Жамбыл облысы Тараз қаласы №13 бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі



Дата13.03.2023
өлшемі62,43 Kb.
#73643
Байланысты:
Суттибаева Аийда




Жамбыл облысы
Тараз қаласы
"№13 бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі
Суттибаева Аийда Даулеталиевна
Баланың ойлау қабілетін ойын арқылы дамыту.

ХХІ – ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі,ой-өрісі жоғары, жан-жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті болып тұр. Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні – мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Отбасында ата-ананың ықыласы мен мейірімінен нәр алған бала балабақшада тәрбиешілердің шұғылалы шуағына бөленеді. Баланың бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып, олардың өнегелі де тәрбиелі болып тәрбиеленуіне тәрбиешілердің маңызы зор.


Ойындардың негізгі мақсаты балалардың ықылас зейінін, сөздік қорын, байқампаздығын, есте сақтау, қабылдауын дамытуы, икемділікті арттыруға, өзінің жеке құрбыларының іс-әрекетін бағалай, құрметтей, өз ісінің дұрыстығын дәлелдей білуін анықтау, қалыптастыру. Ойынның маңызы:
1.Тәрбиеленуші үшін
Ақыл-ойы дамиды, оқуға қызығушылығы белсенділігі, шығармашылығы, артады, тұлғалық қасиеттері қалыптасады.
2. Тәрбиеші үшін:
Ойын түрінде оқыту жалықтырмайды, баланың білімінің сапасын
арттыруда, сабақты қызықты өткіз үшін тиімді.
3. Ата-ана үшін
Бала бойындағы жағымсыз қылықтарды, ойын арқылы тәрбиелейді.
Бойында ұлттық сана, ұлттық психология қалыптасқан бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан- жақты жетілген парасатты азамат тәрбиелеп өсіру міндеті үздіксіз білім берудің негізгі бастау бұлағы болып табылатын балабақша ұйымдардан басталуы заңдылық. Өсіп дамып келе жатқан балалардың бойында алуан түрлі қасиеттер байқалады. Осы қасиеттерді бала бойынан дер кезінде байқап, оған оң баға беру, баланың дамып келе жатқан мінезін дұрыс жолға сала білу әрбір тәрбиешінің міндеті.
Осы тұста Абай атамыздың «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала болар ма?», - деген даналық сөзі ойға оралады. Баланың бірінші әрекеті - ойын. Бала бойындағы жағымды қасиеттерді дамыту барысында балабақшада ойынның атқарар рөлі өте жоғары. Расында баланың өмірді,қоршаған ортаны тануы еңбек қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын арқылы қалыптасады. Ойын – баланың ойлау қабілетін жетілдіре отырып, қиялын дамытады. Зерттеп қарасаңыз бала ойынында қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Бала жалғыз ойнағанды ұнатпайды, қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды және ойын арқылы бір-бірімен өзара қарым-қатынас жасайды. Бұл құбылыс баланың дамуы үшін оның тұлғалық қасиетінің қалыптасуы үшін ерекше маңызы бар фактор болып саналады. Ойын бала бойындағы түрлі қасиеттерді дамытады десек, баланың ақыл-ойының дұрыс дамуының бір белгісі баланың жеткілікті дамыған сөздік қоры. Баланы алдымен дұрыс сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу, сөздердің дыбыстық құрамын дұрыс айта білуге үйрету арқылы олардың бір-бірімен ойын үстінде тығыз қарым-қатынас жасауына ықпал етеміз.
Ойын – балалардың негізгі іс-әрекетінің бір түрі. Ойын арқылы бала өмірден көптеген мәліметтер алады, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады, яғни ойын арқылы бала білім алады. Бала зейіні қажет ететін, әдейілеп ұйымдастырылған ойындар оның ақылын, дүниетанымын кеңейтеді, мінез-құлқын,ерік-жігерін қалыптастырады. Аса ірі психологтардың айтуы бойынша, бала ойын үстінде қандай болса, өскенде еңбекте де сондай болады. Ойын – адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Балалар ойын барысында өздерін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекеті( сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою,ерік ) арқылы байқалады.
Балаға таңдалған білім баланың ақылына лайықтап, талабын шабыттандыратындай, ойын оятарлық іскерлігін дамытарлықтай, бастаған істің нәтижесіне жетуге тырысарлықтай нәрлі болуы керек.
«Ойнай білмеген, ойлай да білмейді» − деген аталы сөздің сырына жүгінсек, мектепке дейінгі кезеңдегі баланың ойынға деген ынтасы, қарым− қатынасы, мінез- құлық көріністері − олар өсіп есейгенде де жалғаса беретіні сөзсіз. 
Ойын есептерін балалармен бірлесе отырып, әрқилы әрекеттер арқылы шешуге тырысамын. Қоғам дамуының айқындайтын негізгі көрсеткіштердің бірі-ақпараттану болғандықтан, осы ойындар арқылы түрлі құбылыстарға тап болып, сырын білуге талпынамын. Қай кезде де балаларды өзімнің дегеніме, ықпалыма көндіруге тырыспаймын.Ойындық таным есептерін көрнекіліктер мен түрлі құралдарды қолдана отырып, бірге шешеміз. «Таным» оқу іс− әрекетінде қарапайым математикалық ұғымдарды дамыта меңгертуді, жетілдіруді өз мақсатым деп білемін. Мысалы «Не артық», «Лабиринт», «Көршісін тап», «Кім шапшаң?» сияқты ойындар арқылы есту, байқағыштық, зейінін жетілідіріп, тапқырлық мақсатын көздедім. Өзім еңбек ете жүріп көңіліме түйгенім – баланың тілін, шығармашылық қабілеттерін дамыту бағытындағы жұмыстармен қатар математикалық ұғымдарды оларды терең меңгеруіне, ойлауына мүмкіндік беру бүгінгі өсіп келе жатқан бүлдіршіндердің ертеңгі болашағын айқындауда, тәрбиешілердің өз ісінің жеткілікті нәтижесін бағамдауы тиімді екені сөзсіз. 
Ересектер тобында ойындар мазмұны күрделене түседі. «Дәріхана», «Супермаркет», «Шаштараз», «Пошта», «Асхана» т.б ойындар арқылы жүргізілген жұмыстар баланың танымын, түсінігін жан − жақты байыта түседі.Түрлі жаттығулар арқылы балалардың зейінін ашу. «Зейін» деп психикалық әрекеттердің айналадағы заттар және құбылыстарға бет алып, бағытталып түйдектелуін айтады. Зейін бізге сыртқы дүние заттары мен құбылыстарын анығырақ және ашығырақ сәулелендіру үшін психикалық әрекетіміздің оларға бет алып жинақталуымыз үшін қажет. Егер зейін болмаса, заттарды, құбылыстарды жақсылып, толығырақ, ашығырақ сәулелендіру үшін психикалық әрекетіміздің оларға бет алып жинақтауымыз үшін қажет. Егер зейін болмаса, заттарды, құбылыстарды жақсылап, толығырақ, ашығырақ қабылдауға болмас еді. Адамның күнделікті тұрмысында да, еңбекте де зейін үлкен орын алады. Зейін психикалық әрекеттің айрықша бір жағы, сананың ерекше сипаты болып табылады. Түрлі тәсілдер арқылы бала зейінін арттыру балабақшадағы, мектептегі барша тәрбиеші- мұғалімнің ат салысатын негізгі педагогикалық істерінің бірі. Іске шын мәнісінде зейін қойып кіріскенде ғана әрекетті нәтижелі етіп орындауға болатындығы мұғалім үшін аксиомалық қағида болуы қажет. Зейінді дамытуға араналған жаттығудың мақсаты: баланың қызығушылығын қарым-қатынас деңгейін, жаңа ортаға бейімделуін, ішкі энергиясын, лидерлік қабілетін анықтауды қамтамасыз етеді және де бала туралы жалпы мағлұмат алуға мүмкіндік береді. 
Бала денесінің дамуы мен ой дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді. Рөлдік ойындар мектепке дейінгі балалармен өмірінде елеулі орын алады. Бұл ойындар ұзақ та, қысқа да болу мүмкін.
Сюжетті – рөлді ойындар бейнелеу құралы рөл мен ойын әрекеті болып табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктену, шындықты көрсету болып табылады. Мысалы «Дүкен» ойынын ойнағанда балалар сатушы мен сатып алушы әрекеттеріне еліктейді., ал «Отбасы» ойындары арқылы айналадағы өмірді бақылауға, күнделікті өз өмірлерінен алған білімдерін ойын сюжетіне пайдалануға болады.
Ұлттық қазақ ойындары бала өмірі кезеңі ойын арқылы жетіледі. Ойындар әр топта жас ерекшелігіне сай жүргізіледі.Баланың тілін жетілдіру үшін оны әңгімеге тарта отырып, баланың сөздік қорын жаңа сөздермен толықтырып, түсінігін толайту қажет. Баланың тілін дамытуда ойын түрлерін жүргізу арқылы, ойын шартын айта отырып та байытуға болады. Мысалы: «Қуыршаққа қонаққа бару», «Мен кіммін», «Қуыршақты киіндіреміз», деген секілді ойын түрлерін қолдануға болады.Бала тәрбиесі қиын да, жауапты міндет. Ол қоғамның, заманның бағыт-бағдарымен, тыныс-тіршілігімен бірге жүріп отырады. Осы орайда кез-келген бүлдіршін үшін бала тәрбиесі ата-анасына берілген тәлім-тәрбиені одан әрі жалғап, жандыратыны сөзсіз.
Ойын үстінде баланың түрлі қасиеттері, қабілеті мен белсенділігі де көрнекті педагог А.С Макаренко былай дейді: «Ойында бала қандай болса, өмірде кәсіби қызмет саласында, көбінесе сондай болады». Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу-бәрінен бұрын ойын арқылы жүзеге асырылады. Ойын-балалар үшін айналадағыны танып, білу тәсілі.Ойындар мазмұнына қарай, өзіне тән ерекшеліктеріне қарай сюжетті-рөлді,драматизациялық, дидактикалық ойындары, қимылды ойындар, ұлттық ойындар болып бөлінеді. Қимыл-қозғалыс ойындары бөбектердің қозғалысына, жүгіру, секіру, өрмелеу, лақтыру, қағып алуды жетілдіруге мүмкіндік береді.Қимыл ойындары баланың жүйке-психикалық дамуына, жеке басының аса маңызды салаларының қалыптасуына да үлкен әсер етеді. Қимыл-қозғалыс ойындары үйдің ішінде де, серуен кезінде де бірнеше баламен немесе топпен жүргізіледі.
Ойынды игерген бөбектер өздігінен ойнай алады. Баланың қимыл қозғалысын дамыту мақсаты- мен ұйымдастырылған оқу іс әрекеттері кезінде, одан тыс уақыттарда балалармен қимылдық ойындар өткізуге болады. Жүгіру қимылдарын дамытуға «Тышқан мен мысық», «Мені қуып жет», «Ормандағы аю» т.б. Секіру қимылдарын дамытуға «Қасқыр мен қояндар», «Аңшы мен қояндар» т.б. ойын түрлері арқылы баланың шапшаңдылық, тапқырлық, белсенділік, қырағылық, ұйымдастырушылық, ептілік қабілеттері дамиды.
Аса көрнекті педагог Н.К.Крупская қимылды ойын жөнінде былай деп жазады: «Ойын – өсіп келе жатқан бала организміне қажет. Ойында баланың дене күші артады, қолы қатайып, денесі шыңдала түседі, көзі қырағыланады, зеректілігі, тапқырлығы, ынтасы артып жетіле түседі. Ойын- да балалардың ұйымдастырушылық дағдылары қалыптасып шыңдалады». Ойын кезінде балалардың көтеріңкі көңіл, ойынға деген қызығушылықтары артады. Ойын баланы жан жақты жарасымды тәрбиелеудің психологиялық және физиологиялық негіздері болып табылады.
Жалпы ойынның қандай түрі болмасын, атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырады. Халық ойындары өмірлік қажеттіліктен туады да, психологиялық жағынан денсаулықты нығайтуға негізделеді. Тапқыр да алғыр, шымыр да епті, қайратты да қажырлы бала өсіруді армандамайтын отбасы жоқ. Демек ойынның өзі бала үшін біліктің, тәлімнің қайнар көзі болып табылады. Жасөспірім бүлдіршіндер ойнай да, күле де, ойлай да білсін!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет