Жануар физол



Pdf көрінісі
бет93/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   504
Өкпедегі  қан  айналымы.  Өкпе  қанды  екі  қан  айналым  шеңберінен  де 

алады. Кіші қан айналым шеңберінен өкпе артериясы арқылы вена қаны, ал 

үлкен  қан  айналым  шеңберінен  бронхы  артериясымен  өкпе  ұлпасын 

қоректендіретін артерия қаны келеді. Бұл екі тамыр да өкпеде капиллярларға 

тарамдалады.  Олармен  қан  тек  бір  бағытта  ғана  жылжиды:  бронхы 

артериясының капиллярларынан өкпе артериясы капиллярларына қарай. 

Өкпедегі  қан  айналымының  ерекшеліктерінің  бірі  –  төте  тамырлардың 

болуында.  Олар  өкпеде  қан  қысымы  жоғарылаған  жағдайда  іске  қосылып, 

қанның  біраз  мөлшері  капиллярларға  соқпай  өкпе  артериясынан  өкпе 

венасына өтіп кетеді. 

Кіші  қан  айналым  шеңберінің  тамырлары  қысқарақ  келеді  де,  ондағы 

артериялар арнасы үлкен шеңбер тамырларынан 4-5 есе кең болады. Осымен 

байланысты кіші шеңберде үлкен шеңбермен салыстырғанда кедергі 4-5 есе 

төмен.  Өкпе  тамырлары  қабырғасында  серпімді  элементтер  көп,  сондықтан 

олар созылғыш келеді де, организм жағдайына байланысты өкпедегі қанның 

жалпы  мөлшері  көбейіп,  азайып  отырады.  Қалыпты  жағдайда  өкпеде 

денедегі қанның 6-12 пайызы қорға жиналып, тыныс алатын кезде тамырлар 

кеңейеді де, өкпеде денедегі қанның 20 пайызына дейін жиналады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет