Жалпы ережелер робототехникадан «Төлеби ауданына 90 жыл»


Бұл жағдайда екінші әрекет мүмкіндігінің орындалуы сол кезеңнің соңына ауыстырылады



бет11/19
Дата03.04.2023
өлшемі285,16 Kb.
#78730
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19

Бұл жағдайда екінші әрекет мүмкіндігінің орындалуы сол кезеңнің соңына ауыстырылады.


    1. Кезеңдер арасында қатысушылар робот құрылымына (жөндеу, электрмен қоректендіру

құрылғыларын ауыстыру, бағдарламаны таңдау түрінде) кішігірім өзгерістер енгізуге құқылы, егер өзгертулер роботтың құрылым талаптарына қайшы келмесе және жарыс ережелерін бұзбайтын болса. Роботты жедел құрылымдық өзгертуге берілетін уақыт – 10 минут. Уақыт техникалық комиссия төрешісімен бақыланады. Робот карантинге оралғаннан кейін роботтың конструкциясы қайтадан суретке түсіріледі.

    1. Бастау тәртібі:

  1. Әр кезеңнің басталуына дейін орындау тәртібін анықтау және раундтарға қатысатын

роботтарды жұптастыру үшін жеребе тарту өткізіледі. Қатысушылар кезекпен жұпталып топталады: бірінші екіншімен, үшінші төртіншімен және т.б.
Қатысушылардың саны тең болмаған жағдайда, жарияланған турдағы жұпсыз команда белгіленген турға қатыспай, келесі турға бірден өтеді.

  1. Төреші раундтың басталуын жариялағаннан кейін, 4.2-тармаққа сәйкес операторлар роботтарды қызыл жолақ алдына қояды Роботтарды іске қосқаннан кейін операторлар 5 секунд ішінде алаңнан 1 метрден артық қашықтыққа кетуі тиіс.

  2. "Старт" командасынан кейін операторлар роботтарды іске қосады.

  3. роботтарды іске қосқаннан кейін операторлар өрістен 5 секунд ішінде 1 метрден артық алыстауы керек.

    1. Әрекеттер кезінде жарыс қатысушылары роботтарды немесе рингті ұстамауға тиіс. Қашықтан басқару немесе роботтарға қандай да бір бұйрықтар беруге тыйым салынады.

    2. Әрекет аяқталды деп саналады, егер:

− роботтың кез келген бөлігі рингтің шектелген қара сызығының аймағына тисе,
− раунд уақыты бітсе (3 минут).


  1. Төрелік


    1. Ұйымдастыру комитеті егер бұл өзгерістер командалардың біріне артықшылық бермесе, жарыс ережелеріне өзгерістер енгізуге құқылы.

    2. Бақылау және қорытындылау ережеге сәйкес төрешілер тобы жүзеге асырады.

    3. Төрешілер барлық жарыстар кезеңдерінде барлық өкілеттіктерге толық ие болады. Барлық қатысушылар олардың шешімдеріне бағынулары керек.

    4. Төреші дау-дамай жағдайларын анықтау үшін қосымша әрекет мүмкіндіктерін белгілей алады.

    5. Төрешінің шешімі бойынша ережелерді нақтылау үшін раундты тоқтатыла тұруы мүмкін.

    6. Егер төрешіге қатысты қандай да бір қарсылықтар орын алса, топ жетекшісі Ұйымдастыру комитетіндегі төрешілердің шешіміне ағымдағы раундтан кейін 10 минуттан кешіктірмей жазбаша түрде шағымдануға құқылы.

    7. Егер робот 10 секунд бойы қозғала алмаса, төреші өз қалауы бойынша әрекет мүмкіндігін тоқтатуы мүмкін.

    8. Ескерту жасауға әкелетін ереже бұзушылықтардың тізбесі:

− егер сайыс кезінде команда мүшелерінің бірі, оператордан басқа, роботқа қол тигізсе;
− егер командадан біреу сайыс кезінде қарсыласының роботына қолын тигізсе. Қарсыластың роботына қол тигізген команда қатысушысы ескерту алады.

    1. Егер команда бірінші рет ескерту алса, сол кезең қайта ойнатылады.

Команда екінші ескерту алған жағдайда раунд тоқтатылады, және команда роботы сол раунда жеңілген болып саналады.
Жарыс кезінде 3 ескерту алған команда жарыстың барлық кезеңдерінен шеттетіледі.

    1. Команданы жарыстың барлық кезеңдерінен жедел түрде шеттетуге әкеліп соғатын ереже бұзушылықтардың тізімі:

− егер біреу раунд кезінде өз командасының роботын қашықтан басқарса
− қарсыластарының роботына қасақана кедергі келтірсе.
5.11. Жарыстың жеңімпазын анықтауда немесе қосымша раунд өткізу барысында талас тудыратын жағдайларда шешімді жарыстың төрешісі шығарады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет