Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №4 /2012


«ЖАНЫНЫҢ ЖАПЫРАҒЫН  СІЛКІНДІРІП...»



Pdf көрінісі
бет20/22
Дата27.03.2017
өлшемі3,3 Mb.
#10487
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

 
«ЖАНЫНЫҢ ЖАПЫРАҒЫН  СІЛКІНДІРІП...» 
(МАРФУҒА АЙТХОЖИНАНЫҢ  ПЕЙЗАЖДЫҚ  ЛИРИКАСЫ) 
 
Ж. Молдабаева, магистрант 
І. Жансүгіров атындағы ЖМУ, Талдықорған қаласы 
 
Мақалада М.Айтхожинның  пейзаждық лирикасы көркемдік жағынан талданады. 
 
Статья посвящина анализу художественных средств пейзажной лирики   М.Айтхожиной. 
 
The article  is  considered to  analyze  the  art  of  lanscape  lyrics of  M.Aythozhin. 
 
Тірек сөздер: ақын, лирика,  пейзаж, көркемдік. 
 
   «Жыр  жазу  деген - азап  ол, әйел боп туған  болмысқа» ...- деп   ақын   Фариза  
жырлағандай  әйел  затының  ақын  болуы -  жаратылыстың  ерекше  сыйы.  Әйел  боп   
туған  болмысымен  қанша   азап  пен  оттың   ортасында  жүрсе  де  ақын  қыздар  еш  
мойымай,  ақындық пен  азаматтықты абыроймен қатар  алып келеді.  Сондай ақынның 
бірі:   
                                      Тәркі дүние! 
 
 
 
 
Тартсаң да етегімнен, 
 
 
 
 
Жүргем жоқ ырқыңа еріп, 
 
 
 
 
Жетегіңмен. 
 
 
 
 
Жалтарыссыз, 
 
 
 
 
Бірбеткей мінезіммен, 
 
 
 
 
Бір күні бұл пәниден өтемін мен,- [1,56] 
 
деп, жыр жауһарын төккен - Марфуға  Айтхожина. 
   Дүниеге шыр етіп сәбидің келгені  - өлең, оның бесікке бөленіп, анасын емгені  - 
өлең,  қаз-қаз  тұрып,  тәй-тәй    басқаны  -  өлең,  бозбала  мен  бойжеткен  болып 
сырласқаны,  қырды  асқаны  -  өлең,  жігіт  болып,    қалыңдық  болып    қалжыңдасқаны  - 
өлең, аға не жеңеше  болып есейгені - өлең, ақсақал не арда ана болып ақыл айтқаны  - 
өлең.  Өмірге  келген  күннен  оның  өлең  сапары-  өмір  сапары  басталды.  Бесікте  жатқан 
кезінде тыңдаған бесік жырының әуені   көкірегіне ұя салды. Бұл туралы ақын Олжас: 
«Әрбір ақынның өз әні бар. Марфуға Айтқожинаның  да өз әуезі бар. Менің поэзия мен 
әнді салғастыруым   да кездейсоқ  емес»,  -  деуі  тегін емес.  
«Ақындықтың  асқар  шыңына  шыққан,  шашасына  шаң  жуытпас  Марфуға 
ақынның» (Әзілхан Нұршайықов) шығармашылық жолының тұсауы Жұмағали Саиннің 
ақ батасымен «Қазақ әдебиеті»  газетінде 1950 жылы жарияланған топтама өлеңдерімен 
кесілді.  Оның  қазақ  поэзиясына  қосқан  үлесі  мен  мәні  жөнінде  әр  кезде  баспасөз 

     
 
 
177 
 
І.Жансүгіров  атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ    № 4 /2012     
 
бетінде  «ол  үздіксіз  іздену,  үйрену,  талаптану  арқасында  өзінің  бойына  біткен  табиғи 
дарынын  жетілдіріп,  белестен  белеске  шығып,  өз  биігіне  жеткен  ақын»  деген 
бағыттарда    жылы  пікірлер  айтылып  келеді.Соның  дәлелі  -  Қазақстан  Мемлекеттік 
сыйлығының  лауреаты  атануы.  Талай  толқын  жас  буынды  туған  елді,  жерді  сүюге  
тәрбиелеген  өр,  тәкаппар  жырлары  үшін  Елбасының  өз  қолынан  «Құрмет»,  «Парасат» 
ордендерін алды. Қырықтан астам алыс-жақын  шет ел   тілдеріне өлеңдері аударылып, 
басылып шықты. Мұның бәрі  Марфуға ақынның талмай ізденіп, тек биікке  талпынған 
еңбекқорлығының арқасында қол жеткізген  асулары.    
 
 Зерттеу үстінде аңғарғанымыз  – Марфуға  Айтхожинаның  жан  – жақты ашылап, 
жыр  гауһарын  оңды  –  солды  шашқандай  ерекше  шабытқа  бөленіп,  ғажап  арқаланып 
кететін  тұсы  табиғат  тақырыбы  екен.  Табиғат  ақын  үшін  –  шабыт  көзі  ғана  емес, 
өмірдің  философиясы,  жүрек тынысы, көз нұры, тіршіліктің  мән – мағынасы.      
          М.  Айтхожинаның  бүкіл  ақындық  палитрасына  тән  бояулар  әлемі,  әсіресе  оның 
табиғат  тақырыбына  жазған  жырларына  келгенде  жансызға  жан  біткендей,  сан 
түрленіп, мың түске еніп, ғажап құбылады.  
 
Оқырманын  сүйсінту, өзімен   бірге   сезім   әлеміне  жетектеу   нағыз  ақынның   
ғана      қолынан    келмек.  Туған  жерінің  табиғатын  мадақтарда  ақын  арқаланып  кетеді. 
Жаңбыр  тамшыларының  ерте  көктемнің  хабаршысындай  боп  терезе  қаққан  тырсылы 
(ақын  мұны  «Жаңбырдың  нәзік  саусағы»  деп  образды  түрде  айтады)  толқындардың 
талай  жыл  көрмей  аңсаған  бауырының  алдынан  жүгіре  шыққан  бала  қаздардай 
ұмтылуы, көктемнің жазға ұласар жайсаң шағындағы дала  көріністері, таңертең гүлдің 
нәзік  жапырағына тұнған шық - бәрі  – бәрі ақын жүрегінен  жыр боп төгіледі.   
Марфуға  ақынның,  әсіресе,  туған  ел  мен  туған  жер    топырағына  келгенде, 
Сайрам,  Талқы,  Тәңіртау  сияқты  қасиетті  өңірге  өзгеше  сезімге  құрылған  толы 
жырлары құйылып түседі, көсіліп сала береді. Сөзден ғажайып суреттер бояуын төгеді. 
«Сайрам көл» деген толғауындағы: 
...Бөленіп төбе үстінде құрық қалған... 
Жоқшылық жомартқа тор құрыпты алдан. 
Ақ арман құшағында талып кеткен, 
Көл- арудың көз жасы тұнып қалған... [1,87] 
 
деген    шумақтар  соның  дәлелі.  Асылы  нағыз  суреткер  ақынның    көмейіне  сан  алуан 
бояуды  да,  сиқырлы  сөздің  небір  құйтырқы  әсерін  де,  кең  даланың  кербез  де  сырбаз 
әуенін  де бір  құдірет  салатын секілді. 
Туған  жердің  қайталанбас  сұлу  көрінісі,  оның  әдемі  бейнесі  кез  келген  адамға 
сұлу сезім  сыйлайды. Табиғатпен тұтастық, оған деген махаббат жеке тұлғаның этика-
эстетикалық  танымын  қалыптастырады.  Туған  жер,  қатар  өскен  құрбы,  атамекен,  елге 
деген  махаббат,  перзенттік  парыз  туралы  тебірене  жыр  шертпейтін  ақын  жоқ.  Туған 
жерді  жырлау  -    барлық  ақынның  перзенттік  парызы.  Туған  үйіңмен,  туған  жеріңмен 
үлкен  Отаның  басталады.  Балалық,  жастық,  махаббаттың  да  ұясы  сол.  Ұлылық  та, 
сұлулық  та,  арман,  мұрат  та  сол.  Сондықтан  бізде  бұл  тақырыптар  өзгелерден  өзгеше 
көп  жырланады  десек,  артық  емес.  Әр  ақын  туған  жер  табиғатын  өзінше  жырлайды, 
сезінеді,  оның сұлулығын өзінше  көріп, өзінше  қабылдайды.   
М. Айтхожина жырлаған туған жер табиғатынан ақынның өзіндік толғаныстары, 
өзіндік  түйіні  көзге  шалынып  отырады.  Ол  табиғаттың  басқалар  көрмеген  жаңа  бір 
көріністерін,  жұмбақ  сырларын,  әсем  сұлулығын  ашуға  бар  ынтасын  қояды.  Ақын 
лирикасының үлкен кейіпкерлері  – қазақтың құба даласы, Талқы тауы, Сайрам көлі. 
«Талқымен  дидарласу»,  «Арнау»,  «Кешір  мені»,  «Аңсау»,  «Сарқырама 
қасында»,  «Кезеңге  шыққанда»,  «Малта  тас»,  «Қоштасу»,  «Әке  жұрты»,«Сайрамға 
деген  сағыныш»,  «Таңбалы»,  «Түн  бүркеп  қарашығың»,  «Сайрам  самалы»,  «Табанға 
жылы  тиді  суық  қарың»,«Төріне  жүрегімнің  ұя  салған»,  «Арқама  сүйей  түсіп  Талқы 

     
 
 
178 
 
І.Жансүгіров  атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ    № 4 /2012     
 
тауын»,«Дұғай  сәлем»,  т.б.  өлеңдері  туған  жер  туралы  толғаныстарына  құрылған. 
 
Туған ел! 
Өзіңе  арнап  өлең  жазам,  Көз  емес,  Жүрегімнің  жасыменен!-
деген шумақтар астарынан елге, жерге деген перзенттік ұлы махаббаттың ешкім бұрын-
соңды айтпаған желі еседі. Тебіреністен   туған  шумақтарды  оқып  отырып,  жаныңды   
селт      еткізгенде      «шіркін  -  ай,  мынау  менің      де      ойларым  ғой.  Қалай    дәл      тауып   
жеткізген» деп   сүйсінерің  анық.  Оқырманын  сүйсінту, өзімен   бірге   сезім   әлеміне  
жетектеу    нағыз  ақынның   ғана   қолынан  келмек.    
Лирик  ақын  не  туралы  жырласа  да  лирикасынан  ақын  эмоциясы  мен  қиялы 
көрініс береді. Өмірлік материал, табиғат  көріністері, оқиға  -  бәрі - бәрі адамға, оның 
қам - қаракет,  тыныс - тірлігіне  қатысты айтылса ғана оқырманына қымбат»  [3,51].  
 
   
 
Күбірлеп, іштей күрсіндім, 
 
   
 
Өтіпті қанша жырсыз күн. 
 
   
 
Жосалап, тіліп барады, 
 
   
 
Жүрегімді тілсіз мұң. [2,45] 
 
Лирикадағы    мұң    барлық    ақында    бірдей    болғанымен,  оның      жеткізілуі  
әрқалай. Бұл – мұңды сезім ғана емес, бұл – ақын қолтаңбасын айғақтар сөз саптау мен 
ой өрсінің  өзіндік  сыр-сыйпатын, нақыш-мәнерін байқатар белгі.   
 
   
 
 
                                    Сездіргендей жапырақ күз келгенін, 
 
   
 
      Жүрегімді бір үнсіз мұң кернеді. 
[2,62]   
Автордың көптеген өлеңдеріне ақындық түйсіну, сезінудің  күштілігі өзгеше рең 
қосады. Көргенді көргендей кестелеу емес,  құбылысты зердеде түюмен қатар, ақындық 
қиял мен сезім  қызуына қорыту басым. 
 
Сағынышсыз - өмір тұл. Сағынышсыз - өлең тұл. Екі – ақ шумақ өлеңде Зейнолла 
Қабдоловтың жіпке тізген моншақтай атын атап, түсін түстеп берген нәзік сезімталдық, 
жіті бақылағыштық,  фантазия, интуиция, өмірбаян, парасат, шеберлік,  шабыт  – бәрі де 
қаз – қатар  келіп, сұлу жарасым, сұңғыла үйлесім таба білген. Ұлағатты суреткерге тән 
көркемдік таным деген де осы болса керек. Біз бұл жырды табиғат туралы өлең деуден 
аулақпыз, әсте табиғат көрінісі арқылы адамның жан – дүниесіне барлау жасаған дүние 
деген мақұл болар.  Ақын 
интеллектісі 
неғұрлым 
кемелденген 
сайын 
оның 
поэзиясындағы  образдар  әлемі,  жалпы  бейнелілік  күрделілене  бермек.  Ал  ұшқыр 
интуиция  ақын  интелектісінің  тереңденуіне,  толысуына  себеп  болып,  ақынның  ой  - 
арманын, көңіл - күйін танытатын образдар мен характерлер жасап  шығарады. Өйткені 
түйсік,  қабылдау,  түсінік  - бәрі бір  – бірімен  сабақтас.  
 
Қиялға жүземін де тұнық терең, 
 
     
                      Алдамшы үміттерге ырық берем. 
 
     
                     Қыс дауылын
 
     
                     Оранып, 
 
     
                    Жаз шуағын, 
 
     
                    Жаңбыр жуып, жүзімді жүріп келем!...  [1,121] 
Өлең  сезім    шынайылығы,  ақиқат  тереңдігі,  эстетикалық  әсерлілігі    жағынан   
үлкен  поэтикалық   дүние   екеніне  көз  жеткіземіз.  Өлең   тереңіне  бойлай  отырып,  
ақынның жан сырын    ұғамыз.   
Поэзия үшін үрдіс жаңалық, үнемі соны сүрлеу,  қиын асу  — образдылық. Соны 
образ  ақынды  қанаттандырады,  шабыттандырады,  оқырман  талғамын  сергітеді. 
Ақындық  ерекшелік  те,  даралық  та,  өзіндік  дүниетаным  да  сондай  өзіндік  қасиеті 
күшті, дара  қолтаңбадан, детальдардан танылады.  «Жүзін жаңбыр жууы» тіркесі ақын 
қолтаңбасын  даралап  тұр.  «Сөз  адамның  жан-дүниесіне  жаба  салар  жамылғы  емес,  ол 
сіздің жан-дүниеңізді жарып  шығып, өз ойын ұсынатын қуатты құбылыс» [4,28]. Олай 
болса,  ақынның әр сөзі — қуатты  құбылыс. Енді  бірде ақын: 

     
 
 
179 
 
І.Жансүгіров  атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ    № 4 /2012     
 
 
 
Тарылтып тынысымды тымырсық түн, 
 
 
Ширатты шынжырындай 
 
 
Шығыршықтың 
 
 
Көрсетпей жұрт көзіне 
 
 
Көміп жүрген, 
 
 
Жүректің тамшыларын, 
 
 
Тағы ыршыттың,   - [2,98] 
дей келіп, ақын сұлу суреттер жасайды.  Ақын өлеңін оқыған  кезде сан алуан суреттер 
көз  алдыңнан  өтеді.  Өз  басындағы  өмір  құбылысының  айқара  басылған  таңбасын 
поэзияның сиқырлы, бедерлі үнімен сізді  өзіне дос, сырлас етіп алады. 
Ақын әр кезде табиғат  тылсымының ішкі әлеміне үңіліп, одан өзінше бір бөлек 
суреттер көріп, оны айнала дүниемен салыстыра келіп, поэзиялық картина түзеді. Ақын 
қолданысындағы  «түндігі  Алатаудың  желпілдейді»,  немесе  «бұралып  аққан  бұлақтар» 
көз  алдымызға тұрмысымызға тән суретті тізбектейді.  Ақын табиғат  құбылыстарының 
өзін өзара үндестіріп  әдемі  өрнек құрайды.  
Енді  бірде  табиғат  суреттерін  бейнелеген  өлеңдері  өмір  туралы  толғаныстарға 
ауысып, жаратылыс пен адам тағдырының бірлігін  жырлап кетеді.   
 
 
 
 
Кездерім еске оралып сайрандаған, 
 
 
 
 
Елжіреп қарап жатыр Сайрам маған. 
 
 
 
 
Бурыл шаш, 
 
 
 
 
Бұйра толқын, 
 
 
 
 
Бұла мінез, 
 
 
 
 
Біздегі  ұқсастыққа қайран қалам!  [2,38] 
Табиғат  қылықтарын  адам  мінезіне  қатарластыра  жырлау  —  айтылар  ойды  өте 
ықшам  да  ұтқыр  берудің  әдісі.  М.  Айтхожинада  осындай  әдіспен  жазылған  жолдар 
баршылық.  Мысалы,  «бұралып  аққан  бұлақтар»    немесе  «жартасын  жата  қалып 
тепкілеген»,  «толқындар  көрсетпейді  жайса  шашын»,  «Сайрамның  жанарынан  жас 
жаңбырлап», «таудың да жанарынан тарамай мұң», «құстарын күткен тауларым, сүзіліп 
көкке  қарады»,  «жел  желпіп  Оқжетпестің  тұр  самайын»,  «кенеттен  Күміскөлдің 
күрсінгені», «шыңдар да мызғып көз ілді», «кеткендей қалғып ай - дағы», «сағыныштан 
тұрады  таулар  жүдеп»,  «ақша  бұлттан  кірпігін  жаңа  ашқан»,  «сабырлығын  сақтаған 
таулар  ғана,  бойын  биік  ұстап  тұр  даналықтан»,  «қызыға  қарап  күн  батты»,  «үрейден 
жүдеу  тартты  гүлдер  өңі»,  «тұрғанда  мүлгіп  қана  шырша,  қайың»,  «үніне  таулар 
толқып,  жел  желпініп»,  «Қаптың  тауы  бүркенді  қалың  мұнар»,  «Қасіретінен  арыла 
алмай соғыстың, көкірек  жара күрсінеді  Днепр!», т.б.  
     Бүгінде    ақындық    асқар    биіктің    шыңына    шыққан,  шашасына    шаң    жуытпас  
Марфуға  ақын  жырлары  оқыған  жанды  өзекті  ойға  бастап,  мың  толғандырып, мың  
толқытады.  
Жұртым  сенен  ойымды  жасыра  алман,  
Жезкиіктей  кеудемнен –  
Жосыды  арман!  
Нұр  үстіне  нұр  жауып,  
Тасып  арнаң,  
Жақсы  күндер  тұрса  екен  
Тосып  алдан! [1,102] 
      Осындай сыршыл өлеңдерімен оқырман жүрегінен орын алған Марфуға  ақынға 
Қайнекей  Жұрмағамбетов,  Жұмағали  Саин, Әбділда  Тәжібаев,  Мұхамеджан  Қаратаев, 
Дмитрий Снегин,  Хамит Ерғалиев, Ғафу Қайырбеков,  Жұбан Молдағалиев, Тұрсынбек  
Кәкішев,  Әзілхан  Нұршайықов,  Әбіраш  Жәмішев  сияқты  аға  буын  өкілдері  жылы 
лебіздерін  арнаған.  
                                           Туған ел! 

     
 
 
180 
 
І.Жансүгіров  атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ    № 4 /2012     
 
 
 
 
                       Тілектесім, 
 
 
 
 
          Жүрсін біліп, 
 
 
 
 
Берейін жүрегімнен гүл сындырып, 
 
 
 
 
Қырмызы қыр самалы сипап өтті
 
 
 
 
Жанымның жапырағын сілкіндіріп.[2,35] 
           «Асылы, адам әдебиетке сұлудың бұрымындай өрілген екі  мақсатпен келеді
:
 бірі 
— өзінен бұрын ешкім айтпағанды айту; екіншісі — өзге ешкімге ұқсамай, тек өзінше 
айту. Осы екі мақсат орындалған жерде ғана,  шын мәніндегі әдеби туынды бар» [5,56], 
-  дейді  академик    З.Қабдолов.  Осы  тұрғыдан  қарастырар  болсақ,  М.  Айтхожина 
бейнелі, образды сөйлеп, өлең дәнін тереңге тартып, жанының жапырағын сілкіндіріп 
өткен ақын. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР   
1. Айтхожина М. Жапырақ сілкінген  кеш.  – Алматы:  - Жазушы,  1992ж. 
2. Айтхожина М. Аққу-жүрек.  Алматы:  -Үш қиян  2003ж. 
3. Юнг К.Г. Архетип и символ.- Москва:  - Ренессанс, 2011. 
4. 
http://www.google
.  kz 2012г. 
5. Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы:  - Қазақ университеті, 1992ж. 
6. Ахматова А.А.  Лирика. Москва:  - Худ.  лит., 2009ж. 
 
 
      ӘОЖ 378.147 
 
ҚАЗІРГІ   ҚАЗАҚ  АУДАРМАШЫЛАРЫ ЖӘНЕ АУДАРМАТАНУ  ІЛІМІ 
 
Б.Т. Суюмбекова, М.Ж. Бельгибаева  
І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ-сы, 
bal_1991@mail.ru
 
 
ХХ  ғ.  ағылшын,  неміс,  француз  әдебиеттерін  аудару үшін  орыс  тіліне  жүгінетінбіз,  ал 
қазіргі  таңда  тікелей  қазақ тіліне  тәржімалау  дамып  келеді.  Бұл мақалада біз  қазіргі  заманғы 
аудармашылардың  және  аударма  саласында  зерттеу  жүргізіп  жүрген  отандық  ғалымдардың 
еңбектерін қарастырдық.  
 
ХХ  в.  чтобы  переводить  литературу  с  английского,  немецкого,  французского  мы 
ссылались  на  русский  язык,    а  в  нынешнее  время мы  переводим  на  прямую  на  казахский.  В 
данной  статье  мы  рассматриваем  работы  современных  переводчиков  и    работы  ученых, 
которые исследует переводоведение.   
 
In XX century we translate the English, Deutsch, French literature into Russian, nowadays are 
improving  translation  directly  into  Kazakh.In  this  article  are  examined  works  of  contemporary 
translators and scientists who research translation study. 
 
Тірек сөздер: Тәржімалау, аударматану, әдебиет, аударманың дамуы, ағылшын-америка 
поэзиясы. 
 
Аударма дегенде, басқа елдің шығармашылық әлемі ойымызға оралады. Әдебиет 
дегеніміз  не  деген  сауалға  –  өнер  деп  жауап  беретін  дағдылы  ұғымды  кезіктіреміз. 
Аудармаға  дәл  солай  сауал  қойғанда  жауап  қандай  болмақ,  бұл  да  өнердің  өнері  емес 
пе?  
Қазіргі  көркем  әдебиетіміздің  басында  тұрған  сан  алуан  түйткілді  мәсе лелер 
жеке әдебиеттің ғана емес, соның ішінде аударма  ісінің де ортақ мәселелеріне жатады. 

     
 
 
181 
 
І.Жансүгіров  атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ    № 4 /2012     
 
Көркем  аударманың  деңгейін  анықтайтын  құрал  ол  –  төл  әдебиетіміз.  Себебі,  көркем 
аударма әдебиеттің  ісі. Әдебиетіміз өскен жерде аударма өнері де дамып, бірге өркен -
деп  отырады.  Аударма  арбасын  өрге  сүйрейтіндер  және  оны  өздеріне  міндет-борыш 
санайтындар  көбіне-көп  сөз  өнерін  жетік  игерген  ірі  қалам  иелері.  «Ревизор дағы», 
«Ана»  романдарындағы  қол  жеткен  көркемдік  аудармашылық  шебер ліктің  ең  биік 
үлгілері  болып қала беретіні  содан.  
Әдебиет  сияқты  көркем  аударманың  да  басты  мәселелері  –  көркемдік  сапасы 
мен  оның  ұйымдастырылу  жағы.  Қазіргі  уақыт  тұрғысынан  алып  қарағанда,  бізде 
көркемдігі біршама жақсы аудармалар бар. Бірақ олар келер уақытқа мызғымай жететін 
кесек  дүниелер  емес,  көлемі  шағын  дүниелер.  Соның  өзінде  де  бұлар  бізде  аз.  Бір 
қуанарлығы,  біз  әдебиетін  аударатын  елдердің  қатары  артып  келеді  және  оларды 
түпнұсқадан  төте  аударған  тәржімасынан  оқитын  күйге  жетіп  отырмыз.  Соның  бірі 
қытай  ақын-жазушыларының  еңбектері.  Өз  ортамызда  қытай  тілінен  аударма 
жасайтындар аз болғандықтан, бұл жағынан біз қытай қазақтарының аудармашыларына 
сүйенеміз.  Бұның  өзі  шетелдегі  қан дастардың  аудармадағы  елеулі  еңбектері  қазақ 
көркем  аудармасының  бүйірін  қампайта  түсер  мол  қазына  екенін  көр сетеді.  Ал  өсіп 
келе жатқан жас аудармашыларымыз бен аға буын қаламгерлерімізді аударма еңбегіне 
жеге  білу  де  өз  алдына  жатқан  үлкен  міндет.  Бәрінен  де,  олардың  шынайы  шабытпен 
аударған  еңбектеріне  уақытылы  назар  аударып,  сын  айта  отырудың  қажет  екенін 
сыншылар қауымы ойда ұстауы керек  [1]. 
 
Өзге елдердің аударма өнерімен салыстыра қарағанда біздің ұтылатын жеріміз  – 
біздің әдебиетшілердің шетел тілін біле бермейтіндігі. Ағылшын, француз, испан, неміс 
тілдерінде  оқи  да,  аудара  да  білмегендіктен  барлық  дүниелер  орыс  тілінен  аударылып 
жатады.  Себебі,  түрлі  шет  тілдерін  білу  үрдісі  біздің  әдеби  ортамызға  әлі  кірікпеген 
дәстүр. Сол сияқты, өз дүниемізді шетелдіктерге таныту үшін де орыс тіліне барып жү-
гінеміз.  Қазір  бұл  сеңнің  көбесі  сөгілетін  уақытқа  келдік.  Тәуелсіздіктен  кейін  келген 
жас  әдебиетшілеріміздің,  түрлі  саладағы  зерттеушілеріміздің  болсын  арасында 
өркениетті елдердің тілін білетіндердің қатары өсіп  келеді. Бұл дегеніміз  қазақ  көркем 
аудармасының жаңа көкжиегі ашылып, өзге жұрттың құнды әдеби мұраларын және ұлт 
әдебиетіндегі  классикалық  туындыларды  шет  тіліне  аудару  мүмкіндігі  туып  келеді 
деген  сөз.  Біздіңше,  жас  аудармашылар  әлем  классиктерімен  қоса  әдебиеттің  қазіргі 
қарым-қуатын  білдіретін  жаңа  заманғы  көркем  сөз  шеберлерінен  де  барынша  өндіре 
аударуға 
тиіс.  
 
Нағыз  Қапшықбай,  «Қазақстан»  ұлттық  арнасы,  редактор-аудармашысының 
айтуынша  «Кинотуындыларды  аудару  көркем  аудармадағыдай  емес  бірсыдырғы. 
Аудармашы  әдеби  туындыны  аударғандағыдай  үлкен  дайындықпен  келіп,  еңбектің 
ащы азабын тартпауы мүмкін. Бірақ бұл  кинофильмдердің тілі жеңіл,  көркемдігі төмен 
дегендік емес. Мұндағы басты көркемдік режиссерлік және әртіс тік шеберліктен туады. 
Сонда да кейіпкерлердің аузына нанымды, қонымды етіп сөз сала білу аудармашыдан 
үлкен  жауапкершілікті  талап  ететін  жұмыс.  Рас,  кейде  уақыт  тығыз  келіп,  үлгеру 
жағына  көбірек  мән  беріп  алатын  кездер  болады.  Ал  бірақ  аударылатын  фильм 
салмақты, кесек туындылардан болса, мысалы, Шекспирдің «Ромео мен Джульеттасы», 
«Макбеті»  сияқты аударылуы  күрделі  дүниелерде асығыстық жасау  әсте болмайды [1]. 
Кез  келген  саланың  өзіне  тән  проблемасы  болатыны  секілді  аударма  ісінде  де 
өзіне тән проблема жетерлік. Аударма жасау үшін тек қана тілді біліп қоймай, сол елдің 
тарихын, мәдениетін, пәлсапасын, ділін жете білуің керек. Қазіргі жаһандану дәуірінде, 
ел  мен  ел  арасындағы  мәдени,  экономикалық,  саяси  және  т.б.  байланыстардың  артқан 
заманында аударманың рөлі өте маңызды. Сондықтан да еліміздегі  аударма деңгейінің 
төмендігі,  сапалы  аудармашылар  тапшы лығы  шетелмен  байланысымыздың  дамуына 
өзіндік  зиянын  тигізіп  жатады.  Әсіресе,  қазақ  тілді  аудармашылар  жоқтың  қасы  деуге 
болады.  Ал,  қазақ  тілді,  ұлтжанды  аудармашы  мамандар  даярламай  тұрып,  еліміздің 

     
 
 
182 
 
І.Жансүгіров  атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ    № 4 /2012     
 
әдебиеті де, мәдениеті де өзге елге танылмайтыны айдан анық. Аудар маның қай түрін 
алып  қарасаңыз  да  солай.  Мысалы,  бізде  халықаралық  деңгейдегі  жиында  негізгі 
баяндаманың қазақ тілінен орыс тіліне, одан әрі басқа тілдерге  ілеспе аударма жасалуы 
алғаш  рет  Түркия  Президенті  Тұрғыт  Озалдың  1993  жылғы  Қа зақстанға  ресми 
сапарында  жүзеге  асты.  Баяндамалар  түрік  тілінде  жасалып,  аудармашы  оларды  қазақ 
тіліне аударды, одан әрі орыс тілі арқылы ағылшын,  француз, араб,  қытай, тағы басқа 
тілдерге  аударма  жасалды.  Бұдан  кейін  анда-мұнда  болмаса,  қазақ  тілінен  тікелей 
аударма  жасалған емес  [1]. 
Аудармашы  болам  деген  адам  негізінен  үш  түрлі  қасиетті  білуі  қажет:  ең 
бірінші,  өзінің  ана  тілін  жетік  меңгеруі;  екінші,  таңдаған  шет  тілінің  құрылымымен 
ғана  емес,  ол  елдің  тарихы,  әдебиеті,  тұрмысынан  хабардар  болуы;  үшінші,  сөзбе-сөз 
аударудан гөрі, мағынасы мен идеясына аса  көң іл бөліп аударуы керек.  Тілдің ұлттық 
айшығын  терең  түсінбейтін  маман  сапалы  аударма  жасай  алмайды.  Яғни,  біздің 
мәдениетімізді, тектілігімізді әлемге танытатын аудармашы текті ортада туылып, қазақ 
тілінің  тамырына  терең  бойлап,  әдебиетіміздің  кез  келген  түпнұсқасынан  аударма 
жасай алуы керек.   

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет