Жану түрлері.
Жану дегеніміз көп мөлшерде жылу шығуы мен жарық сәуле бөлінуі қоса жүретін күрделі физикалы-химиялық процесс.
Жанғыш деп оттегімен қосылатын заттарды айтады. Бірақ кейбір заттардың жануы оттегімен ғана емес басқа газдармен де қосылу арқылы болады, мәселен, хлормен, күкіртпен,броммен т.б. Жанғыш заттар қатты, сүйык, газ (бу) күйінде болады. Әдетте жану процесі заттың газ (бу) күйінде жүреді. Сондықтан қатты және сұйық заттар жану барысында физикалы-химиялық реакция арқылы жанғыш газдарға (буларға) айналып, жану процесінің үздіксіз жүруін қамтамасыз етеді.
Жану процесінің бірнеше түрлері болады: от алу, жану, тұтану, өздігінен жану, өздігінен тұтану, жарылу. От алу деп жанғыш заттың үстінде пайда болған газдың не будың лап етіп тез жанып кетуін айтады. Мұнда заттың булану (газдану) жылдамдығы өте аз болғандықтан оның өзі жанбайды. Заттың үстінде жиналған газ не бу жанатын ең төмен температураны сол заттың от алу температурасы деп атайды.
Жану дегеніміз тұтандыру көзінің әсерінен туатын жану процесі, тұтану деп жалын пайда болатын жану процесін айтады. Тұтану температурасы тұтанғаннан кейін жанғыш заттың тұрақты жануына қажетті жанатын газ бен будың шығу жылдамдығын қамтамасыз ететін сол заттың температурасы болады. Бұл температура тұтандыру тұтандыру көзін аулақтағаннан кейін жану процесі тоқталмай әрі қарай жалғаса беретін заттың ең төмен температурасына тең. Сонымен зат тұрақты жану үшін оның булану жылдамдығы будың жану жылдамдығынан артық болатындай температурасы болу керек. Тұтану мен температурасы от алу температурасынан біршама градусқа жоғары болады.
Көптеген химиялың заттар және олардын қоспалары ауамен немесе сумен қосылғанда өзінен-өзі қызып, оның ақырында өздігінен жануы басталады. Өздігінен жану қабылеттілігіне қарай химиялық заттар мынандай топтарға бөлінеді:
1. Ауамен қосылған кезде өздігінен жанатын заттар. Бұларға жатады: активтелген көмір, алдаиний ұнтағы, сілті металлдар карбиды т.б. Бұл заттардың ауада тотығуы көп мөлшерде жылу шығуымен болады.
2. Судан әсерімен жанатын заттар. Бұлар: сілті металлдар және олардын карбидтары, кальций, тотығы, натрийдін асқын тотығы т.б.
3. Бірімен бірі араласқанда өздігінен жанатын заттар. Бұлар қатты, сұйық және газ түрінде тотықтырғыштар: хлор, азот қышқылы селитра, сұйықталған оттегі, хром ангидриді т.б.
Жану процестерін білу олардын пайда болу себептерін жойып, өртті болдырмауға не оны басталу кезінде сендіруте мүмкіншілік туғызады.
Өрт шығу себептері және өрт қауіпсіздігі
Жану процесі басталып, әрі қарай дамуына үш нәрсенін бар болуы қажет: жанғыш зат, ауаның оттегі және тутандыру көзі.Бірақ өрт шығып, өршу үшін бұл факторлар жеткіліксіз болады. Ол үшін сонымен қатар мынандай жағдайлар болу керек:
1. Жану зонасында жанғыш зат пен оттегі белгілі сандың және сапалық ңатыста болу керек;
2. Тұтандыру көзінін температурасы мен жылу энергиясы жану ортасын ездігінен түтану температурасына дейін қыздыратындай ету қажет;
3. Жану ортасы мен тутандыру көзі өзара түйісу керек. Егер бұл жағдайлардын біреуі болмаса жану процесі болмайды. Сондықтан жану процесін тоқтатудың мынандай жолдары болады:
1. Жану зонасы мен жанғыш затты салқындату;
2. Жанған затты атмосфера ауасынан оқшаулау;
3. Жану зонасына жанбайтын заттарды енгізу;
4. Жану реакциясын тежейтін химиялық заттарды қолдану;
5. Жанғыш затты жану зонасынан оқшаулау немесе аулақтау. Өрт шығу себептері өте көп және әр түрлі болады.
Олардың сталары мыналар:
1. Жанғыш заттар бар жерде ашық отты абайсыз қолдану;
2. Жылыту жүйесін, электр желісін, электр қондырғыларын дұрыс пайдаланбау;
3. Өрт қауіпсіздік ережесін бұзу;
4. Газ, бу, шан, газ баллондары, компрессорлар тағы басқа заттардың жарылуы;
5. Электрлік, механикалық және басқа ұшқындар;
6. Жанғыш заттардың өздігінен тұтануы және жануы;
7. Статикалың және атмосфералық электр разряды;
8. Жанар, майлар, бояу материалдарын және басқа жанғыш сұйықтарды дұрыс сақтамау;
9. Құрал-жабдықтардың қатты кызуы;
1. 10.Әдейі өрттеу т.б.
Бұл тізіммен өрт шығу себептері түгенделмейді, олар өте көп. Статистикалық мәліметтер бойынша өрт шығуынын ең басты себебі ашық отты ұқыпсыз, абайсыз пайдалану болып есептеледуі (40-50%).
Жарылыс және өрт қауіптілігі бойынша бөлмелердің топтасуы
Автокөлік және басқа кәсіпорындарында өрт қауіпті жанғыш материалдар кеңінен пайдаланылады (бензин, керосин, майлар, бояулар, еріткіштер, ағаш т.б.). Сондықтан барлық өндіріс бөлмелері қолданылатын өрт қауіпті заттардың сипаттамасы мен мөлшеріне қарай жарылыс және өрт қауіптілігі бойынша бес категорияға бөлінеді: А, Б, В, Г, Д (CНИП 24-86).
1. А категориясына жарылыс-өрт қауіпті бөлмелер жатады.
Олар:
- от алу температурасы 28 о С жоғары емес жанғыш газдардың, тез тұтанғыш сұйықтардың мөлшері сондай, олардың жарылыс қауіпті бу-газ-ауа қоспалар пайда болып, тұтанған жағдайда бөліме ішінде жарылыстың есептелген артық қысымы 5кПа асатын болады;
- сумен, ауа оттегісімен не бірімен бірі әрекеттескенде жарылатын және жанатын мүмкіншілігі бар заттар мен материалдың мөлшері сондай, бөліме ішінде жарылыстың есептелген артық қысымы 5кПа асатын болады.
Автокөлік кәсіпорнында бұл категория мынандай бөлмелер жатады: аккумляторды зарядтайтын сақтайтын бөлме, сырлайтын және бояулар дайындайтын бөлімше, газ генератор және ацетилен бөлмесі, сыр-бояу материалдары, жанатын отын және майлайтын майлар қоймалары тағы сол сияқты.
2. Б категориясына жарылыс - өрт қауіпті бөлмелер жатады. Олар жанатын шаңдардың немесе талшықтардың, от алу температурасы 28°С жоғары тез тұтанғыш сұйықтардың мөлшері сондай, олардың жарылыс қауіпті шаң – ауа немесе бу-ауа қоспалары пайда болып, тұтанған кезде бөлме ішінде жарылыстың есептелген артық қысымы 5 кПа асатындай болады.
АКК көлемінде буларға жатады: сырлайтын жене сыр дайындайтын бөлімше; от алу температурасы 28°С жоғары бояу материалдар, жанатын жене майлайтын майлар қоймалары; жанғыш газдар және оттек баллондар қоймасы; жанатын тозаны бар цехтар т.с.с.
3. В категориясына өрт қауіпті бөлмелер жатады. Оларда А және Б категорияларына жатпайтын сумен, ауа оттегісімен не бір бірімен әрекеттескенде тек қана жанатын мүмкіншілігі бар тез тұтанғыш, жанғыш және баяу жанғыш сұйықтар, жанғыш және баяу жанғыш қатты заттар мен материалдар болады.
АКК жағдайында бұларға жатады: ағаш өңдейтін, обой жөндейтін, шинаны вулканизациялап жөндейтін цехтар; автомобилдерді қоятын, күту және жөндейтін зоналар; көмір, резенке, химикат, көмекші және майлайтын материалдар құймалары т.б.
4. Г категориясына өрт қауіпті бөлмелер жатады. Оларда:
- ыстық, қызған немесе балкыған күйде өндеу процесі сәулелі жылу, ұшқындар және жалын шығуымен болатын жанбайтын заттар мен материалдар бар болады;
- жағатын отын ретінде пайдаланылатын жанғыш газдар,сұйықтар және катты заттар бар болады.
АКК-да бұларға жатады: ұста, пісіру, мыстау учаскелері, котельная, двигателді сынау станциясы т.б.
5. Д категориясына өрт қауіпсіз бөлмелер жатады. Оларда салқын күйде пайдаланылатын жанбайтын заттар мен материалдар болады.
АКК көлеміндё бұларға жатады: автомобилдерді жуу бөлмесі, слесарлық, механикалық, агрегаттық және қаңылтырлық учаскелер, компрессор бөлмесі; двигатель, агрегат,. запас бөлшектер,темірлері қоймалары т.б.
Кәсіпорындарды жобалау барысында өрт қауіптілік категориясы салынатын үйлердің қажетті отқа төзімділік дәрежесін және олардың қабаттылығын (этаждылығын) анықтау үшін ең басты фактор болып есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |