«Жан-Нұр» жалпы білім беру мектебі жшс тәрбие сағаты Тақырыбы



Дата30.01.2023
өлшемі310,32 Kb.
#63701
түріПрезентация

«Жан-Нұр» жалпы білім беру мектебі ЖШС
Тәрбие сағаты
Тақырыбы:

«Тәуелсіздік-тұғырым!»


Сынып : 3»Ә»
Сынып жетекшісі: Әбдібахы Л.С

Шымкент қаласы


2022-2023 оқу жылы
Тәрбие сағаты «Тәуелсіз елім Қазақстаным!»

Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды Отанды, елді, жерді сүюге туған ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу.


Тәрбие сағатының көрнекілігі:презентация
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Гимні, буклеттер
Тәрбие сағатының барысы:
Аудиожазба. Тәуелсіздік шежіресі
Мұғалім сөзі:
Тәуелсіз елім Қазақстаным тәрбие сағатын бастамас бұрын, сіздерді бұл мерекенің маңызымен таныстырып өтейін. Алтайдан Алатауға дейін ұлан – ғайыр жерді мекен еткен ата – бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барңған. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, Иса Досан, Шотан батырлар, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар. Ресейдің езгісінде болып, тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат асанова сияқты қыршын жастардың құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық. Міне содан бері 31 жыл!
- Сәлеметсіздерме оқушылар сыныбымыздың
«Тәуелсіз елім Қазақстаным» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
Мұғалімнің сөзі:
-Шәкірттерім қазіргі кезде сен ашық аспан, жарық күн сәулесі түсіп тұрған мемлекетте өмір сүріп жатырсың, білім алуға сен үшін мүмкіндік мол. Сен көп уақытыңды достарыңмен, туған – туыстарыңмен өткізесің, көңілді мерекелерді асыға күтесің. Саған қандай мерекелер ұнайды? Оларды қалай тойлайсың? Әрине барлық мейрамдар жақсы. Бірақ олардың арасында біздің мемлекетіміз үшін маңыздылары бар. Соның бірі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні.
Қазақстан Республикасы – біздің туып өскен жеріміз, біздің Отанымыз. Бұл жерде қазақ халқы ертеден тұрып келеді.
Қазақтар мал өсіріп, жер игеріп, өз Отанын жаудан қорғаған, жерін болашақ ұрпағына мұра етіп қалдырған, яғни біз үшін.
Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман
Мұғалім: - Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар, Қазақстан өз тәуелсіздігін алды. Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.
16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.
Видеожазба. Желтоқсан оқиғасы
Осының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды.
Мұғалім:
Мерей: Қазақстан республикасының мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар шаншылған. Жарық жұлдыз – Отанымыздың жұлдызы биіктеп, бақыт жұлдызынан нұр шашып тұрғанын бейнелейді.
Екі топ: Туды, елтаңбаны құрастырады.
Сәфийә: Кез – келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы - Әнұран. Әнұран мемлекеттік салтанатты әні. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған.
Мұғалімнің сөзі:
Балалар, өткенге шолу жасайықшы? Өткен жылдар қандай ерекшеліктерімен есімізде қалды? Сол туралы ойымызды ортаға салсақ.
Жылдар иреархиясы:
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан республикасының жоғарғы сесиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылы» мемлекет деп жарияланды.
1992 жылы 4-маусымда ҚР Мемлекеттік рәміздерін қабылдады.
1993 жылы 15-қарашада Ұлттық Валюта – теңге айналымға енгізілді.
(ары қарай жалғасады)

Қорытынды:


Бір ата, бір ананың түлегіміз


Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз
« Бірлік барда тірлік бар » деген бабам
Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз! - дей отырып, тәрбие сабағымызды
қорытындылаймыз!




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет