«Жануарлар физиологиясы және биохимиясы 2» пәні бойынша дәрістер жинағы Қамбаров А.Ә. ӘДістемелік нұСҚау шымкент, 2020 ж


Никотинамиднуклеотидті немесе пиридиндік коферменттер НАД+ және НАДФ+



бет9/35
Дата10.03.2023
өлшемі1,31 Mb.
#72943
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   35
Никотинамиднуклеотидті немесе пиридиндік коферменттер НАД+ және НАДФ+ (НАД+-икотинамидадениндинуклео-тид, НАДФ+-никотинамидаденинди-нуклеотидфосфат). Бұл коферменттердің активті бөлігі никотинамид (РР витамині) болып табылады, оның молекуласында пиридин сақинасы бар және ол пиридиндік коферменттер деп аталады.
ФAД және ФMН флавиндік коферменттер. ФAД-флавинаденинди-нуклеотид, ФMН-флавинмононуклеотид. ФAД және ФMН коферменттері әр түрлі апоферменттермсн байланысады да, флавопротеинді ферменттер- флавиндік дегидрогеназа түзеді. Қазіргі кезде флавопротеиндердің саны 80 шамасына жетеді және олардың көпшілігінде ФAД бар. ФAД және ФMН екеуі апоферменттермен мықты байланысқан және НАД+және НАДФ+ екеуінен айырмасы, катализдік реакция кезінде ферменттің белоктық бөлігіне байланысқан күйінде қалады. Сондықтан оларды простетикалық топтар деп атайды.
Q коферменті (убихинон)
Q коферментінің атауы quinone - деген сөздің бірінші әрпінен шыққан. Убихинон деген сөз барлық жерде (уби - барлық жерде) деген мағынаны білдіреді. Шындығында ол барлық клеткадан табылған.
ТПФ - тиаминпирофосфат, ТДФ - тиаминдифосфат. ТПФ коферменті В1 витаминінің туындысы, оның тиазол сақинасында күкірт бар. Ол апоферментпен мықты байланысқан болады және простетикалық топ деп саналады. ТПФ молекуласындағы активті бөлік - тиазол сақинасының - СН тобы, сол топтың көмегімен ол субстратпен байланысады.
ТПФ апоферментпен байланысып, декарбоксилаза түзеді, ол кетоқышқылдан көмір қышқыл газдың бөлініп шығуын катализдейді. Бұл реакциялар кезінде карбоксилдік топпен тікелей байланысқан көміртек- көміртектік байланыс бұзылады. Мысалы, ашытқы клеткаларында пирожүзім қышқылын декарбоксилдеуді пируватдекарбоксилаза ферменті мынадай схема бойынша катализдейді.
Кобамидтік коферменттің активті бөлігі ең күрделі витамин - ВІ2 витамині кіреді. В12 витамині молекуласында коррин циклы бар, ол төрт пиррол сақинасынан тұрады, сақиналар бір-бірімен өзара байланысады. Циклдың дәл ортасында кобальт атомымен байланысқан циан тобы орналасады. Сондықтан бұл витамин цианкобаламин деп аталады. Кобамидтік коферменттерде циан тобы болмайды, оның орнын метил мен 5'-дезоксиаденозин басады. Осыған сәйкес мынадай екі кофермент түзіледі: метилкобаламин және 5'-дезоксиаденозилкобаламин (5'-ДоАК).
Ферменттердің жүйелік атаулары айтарлықтай күрделі, бірақ ол рекацияға кірісетін субстрат жөнінде толық мәлімет береді. Бұл атаулар әдетте ғылыми әдебиеттерде қолданылады. Жүйелік атау бойынша әр ферменттің нөмірі (шифры) болады, ол төрт саннан тұрады және бұл сандардың арасы нүктемен бөлінген. Бірінші сан ферменттің класын білдіреді, екінші сан класс тармағын, үшінші сан-класс тармағы бөлігін, төртінші сан өз қатарындағы нөмірін көрсетеді.
Тривиалдық атаулар негізінен екі жолмен пайда болады: 1) фермент әсер ететін субстрат атауына–аза жұрнағы қосылады. Мысалы, мальтозаны ыдыратып, глюкозаны екі молекуласына айналдыратын фермент мальтаза деп аталады. 2) Фермент катализ-дейтін реакция атауына – аза жұрнағы қосылады. Мысалы, субстратты ыдыратып, су қосып алуды катализдейтін фермент гидролаза деп аталады, субстраттың, сутексізденуін жүргізетін фермент дегидрогеназа деп, химиялық топтарды тасымалдайтын ферментті трансфераза деп атайды. Кейбір ферменттердің тарихи қалыптасқан атаулары бар. Мысалы: пепсин, трипсин, папаин, эластаза т.б.
Ферменттердің тривиалдық атаулары қысқа да қолдануға ыңғайлы. Мысалы, бір ферменттің жүйелік атауы 2.7.1.2. АТФ: глюкозо-6-фосфотрансфераза. Ал осы ферменттің тривиальдық атауы глюкокиназа (гексокиназа).
Ферменттердің классификациясы. Ферменттер катализдейтін химиялық реакциялар түріне қарай 6 классқа бөлінеді:
1). Оксидоредуктазалар - тотығу-тотықсыздандыру реакциялардың барлық түрі; 2). Трансферазалар - реакцияларда жеке атомдық топтарды тасымалдау; 3). Гидролазалар - судың қосылуымен химиялық байланыстарды үзу; 4). Липазалар - субстратты гидролиздік емес жолмен ыдыратып, қос байланыс түзу және керісінше реакциялар; 5). Изомеразалар - молекула ішіндегі өзгеріс-терді катализдеп, изомер түзу; 6). Лигазазалар - АФТ энергиясы арқылы екі әр түрлі қосылыстың конденсиациясын катализдеп, С−С, С−О, С− N , С−S байланысын орнату.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет