Жануарлар морфологиясы латын ветеринариялық терминологиясымен


Вентральды тісті бұлшық ет



бет41/46
Дата11.12.2023
өлшемі2,63 Mb.
#137841
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46
4. Вентральды тісті бұлшық ет - m. serratus ventralis мойын мен көкірек керегесінің бүйір бетінде орналасқан, желпеуіш тәрізді күшті ет. Ол мойын және кеуде бөліктерінен тұрады. Осы бөліктердің басталатын ұштары тіс тәрізді болып келгендіктен, бұлшықеттің тісті аталуы да осыған байланысты. Бұлшықеттің мойын бөлігі 4-7-шы мойын омыртқалардың көлденең өсіндісінен, ал кеуде бөлігі алғашқы 8 не 9-шы қабырғалардың орта тұсынан басталып, жауырынның тісті бетіне келіп бекиді.
5. Арқаның тым жалпақ бұлшықеті - m.latissimus dorsi – көкірек керегесінің бүйір бетінде, жауырынның артында орналасқан. Өте жалпақ, үшбұрышты бұлшықет. Ол 3-ші көкірек пен соңғы бел омыртқаларының аралығынан бел-арқа шандыры арқылы басталады. Ет талшықтары кранио-вентральды бағытпен тоқпан жіліктің дөңгелек бұдырына келіп бекиді.


IV Бақылау сұрақтары :
1 Орыс және латын тілінде омыртқа бағанының вентральды бұлшықетін атау және сиыр қаңқасында олардың орналасқан жерін көрсетіңіз.
2. Орыс және латын тілінде алдыңғы аяқ қаңқасын тұлғаға бекітетін бұлшықеттерін атау және сиыр қаңқасында олардың орналасқан жерін көрсетіңіз.

21 САБАҚ


Тақырыбы: Біліктік қаңқа бұлшық еті. Көкірек бұлшық еті.
I. Сабақтың мақсаты:
1. Тыныс алу бұлшықеттерін немесе инспираторларды оқып-зерттеу және орыс және латын тілінде атау. Сиыр қаңқасында олардың орналасқан жерін көрсетіңіз.
II. Материалмен қамтамасыздандыру.
1. Сиырдың қаңқасы.
III Сабақтың мазмұны мен оқудың маңыздылығы.
IV Бақылау сұрақтары


Көкірек бұлшық еті.
Көкірек бұлшық еттері көкірек керегесін құрайтын сүйектермен бірге көкірек қуысын түзуге қатысады. Атқаратын қызметіне қарай олар тыныс алу немесе инспираторлар және дем шығару немесе экспираторлар болып екіге бөлінеді.
Тыныс алу бұлшықеті – инспираторлар
1. Дорсальды тісті инспираторлар - m. serratus dorsalis inspiratorius – көкірек керегесінің жоғары краниальды бүйір бөлігінде жатқан жұқа жалпақ ет. Оны ромб тәрізді, вентральды тісті және арқаның тым жалпақ бұлшықеттері жауып тұрады. Ол өзінің етті тістерімен қабырғалардың омыртқалық ұштарынан басталады. Ет талшықтары кранио-дорсальды бағытпен келіп, көкірек омыртқаларының жоталық өсінділеріне бекиді.
2. Баспалдақты бұлшықеттер - m. scalenius ірі қара малда екеу. Қабырғалар мен мойын омыртқалардың аралығында орналасып, дорсальды, ортаңғы және вентральды баспалдақты бұлшықеттерге бөлінеді.
3.Көкіректің тік бұлшықеті - m. rectum thoracis – таспа пішіндес кішкентай ет. Ол алғашқы төрт қабырғаның бетінде, вентральды тісті бұлшықеттен төмен орналасқан.
4. Қабырға көтеруші бұлшықеттер - m. levatorеs costarum - қабырғалардың омыртқалық ұштары мен көкірек омыртқаларының көлденең өсінділерінің аралығында жатады.
5. Сыртқы қабырға аралық бұлшықеттер -rn intercostales externi –қабырға аралықтарында жатқан қысқа еттер. Ол қабырғалардың краниальды жиегінен басталып (2-ден соңғы қабырғаларға дейін) алдында жатқан қабырғалардың каудальды жиегіне бекиді.
6. Диафрагма немесе көкет - diaphragma.s.m.phrenicus – көкірек қуысын құрсақ қуысынан бөліп тұрған жалпақ жұқа ет. Ол шеткі етті және ортаңғы сіңірлі бөліктерден тұрады. Диафрагманың етті бөлігі бекитін орындарына байланысты бел, қабырға және төс бөлімдеріне бөлінеді. Диафрагманың ет талшықтары тарамдалып орналасқан.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет