Күні: Мұғалімнің аты-жөні



бет1/2
Дата02.03.2023
өлшемі27,32 Kb.
#71120
  1   2




Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 5-сынып

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сыныптан тыс іс-шараның тақырыбы

«Жыр алыбы-Жамбыл Жабаев» поэзиялық сағат

Сыныптан тыс іс-шараның мақсаты

Жамбыл өлеңдерін шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүю, оны бағалай білуге баулу; оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту, сөз өнерін қадірлеп, қастерлей білуге дағдыландыру; ақын шығармалары арқылы ұлтжандылық сезімін оятып, адамгершілік , елінің өнерін сүюге тәрбиелеу.

Құндылықтарға баулу

сөз өнерін қадірлеу, ұлтжандылық сезімін оятып, адамгершілік , елінің өнерін сүюге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

музыка, қазақ тілі

Жоспар

Сыныптан тыс іс-шараның кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Басы

І Кіріспе сөз
Мұғалім: Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан , жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Жамбыл Жабаев 177 жасқа толып отыр.
1-жүргізуші: 
Жүзге кеп бақыт тапқан ақын Жамбыл,
Дүниеге түгел кеткен атың Жамбыл.
Тілекке көл аңсаған бүгін жеттің,
Далада жасасаң да ғасыр Жамбыл.
Халық үшін төрге төсеп төсек етер,
Ағарған сақалы мен шашы Жамбыл.
Көтерген көкке төбе тірелгенше,
Иеді көпшілікке басын Жамбыл.
Қайырлы күн, құрметті көрермендер!
2-жүргізуші:
Армысыңдар, ардақты ұстаздар мен оқушылар!
Заманына «ХХ ғасырдың Гомері» , жыр дүлділі, ғасыр ақыны, Жыр алыбы- Жамбыл Жабаевтың 177 жылдығына арналған кешімізге қош келдіңіздер! Бүгінгі біздің кешімізде қара өлеңнің алыбы, даланың дархан данасы Жамбыл атаның үміт күткен ұрпақтары сыр шертеді.

Оқушылар мәліметті тыңдайды

Интербелсенді тақта

Сабақтың ортасы

30 минут


1-жүргізуші:
Халық поэзиясының алыбы атанған Жамбылдың есімі дүние жүзі халықтарына кеңінен мәлім. Жамбыл медресе-мектептің есігін ашып, қолына қалам ұстап, жазу-сызуды білмесе де, жастайынан домбыра тартып, жыр жаттады, қазақ халқының сөз өнерін үйренді, кейін ақындығымен елге әйгілі жыршы атанды .(Презентациядан жылдар туралы мағлұмат)
Оқушылар кезегімен айтып шығады.
2-жүргізуші:
Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Жамбыл Жабаев 177 жасқа толып отыр. Енді Жамбыл мұражайына саяхаттайықшы. (Презентациядан мұражайға саяхат)
1-жүргізуші:
Халық поэзиясының алыбы атанған Жамбылдың есімі дүние жүзі халықтарына кеңінен мәлім. Жамбыл медресе-мектептің есігін ашып, қолына қалам ұстап , жазу-сызуды білмес де, жастайынан домбыра тартып, жыр жаттады, қазақ халқының сөз өнерін үйренді. Кейін ақындығымен елге әйгілі жыршы атанды. Ол "Көрұғлы" ,"Мұңлық- Зарлық" ,"шаһнама ", "Қыз Жібек" сияқты үлкен дастандарды бірнеше апта бойы жырлаған.


2-жүргізуші: Жамбыл екі заман тұсында өмір сүрді. екі дәуірдің куәсі болған ақын өз көзімен көрген өмірдің бар шындығын жырлады.
Жамбыл қазіргі Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы Жамбыл тауының етегінде 1846ж 28 ақпанда көшпелі кедей отбасында туған. Жастайынан өлеңді қолма-қол жанынан шығарып айтатын болған. Қаршадай баланың өнеріне сүйсінген атақты Сүйінбай ақын оған ақ батасын берген.
1-жүргізуші: Екі ғасырдың куәсі, жыршы-жырлау, халық ақыны, ірі айтыскер ақын. Жамбыл – өмірімен де, шығармашылығымен де екі ғасырды молынан тұтастырып жатқан ұлы жырау. 13 - 14 жасынан бастап сөзінің көбін өлеңмен айтқан ақынның XIX ғасыр шегінде шығарған өлең - жырлары мен айтыстары да өте мол болған. Олардан дәуір шындығы, Жамбылдың ақындық мұраты мен зор таланты айқын танылады. Ерлікті, елдікті дәріптеген, халықтың жоғын жоқтап, әлсіздерді күштілердің зорлығынан арашалаған, әділдікті, бостандықты жыр еткен көркем де қуатты поэзиясымен Жамбыл сынды тұлғаларымыз өз ғасырында қазақ әдебиетінде көрнекті орын алады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет