Жапбаров Амангелді Оқушылардың тыныс белгілерді дұрыс қою икемділігі мен дағдыларын



жүктеу 0.8 Mb.
Pdf просмотр
бет9/16
Дата21.01.2017
өлшемі0.8 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16

Терме диктант
Терме   диктант   белгілі   бір   орфографиялық   ережеге,   сөздер   мен   сөз
тіркестерін   жазуға   байланысты   жүргізіледі.   Бұл   диктант   арқылы
грамматикалық түрлі ереже, анықтамаларды пысықтауға, қайталап естеріне
түсіруге болады. 
Атап айтқанда, оқушыларға   күрделі бір мәтін ұсынып, соның ішінен
сөз тұлғаларының бірін немесе сөз таптарының бірін теріп жазуға тапсырма
береді. Терме диктантта оқушылар берілген мәтіннен керекті сөздерді ғана
көшіріп қоймай, оның қандай тұлғада тұрғанын да ажыратады. 
Мұғалім   терме   диктантына   арналған   мәтінді   оқудан   бұрын   қандай
ережеге көңіл бөлу керектігін ескертеді. Кейбір оқушыларға бұрынғы   жазу
жұмыстарында жіберіп жүрген қателеріне байланысты тапсырмалар береді. 
Сөйтіп, оқушылар бүтін жазбай, мұғалім оқып отырған мәтіннен әркім
өздеріне   берілген   тапсырмаға   лайықты   ғана     ережелері   бар   сөздер   мен
тіркестерін   немесе   сөйлемдерді   теріп   жазады.   Терме   диктанты   кез-келген
ереже,   емле,   анықтамаға   байланысты   жүргізіледі.   Оның   пайдасы
91

оқушыларды   байланысты   мәтін   ішінен   өтілген   өзіне   қажетті
орфографияларды таба білуге үйретеді. Мысалы:
V сыныпта  зат есімді өткен кезде, зат есім жұрнақтарына байланысты
мәтіннің үлгісі. 
Топырақты өңдеу
Жерден   мол   өнім   алу   үшін   адам   топырақты   өңдейді.   Өсімдіктер
борпылдақ   топырақта   жақсы   өседі.   Өйткені   оған   су   жақсы   сіңеді,   ауа
жақсы өтеді. Борпылдақ топырақта тұқым тең өнеді, жер бетіне оңай
жарып шығады, сөйтіп, тамырлары жер астында жақсы тарамдалады. 
Мақалдар
1. Көзсіз күнелтсең де, елсіз күн көруден қиыны жоқ. Ағын су арнасы
табады.   Сөздің   соңы   басталуынан   белгілі.   Түсуге   жетпеген   су,   ішуге
жетеді. Ашуың келсе, қалың тарт, айтпас жерде тілің тарт. Бос өткізу
өмірде   ақымаққа   көңілді.   Білім   арзан,   білім   қымбат.   Жолшыбай   буынған
белбеу жолда шешіліп қалады. 
(Қарамен   жазылған   сөздерді   теріп   жазыңдар,   у   әрпін     дауысты,
дауыссыздарға, жуан-жіңішке түрлеріне ажыратыңдар). 
Сан есімді өткен кезде (сан есім сөздердің емлесі). 
Ең үлкен
Жан-жануарлар ішінде ең үлкені көк кит. Оның ұзындығы 33 метр,
салмағы -150 тонна. Мұндай салмақ – 30 піл немесе 150 өгіздің салмағына
тең деген сөз. 
Мұндай киттің жүрегінің салмағы – 700 килограмм, тілінің салмағы
-2   тонна.   Ал   жаңа   ғана   туған   киттің   баласының   ұзындығы   –   8   метр,
салмағы 6 тонна. 
Қос сөзді өткен кезде (қос сөздің емлесі). 
Теңіз дауылы
Теңіз   кеңістігінің   беті   айлы-қарлы   болып   өзгеріп,   қара   қошқылдана
қалыпты.   Қазір   бір   шаңырақ   құзды,   қара   сұр   тау   қойнына   еніп   кеткен
тәріздіміз. Теңіз беті минут сайын құбылып, тау құзға, құз тауға айналады.
Ашулы толқын арс-арс етіп, теуіп кеткен сайын біз қонақтаған шағын ғана
мұз   шыңы   бір   жағы   төңкеріліп   бара   жатқандай   дөңбекшіп-дөңбекшіп
алады.   Әр   жерден   бір   омарылып   түскен   мұз   кесектер   жандана   тулаған
көлжалаң  төбесіне қарғып-қарғып түседі. 
Көру диктанты
Бұл диктант өтіліп, үйретіліп отырылған тақырыпқа байланысты нысан
материалдарды   сынып   оқушыларына   көрсетіліп   түсіндіруден   басталады.
Мұнда оқушы ережелерді игергеннен соң, соған байланысты мәтінді көріп,
оқып, бақылау арқылы есте сақтай отырып жаздырылады. 
Диктант   оқушылардың   көру,   есте   сақтау,   тану   қабілетін   дамыту
мақсатымен жүргізіледі. Көру диктантына жазылуы қиын байырғы сөздер,
термин сөздер, сөз тіркестері және шағын мәтіндер, жұмбақ, мақал-мәтелдер,
92

жаттауға берілген өлеңдерді де алуға болады. 
Диктант   мәтіндері   үзіліс   кезінде   тақтаға     немесе   бұрыннан   үлкен
қағазға   жазылып   қойылады.   Оларды   оқушылардың   екі-үш   рет   оқып
шығуына, асықпай көріп, жадына сақтауына 2-3 минут уақыт беріледі. Содан
кейін   тақтаға   жазылған   мәтінді   мұғалім   жауып   қояды.   Оқушылар   көрген,
оқыған мәтінін есіне түсіріп дәптерге жатқа жазады. Мұндай материалдардың
құрамына жазылуы қиын сөздерге қоса назар аударуға тиісті ережелері бар
термин сөздер болса, мұғалім оларға  назар аударуды талап етеді. Бұл үдерісті
компьютермен орындаттыруға болады.
Көру   диктантын   алғаш   жаздырған   кезде   оқушылар   сол   сөздерге,
сөйлем   мен   нысанға   назар   аударып,   көңіл   бөлу   арқылы   есте     сақтауға
дағдыланады.   Жаттауға   сүйеніп   жазылады.   Көру   диктантына   мынадай
мәтіндер алуға болады:
V сынып. Антонимдерге байланысты мәтін. 
І. Ағаш кессең, ұзын кес, 
Қысқартуың оңай. 
Темір кессең, қысқа кес, 
Ұзартуың оңай (мақал). 
2. Жоғары, төмен, үйрек, қаз, 
Ұшып тұрса сылпылдап (А)... 
Қарапта сөз және оның тыныс белгілері бойынша:
Тоқтай тұр, достым, өткенге ой жіберіп қарашы өзің: Қайтып  көрер
есігіңді  қатты   серіппес   болар,   қарындас.   Атайдың  өлеңдерін   әнге   қосып,
домбырамен   айтсаң   қайтеді,   жезде.   Қал-жай   өзіңе   белгілі   ғой,   Сәмен
қарағым, өзің түсіндіріп айта бермейсің бе?. . 
VI сынып. Етістікке байланысты. 
Қар   еріп,   сай-сала   сылдырына  толғанда,  көгілдір   көктемнің   көктегі
жаршысындай болып тыраулап тырналар келді. Оның алыстан талып жеткен
үнін   естігеннен,   көзің   бірден  шалына   қоймайды.  Сонау   көз   ұшында
тізбектеліп ұшқан тырналарды  сонда ғана көресің... 
7-9 сынып. 
Сызықша қойылған сөйлемді жазыңдар. 
Байлықтың атасы – еңбек, анасы жер. Өнерлінің өрісі ұзақ. Ел үмітін ер
ақтар, ер атағын ел сақтар. Қара арғымақ арыса, қарға адым жер мұң болар.
Бас жарылса бөрік ішінде, қол сынса жең ішінде. Басы аманның малы түгел.
Аузы күйген үріп ішер. 
Ескерту диктанты
Ескерту   диктантын     жаздыру   тәртібі   мынадай   болады:   мұғалім
сөйлемді дауыстап оқиды да, бір оқушы қайталап, ішіндегі сөздердің жазылу
емлесін айтады. 
Мұнда қандай сөзге, нысанға тоқталу керек екендігін мұғалім көрсетіп,
түсіндіріп,   ескертеді.   Соңынан   сол   сөйлемді   оқушылар   жатқа   дәптеріне
93

жазып, ережесі талданған сөздің астын сызып, белгілейді. Оқушылар түгел
жазып   болған   соң,   бір   оқушы   тағы   оқып   шығып,   қандай   сөздердің   астын
сызғандығын,   оның   жазылу   емлесін   айтып   береді.   Қалған     оқушылар
өздерінің жазғандарын тексеріп, жіберген қателері болса, түзетеді. 
Ескерту диктантын тақтаға да орындаттыруға болады. Бұл элементтер
қазіргі   кезде   сабақтың   бекіту   кезіндегі   оқушылармен   жаттығуды   тақтаға
жүргізуде   қолданылып   келеді.   Бұған,   көбінесе   оқулықтағы   әр   тақырыпқа
берілген   жаттығулар,   сол   сыныпқа   арналған   дидактикалық   материалдар
пайдаланылады. 
Ескерту диктантын тақтаға жазып та тексеруге болады немесе тақтаға
жазбай-ақ оқыту, есіту арқылы да тексереді. 
Ескерту диктантын   әр түрлі орфографиялық ереже бойынша жиі-жиі
өткізіп отырылады. Бұл диктанттың артықшылығы – оқушылар сөзді естілуі
бойынша   ғана   жазбай,   сөздің   құрамын,   грамматикалық,   орфографиялық
ережелерді естеріне түсіріп, саналы түрде жазатын болады. 
Өздік диктант
Өздік диктантты оқушылар   мәтінді мұғалімнің айтуы бойынша емес,
өздігінше жатқа жазады. Өздік  диктантты жаздырудың бірнеше жолы бар. 
Бірінші, өтілген тақырыпты бекіту мақсатында мұғалім диктант мәтінін
тақтаға жазады, жеке сөздердің жазылуы, грамматикалық ереже түсіндіріледі.
Мәтінді оқушылар бірнеше рет оқып, жаттап алады. Содан кейін тақтадағы
мәтіннің беті жабылып қойылады да оқушылар оны жатқа орындайды. 
Екінші,  мұғалім   мәтінді   оқулықтан,  кітаптан,   газет-журналдан   үзінді
көрсетіп   береді.   Мәтінді   оқушылар   бірнеше   оқып   қайталаған   соң,   кітап,
оқулық   т.б.   жабылып   оқушылар   жатқа   жазады.   Соңынан   мәтінмен
салыстырылады. 
Үшінші   –   оқушыларға   жаттаған   өлеңдерді,   қара   сөздерді   жатқа
жаздыру.  Өздік   диктант   арқылы   оқушылардың   өткен   сабақты   меңгергенін
ғана емес, орфографиялық және синтаксистік ережелерді қалай ұғынғанын,
оларды тәжірибеде  қалай пайдалана білетінін байқауға болады. 
Өздік   диктанты   оқушылардың   ой-өрісін,   сөздік   қорын   молайтуға
көмектеседі. Өздік диктантта оқушылар өтілген материалдарға байланысты
өздері білетін сөз бен сөз тіркестерін, тұрақты сөйлемдер мен  жаттап алған
өлең,   жұмбақ,   жаңылтпаш,   мақал-мәтелдерді   естеріне   түсіріп,   ойланып
отырып жазады. 
Диктанттың бұл  түрінің де, өткенді қайталап, тіл ұстартуда да  маңызы
бар.  Мұғалім өздік диктантын қай күні жүргізетінін, өтілген материалдардан
нені   қайталап   келу   керектігін   оқушыларға   алдын-ала   ескертіп   отырады.
Сонда   олар   дайындық   кезінде   өздерінің   бұрынғы   жазу   жұмыстарында
жіберген   қателерінен әлі біліп үлгермеген сөздерін және сол сияқты шала
жаттаған өлең, жұмбақ, мақалдар мен ережелерді қайталап жаттап келеді. 
Мысалы, оған мынадай мәтіндерді алуға болады:
V сынып. Жалпы  және жалқы есімдердің жазылуы
94

Жер таппай жерге жетер Жетісуым, 
Күркілдеп, Көксу, Лепсі, Іле, Шуың. 
Асқардан ақтарыла арқыраған
Жеңгеңнің келе аңсаған балды суын (І. Ж. ). 
VI сынып. Мақал-мәтелдер
Дананың ақылы –дария, халықтың ақылы –мұхит. 
Жалқаудан жаман жоқ, оқымаса маман жоқ. 
Еңбек мұратқа жеткізер. 
Татулық табылмас бақыт. 
Білімнен асар байлық жоқ. 
Жердің сәні –егін, Ердің сәні – білім. 
VIІ сынып.      Көктем
Көктем! Осы сөзді жылдың қай мезгілінде естісең де, жаныңа жылы,
қуат дариды. Мөлдір бұлақ сылдыры, жасыл құрақ сыбдыры, тамылжыған
бұлбұл үні, тамсандырған қыз күлкісі құлағыңа келеді. Тұнған жер, желпи
соққан жел кең далаға шақырғандай болады. Енді көктемнің өзі келді. Ақын
ата   сөзімен   айтсақ,   масатыдай   құлпырған   жердің   жүзі,   ата-анадай
елжіреген күннің көзі табиғатты түлетті. 
Көктем – табиғаттың жастық шағы. Ал жастық шақ – құдіретті
күш. 
Іздету диктанты
  Бұл   диктанттың   басқа   диктанттардан   айырмасы   –   мұнда   оқушылар
барлық   мәтінді   не   сөйлемді   түгел   жазбайды,   мәтіннің   ішінен     өтілген
анықтамаға, не ережеге байланысты жеке сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді тауып,
теріп жазады. 
Іздету диктантын жаздырудың өзіндік әдіс-тәсілдері бар:
Мұғалім өтілген категориялар мен формаларды немесе орфографиялық
ережеге байланысты мәтінді оқиды. Оқушылар сол мәтіннен   тиісті нысан
сөздерді   теріп   жазады.   Немесе   сөйлемді,   мәтінді   жазып   болған   соң,   сол
нысан   таптырылып   анықталады.   Мысалы,  Ботакөз   Кенжетай   мен
Балтабектің арасына отырды  деген   сөйлемді оқымастан бұрын, біріккен
сөздердің   емлесін   қайталап,   өткенді   естеріне   түсіреді.   Сонан   соң   осы
сөйлемді жайлап келесі әр сөзді кідіріс жасап оқиды. Оқушылар мұғалімнің
тапсыруына   қарай:   мәтіннен   біріккен   сөзді     теріп   жазады   немесе   түгел
сөйлемді   жазып,   біріккен   сөздің   астын   сызады.   Соңынан   бұл   сөйлемдегі
біріккен сөздің жазылу емлесі талданады. 
Іздету   диктанты   өтілген   және   қайталанып,   пысықталған   ереже,
анықтамаларға   байланысты   жазылды.   Мысалы,  С,   З,  дыбыстарының  Ш
дыбысымен қатар келгенде жазылу емлесі; сан   есім емлесі, шылаулардың
емлесі, құрмалас сөйлем тыныс белгілері т.б. 
Бұл   диктант   уақытты   үнемдеу   мен   оқушыларға   материалды   сапалы
игертудің ұтымды әдістерінің бірі болып табылады. 
95

Іздету   диктантына     алынатын   мәтіндер,   материалдар   күнделікті
оқытылып,   үйретіліп   отырылған   категория   мен   формаларға,   ереже   мен
анықтамаларға, емлеге байланысты болады. 
Түсіндірмелі диктант
Бұл   диктант   жаңа   материалды   игерту   мен   бекітуде   жаттығу   әдісі
ретінде   өткізіледі.   Сондықтан   түсіндірмелі   диктантты   жаздырудың   өзіндік
әдіс-тәсілі бар:
Біріншіден,   түсіндірмелі   диктант     жаздыру   үшін   мұғалім   мәтін
таңдаудан бастайды. Алынатын мәтінде игертілетін немесе бекітілетін нысан
болып,   оны   ажыратудың   қиындығы   орташа   болады;   Екіншіден,   мәтіндегі
нысан   оқушылар   игерген   әрі   ол  туралы   мәліметі   болуға   тиіс;   Үшіншіден,
мәтіндегі нысан нақты, бір мәселе, ереже, анықтама, категория, форманың
көлемінде   алынады.   Өйткені   бұлар   бірнешеу   болса,   оқушылардың   ойы
бөлініп,   орындай   алмауы   мүмкін.   Төртіншіден,   мәтіннің   көлемі   шағын
болады. Өйткені көлемді мәтінді орындау уақытты алса, екіншіден қайталай
беру оқушының орындау ынтасын төмендетеді. 
Түсіндірмелі диктант  жүргізу жүйесі:
Мұғалім ең алдымен үйретіліп отырылған ереже, анықтама,  категория
немесе форманың теориялық ерекшеліктерін түсіндіреді, мысалдар келтіреді.
Мысалы, жалқы есім сөздер бас әріппен басталып жазылады деген анықтама
айтылып, мысалдармен дәлеледенеді. 
Соңынан   диктант   мәтінін   оқып,   ондағы   жалқы   есім   сөздер
таптырылып, талданады. Нәтижеде мәтін оқылып, жазылады. 
Бұл   диктантта   жазған   мәтін   оқушыларға   оқытылып,   нысанды
оқушының түсіндіріп беруі арқылы да тексеруге болады. 
                                      Шығармашылық диктанты 
Шығармашылық   диктантқа   әр   түрлі   жаттығулар   жатады.   Бұл
жаттығулардың мақсаты, біріншіден орфографияны үйрету болса, екіншіден,
оқушылардың   тілін   ұстарту.   Шығармашылық   диктант   –   оқушыларды   өз
бетімен   жұмыс   істеуге   дағдыландыру   үшін   өте   бір   тиімді   әдіс.
Шығармашылық   диктантты   мұғалім   оқушылардың   өздігінен   жазған   жазба
жұмыстарында қате жібермеуге, өз ойларын сауатты жазуға төселдіру үшін
қолданады.   Мұнда   мұғалім     тақтаға   жазған   жеке   сөздер   мен   сөйлемдерді
қатыстырып, сөйлем немесе шағын мәтін құрап жазуды тапсырды. Сонымен
қатар көрген, оқыған, естіген нәрселері мен белгілі бір тақырып құрастырып,
ойларын өз сөздерімен жазады. 
Шығармашылық диктанттың мынадай жолдары болады:
1. Белгілі бір ережеге сәйкес бірнеше сөздер, сөйлем, мәтін ойлап табу. 
2. Белгілі сөздер сөйлем, мәтін қай ережеге сай екендігін анықтау. 
Мысалы, мұғалім зат есімдегі байланысты бірнеше сөздерді күні бұрын
дайындап   келеді   де   сол   сөздерді   тақтаға   жазып   қояды   (саябақ,   жеделхат,
ұжымшар, көл т.б. ). Оқушылар осы сөздерді қатыстырып белгілі сөйлемнің
мағыналы түріне байланысты құрайды: Мысалы: Мен саябаққа бардым т.б. 
96

Мұнда   әр   оқушы   өз   бетімен   жазады.   Сондықтан   олардың   жазған
сөйлемдері де әр түрлі болмақ. 
Шығармашылық диктантты мына жүйемен өткізуге болады. Мұғалім
сабақ басталысымен, тақтаға бір орфографиялық ережені жазып көрсетеді де,
сол ережеге сай мысалдарды оқушылар өздері ойлап табады. Сол сөздердің
бірнешеуін   тақтаға   жазып   қояды.   Оқушылар   сол   сөздерді   қосып   өз
беттерімен   сөйлем   құрайды.   Шығармашылық   диктант   орфографиялық
ережелерге жаттықтыру үшін ғана емес, грамматикалық формалар, сөйлем
түрлерін,   стиль   жөнінде   де   оқушыларды   төселдіруге,   олардың   ой-өрісін
кеңейтуге   жәрдем   береді.   Белгілі   грамматикалық   формаға   байланысты
бірнеше сөз тақтаға жазып, сол сөздерді қатыстырып, тұтас шағын шығарма
жазуға да болады. Мысалы, етістік сөздер беріледі;қоюлана, көріп, сүйеніп,
еңіреп,     күшейіп,   сипалап,   келіп,   салып,   шыққалы,   біле    деген   көсемше
формаларын тақтаға жазып, осы сөздерді қатыстыра отырып, кейбіріне дара,
кейбіріне күрделі етістік сөздерді келтіріп мәтін құрастырады. 
Мысалы: Қараңғылық қоюлана түсті. Ешнәрсені көріп болар емес. Асқар
қабырғаға   сүйеніп,   еңіреп   жылады.   Гүрілдеп   дауыс   күшейе   түсті.   Асан
қабырғаны   сипалап   жүріп,   далаға   шықты.   Қолын   қалтысына   салып,   тың-
тыңдап біраз тұрды. Үй сыртында қарайған бірдеңе көрінді, оны Асан біле
алмады. 
5-7 сынып. 
1. Мына зат есімдерді қатыстырып сөйлем құраңдар:  
Саябақ, бұлбұл, ақын, дос, ару, көл, тау. 
2. Мына сөздермен сөйлем құрап жазыңдар: 
Қоюлана , көріп, сүйеніп, еңіреп, күшейіп, келіп, салып, шыққалы, біле. 
8-9 сынып. 
«Ана   тіліңді   қадірлей   біл»   деген   тақырыпта   әңгіме   өткізіңдер,
мәтінде көрсетілген мысалдарды орынды жерінде қолдана біліңдер. 
Көп сөйлеген мылжың шын сөзді азайтады. 
Нәрсенің сыртына қызықпа, асылы ішінде  болады. (Ы.Алтынсарин).
Әр уақытта ана тілін шұбарламай, бүлдіріп сөйлемей, таза сөйлеу керек.
Тіл байлығын молайтып, тіл тазалығын сақтау керек. (М.Балақаев). 
   Сүйемін туған тілді-ана тілін, 
   Бесікте жатқанымда –ақ берген білім. 
   Шыр етіп жерге түскен минутымнан, 
   Құлағыма сіңірген таныс үнің... 
   Ең бірінші сол тілмен сыртқы шықты, 
   Сүйгенім, жек көргенім, ұнатқаным. (С.Торайғыров). 
Мына сөздерді қатыстырып шағын әңгіме жаз. 
Егеменді   ел,   дамыған   республика,   ғажайып   өзгерістер,   оқыған
мамандар, жас дарындар, кең байтақ, жастықтың куәсі, тарихи даму, жоғары
оқу орындар. 
2.4. Тыныс белгіні синтаксистік талдау арқылы дұрыс қоюға
97

жаттықтыру.
Пунктуация   синтаксиспен   байаланысты   қарастырылады.   Ол   жөнінде
Х.Арғынов: “Синтаксис туралы жалпы мәліметті оқушыларға әңгіме әдісімен
де, лекция арқылы да, талдау арқылы да түсіндіруге болады” деген [32,211].
Ал Т.Шонанұлы бұрын-ақ сауатты жазуға үйретудегі талдаудың рөлін:
“Емлені дұрыс білу үшін оны грамматикалық  тілдің басқа жұмыстарымен
байланыстыра отыру керек, жазған сөздерін бала грамматика жағынан талдап
отырсын” –деп, талдауға үлкен мән берген [60,28].
Сондықтан   синтаксисте   сөйлемге   тән   белгілер,   оның   грамматикалық
сипатын   айқындайтын   синтаксистік   категориялар   қатысымдық   пен
моральдық және предикаттық белгілер. Бұл категориялардың әрқайсысының
өздеріне   тән   ішкі   мағыналық   және   сыртқы   материалдық   көрсеткіштеріне
лайықты жазуда тыныс белігілерімен анықталады [32,206].
Сондықтан   тыныс   белгілерді   оқытуда   синтаксистің   негізгі
нысандарына   байланысты   қарастыру   оң   нәтиже   береді.   Мысалы,   тыныс
белгілер   синтаксисінің   нысандары:   а)   сөйлем   синтаксисі,   оның   құрамы,
түрлері; ә) сөз тіркесі оның ерекшеліктері; б) сөйлемдер тіркесі, оның түрлері
мен құрылымдық сипаттарымен байланыстырыла үйретіледі.
  Қазақ   тілі   мамандары   соңғы   уақытқа   дейін   "синтаксис"   деген
терминнің   мәнін   ашуға   көңіл   бөлмеген.   Синтаксис   деген   атауды   қолдана
қалған күнде де оның өзін сөз етпей, әңгімені сөйлемге сипаттама беруден
бастап   отырған,   сөйлемді   синтаксистің   негізгі   және   бірден-бір   нысан   деп
түсінген. 
Синтаксистің қарауына сөздер тіркесі де жататынын және синтаксистің
анықтамасын   қазақ   тілі   білімінде   сөз   еткен   -   профессор   Қ.Жұбанов.   Ол
синтаксисті   сөйлемнің   қандай   түрлері   болатынын,   қандай   бөлшектерден
құралатынын   қapaстыpaтын   грамматиканың   бір   саласы   деп   анықтайды
[61,204]. 
Синтаксистің   қарауына   сөздер   тіркесі   де   енетіні   кейінгі   жылдары
М.Балақаев   еңбектерінде   де   айтылды.   Ол   өзінің   жай   сөйлем   синтаксисіне
арналған   зерттеуінде   "синтаксис   сөйлемнің   грамматикалық"   жүйесін,
құрамын, сөздердің  тіркесуін  қарастырады"  десе,  соңғы  еңбектерінде  одан
гөрі айқындаңқырал,  сөз тіркесін  синтаксистің бірінші нысаны дәрежесіне
көтереді [62,205]. 
Сөйлемге   тән   белгілер,   оның   грамматикалық   сипатын   айқындайтын
синтаксистік   категориялар   қатысымдық   пен   модальдық   және   предикаттық
белгілер. Бұл категориялардың әрқайсысының өздеріне тән ішкі мағыналық
және сыртқы материалдық көрсеткіштері бар [63]. 
Синтаксистің   қарауына   жататын,   оның   негізгі   нысаны   болып
есептелетін бірнеше мәселелер бар. Оларға: а) жай сөйлем синтаксисі, оның
құрамы,   структуралық   және   мағыналық   түрлері;   ә)   сөздер   тіркесі,   оның
өзіндік ерекшеліктері; б) сөйлемдер тіркесі, оның түрлері мен структуралық
сипаттары жатады. Бұл мәселелер бір-біріне тәуелді, өзара шарттас, тілдің
синтаксистік   жүйесінің   жеке-жеке  элементтері   болып  келеді.   Синтаксистің
98

осылай   бөлінуі   және   оның   қарауына,   жататын   мәселелерінің   өзіндік
ерекшелігіне   сай   талдануы,   жуйеленуі   зерттеушілердің   жеке   еңбектерінде
нақты баяндалған [64; 65; 66; 67]. Осы сияқты теориялық материалдар мен
ереже, анықтаманы игертуді тыныс белгілерді игертумен байланыстырылады.
Синтаксистік   талдау:   Сөйлемнің   тыныс   белгісін   үйретуде   мынадай
талдаулар жүргізіледі.
І.   Айтылу   сазы   мен   мазмұнына   қарай:   хабарлы,   лепті,   сұраулы,
бұйрықты.
ІІ. Құрылысына қарай: 
1. Жай сөйлем 
2. Құрмалас сөйлем: 
Мезгіл   мәңді,   себеп   мәнді,   қарсылықты   мәнді,   шартты   мәңді,
салыстырмалы мәңді, түсіңдірме мәңді, толғaу мәңді, амал мәңді, мақсат мәнді. 
ІІІ. Сөйлем мүшелері: а) бастауыш, ә) баяндауыш, б) толықтауыш, в)
анықтауыш, г) пысықтауыш.
IV. Жай сөйлемнің түрлері: а) жалаң, жайылма, ә) толымды, толымсыз,
б) жақты, жақсыз, в) атаулы.  
V. Сөз тіркестері: а) еркін тіркес (есімді, етістікті), ә) тұрақты тіркес. 
VІ. Сөздердің   байланысу түрлері:  а) қиысу,  ә) меңгеру, б)  матасу,  в)
қабысу, г) жанасу. 
VІІ.   Сөздердің   байланысу   тәсілдері:   а)   интонация,   ә)   жалғaулар,   б)
септеулік шылаулар, в) орын тәртібі. 
Бұл салалардың мынадай ерекшеліктері үйретіледі: 
1.   Сөйлем   болу   үшін   сөздер   белгілі   бір   гpамматикалық   байланысқа
түсуі керек; 
2.   Кез   келген   қатар   тұрған   сөздер   бір-бірімен   байланысқа   түсе
бермейді. 
99
Синтаксис - гректің құру, біріктіру деген мағынаны білдіретін
сөзі. Ол гpамматиканың бір саласы болып есептеледі де сөйлемдегі
сөздердің бір-бірімен байланысын, сөз тіркесін, сөйлемнің құрамы
мен құрылымын, түрлерін және сөйлем мүшелерін зерттейді. Қазақ
тілі синтаксисі үш салаға бөлінеді.
Сөз тіркесі
синтаксисі
Жай сөйлем
синтаксисі
Құрмалас сөйлем
синтаксисі

3. Грамматикалық байланысқа түспеген сөздер тіркеспейді, сөз тіркесін
құрай алмайды. 
4. Сөздердің сөйлемде байланысуының өзіндік заңдылығы бар, сөздер
бір-бірімен белгілі бір тәсілдер арқылы байланысады. 
5. Сөздер: 
а)   Біріншіден,   байланысу   тәсілдері   арқылы   тіркесіп,   сөз   тіркесін
құрайды.   Сондықтан   сөздердің   байланысу   тәсілдері   сөз   тіркесіне   негіз
болады: 
ә)   Екіншіден,   сөйлем   мүшелері   сөйлемдегі   сөздердің   байланысы
арқылы   анықталады.   Сөйлем   мүшесін   анықталатын   сұрақтар   сол   сөздің
байланысына қарай қойылады. 
Ғалым-әдіскер   Н.Құрманова:   "Сөз   тіркесін   теориялық   деңгейде
oқытyдa эмпирикалық деңгейде берілген білімнің жай ғана қосындысы емес,
сөз тіркесінің мәнді болмысын құрап тұрған синтаксистік байланыстар мен
қатынастардың   табиғатын   таныту   алдыңғы   орынға   шығарылады.   Сөз
тіркесінің жүйелік болмысында қызмет атқаратын тілдік қандай механизмдер
бар,   түрлену   жолына   қалай   себепкер   болады?   деген   сұрақтар   алғашқы
сабақтан   бастап   қойылады,   солардың   жауабын   іздеу   және   табу   әдістері
меңгертіле бастайды", - деп тұжырым жасайды [57]. 
Ғалымның   пікірін   сабақтай   келе,   тілдік   талдау   сөз,   сөйлемнің
құрылысын   бөлектеп   талдаумен   ғана   шектелмей,   оқушының   жан-жақты
дамуына,   танымдық   дүниесінің   бойынша,   ой-өрісінің   кеңеюіне   кең   жол
ашатын толық талдау үлгісін жасауға ұмтылдық. Бұндай талдаулар төмендегі
жұмыстардан айқын көрініс тапқан. 
19-сурет. Сөйлем түрлері
100
Сөйлем
Айтылу сазы мен
мазмұнына қарай
Хабарлы сөйлем
Сұраулы сөйлем
Лепті сөйлем
Бұйрықты сөйлем
Құрылысына қарай
Жай сөйлем
Жалаң,
жайылма
Толымды,
толымсыз
Жақты,
жақсыз
Құрмалас сөйлем
Құрамындағы
жай
сөйлемдердің
байланысту
түрлеріне қарай
Салаласа
байланысқан
құрмалас сөйлем

Бала күлді.
І. Синтаксистік талдауды ерее арқылы жүргізу. 
1.1. Сөйлемде бір тыныс белгі бар. Ол - нүкте (.). Нүктенің қойылу
себебі, ойды аяқтап, сөйлемді тиянақтап тұр. 
1.2. Айтылу сазы мен мазмұнына қарай - хабарлы сөйлем. Себебі, ой
хабарлай   жеткізіліп   тұр.   Хабарлы   сөйлем   дегеніміз   –   айтылу   мақсаты
хабарлау, cypeтrey, баяндауды білдіретін сөйлемнің түрі. 
1.3. Құрылысына қарай – жай сөйлем. Себебі, бірнеше сөзден құралып,
тиянақты бір ғана ойды білдіріп тұр. Жай сөйлем дегеніміз  бір ғана ойды
білдіріп, бір ғана интонациямен айтылатын сөйлем. 
1.4. Жай сөйлемнің түрлеріне қарай – жалаң. Себебі, тек қана бастауыш
пен   баяндауыштан   құралған.   Жалаң   сөйлем   дегеніміз  тұрлаусыз   мүшелері
жоқ, тек бастауыш пен баяндауыштaн құралған сөйлем. 
Көпке қорлық жүрмейді. (Абай)
І. Синтаксистік талдау: 
1.1. Сөйлемде бір тыныс белгі бар. Ол - нүкте (.). Нүктенің қойылу
себебі, ойды аяқтап, сөйлемді тиянақтап тұр. 
1.2. Айтылу сазы мен мазмұнына қарай - хабарлы сөйлем. Себебі, ой
баяндай жеткізіліп тұр. 
1.3. Құрылысына қарай - жай сөйлем. Себебі, бірнеше сөзден құралып
келіп тиянақты бір ғана ойды білдіріп тұр. 
1.4. Жай сөйлемнің түрлері. 
1.5. Жай сөйлемнің түрлерін анықтау үшін сөйлемдегі сөздерді сөйлем
мүшелеріне қарай талдаймыз. Ол үшін ең алдымен сөйлемнің баяндауышын
табамыз. Себебі: 
а) Баяндауышсыз сөйлем болмайды. Баяндауыш дегеніміз –  сөйлемде
жіктеліп   келіп   бастауыштың   қимылын,   іс-әрекетін,   кім   екенін   білдіріп,
онымен   жақ-жағынан   кейде   жекеше,   көпше   (1-2   жақта)   түрде   қиыса
байланысып   қолданылатын   тұрлаулы   мүше.  Баяндауыштың   негiзгі
сұрақтары: не істеді? кім? не? неше? не қылған? неде? т.б. 
Баяндауыш мынадай сөз таптарынан болады.
101
Атаулы
Сабақтаса
байланысқан
құрмалас сөйлем
Араласа
байланысқан
құрмалас сөйлем

1.   Баяндауыш   болатын   негізгі   сөз   табы  етістік.   Мысалы:   Ерте
тұрғанның   құты   артады.   (Ж.Баласағұн).   Құты   қайтеді?   -   артады   -   дара,
етістікті, (-ды) жіктік тұлғалы - баяндауыш. 
2.   Зат   есімнен   болады.   Еңбек,   оның   ішінде,   өнерлі   еңбек   -   бақыт
(Мақал). Еңбек не? - бақыт - дара, зат есімді - баяндауыш. 
3. Сын есімнен болады. Ары таза адамның жаны - таза. Жаны қандай? -
таза - дара, сын есімді - баяндауыш. 
4. Сан есімнен болады. Еріншектің ісі - екі. Ісі қанша? - екі - дара, сан
есімді - баяндауыш. 
5. Есімдіктерден болады. Игіліктің түйіліп қалған жері де осы (Ғ.М.).
Жері қайсы? - осы дара, есімдікті - баяндауыш. 
6. Үстеуден болады. Адал еңбектің абыройы жоғары (мақал). Абыройы
қалай? - жоғары дара, үстеулі - баяндауыш. 
7.  Шылау   сөзден   болады.   Оның  бәйге   алғаны  жақсы   істегені   үшін
(Ғ.М.). Жақсы  қайткенi үшін - істегені  үшін - мұнда шылау өзінен бұрын
тұрған сөзге шылау болып тұрып, баяндауышқа элемент болуда. 
Кей кезде шылаулар жеке тұрып та баяндауыш бола алады. Мысалы:
Оның келуі кейін. Айтарым сол (Ғ.М) 
Елдің иесі де, киесі де - халық.  Мақал
І. Синтаксистік талдау: 
1.1. Сөйлемде үш тыныс белгі бар: нүкте (.); үтір (,); сызықша (-). 
а) Нүктенің қойылу себебі ойды аяқтап, сөйлемді тиянақтап тұр; 
ә) Үтірдің қойылу себебі бірыңғай мүшелерден кейін де шылауының
екі рет қайталануы; 
б)   Сызықшаның   қойылу   себебі   бастауыш   пен   баяндауыш   есім
сөздерден болғандықтан бастауыштан кейін сызықша қойылып тұр. 
1.2. Айтылу сазы мен мазмұнына қарай - хабарлы сөйлем. Себебі, ой
баяндай жеткізіліп тұр. Хабарлы сөйлем дегеніміз - айтылу мақсаты хабарлау,
cypeттey,   баяндауды   білдіретін   сөйлемнің   түрі.   Хабарлы   сөйлем
интонациялық жағынан көтеріңкі басталып, бәсеңдеп бітеді. Сөйлем соңында
жазуда нүкте қойылады. 
1.3. Құрылысына қарай - жай сөйлем. Себебі, бірнеше сөзден құралып
келіп тиянақты бір ғана ойды білдіріп тұр. 
1.4. Жай сөйлемнің түрлері. 
1.5. Жай сөйлемнің түрлерін анықтау үшін сөйлемдегі сөздерді сөйлем
мүшелеріне қарай талдаймыз. Ол үшін ең алдымен сөйлемнің баяндауышын
табамыз. 
Себебі: 
а) Баяндауышсыз сөйлем болмайды; 
ә) Баяндауыштың орны шартты түрде тұрақты: 
1.5. а) Иесі де, киесі де кім? -халық- дара, зат есімді - баяндауыш; 
б) Баяндауыш арқылы бастауышты табамыз; 
102

1.5.   ә)   Халық   несі?   -   иесі   де,   киесі   де   -   бірыңғай,   зат   есімді,   (-сі)
тәуелдік тұлғалы - бастауыш. 
Бірыңғай мүше дегеніміз - бір сұраққа жауап беріп, бір ғана қызмет
атқарып, бір ғана мүшемен байланысатын екі я одан көп мүшелері. Бірыңғай
мүшелер   көбінесе   тұлғалас   болып   келеді   де,   өзара   салалас,   бірде
жалғаулықтар   арқылы,   бірде   жалғаулықсыз   дауыс   ырғағымен   байланысып,
бір ғана мүшеге қатысты болады. Сөйлемнің барлық мүшесі: бастауыш та,
баяндауыш та, пысықтауыш та бірыңғай мүше бола алады. 
Бірыңғай мүшелер өзара жалғаулықсыз байланысса, олардың арасына
үтір қойылады. 
Бірыңғай мүшелер төмендегідей жалғаулықтар арқылы байланысады: 
а) ыңғайлас жалғаулықтар: да, де, та, те, әрі, және, мен, бен, пен; 
ә) талғаулы жалғаулықтар: я, не, немесе, әлде; 
б) қарсылықты жалғаулықтар: бірақ; 
в) кезектес жалғаулъгқтар: бірде, біресе, кейде. 
Жалғаулықтар   бірыңғай   мүшенің   әрқайсысымен   қайталанып
қолданылса арасына үтір қойылады.  Қайталанбаса үтір қойылмайды. Бірақ
шылауы   қарсы   мәнді   екі   бірыңғай   мүшені   байланыстырғаңда   бірақ
шылауының алдына үтір қойылады. 
Сөйлемде   бірыңғай   мүшелермен   қызметтес,   тұлғалас   болып,   барлық
бірыңғай мүшенің ортақ жинақтау аты есебінде айтылатын да сөздер болады.
Олар жалпылауыш сөз деп аталады. 
Жалпылауыш сөз сілтеу (мыналар), жалпылау (бәрі, баршасы, барлығы)
есімдері мен жинақтау сан есімі, зат есімдерден болады. 
Жалпылауыш  сөз  бірыңғай мүшелерден бұрын тұрса, одан кейін қос
нүкте қойылады. Егер бірыңғай мүшелерден кейін оған ұқсас сөздер тұрса,
бірыңғай   мүшелерді   одан   ажырату  үшін,   ол   мүшенің   алдына   сызықша
қойылады.   Жалпылауыш  сөз   бірыңғай   мүшелерден   кейін   келсе,   оның
алдынан сызықша қойылады.  
Бастауыш дегеніміз - сөйлемде атау септігінде тұрып, ойдың кім, не
жайында   екенін   білдіріп,   баяндауышпен   қиыса   байланысатын   тұрлаулы
мүше. Бастауыш кім? не? кімдер? нелер? кімім? нем? кімі? несі? және басқа
сөз таптарының  заттанын, атау септігіндегі сұрақтарына (қаншасы? нешесі?
нешіншiсі? қайсысы? қандайы? т.б.) жауап береді. Бастауыш құрамына қарай
дара және күрделі болып бөлінеді. 
Атау септігінде тұрып  заттанған басқа сөз таптары да (сын есім, сан
есім,  етістіктің   есімше,   тұйық   етістік   түрлері   т.б.)   бастауыш   қызметін
атқарады. 
Әділ жол мақсатна жетккізеді. (С.Сарай)
1.1. Сөйлемде бір тыныс белгі бар. Ол - нүкте (.). 
1.2. Айтылу сазы мен мазмұнына қарай - хабарлы сөйлем. Себебі ой
баяндай жеткізіліп тұр. 
1.3. Құрылысына қарай - жай сөйлем. 
103

1.4. Жай сөйлемнің түрлері. 
1.5. Сөйлем мүшелері. 
1.5.   а)   Мақсатқа   қайтеді?   -   жеткізеді   -   дара,   етістікті,   (-ды)   жіктік
тұлғалы - баяндауыш. 
1.5.   ә)   Мақсатқа   жеткізетін   не?   -   әділ   жол   -   күрделі,   құранды,   атау
тұлғалы - бастауыш. 
1.5.   б)   Бастауыш   пен   баяндауышты   қатыстыра   отырып,   сөйлемнің
тұрлаусыз мүшелерін табамыз. Тұрлаусыз мүшелер дегеніміз – сөйлемде өзі
байланысқа түскен тұрлаулы я басқа мүшелерді анықтап, толықтап, пысықтап
тұратын сөздер.  Әділ жол неге жетеді?  - мақсатқа  - дара, зат есімді,  (-қа)
барыс тұлғалы - жанама толықтауыш. 
1.5.   в)   қандай   жол?   -   әділ   -   дара,   сапалық   сын   есімді   -   сапалық
анықтауыш. 
Толықтауыш дегеніміз – сөйлемде атау мен іліктен басқа септіктердің
бірінде   тұрып,   бір   мүшені   заттық   мағына   жағынан   толықтырып   тұратын
тұрлаусыз мүше. Толықтауыштың сұрақтары: кімді? нені? кімге? неге? кімде?
неде? кімнен? неден? кіммен? немен? кім (не) туралы? кім (не) жөнінде? кім
(не) жайында? 
20-сурет. Толықтауыш және оның түрлері 
104
Толықтауыш
Құрамына қарай
Мағынасы мен тұлғасына
қарай
Дара
Күрделі
Бір
сөздер
Бірнеше
сөзден,
күрделі
сөздерден
Табыс септік
тұлғасындағы тура
толықтауыш
Барыс, жатыс, шығыс,
көмектес септіктерінде
немесе туралы, жөнінде,
жайында, тақырыпта деген
септеулік шылаулардың
тіркесінен болады
Толықтауыш зат есім мен есімдіктен, атау мен іліктен басқа
септік тұлғаларының бірінде тұрып заттанған өзге де сөз
таптарынан (сан есім, сын есім, етістіктің есімше, тұйық етістік
түрлері), негізгі сөздің туралы, жөнінде, жайында деген
шылаумен тіркесінен болады.

Жақсы сөз жалын мен оттан жаралады. Абай
1.1. (.) 
1.2. Айтылу сазы мен мазмұнына қарай - хабарлы сөйлем. 
1.3. Құрылысына қарай - жай сөйлем. 
1.4. Жай сөйлем түрлері. 
1.5. а) Жалын  мен oттaн қайтеді?  - жаралады  - дара, етістікті,  (-ды)
жіктік тұлғалы - баяндауыш. 
1.5. ә) Жар алатын не? - сөз - дара, зат есімді, атау тұлғалы - бастауыш. 
1.5. б) Сөз неден жаралады? - жалын мен оттан - біріңғай, зат есімді,
(-тан) шығыс тұлғалы - жанама толықтауыш. 
1.5.   в)   Қай   сөз?   -   жақсы   -   дара,   сапалық   сын   есімді   -   сапалық
анықтауыш. 
Анықтауыш   дегеніміз   –   сөйлемде   зат   есімнен   болған   не   заттық
мағынада   қолданылған   мүшені   сын-сапалық,   сан-мөлшерлік,   меншіктік-
қатынастық жағынан анықтап тұратын тұрлаусыз мүше. 
Анықтауыш қандай? қай? кімнің? ненің? қайдағы? қашанғы? қанша?
неше? нешінші? қайткен? не еткен? деген сұрақтардың біріне жауап береді. 
Анықтауыш болатын сөз таптары: 
1.  Негізгі   және   туынды  сын  есімдерден:   а)  әділ   сөз  ащы  болады.   ә)
игілікті істі өсек бұзады. Ж. Баласағұн. 
2. Сан есімнен. Жеті рет піш, бір рет кес. 
3. Есімдіктен. Аттың бәрі тұлпар емес, құстың бәрі сұңқар емес. 
4. Түбір тұлғалы зат есім. 
5. Етістіктің есімше түрінен. Басталған істің аяғы да болады. 
6. Ілік септік жалғанған зат есімдер мен заттанған сөздерден болады.
Адамның сұлулығы - шыншылдығында. 
Құрамына қарай: бір сөзден болып  - дара; сөз тіркесі, күрделі сөз бен
тұрақты тіркестерден құрaлып - күрделі анықтауыш болады. 
Баланы бесікке бөлеу - зиян ба?
1.1. Сөйлемде екі тыныс белгі бар. Ол - сұрақ белгісі және сызықша.
Сұрақ белгісінің қойылу себебі, сөйлем сұраулы сөйлем. 
1.2. Айтылу сазу мен мазмұнына қарай - сұраулы сөйлем. Себебі, жауап
алу мақсатында сұрай айтылған сөйлем. Сұраулы сөйлем дегеніміз - жауап
алу мақсатымен сұрай айтылған сөйлем. 
Сұраулы сөйлемдер мынадай жолдармен жасалады: 
1. Сөйлемде сұрау есімдіктері қолдану арқылы. 
2.   -ма,   -ме,   -ба,   -бе,   -па,   -пе,   -ша,   -ше   шылауларының   қолданылуы
арқылы; 
3. -ғой, -қой, -ау, -еу шылауларының ә, сірә сияқты оқшау сөздердің,
болар, шығар, білемін деген көмекші сөздердің сұрау мәнінде қолданылуы
арқылы; 
4. Сұрау интонациясы арқылы. 
105

Жақсылық күткен жандарға жамандық жасама. Мақал 
1.1. Сөйлемде бір ғана тыныс белгі бар. Ол - нүкте. 
1.2. Айтылу сазы  мен мазмұнына қарай  - бұйрықты  сөйлем. Себебі,
біреуге бұйыру мағынасында айтылған сөйлем. Бұйрықты сөйлем дегеніміз –
біреуге бұйыру, тілек-өтініш ету мақсатында айтылған сөйлем. 
Бұйрықты сөйлемде интонация біркелкі бола бермейді: бірде хабарлы
сөйлем   интонациясымен   айтылса,   бірде   лепті   сөйлем   интонациясымен
айтылады   да,   соған   сәйкес   сөйлем   соңында   нүкте   (.)   я   леп   белгісі   (!)
қойылады.   Бұйрықты   сөйлемнің   баяндауышы   етістіктің   бұйрық   рай
тұлғасына   тілек-өтініш   мәнді   -шы,   -ші   жұрнағының   үстелуі   арқылы
жасалады. 
Баршаңызды жақсы тілек, үкілі үміттерге толы Жаңа жыл мерекесімен
кұттықгаймын! Еліміздің өркендеуі мен іргесінің берік болуына сүбелі үлесін
қосып   жүрген   абзал   азаматтардың   әрбір   басқан   қадамына   сәттілік   пен
еңбектеріне   жеміс   тілеймін!   Тауық   жылында   табыс   мол   болсын!
Н.О.Омашев. 
Бұл сөйлемдер айтылу сазы мен мазмұнына қарай - лепті сөйлемдер.
Лепті   сөйлем   дегеніміз   -  айтушының   көңіл   күйін  (қуану,  ренжу,  зеку,  аяу,
өкіну т.б.) білдіретін сөйлем. Лепті сөйлем ерекше әуенмен айтылып, дауыс
ырғағын сөйлем соңында леп белгісі (!) қойылады. 
Лепті сөйлемдер мынадай жолдармен жасалады: 
а)   Жай   сөйлемнің   түрлеріне   қарай   -   жайылма.   Себебі   тұрлаулы
мүшелермен қатар тұрлаусыз мүшелер де бар. Жайылма сөйлем дегеніміз  -
тұрлаулы мүшелермен қатар тұрлаусыз мүшелері де бар сөйлем. 
ә) Толымды. Себебі, ойға қатысты сөйлем мүшелері толық. Толымды
сөйлем дегеніміз - сөйлемде ойға қатысты айтылуға тиісті мүшелері түгел
жай сөйлем. 
б) Жақты. Себебі бастауыш бар және айқын. Жақты сөйлем дегеніміз –
бастауышы бар, кейде айтылмай тұрса да, бастауышын баяндауышы арқылы
табуға болатын жай сөйлемнің түрі. 
Мұң мен зарды қырымға қыранша қараған жеңеді.
а)   Қырымға   қараған   қайтеді?   -   жеңеді   -   дара,   етістікті,   (-ді)   жіктік
тұлғалы - баяндауыш. 
ә) Жеңетін кім? - қырымға қараған - күрделі, құранды, (-ған) есімше
тұлғалы - бастауыш. 
б)   Нені   қыранша   қараған   жеңеді?   -   мұң   мен   зарды   -   бірыңғай,   зат
есімді, (-ды) табыс тұлғалы - тура толықтауыш. 
в)   Қалайша   қырымға   қараған   жеңеді?   -   қыранша   -   дара,   қимыл-сын
үстеулі - қимыл-сын пысықтауыш. Себебі  қимылдың амалын  білдіріп тұр.
Пысықтауыш дегеніміз - сөйлемде іс-әрекет, қимылдың жай-күйін, амалын,
мөлшерін,   мезгіл-мекенін,   себеп-мақсатын   білдіретін   тұрлаусыз   мүше.
Пысықтауыш қалай?  қайтіп? қашан? қайда? қайдан? неліктен? не себепті?
106

кім үшін? не үшін? не істеуге? не мақсатпен? не арқылы? кім арқылы? неше
рет? деген сұрақтарға жауап береді. 
Пысықтауыш болатын сөз табы – үстеу. Сонымен бірге барыс, жатыс,
шығыс, көмектес септіктеріндегі зат есімдер, кейде сын есім мен сан есім,
етістіктің көмекше түрі, барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктеріндегі сөз
бен қарай, таман, шейін, дейін, бола, соң, кейін, ары, бері, бұрын, бірге, қабат,
қатар және септік тұлғасыз сөз бен арқылы, арқасыңда, үшін, сайын септеулік
шылауларының   тіркесінен   құралған   тізбектерде   де   пысықтауыш   қызметін
атқарады. 
Пысықтауыш барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктің біріңде тұрған
сөзден   немесе   негізгі   сөз   бен   септеулік   шылаулардың   бірі   тіркесінен
болғаңда,   пысықталатын   сөз   арасындағы   байланыс   меңгере   де,   ешбір
жалғаусыз,   септеулік   шылауларсыз   қабыса   байланысады.   Үстеуден   болған
пысықтауыштар   өзі   пысықтайтын   сөзімен   іргелес   те,   алшақ   та   тұрып
байланыса береді. 
Пысықтауыштың құрамына қарай: дара, күрделі.
Мағынасына қарай:
1.   Қимыл-сын   пысықтауыш   қалай?   қалайша?   қайтіп?   неше   рет?   не
арқылы?   деген   сұрақтарға   жауап   беріп,   көбіне-көп   етістіктің   көсемше
түрінен, қимылсын мөлшер үстеулерінен, сын есімнен, сан есімнен, көмектес
септік   жалғаулы   сөзден,   негізгі   сөз   бен   арқылы   шылауынын   тіркесінен
болады. 
2.   Мезгіл   пысықтауыш   қашан?   қашаннан   бері?   қай   кезде?   қашанға
шейін?   деген   сұрақтарға   жауап   беріп,   мезгіл   үстеулерінен,   мезгіл   мәнді
сөздер   мен   тіркестерден,   негізгі   сөз   бен   кейін,   соң,   бұрын,   шейін,   таман,
бойы,   былай,   сайын,   әрі,   бері,   қарай   сияқты   септeулік   шылаулардың
тіркесінен болады. 
107
Баяндауыштар құрамы
жағынан
Дара
Күрделі
Дара баяндауыштар бір
сөзден жасалады.
Күрделі баяндауыштар күрделі
сөздерден күрделі етістік, күрделі
есімдерден жасалады.

3. Мекен пысықтауыш қайда? қайдан? қалай қарай? деген сұрақтарға
жауап беріп, мекен үстеулер мен барыс, жатыс, шығыс ceптiктeгi сөздер мен
кейде оларға септеулік шылаулар тіркесінен болады. 
4. Себеп пысықтауыш неліктен? не себепті? не үшін? деген сұрақтарға
жауап беріп, барыс, жатыс, шығыc септіктегі eciмшe мен есім сөздердің үшін
шылауымен тіркесінен болады. 
5. Мақсат пысықтауыш не мақсатен? неге бола? неге? не үшін? деген
сұрақтарға жауап беріп, мақсат үстеулерінен, есім сөздерге үшін шылауының
тұйық етістік пен көмектес септігіндегі зат есімнің және барыс септіктегі сөз
бен бола шылауының тіркестерінен болады. 
Ұзын жолды инемен өлшемес болар. Мақал 
1.1. (.) 
1.2. Хабарлы сөйлем. 
1.3. Жай сөйлем. 
1.4. Жай сөйлемнің түрлері. 
1.5. а) Инемен не істемес болар? - өлшемес болар - күрделі , етістікті,
(-ар) есімше тұлғалы - баяндауыш. 
1.5. ә) Нені инемен өлшемес болар? - жолды - дара, зат есімді, (-ды)
табыс тұлғалы - тура толықтауыш. 
1.5. б) Жолды немен өлшемес болар? - инемен - дара, зат есімді, (-мен)
көмектес тұлғалы - жанама толықтауыш. 
1.5.   в)   қай   жолды?   -   ұзын   -   дара,   сапалық   сын   есімді   -   сапалық
анықтауыш. 
1.4.   а)   Жай   сөйлемнің   түрлеріне   қарай   -   жайылма.   Себебі   тұрлаулы
мүшелермен қатар тұрлаусыз мүшелер де бар. 
ә) Толымсыз. Себебі ойға қатысты сөйлем мүшелері толық емес. 
Толымсыз   сөйлем   дегеніміз   –   айтылуға   тиісті   тұрлаулы   я   тұрлаусыз
мүшенің бірі түсіп қалған жай сөйлемнің түрі. 
б) Жақсыз.  Себебі бастауышы мүлде жоқ және баяндауышы арқылы
бастауышын табуға болмайды. 
Жақсыз сөйлем дегеніміз – бастауышы мүлде жоқ және баяндауышы
арқылы бастауышты табуға болмайтын, баяндауыштың өзі ғана сол сөйлемге
ұйтқы болатын жай сөйлем. 
Жақсыз сөйлемнің баяндаyыштары мынадай тұлғада келеді: 
1. -қы, -кі, -ғы, -гі жұрнақты қалау райлы етістікке бол көмекші етістігі
тіркесіп келеді; 
2.   тұйық   етістікке   керек,   жөн,   мүмкін,   тиіс   сияқты   сөздер   тіркесiп
келеді;   З.   -ып,   -іп,   -п   жұрнақты   көсемшеге   бол   (көбіне   болма   тәрізді
болымсыз түрінде) көмекші етістігі тіркесiп келеді; 
4.   баяндауыш   құрамында   бастауыш   тұлғалы   сөзі   бар,   бірақ   сөйлем
мүшелеріне жіктеуге келмейтін тұрақты тіркестерден болады.  
Ақылмен көп елді қаратып алуға болады. Құтып
Синтаксистік талдау: 
108

1.1. (.). 
1.2. Хабарлы сөйлем. 
1.3. Жай сөйлем. 
1.4. Жай сөйлемнің түрлері: 
а)Жайылма 
ә) Толымды 
б) Жақты 
1.5. а) Не істеуге болады? - қаратып алуға болады - күрделі , етістікті,
(-ды) жіктік тұлғалы - баяндауыш. 
ә) Кімді қаратып алуға болады? - көп елді - күрделі, құрамды, (ді) табыс
тұлғалы - жанама толықтауыш. 
б) Немен қаратып алуға болады? - ақылмен - дара, зат есімді, (-мен)
көмектес тұлғалы - жанама толықтауыш. 
Адамның сұлулығы - шыншылдығында. Мақал
І. Синтаксистік талдау: 
1.1. Сөйлемде екі тыныс белгі бар. Ол - нүкте және сызықша. Нүктенің
қойылу себебі ойды аяқтап, сөйлемді тиянақтап тұр. Сызықшаның қойылу
себебі   бастауыш   пен   баяндауыш   есім   сөздерден   болып   тұр.   Сондықтан
бастауыштан кейін сызықша қойған. 
Бастауыш пен баяндауыштың арасына мынандай жағдайларда сызықша
қойылады: 
1. Бастауыш атау тұлғалы болып зат есімнен немесе заттанған басқа сөз
таптарынан   жасалып,   баяндауыш   та   зат   есімнен   болып   жіктік   тұлғаның
үшінші   жағында   тұрса   немесе   заттанған   басқа   сөз   тарапынан   болғанда,
бастауыштан кейін сызықша қойылады; 
2. Бастауыш сілтеу есімдігінен немесе жіктеу есімдігінің ІІІ жағынан
болып, баяндауыш зат есімнен болса, бастауыштан кейін сызықша қойылады;
3.   Бастауыш   заттанған   (субстантивтенген)   сын   есімнен,   сан   есімнен
және   есімшеден   болып,   баяндауыш   зат   есім   болса,   бастауыштан   кейін
сызықша қойылады; 
4. Бастауыш пен баяндауыштың бірі (кейде екеуі де) тұйық етістіктен
болып, екіншісі зат есімнен болғанда, араларына сызықша қойылады; 
5. Бастауыш та, баяндауыш та сан есімнен болса, араларына сызықша
қойылады; 
6.   Бастауыш   та   баяндауыш   та   бір   сөздің   қайталануынан   жасалуы
мүмкін, бұл жағдайда да бастауыштан кейін сызықша қойылады; 
7. Сан есімнен болған бастауышты күрделі сан есімнен болған мүшеден
ажырату үшін және бастауыш өзінен кейінгі сөзбен тіркесіп, сөйлемнің басқа
бір мүшесімен шатасып кетпеу үшін, одан кейін сызықша қойылады; 
8. Мақал-мәтелдерде, афоризмдерде, өлеңдерде сөйлемнің баяндауышы
түсіріліп,   ықшамдалып   айтылады.   Мұндай   сөйлемдер   түсінікті   болу   үшін
бастауыштан кейін сызықша қойылады; 
9.   Бастауыш   пен   баяндауышты   байланыстырушы   дегеніміз   (дегенім,
дегенің, деген) деген сөздер тұрса, одан кейін сызықша қойылады.
109

1.2. Айтылу сазы мен мазмұнына қарай - хабарлы сөйлем. 
1.3. Құрылысына қарай - жай сөйлем. 
1.4. Жай сөйлемнің түрлері. 
1.5. Жай сөйлемнің түрлерін анықтау үшін сөйлемдегі сөздерді сөйлем
мүшелеріне талдаймыз: 
1.5. а) Сұлулығы несінде? - шыншылдығында - дара, зат есімді, (-нда)
жатыс тұлғалы - баяндауыш. 
ә) Шыншылдығында несі? - сұлулығы - дара, зат есімді, (-ы) тәуелдік
тұлғалы - бастауыш. 
б) Кімнің сұлулығы? - адамның - дара, зат есімді, (-ның) ілік тұлғалы -
анықтауыш. 
Жанды сөздің жалынын білім маздатады. (Ж.Баласағұн)
І. Синтаксистік талдау: 
1.1. Сөзде бір тыныс белгі бар. Ол - нүкте. 
1.2. Айтылу сазы мен мазмұнына қарай - хабарлы сөйлем. 
1.3. Құрылысына қарай - жай сөйлем. 
1.4. Жай сөйлемнің түрлері: а) жайылма; ә) толымды; б) жақты. 
1.5. Сөйлем мүшелері: 
а)   Жалынын   не   істейді?   -   маздатады   -   дара,   етістікті,   (-ды)   жіктік
тұлғалы - баяндауыш. 
ә)   Маздататын   не?   -   білім   -   дара,   зат   есімді,   атау   тұлғалы   «(8)   -
бастауыш. 
б)   Несін   білім   маздатады?   -   жалынын   -   дара,   зат   есімді,   (-н)   табыс
тұлғалы - тура толықтауыш. 
в)  Ненің  жалылын   маздатады?   - сөздің  -  дара,  зат есімді,   (-дің)  ілік
тұлғалы - меншіктік анықтауыш. 
г)   Қандай   сөздің?   -   жанды   -   дара,   қатыстық   сын   есімді   -   қатыстық
анықтауыш. 
Сөйлемдегі   сөздерді   байланысу   түрлері   мен   тәсілдеріне   қарай
талдаймыз. 
1. Қиысу 
1. Жалғаулар арқылы 
2. Meңгepy 
2. Шылаулар арқылы 
3. Матасу 
3. Сөздердің орын тәртібі арқылы 
4. Қабысу 
4. Интонация арқылы 
5. Жанасу 
1.6. а) Білім маздатады. – қиысу. Себебі бастауыш пен баяндауыш жақ-
жағына, түр-түріне сәйкес келіп, қиыса байланысып тұр. Тәсілі жалғаулықты.
қиысу дегеніміз - бастауыш пен баяндауыштың жіктік жалғауы арқылы 1-2-3
жақтарда жекеше я көпше түрде байланысуы. 
110

ә) Білімін маздатады - меңгеру - бағыныңқы сыңары табыс септігінде
тұрып, басыңқы сыңарымен меңгеріле байланысып тұр. Тәсілі жалғаулықты.
Меңгеру дегеніміз - сөздің  бағыныңқы сыңарының атау мен ілік сетігінен
басқа   септік   жaлғауларының   біреуінде   келіп   немесе   шылаулар   арқылы
байланысады. 
б) Сөздің жалыны - матасу. Себебі бағыныңқы сыңары ілік септігінде,
басыңқы сыңары тәуелдік жaлrауында тұрып, матаса байланысып тұр. Тәсілі
- жaлғаулықты. Матасу дегеніміз - ілік септікті жалғаулы сөз бен тәуелдік
жалғаулы сөздің байланысу түрі. 
в) Жанды сөз - қабысу. Себебі сөздер қатан орын тәртібі арқылы іргелес
тұрып, қабыса байланысады. Тәсілі - орын тәртібі. 
ІІ-сызба. Сөйлемге толық сатылай кешенді талдау жасаудын үлгісі: 
Ажалды қарға бүркітпен ойнайды. Мақал 
1. Сөйлемде бір ғана тыныс белгі бар. Ол - нүкте. 
2. Айтылу сазы мен мазмұнына қарай хабарлы сөйлем. 
3. Құрылысына қарай - жай сөйлем. 
4. Жай сөйлемнің түрлеріне қарай: 
а) Жайылма 
ә) Толымды 
б) Жақты 
5.   а)   Не   істейді?   -   ойнайды   -   дара,   етістікті,   (-ды)   жіктік   тұлғалы   -
бастауыш. 
ә) Ойнайтын не? - қарға - дара, зат есімді, атау тұлғалы бастауыш. 
б) Қарға немен ойнайды? - бүркітпен - дара, зат есімді, (пен) көмектес
септік тұлғалы - жанама толықтауыш. 
в)  Қандай   қарға   -   ажалды   -   дара,   қатыстық   сын  есімді  қатыстық
анықтауыш. 
6.   Байланысу   түрлері   мен   тәсілдері:   а)   қарға   ойнайды   –   қиысу;  ә)
бүркітпен ойнайды – меңгеру; б) ажалды қарға - қабысу 
7. Сөйлемде: 
а) ажалды қарға                              сөз тіркестері 
ә) бүркітпен ойнайды 
Құрылысына қарай еркін; тұлғасына қарай: а) ажалды қарға - есімді
тіркес; ә) бүркітпен ойнайды етістікті тіркес. 
Ажалды.
1. Бұл сөз екі құрамнан тұр: ажал +ды. 
2. Тұлғасына қарай: 
а) ажал - негізгі түбір; 
ә) ажалды - туынды түбір 
3. Құрылысына қарай - дара. 
4. Сөзде бір лексикалық, бір грамматикалық мағына бар. 
5. Лексикалық мағынасы - сапалық қасиетке берілген тау. 
111

6.  Грамматикалық   мағынасы   лексикалық   мағынаның  жалпылануынан
жасалған жалпы грамматикалық мағына - сын есім. 
7. Ажалды - қандай? деген сұраққа жауап береді. Ендеше, бұл - сын
есім. 
8. Мағынасына қарай - қатыстық сын есім. 
Тұжырымдай келгенде, тілдің фонетикалық, лексикалық, сөзжасамдық
және   морфологиялық   жүйелерінің   бәрі   тек   синтаксис   арқылы   қатынас
құралы бола алады. Синтаксис тіл білімінің басқа салаларына сүйене, оларды
жинақтай әрі олармен дидактикалық тұтастыққа ене отырып, адамның ойын
қалыптастыруды,   оны   жарыққа   шығарып,   қарым-қатынас   жасауды
қамтамасыз   етеді.  Оқушылар  синтаксистік   бірліктерді   сатылай   кешенді
талдай   меңгере   отырып,   сөйлем   мен   сөз   тіркесінің   айырмашылығын,
сөздердің   тіркесімділік   мүмкіндіктерін,   күрделі   сөз   тіркестерінің   түрлі
модельдерін, синтаксистік байланысқа түскен сөздердің apacындaғы қарым-
қатынастарды саналы меңгеруіне қол жеткізеді. 
Синтаксис тіл білімінің басқа салаларымен тікелей байланысты екенін,
оны фонетика, лексика, морфологиямен салыстыра түсіндіру, оқушылардың
синтаксистік   бірліктерді   жете   меңгеруіне   және   тілдің   басқа   салаларынан
өзіндік айырмашылығын ажыpата білуге машықтанады. Синтаксиcтік талдау
бойынша   берілген  сызбаларды   басшылыққа   ала   oтыpып,   сөйлемді,   сөз
тіркесін, сөздердің байланысу түрлерін, тәсілдерін сауатты, жүйелі сатылай
кешенді талдау жасауға үйренеді. 
Әрбір синтаксистік тұлғаның өзіндік белгілерін бір-бірімен салыстыpа,
саралай,   сатылай   талдау   оқушыларды   жүйелілікке,   жинақылыққа,
сенімділікке   баулиды.   Сатылай   кешенді   талдауда   сөйлемді   жан-жақты
талдаумен қатар сөйлемде айтылған ойды пайымдау жүзеге асады. 
Тіл білімінің салаларын жеке-жеке талдап, машықтанған оқyшылар бір
сөйлемге синтакситік талдау, пунктуациялық талдау, оның құрамындағы жеке
сөздерге сөзжасамдың, морфологиялық, лексикалық, фонетикалық талдауды
ешбір  қиындықсыз  сатылап, жүйелеп, кешенді талдай алады. Осы арқылы
олар сөздердің сөйлем ішіндегі, жеке тұрғандағы мағыналарын, тұлғаларын,
атқаратын қызметін саналы әрі сауатты меңгеруге дағдыланады. 
Каталог: uploads -> files
files -> «Бекітемін» Алматы облысы білім басқармасының басшысы
files -> Қоғамдық қатынас құралы ретінде тіл бірнеше формада өмір сүреді. Әдеби тіл
files -> №19 (112) 1 қазан, 2015 жыл АҢдатпа с днем учителя
files -> Ибраимова Жібек Тұңғышбайқызы
files -> І. Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №2-3 /2013
files -> Бекітілді/утвержден
files -> Нұржан Қуантайұлы алаш Орда баспасөзі және жүсіпбек аймауытұЛЫ
files -> Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі
files -> №3 (120) 11 ақпан, 2016 жыл АҢдатпа 10 бет


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет