Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен



бет1/4
Дата25.11.2023
өлшемі58,92 Kb.
#127740
түріБағдарламасы
  1   2   3   4


ЖОБА
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2017 жылғы « » ___________
№ ____ бұйрығына 1 - қосымша

Қазақстан Республикасы


Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген



Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен
жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасы
(оқыту қазақ тілінде)
1-тарау. Жалпы ережелер



  1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

  2. Жалпы орта білім беретін мектептерде «Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты – ана тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру, сондай-ақ қазақ әдеби тілі нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету.

  3. «Қазақ тілі» оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері:

  1. қазақ тілін ана тілі ретінде тани отырып, өмірлік қажеттіліктерінде коммуникативтік әрекеттер түрінде (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым) сауаттылықпен қолдану дағдыларын қалыптастырады;

  2. оқушыларда қазақ тілін күнделікті өзі еркін қолданып жүрген қарым-қатынас құралынан енді оны тілдік заңдылықтар негізінде танып-білу дағдыларын қалыптастырады;

  3. қазақ тілі жүйесін құраушы кіші жүйелерді, тіл бірліктерін және олардың табиғатын танып біледі;

  4. тіл бірліктерінің қарым-қатынас құралы болу, ойды білдіру, таным құралы болу, ақпаратты сақтау құралы болу қасиеттерін функционалдық-коммуникативтік бағдарда танып-біледі, соған лайықты машықтар мен дағдыларды қалыптастырады;

  5. «Қазақ тілі» пәні бағдарламасы оқушының тіл сауаттылығы мен сөйлеу сауаттылығын, сөз байлығын, басқалармен еркін қарым-қатынасқа түсу қабілетін дамытуды және оқушының ойлау қабілеті мен танымдық дағдыларын жетілдіруді көздейді.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет