Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданы, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарын



бет1/8
Дата24.10.2022
өлшемі42,85 Kb.
#45112
түріКонкурс
  1   2   3   4   5   6   7   8




Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданы, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылардың республикалық конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 99 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 11 сәуірде № 7547 тіркелді.

"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабы 29) тармақшасына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:

1. Бекітілсін:


1) Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;


2) Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадаларды ұйымдастыру және өткізу қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;


3) Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурстарын ұйымдастыру және өткізу қағидалары осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;


4) Орындаушылардың республикалық конкурстарын ұйымдастыру және өткізу қағидалары осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;


5) Кәсіби шеберліктің республикалық конкурстарын ұйымдастыру және өткізу қағидалары осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес.


2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А.Жонтаева):


1) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;


2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.


3. "Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстар, орындаушылар мен кәсіби шеберліктің республикалық конкурстарын өткізу ережеcін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 668 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5100-мен тіркелген, "Заң газетінің" 2008 жылғы 28 қарашадағы № 182 (1408) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.


4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Н.Сарыбековке жүктелсін.


5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Министр




Б. Жұмағұлов




Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2012 жылғы 13 наурыздағы
№ 99 бұйрығына 1-қосымша

Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет