Жануар физол


 Су мен минералды заттардың алмасуы



Pdf көрінісі
бет213/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   504
9.8. Су мен минералды заттардың алмасуы 

Су  мен  минеральды  заттардың  қатысуымен  организм  тіршілігіне  аса 

қажетті  процестер  жүзеге  асады:  ішкі  ортаның  осмостық  қысымының 

тұрақтылығы,  сутектік  көрсеткіш  деңгейі  сақталады.  Су  мен  минералды 

заттар тірі протоплазманың коллоидтық күйін сақтауға мүмкіндік туғызады, 

диффузия  жəне  осмос  құбылыстарын  қамтамасыз  етіп,  қоректік  заттарды 

сіңіру, қажетсіз өнімдерді бөлу процестерінде маңызды қызмет атқарады. 

Су мен минералды заттардың қоректік, қуаттық құндылығы жоқ, энергия 

бөлмейді,  бірақ  олардың  биологиялық  маңызы  өте  зор.  Су  зат  алмасу 

процесіне қатысатын əр түрлі органикалық жəне бейорганикалық заттардың 

əмбебап  еріткіші.  Ол  барлық    торшалардың  маңызды  құрамасы,  торшалық 

алмасуды қамтамасыз ететін орта. 

Сақа  мал  денесінде  65  пайызға  дейін,  ал  жас  малдарда  одан  да  көп  су 

болады.  Төл  өсе  келе  денедегі  су  мөлшері  азаяды.  Мысалы,  жаңа  туған 

бұзаудың денесінде 75 пайыз су болса, алты айлық торпақта ол - 62 пайыз, 

сақа  бұқа  денесінде  52-55  пайыз  құрайды.  Егер  организмге  су  жетіспесе, 

онда  оның  органдарының  қалыпты  жұмысы  бұзылады,  тіпті  өлім  қаупі  де 

төнеді. Мысалы, малға су бермей қойса, ол бар болғаны 4-5 -күнде өледі, ал 

егер  оны  су  бере  отырып  ашықтырса,  мал  40-45  күндік  аштыққа  шыдай 

алады.  Су  іше  жүріп  ашыққанда  мал  өз  салмағының  40  пайызын 




 

285


жоғалтқанның  өзінде  тіршілік  əрекетін  сақтайды.  Шөлдеу  кезінде  дене 

массасының 10 пайызын жоғалту қауіпті, ал 20-22 пайызын жоғалту өлімге 

əкеп соқтырады.  

Денедегі  минералды  заттар  көптеген  биохимиялық  реакциялардың 

катализаторлары  болып  табылады.  Тұздар  иондары  физиологиялық 

процестерге,  мысалы,  жүйке  жүйесінің  қозғыштығына  өзіндік  əсер  етеді. 

Денедегі  судың  мөлшері  өзгерсе,  ішкі  ортадағы  тұздың  құрамы  ауытқыса 

коллоидтардың  тұрақтылығы  бұзылып,  жеке  торшалардың  жəне  бүкіл 

организмнің  тіршілік  əрекеті  тоқтайды.  Малға  минералды  заттар  бермей 

қойса,  басқа  органикалық  заттар  мен  судың  жеткіліктігіне  қарамай,  мал 

тəбеттен айырылып, арықтайды да, тіпті өліп те қалады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет