«Жаратылыстану ғылымдары және педагогикасы» Жоғары мектебі



бет1/23
Дата31.12.2021
өлшемі0,89 Mb.
#22233
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

«Жаратылыстану ғылымдары және педагогикасы» Жоғары мектебі

«Физика» кафедрасы

Электромагнетизм пәнінен зертханалық сабаққа

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

6В01520-Физика, 6В01522 - «Физика - информатика» БББ студентері үшін


Шымкент-2021




ӘОЖ 539.1 (076.5)

Құрастырған: оқытушы Баубекова Г.М.

«Электромагнетизм» пәнінен 6В01520-Физика, 6В01522 – «Физика-информатика» БББ студенттері үшін әдістемелік нұсқау. Шымкент: ОҚУ, 2021.- 36 б.

Әдістемелік нұсқау оқу жоспарының және электромгнетизм пәні бағдарламасының талаптарына сай құрылған, курстың зертханалық жұмыстарын орындауға барлық қажетті мәліметтер берілген


Пікір жазған: Аблязимова Н.М. п.ғ.к., М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің «Физика» кафедрасының доценті.

«Физика» кафедрасы мәжілісінде (хаттама №6 « 27 » 12 2021 ж.) және «Жаратылыстану ғылымдары және педагогикасы» Жоғары мектебі әдістемелік комиссиясында (хаттама №6 « 06 » 01 2021ж.) қаралды және баспаға ұсынылды.

М.О.Әуезов атындағы ОҚУ Әдістемелік кеңесінде қаралды және баспаға ұсынылды. (хаттама №5___ «26__» ____02____2021 ж.)


© М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, 2021 ж.

Шығарылымға жауапты: Баубекова Г.М.


М А З М Ұ Н Ы

Кіріспе………………………………………………………………………………………………..4


№2 Лабораториялық жұмыс. Электростатикалық өрістерді модельдеу......................................4
№3 Лабораториялық жұмыс. Электр кедергісін анықтау тәсілдері..........................................7
№4 Лабораториялық жұмыс. Өткізгіштің меншікті кедергісін анықтау...................................11
№ 5 Лабораториялық жұмыс. Кирхгоф ережесін пайдаланып тармақталған электр тізбегін есептеу...............................................................................................................................................15
№ 6 Лабораториялық жұмыс. Релаксациялық тербеліс әдісімен үлкен сыйымдылықтар мен кедергілерді анықтау........................................................................................................................17
№7 Лабораториялық жұмыс. Термопараның жұмысын зерттеу.................................................20
№8 Лабораториялық жұмыс. Катушканың индуктивтігін анықтау........................................24
№9 Лабораториялық жұмыс. Өшетін электр тербелістерін зерттеу........................................28
№ 10 Лабораториялық жұмыс. Электронның меншікті зарядын магнетрон тәсілімен анықтау.............................................................................................................................................32


Кіріспе
«Электр және магнетизм» жалпы физика бөлімінің негізгі тарауларының бірі болып табылады. Бұл бөлімде қозғалмайтын нүктелік зарядтардың электр өрісі, қозғалыстағы электрлік зарядтардың әсерлесуі және электрлік зарядтардың туғызатын магнит өрісі қарастырылады.

Электр және магнетизм курсында магнит өрісінде электр зарядына әсер ететін күштер – Лоренц күші, сондай-ақ магнит өрісінде тогы бар өткізгішке әсер ететін – Ампер күші зерттеледі.

Бұл оқу құралда «Электр және магнетизм» курсы бойынша келесі 9 лабораториялық жұмыстар қарастырылған: Электростатикалық өрісті модельдеу, Электр кедергісін анықтау тәсілдері, Өткізгіштің меншікті кедергісін анықтау, Кирхгоф ережесін пайдаланып тармақталған электр тізбегін есептеу, Релаксациялық тербеліс әдісімен үлкен сыйымдылықтар мен кедергілерді анықтау, Термопараның жұмысын зерттеу, Катушканың индуктивтігін анықтау, Өшетін электр тербелістерін зерттеу, Электронның меншікті зарядын магнетрон тәсілімен анықтау.

Бұл жұмыстарды орындау барысында студент электродинамика мен магнетизмнің негізгі заңдарымен танысады: Кулон заңы (электростатика), Кирхгоф заңы, Ампер заңы, Лоренц күші, Фарадей-Ленц заңдары және т.с.с.

Бұл әдістемелік құрал оқу жоспарына сәйкес құрастырылған және жалпы физика курсының теориялық материалдарын толық игеру үшін қажетті құрал болып табылады.

Әдістемелік құрал электр және магнетизм бөліміне, тұрақты токтан, Ом заңынан, Кирхгоф заңынан, электромагниттік индукция Био-Савар-Лаплас заңына жасалған зертханалық жұмыстардан тұрады, бұл жұмыстардың теориялық бөлімі, лабораториялық қондырғылары, жұмыстардың орындау реті тиянақты түрде келтірілген және теориялық материалдарды жақсы оқып меңгеру үшін студенттердің білімін тексеру үшін арнайы бақылау сұрақтары келтірілген.



2 Лабораториялық жұмыс



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет