін өзгерту қажет деп санаймын», деді Президент Қазақстан хал­қына арнаған Жолдауында. Жаңа реформада тізбекті түрде өзара өзгеріске бастайтын жаңа қайта құрулар бар екенін атап өткен жөн. Ал бетбұрыстардың негізгісі – өңірлердегі диспропорцияны жою мақсатында қабылданған шешімдер. Атап айтсақ, бірнеше жаңа облыстың құрылатындығы. Тарихымызды танытар Ұлытау даласының енді бір өңірге айналатыны, Абай атындағы облыстың пайда болатыны – жұрт құптай­тын бастамалар. Жетісулықтар­дың көкейінде жүр­ген облыс орта­лы­ғының шал­ғайлығы туралы мә­се­ле де шешімін табатын болды. Ал­маты облысының орталығы Қап­шағай қаласы деп, оны ұлттың арда ұлы Дінмұхамед Қонаевтың есімі­мен атауды көпшілік қуана қолдай­тынына да сенім мол.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет