Жанарында жұлдыз жанып тұрады



Дата13.02.2023
өлшемі19,15 Kb.
#67443

АРМЫСЫЗДАР АЯУЛЫ АТА-АНАЛАР,АРДАҚТЫ ҰСТАЗДАР, МЕН БІЛІМ АЛУШЫЛАР,БҮГІНГІ «ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ТӘРБИЕ БАСТАУЫ » АТТЫ ТӘРБИЕ САҒАТЫМЫЗҒА ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!
Мақсаты:Студенттерді ұлттық құндылықтарды құрметтуге тәрбиелеу, ұлттық құндылықтар-біздің тіршілігіміз,бабаларымыздан қалған асыл мұра екенін түсіндіру.
Ұлттық құндылықтар – әрбір ұлттың болмысында ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан адамгершілік қағидаттары.ТӘУЕЛСІЗ мемлекетіміздің ертеңі ұрпақтың рухани байлығы,мәдениеті,саналы ұлттың ойлау қабылеті мен білімінеде байланысты.
Ғасырдан-ғасырға жеткен халықтың қазынасы – тілі, ділі, салт-дәстүрі, әдебиеті мен өнері ұлтымыздың рухани байлығы,Ұлттық болмыс, оны дәріптеу отбасынан, ошаққасынан басталады. Отбасы – тәрбиенің тамаша мектебі. Үлкенді сыйлауға, ана тілін ардақтауға, салт-дәстүрімізді сақтауға тәрбиеленсек, ұшқанда да соны іліп, жүрген жерімізде сол құндылықтарды дәріптейміз.
Қазақ халқы құндылықтар ішінде өнергеде баса мән берген, әр халықтың биіне қарап сол елдің тұрмысын, салт дәстүрін, тіршілігін, жалпы өмірін,мінез құлқын көруге болады дейді өнер адамдары.
Жанарында жұлдыз жанып тұрады,
Қарап тұрған мылқауларды сөйлеткен,
Көрерменнің көңілінен шығады,
Мың бұралған бишілердің өнері!
-Дей келе студенттеріміздің қазақи нақыштағы мың бұралған көркем биімен бүгінгі тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз!
Би: Қазақша
Құндылық бұл- белгілі бір заттың маңыздылығы және керектілігі.Oлардың тарихи өзіндік ерекшелігі бар! Отан, тіл, тарих, өнер, әдебиет сияқты көрініс тапқан қандай да бір этностық қауым өкілдерінің рухани идеалдарының жиынтығы.
Ұлттық құндылықтар жайлы айта беретін болсак шегі жоқ. Қазақ оюлары, қазақ тілі, қазақ халқы, қазақтың құндылықтары десе ең алғаш ойымызға өз еліміздің өзіне тән белгісі, нышаны келеді, Әлем қазақ елін осы оюымен, оюлы домбырасымен және оюлы көк туымен таниды.
Халқымыз құндылықтарға өте бай,әсіресе салт дәстүріміз,соның ішінде шілде хана,бесік той,құда түсу,беташар,қалын мал беру,қызға сырға салу секілді мәні мен мағынасыда терең салт-дәстүрлеріміз бар.
Неше бір заман өтседе,
Бабалар салған жолменен
Мәңгілік елдің төрінде,
Сақтаған салтын жөнімен.
Айттырып құда түсіріп,
Бойжеткен айдай аруға
Сырғасын салып сүйсінер,
Жеңгелер жаққан ауылға!
Алтындай сырға тағылар,
Алтындай таза болсын деп.
Ақылды әрі бағалы,
Жайдары,жарқын болсын деп.
Қазақтың қызы қашанда
Үлкеннің алып батасын,
Ибалы келін атанған,
Осылау салтым жасасын-дей келе,қазақ халқының сырға салу салу дәстүрінің бірі қазіргі кезде кеңінен таралған,ендеше сол тамаша дәстүрді тамашаласақ!
Көрініс: Сырға салу
Көрініс тамашалағандарыңызға рахмет!
Келесі біздің қонақтарға қояр бірнеше сұрақтарымыз бар еді,ұлтымыз үш бес жеті сандарын киелі санаған,ендеше сол сандар жайлы не білетінімзді ортаға салайық.
Сұрақтар:
Үш арсызды атаңыз: ұйқы, тамақ, күлкі
Үш байлықы атаңыз: Бірінші байлық - денсаулық, екінші байлық- ақжаулық,
Үшінші байлық-саулық
1)Бес қаруды атаңыз:
Бірінші қару-жабу қаруы( балта ,айбалта,шақан)
Екінші-түйреу қаруы( найза сүңгі)
Үшінші-кесү қаруы(қылыш, семсер)
Төртінші-соғу қаруы(шоқпар,гүрзі)
Бесінші-ат қаруы( садақ,мылтық)
2)Ағайын,жақын, таныс адамдардың бір-біріне деген бес борышын атаңыз:Аллаға, Пайғамбарымызға байланысты борыш;
Адамның өз-өзіне байланысты борыш;
Мемлекет пен халық алдындағы борыш;
Үй іші, жақындарына байланысты борыш;
Адамгершілік әлеміне деген борыш
1) жеті қазынаны атаңыз:
жүйрік ат, қыран бүркіт, құмай тазы, берен мылтық, қандыауыз қақпан, майланғыш ау, өткір кездікті жатқызған.
2)Жеті жетім:
Тыңдамаған сөз жетім,
Киюсіз тозған бөз жетім,
Иесіз қалған жер жетім,
Басшысы жоқ ел жетім,
Аққу-қазсыз көл жетім,
Жерінен айырылған ер жетім,
Замандасы қалмаса – бәрінен де сол жетім.
Сұрақтарға ат салысып жауап бергендеріңізге рахмет!
Өз ұлтымызбен қоса өзге ұлттың өнеріменде таныс болайық!
Аруларымыз ортада испан биімен.
Би: Испан биі
Осымен тәрбие сағатымызды ата- аналар,ұстаздардың сөзімен қорытындыласақ. Сөз кезегі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сурашова Айнаш апайымызға сөз береміз!
Ата- аналардың айтар тілегі, берер бағасы болса…..
Тәрбие сағатымызды тамашалап, жақсы өтуіне ат салысқандарыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет