Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


Киниктер  философиясының («Киносарг» деп аталған гимназияның атымен  аталып кеткен, аудармасы ~ «көгерген ит») негізін қалаушы  Антисфеннің



Pdf көрінісі
бет28/305
Дата17.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#117665
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   305
Киниктер 
философиясының («Киносарг» деп аталған гимназияның атымен 
аталып кеткен, аудармасы ~ «көгерген ит») негізін қалаушы 
Антисфеннің 
(б.д.д.


32
II тарау. Антикальщ философия
444-368 ж.) пікірінше, нақты өмір сүретін тек жеке заттар ғана, ал жалпы ұғымдар 
заттардың қандай зат екенін анықгайтын сөз ғана. Ал білім дегеніміз - ұғымдардың 
мазмұнын құрайтын пайымдаулар. Бірақ олардың мазмұнында заттардың мэ- 
нін көрсететін қасиеттер мен әртүрлі белгілерді теріп көрсетуге болмайды, се- 
бебі олар туралы дұрыс пайымдау субъекті мен предикат тепе-тең (тавтология) 
болтан жағдайда ғана (математик дегеніміз - математикадан сабақ беретін адам) 
қалыптасады. Киниктердің жеке заттар мен жалпы ұғымдар туралы пікірлері орта 
ғасырдағы номиналистердің жалпы ұғымдар мен жеке заттар туралы идеялары- 
мен ұштасып жатқанын байқаймыз.
Антисфен өзінің ұстазы Сократтың рақымшылық, ізгілік, басқа туралы ілімін 
ілгері қарай жалғастырып, түкке тұрмайтын қундылығы жоқ байлық, денсаулық, 
т.б. сияқты игіліктермен салыстырғанда рақымшылықты ең қунды жэне жалғыз 
ғана игілік деп уағыздаған. Себебі адам өзінің негізгі мақсаты - бақытқа тек 
рақымшылық арқылы жетуге болады. Рақымшыл болу үшін ол туралы көп сөздің 
немесе білімнің қажеті жоқ, ол тек іс-әрекет арқылы ғана көрінеді. Жұрттың бәрі 
рақымшыл болуға қабілетті, бірақ оған өз құмарлығын шектей алатьш адамдар 
ғана жете алады. Ондай адамдар тағдырға тәуелсіз, шын мәнінде, ерікті рақым- 
шыл данышпандар. Олардың идеалы - өздерін күнделікті қажет талап-тілектер- 
мен шектеп, табиғатпен үйлесімді өмір сүру. Ал шын мәніндегі ең жоғары бақыт 
- бақытгымын деп өлу.
Киниктер мемлекеттік заң мен рақымшылық зандарын ажыратып, бөліп 
қарастырады. Мемлекеттік заң рақымшылыққа жеткізбейді. «Шынында да, дауыс 
беру арқылы топас адамдарды қолбасшы қылып сайлайтын мемлекетті рақым- 
шылыққа жеткізетін мемлекет деп айта аламыз ба?» - деп сауал қояды Антисфен.
Материалдық тұрмыс қасиеттерін елемей, қоғамда қалыптасқан эдет-дәс- 
түрлерді мысқылдай отырып, нағыз данышпандық, рақымшылық, бақытты ізде- 
ген Антисфеннің ізбасары Диоген Сипопский (б.д.д. 412-323 ж.) - киниктердің 
этикалық ілімін өз өмірінің негізгі қағидасы етіп қабылдаған, осыған байланысты 
өзінің артынан көптеген анекдотқа ұқсас әңгімелер қалдырған ойшыл. Мысалы, 
ол туралы замандастары былай дейді: бірде базар алаңында, бөшкеде отырған 
Диогеннен ¥л ы Александр: «Сіздің қандай өтінішіңіз болса да орындауға әзір- 
мін», - деп сұрағанда, ол: «Күнді қалқаламаңыз», - деп жауап беріпті. Ол өте 
кедей тұрғанына қарамастан, киниктердің түсінігінше, рақымшылыққа, бақытқа, 
птыняйт.т бостандыққа жеткізбейтін адамдардың кемшіліктерін сынап, лэззатқа 
деген құмарлықгы жек көрудің өзі лэззат екенін уағыздаған. Тал түсте қолына 
фонарь ұстап базар алаңында: «Халық - көп, адам аз екен» деген сөзі осы пікірді 
нақтылайтын сияқты.
Киниктер материалдық игіліктерден бас тартып, аскетгік өмірді уағыздаса, ге- 
донистік (кирендік - Кирен қаласының атымен) мектептің өкілдері өмірде өз түй- 
сіктерінің мәліметтерін басшылыққа ала отырьпі, сезімдік қуанынггарға, ләззатқа 
берілу керектігін уағыздады. Ал лэззат, бақыт дегеніміз - минутгық сезімдік 
қуаныштардың жиынтығы, оларды қадірлеп, қастерлеп, мүмкіндігінше пайдалану 
керек. Өмір қайғы-қасіретке толы болғандықган, өмірмен қатар өлім де тартымды. 
Тек қана байлыққа, даңққа құмарту - ақылсыздардың ісі, ал даныншан болса, оған 
өмірде не болып жатқанның бэрібір: бай ма, кедей ме, ерікті ме, еріксіз бе, т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет