Жариялама, материалдарды жазу жəәне редакциялау



Pdf көрінісі
бет8/9
Дата06.03.2017
өлшемі0,71 Mb.
#7807
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Сұрақтар мен жаттығулар 

 

 

 



1) Журналистикада мақала жазбас бұрын ақпарат жинау үдерiсi орын алады, ал 

жаңалық мақаласын жазбас бұрын қандай сұрақтарға жауап беру керек? 

 

2) Төменде көрсетiлген сөйлемдердiң қайсысы автордың əәуестiктерiн 

көрсетедi?  

 

a) Қала қызметкерлерiнiң жұмысақысы 20 пайызға көтерiлдi. 

 

 

b)  Қала  қызметкерлерiнiң  жұмысақысы  шектен  тыс  20  пайызға 

көтерiлдi. 

 

 

c)  Қала  қызметкерлерiнiң  жұмысақысы  тек  20  пайызға  ғана  көтерiлдi.

 

 

 

 

d) Қала қызметкерлерiнiң жұмысақысы 20 пайызға көтерiлдi, бұл  1994   

жылдан  бастап  муниципалды  жұмысақылардың  көтерiлуiнiң  iшiнде  ең  үлкен 

көтерiлу болып табылады.  

 

3)  Жиi  қолданатын  сын  есiмдердiң  екi  түрлi  тiзiмiн  құрастыруға  10  минут 

уақытыңызды  жұмсаңыз.  Бiр  тiзiмге  бағалауы  бар  сөздердi  орналастырып, 

екiншiсiне бейтарап сөздердi жазыңыз. Тiзiмдердiң қайсысы ұзақ болып шықты?  

 

4) Төмендегi берiлген ақпаратты қолданып кiрiспе жазыңыз.  

 

Алты  жасар  қыз  айлақта  ойнап,  кенеттен  шалынып  жығылып,  суға 

құлады. Достарымен бiрге жақын отырған шешесi бұны көрген жоқ. Бiрақ 

құлап  бара  жатқан  қызды  жағажайда  отырған  адам  байқады.  Суға  тез 

арада  сүңгiп,  қызды  құтқарды.  Шешесi  шуды  естiп,  айқайлай  бастады. 

Маңайда жүрген полиция қызметкерi айқайды естiп, көмек беруге жүгiрдi. 

Жағажайда  суға  шашалған  қызы  бар  ер  адамды  көредi.  Қызға  қауiп 

төнбегенiн бiлiп, полиция қызметкерлерi құтқарушыны батыр деп, атын 

сұрайды. Ер адам өз атын айтқысы келмейдi. Сонда полиция қызметкерi 

əәлгi адамнан күдiктендi. Базасымен байланысып сөйлескен соң ер адамды 

қамауға  алып,  оны  түрмеге  апарды.  Полициялық  мəәлiметтер  бұл 

адамның құнды тастарды ұрлаушы, сонымен бiрге жақын арада түрмеден 

қашқан  екенiн  дəәлелдедi.  Төрешi  құтқарылған  қыздың  отбасының 

өтiнiшiне қарамастан, ер адамды түрмеге қайтару шешiмiн қабылдады.  

 

______________________________________________________________ 



__ 

______________________________________________________________ 

 

______________________________________________________________ 



 

______________________________________________________________ 

 


 

74 


 

5)  Төмендегi  берiлген  мақала  мен  пайымдаудың  қайсысын  тырнақшаға  алып 

жазу керек?  Тырнақшаларды қажеттi жерге орналастырыңыз.   

 

-  Бүгiн  туризм  басқармашылығының  айтуынша  бұл  мемлекетке 



мамырда 20 мыңнан астам шетелдiктер келдi. Басқармашылықтың 

баспасөз-хатшысының 

айтуынша 

айырбастау 

бағамымен 

байланысты  биылғы  жылдың  ең  үлкен  туристiк  келушiлiктiң 

көрсеткiшi.  

 

-  Батыс  аймағының  фермерлерi  бүгiн  парлементте  мемлекеттiң  су 



қорлары  жайында  ойлануы  қажет  екендiгiн  айтты.  Мұнайды 

iшпеймiз ғой деп айтты фермерлердiң бiрi.  

 

-  Сауда  кешенiнде  орын  алған  өрттi  өрт  сөндiрушiлер  “қасақана 



өртеу” деп есептейдi. Бұл өрттен зардап шеккендер жоқ, бiрақ үш 

дүкен  өрт  сөндiрушiлер  түн  ортасында  өрттi  сөндiргенге  дейiн, 

жанып  кеттi,  деп  айтты  өрт  сөндiрушi  бөлiмi.  Өрт  сөндiрушiлер 

бригадасының басшысы ешкiмнiң зардап шекпеуiн ғажайып дедi.  

 

 

-  ƏӘiмшiлiк  тапсырысымен  жүргiзiлген  зерттеу  бойынша  қалалық 



өкiмет  өкiлдерiнiң  жартысынан  астамы  өткен  жылда  пара  алды. 

Икс  аудиторымен  дайындалған  есептеме  бойынша  бұл  қаладағы 

жемқорлық  деңгейi  мемлекеттiң  басқа  қалаларындағы  орташа 

деңгейлерден  жоғары.  Қалалалық  əәкiмшiлiкте  iстейтiн  5855 

адамның  iшiнде  3000  адам  сауалдама  барысында      2002  жылда 

азаматтардан  жəәне  iскерлiк  өкiлдерден  сыйлық  пен  ақша  алуларын 

мойындады, 

деп 

айтады 

бүгiнгi 

есептеме. 

Есептемеде, 

сұрағандардың  көпшiлiгi  құжаттарды  бекiту  үшiн  сыйлық  алуларын 

қате деп есептемейдi, деп айтылған.   

 

-  Белгiлi  американ  сенаторы  əәлемнiң  “суық  соғыс”  кезеңiнде  қазiрге 



қарағанда 

қауiпсiз 

болды 

деп 

болжады. 

Алда 

жүретiн 

бизнесмендердiң  тобына  сенатор  халықаралық  лаңкестiктiң 

əәлемдегi  қауiпсiздiкке  КСРО  мен  АҚШ  бiрiне-бiрi  бағыттаған 

континент  арасындағы  ракеттерден  гөрi  əәлдеқайда  қауiптi  дедi. 

Сенатор  АҚШ-ты  Глобалды  келiсiмге  келуiне  шақырды,  бұл 

келiсiмнiң мүшелерi БҰҰ мүшелерiнiң 90-нан астам мемлекетi болып 

табылады.  Адамдардың  өмiр  сүрулерi  бұл  келiсiмге  тəәуелдi  деп 

айтты сенатор Икс.  

 

6) Айтудан гөрi көрсетуде тəәжiрибе алу үшiн далаға шығып, сыртқы келбетi оғаш 

болып  көрiнген  адамды  мұқият  қарастырыңыз.  Бұл  кiсiнiң  тəәртiбiндегi 

ерекшелiктердi есiңiзге сақтаңыз.  

 

Бұдан  кейiн  екi  суреттеудi  жазыңыз:  (1)  бұл  кiсi  жайында  өз  пiкiрiңiздi,  есiңiзге 



түсетiн бағалауы бар сын есiмдi қолдануға болады, — “əәдемi” жəәне “ажарсыз”, 

“қызықсыз”  жəәне  “тартымды”,  “мейiрiмдi”  жəәне  “қатыгез”.  (2)  Осыдан  кейiн 

суреттеудiң басқа түрiн қолданыңыз —  кəәдiмгi сөз портретi. Мəәселен, адамның 


 

75 


жасын  “кəәрi”  немесе  “жас”  сын  есiмдерiн  қолданбай  суреттей  аласыз  ба?     

Адамның  бет-əәлпетiн  өз  пiкiрiнсiз  суреттей  аласыз  ба?  Суреттеуде  қолдана 

алатын, адамның мiнез-құлқында қандай ерекшелiктердi байқадыңыз (мысалы, 

адам ақсаңдауы мүмкiн немесе тез жүруi немесе бұра сөйлеуi мүмкiн)? 

 

Ендi бұл суреттеулердi салыстырыңыз: Қайсысы сiзге қызықты болып көрiнедi? 



 

 

 

 

 

# # # 



 

76 


 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


 

77 


 

 

 



 

Төртiншi бөлiм 

 

 

 

РЕДАКЦИЯЛАУ 

 

 

78 


Қосуға  ешнəәрсе  қалмағанда  емес,  алып 

тастайтын  ешнəәрсе  қалмағанда  мiнсiздiкке 

жетуге болады. 

 

Антуан де Сент-Экзюпери (1900-1944) 

 

 

Алғашқы мағлұмат 

 

Газеттiң  тағы  бiр  саласы,  шыншыл  газеттер  мен  жеңiлтек  газеттер  арасынан 



табылатын  айырмашылық  ол  —    редакциялау.  Шыншыл  газеттерде  нақты 

деректерге  негiзделген  басылым  редакторлары  журналистерге  жəәне  олардың 

тапсырмасына үлкен ықпал етедi. 

16

 Бұл қоғам алдында газеттiң деңгейiн ұстап 



қалуға  жəәне  сот  тыңдауларын  өткiзуде  жауапкершiлiктi  шектеу  үшiн  iстеледi. 

Жақсы редактура газеттiң стилiн жəәне тiлiн жоғары сапада ұстауын қамтамасыз 

етедi.  

 

АҚШ-қа  келетiн  шетелдiк  журналистердi,  мықты  газетте  материалды  басып 



шығару  үшiн  материалды  қанша  кезеңдi  өтетiндiгi  жиi  таңқалдырады  (кейде 

жағасын  ұстайды).  Бұл  кезеңдер:  (1)  редактор  мақаланы  жазуға  тапсырма 

бергендiктен,  материалды  қарап  шығады;  (2)  материалды  газеттiң  қай  жерiне 

басып шығуындағы жаңалық кеңестiң шешiмi; (3) бас редактордың тексеруi, ол 

мақалаға  өзгерiстер  енгiзудi  ұсынуы  мүмкiн;  (4)  редакциялық  бөлмеде  жолма-

жол теру (бұл жерде тақырыбын да ойлап табады); (5) бас редактордың қайта 

тексерiп  шығуы  жəәне    (6)  егер  мақала  маңызды  болса,  бас  редактордың 

тексеруi жəәне бекiтуi.  Суреттелген үдерiске газеттiң басылымы жəәне заңгердiң 

тексеруi кiрмейдi.  

 

Осыны  бiр  кезде  шығыс  еуропалық  газеттiң  редакторы  авторға  айтқанымен 



салыстырыңыз:  “Менiң  журналистерiм  үшiн  жазылып  қойған  материалда  бiр 

нəәрсенi  өзгерту  қорлау  болып  есептеледi”.  Бұл  редактор  қызметкерлерiне 

бастық  емес,  идеологиялық  теоретик  немесе  бас  түсiнiк  берушiнiң  рөлiн 

атқаратын  сияқты.  Ауыл  шаруашылығына  теңейтiн  болсақ,  бұл  жүйе  сиырды 

пастерлейтiн сияқты, ал американдық жүйе сүттi пастерлейтiн сияқты.  

 

 



Американдық  журналистер  өз  жұмыстарында  редакторлар  тарапынан  шектен 

тыс  бақылау  көргенмен,  мұндай  бақылауға  үйренген.  Ең  үлкен  арыз  бұл 

редакторлық жөндеу өткiр прозаны дəәмсiз быламыққа айналдырып жiберу. Бiрақ 

бұл мiндеттi түрде емес. Бiлiмдi редакциялау журналист жұмысының нəәтижесiн 

жақсартуға қабiлеттi, берiлген бөлiмде осы туралы айтылады.   

 

 



 

 

                                                             



16

 “Редакциялау” деген сөздiң мағынасындағы айырмашылықты мiндеттi түрде ашу керек. 

Ағылшын тiлiнде бұл сөз жазылған мəәтiндi қарап шығу дегендi бiлдiредi. Керек болғанда мəәтiнге 

өзгерiс ендiруге болады. Бiрақ “редактор” деген зат есiм сонымен бiрге, бас редактор жəәне 

редакторлар дегендi бiлдiредi. Бұларға журналистер бағынады. Журналистер мақаланың 

мəәтiнiн, тақырыбын жазып, мақаланы басылымға дайындайды. Осы себеппен берiлген нұсқауда 

бас редакторлар, орта буынды редакторлар жəәне мəәтiндi жөндейтiн редакторлардың бiр-бiрiнен 

айқын айырмашылығы көрсетiледi.   



 

79 


 

Өзiн-өзi редакциялау 

 

Редакциялау  автордан  басталады.  Редактордың  ауыр  қолын  “жеңiлдетудiң”  ең 



жақсы  əәдiсi  —  материалды  өзiңiз  қарап  шығып,  керектi  өзгерiстердi  тапсыруға 

дейiн енгiзiңiз. Жақсы нəәтижеге жету үшiн, бiрнеше пайдалы кеңестер бар: 

 

•  Маңызды  ақпарат  жiберiп  алмас  үшiн  сiздiң  мақалаңыздың  басты 



сұрақтарға  жауап  бере  алатынына  көз  жеткiзiңiз  (кiм,  не,  қайда,  қашан, 

неге жəәне қалай). 

 

•  Мен шындығында өз ойымды бiлдiре алдым ба, айтайын дегенiмдi айта 



алдым ба? деп өзiңiзден сұраңыз. 

 

•  Егер мақала компьютерде терiлген болса, ақырғы рет тексерер алдында 



оны  қағазға  түсiрiп  алыңыз.  Бұл  жұмысыңызға  басқа  тұрғыдан  қарауға 

мүмкiндiк бередi. Алдында жiберген қателердi түзетуге болады.  

 

 

•  Мақалаға оқырман көзiмен қарауға тырысыңыз. Мұндай тексеруден кейiн 



редактор көзiмен тағы да қарап шығыңыз. 

 

«Бастық» 



 

Кез келген газетте ең басты бастық ол əәрине — қожайын, яғни баспашы. Бiрақ 

ақпараттық  газетте  барлық  жаңалыққа  бас  редактор  жауап  бередi  (iрi 

газеттерде  пiкiр  бөлiмiне  басқа  редактор  жауап  бередi).    Бас  редактордың 

қызметi  генералдың  немесе  оркестр  дирижерының  қызметiне  ұқсайды.  Ол 

ұрысқа  қатыспайды  жəәне  музыка  аспаптарында  ойнамайды.  Бiрақ  бас 

редакторсыз жүйе жұмыс iстеуiн тоқтатуы мүмкiн.  

 

Бас  редактор  жұмыс  ережесiн  орындауын  анықтау  жəәне  қадағалау  арқылы 



газеттiң  жалпы  мiнезiн  анықтайды.  Сонымен  қатар  жұмысқа  алу,  жұмыстан 

шығару,  жаңалық  бөлiмiнiң  басшыларының  жұмысын  қадағалау  да  бас 

редактордың мiндетi. Арнайы жобаны жоспарлау, журналистер штатына жалпы 

басшылық жасау да оның мiндетiне кiредi.   

 

Осылайша,  редакциялау  үдерiсi  қазiргi  күнгi  газетте  мақала  жазылып  бiткесiн 



ғана емес, оның жазылуы барысында орын алады.   

 

Жақсы бас редактордың тексеретiнi: 



 

-  редакция  қызметкерлерiнiң  келiсiмде  жұмыс  iстеуi,  “бiр  сценарий 

бойынша”  тапсырманы  талқылау,  ақпарат  жинау,  мақала  жазу,  сурет 

шығару, графика жəәне терiлiм. Мұндай қимыл бөлiм басшыларымен əәрбiр  

жаңалық кезеңiнiң алдында өтетiн жиналыс тəәрiздi.  

 

-  Редакция  қызметкерлерi  əәдеп  жəәне  стиль  саласында  газет  саясатын 



жақсы  бiледi  жəәне  оны  бұзбайды  (тəәуелсiз  газетте  оқиғаны  жарыққа 

 

80 


шығару турасында шешiм қабылдау үшiн саяси тұрғыдағы əәдеп ешқандай 

рөл атқармайды).  

 

-  Қате  жiбермеу  жəәне  жала  жабумен  байланысты  сот  дауы  мүмкiндiгiн 



жоққа шығару үшiн мақаланы мұқият тексеру қажет.  

 

 



 

 

КЕҢЕС 

 

Бүтiндiлiк  пен  үйлестiру  тұрғысынан  қарағанда  мақала  жазуды  тапсырған 



редактор оны тексеруi жөн. Осылайша жоспарлау жəәне iске асыру бүтiндiлiгiне 

жетуге болады.  

 

 

 



 

Цензура  мен  маңызды  ақпараттың  арасында  үлкен  айырмашылық  бар  екенiн 

есте  ұстау  пайдалы.  Тəәуелсiз  баспасөзi  бар  елдерде  бiрiншiсi  —  балағаш  сөз, 

екiншiсi  —  кез  келген  журналистiң  мiндетi.  Аға  редактор  ненi  басу,  ненi 

баспауды қолдауына болады: 

 

1)  Оқырман үшiн маңыздылық жəәне қомақтылық 



2)  Тұрғылықты жер үшiн жақындығы жəәне өзектiлiгi 

3)  Дер кезiнде 

4)  Қарапайым адам үшiн қызықшылығы 

 

Күн  сайын  шығатын  iрi  газеттерде  əәр  тақырыпқа  (мысалы,  жалпыұлттық 



жаңалықтары,  спорт  т.б.)  “тақырыпшыл”  редактор  жауап  бередi.  Белгiлi  бiр 

тақырып  жазуға  журналистерге  тапсырма  бередi.  Мұндай  редактор  мұғалiмнiң, 

психологтың, тақырып корректорының жұмысын атқарады. Ол “дайын балықты 

бергенше, адамды балық аулауға үйреткен жөн” деген ұстанымға сүйенедi.  

 

Кейбiр  редакторлар  журналистердi  тəәртiпсiз  «примадонналар»  деп  санайды. 



Оларға  бұзылған,  өзiмшiл  балаларға  қарағандай  қарайды.  Бiрақ  мұндай 

сезiмдер жұмысқа керiсiнше əәсер етедi. Оларға оқытушы бола отырып, олардың 

сенiмiне ие болу, жұмысты қалай жақсы iстеуге болатынын көрсете бiлген жөн. 

Журналистердiң  арыздары  əәдiл  болғанда,  оларды  үлкен  басшылардың 

алдында  қорғай  алған  да  дұрыс.  Осындай  ұзақ  мiндеттермен  айналасқанда 

редакциялауға  уақыт  аз  қалады.  Бiрақ  осындай  мiндеттердiң  газеттi  түгел 

алғанда пайдасы тиедi.  

 

 



 

 

 



КЕҢЕС 

 


 

81 


Қиын  мақаланың  басты  ойын  табу  үшiн,  редактор  оның  авторына  келесi  сұрақ 

қоя алады: “Не болды?” немесе “Бұл жерде не маңызды?” Журналист тез жауап 

беруi  керек,  бұл  мақаланың  мəәнiн  тез  түсiнуге  көмектеседi.  Мақаланың  басты 

жерi қайсы деп ойлаудан құтқарады.  

 

 

 



Кəәдiмгi  жедел  жəәне  реттелген  жаңалықтардың  тасқынынан  басқа,  жақсы 

редактор  қосымша  материалдар  (1)  “оқиғаның  iзiмен”  жəәне  (2)  “iшкi  жоба” 

туралы да ойлайды. Осыларға толығырақ тоқталамыз.  

 

 



«Оқиғаның iзiмен» 

 

Электрондық  ғасырда  газет  жұмысының  қиындығы  —  мақала  басып  шығару. 



Бұл  мақаланың  газеттiң  келесi  саны  шығуына  дейiн  “қартаймауы”  қаланады. 

Кейбiр  редакторлар  көп  сөздi,  талдауды  ұнататындарын  айтып  ақталғысы 

келедi.  Газет  журналистерiнiң  жылдамдығы  радио  жəәне  телевизиямен  жарыса 

алмайды, деп алдын-ала ерте қолдарын көтердi.   

 

Жеделдiк  —  журналистика  элементтерiнiң  бiрi.  Бұқаралық  ақпарат  құралдары 



үшiн оқиғаны бекiте жəәне пайдалы ақпаратты хабарлау маңызды мiндет болып 

табылады.  Осы  қызметтi  атқаруда  қиын  тақырыпты  санаулы  секундтар  iшiнде 

ашу газеттiк журналистиканың көмегiмен жүзеге асады.   

 

 



 

 

КЕҢЕС 

 

Мақалаға  тақырып  табу  жолында  “оқиға  iзiмен”  олардың  қоғамға  ықпалы 



турасында  ойланған  пайдалы.  Қаланың  болашағына  қандай  оқиға  немесе 

дағдарыс ықпал етуi мүмкiн? Қала көлiгi жұмысына жəәне коммуналдық қызмет 

көрсету  жұмысына  ше?  Бюджетке?  Заңшығарушылыққа?  Қаланың  қызмет 

көрсету орындары мен өкiмет өкiлдерi қандай көмек көрсетедi?  

 

 



 

Газеттiң  “оқиға  iзiмен”  мақала  жазуында  зiлзала  таптырмайтын  мысал  болып 

келедi.  Бюджетте  қаражаттың  жетiспеушiлiгiнен  жалақы  көтерудiң  кейiнгi 

мерзiмге қалдырылғанына қалай қарайсыз? ƏӘйтпесе өрт сөндiрушiлердiң жаңа 

ережесi  бойынша  қоғамдық  ғимараттардың  əәрбiр  бөлмесiне  келесi  жылдың 

басында өрт сөндiрiштi iлуге қалай қарайсыз? Болмаса, белгiлi мейрамхананың 

қожайыны клиенттi соғып тастағаны үшiн тұтқындалғанына қалай қарайсыз?  

 

Осы тақырыптың əәрбiрi ой-пiкiрдiң əәдiлеттiлiгi мен қоғам мүддесiн қарастыруда 



мұқияттылықты  талап  етедi.  “Оқиға  iзiмен”  мақалалары  қоғамға  маңызды 

ақпаратты  жеткiзiп  қана  қоймай,  оқырманға  газеттiң  осындай  тақырыптарға 

жауапты қарайтынын көрсетедi. Адамдар оқиғалардың немен бiтетiндiгiн бiлгiсi 

келедi, ал баспасөз болса бұл сұранысты ауық-ауық қана қанағаттандырады.     



 

82 


 

 

 



 

КЕҢЕС 

 

Оқиғаны iзбе-iз бақылау үшiн арнайы күнделiк бастаңыз. Кез келген тақырыпты 



оңай табу үшiн күндерiн белгiлеп отырыңыз.  

 

 



 

Iшкi жобалар 

 

Алдында  айтылғандай  iшкi  жобалар  “ағымдағы”  жаңалықтар  тақырыбына 



жатады.  Олар  белгiлi  бiр  адам  туралы  очерк,  қоғамда  ендi  пайда  болып  келе 

жатқан  беталыс  талдауы  немесе  мемлекеттiк  құрылымның  жəәне  өкiмет 

өкiлдерiнiң  жемқорлық  мүмкiндiгiн  зерттеуге  арналған  тақырыптар.  Бұндай 

материалдардың  барлығы  алдын-ала  дайындық  пен  мұқият  зерттеу  жүргiзудi 

талап етедi. 

 

Журналистiк  тергеу  өзiне  айырықша  көңiл  бөлгендi  талап  етедi.  Өйткенi  ол 



драмалық  тақырыптармен  дау,  таласпен  байланысты.  Журналистер  аты  шулы 

тергеулер  туралы  жазуды  армандайды.  Бұндай  тергеулер  бұған  дейiн  белгiсiз 

болып  келген  деректерге  жарық  құяды.  Ақырында  қоғам  өзгерiсiне  əәкеледi. 

Журналистiк  тергеудi  жақсы  жүргiзу  туралы  көптеген  кiтаптар  жазылды. 

Сондықтан  осы  оқулықтың  көлемiнде  бұл  жанрға  толық  тоқталу  мүмкiн  емес. 

Бiрақ  тергеу  тəәуелсiз  журналистиканың  ең  биiк  нүктесi  болғандықтан  ең  негiзгi 

түйiндерiне тоқталып өтемiз.  

 

Көбiне  журналистiк  тергеу  жоғарғы  өкiмет  басындағылардың  қылмысын 



əәшкерелеуге  шоғырландырылған  деп  есептейдi,  бiрақ  бұл  қате  пiкiр.  Кейде 

тергеудiң  мақсаты  —  жүйенiң  құрылымы  қандай  екендiгiн  жай  түсiндiру. 

Тергеудiң  түбiрi  —    ақпарат  iздеудi  терең  қазу.  Журналистiк  тергеу  өзiн 

қоршаған  қиялға  қарамастан  үлкен  шыдамдылық  пен  табандылықты  қажет 

етедi. Тергеу жұмысы ұзақ та шаршататын болуы мүмкiн. Басқа мақалалармен 

жұмыс  iстегенде  талап  етiлмейтiн  мiнез  ерекшелiгi  мен  тəәжiрибелiлiк  тергеу 

жүргiзуде өте керек. Бұндай ерекшелiктер : 

 

-  Интернетте жəәне құжаттардан iздеу арқылы жабық ақпаратты таба бiлу. 



 

-  Қаржы  туралы  жақсы  бiлу,  өйткенi  ақша  мемлекеттiк  саладағы  барлық 

мəәселенiң негiзi болып табылады.  

 

-  Заңдарды жақсы бiлу, оны қолдану, жала жабу заңын қосқанда өте қажет. 



Мемлекеттiк  бюрократия  жұмысында  мəәселенiң  басын  ашу,  оңай 

ақпаратты таба бiлу.  

 

-  Сұхбат алуды бiлу жəәне ақпарат көздерiнiң құпиясын “суырып алу”. 



 

-  “Бас  қатыруды”  шеше  бiлу,  бөлек  бөлшектердi  құрастыру  арқылы 

оқиғаның жалпы суретiн шығару. 


 

83 


 

Тергеумен  айналысатын  журналист  өзiнiң  ақпарат  көздерiн  қорғай  бiлуi  керек. 

Көздер ақпаратпен бөлiсе отырып жиi қауiп-қатерге ұшырайды.  

 

Жаңалық  бөлiмдерiнiң  басшылары  журналистерге  сақтықпен  қарауы  керек. 



Өйткенi кейбiр журналистер тергеуге ынтық болғанымен, жоғарыда суреттелген 

сапалардың көбiсiмен таныс болмауы мүмкiн.   

 

Тағы  да  бiр  сақтық:  тергеу  жұмысы  əәшейiн  деген  сыбыс  шығудан  немесе  жай 



көзқарастың  “басқаша”  болуынан  шығады.  Шындықты  табуға  көп  уақыт  жəәне 

ақша  кететiн  болғандықтан,  үлкен  де  бiрден-бiр  қызығушылық  ол  деректердi 

теорияға  “қиылыстыруға”  əәкелiп  соғады.  Бiрақ  жиi  ол  “қиылыспайды”.  Тергеудi 

жалғастырып,  қоғамды  адастыратын  мақаланы  жазудың  орнына  қателiктi 

мойындаған дұрыс.  

 

Бiрақ  бəәрi  үйлесiп  жатса,  жиi  солай  болуы  да  мүмкiн.  Мұндай  тергеу  қоғамға 



қызмет етедi жəәне қоғамдық əәдiлеттiлiк iсiне үлкен үлес қосады. (Осылай болып 

жатса да, дəәлелдердiң барлығы бекiтiлгенiне көз жеткiзiңiз).   

 

Жала  жабу  туралы  бiрер  сөз.  Ұлғайған  демократиялық  қоғамда  жала  жабу 



қылмыстық құқық бұзу емес (түрмеде, айыппұл түрiнде жазалау) əәкiмшiлiк құқық 

бұзу  болып  табылады.  Жала  жабу  дауынан  бiрден-бiр  қорғаныш  —  шындықты 

айту.  Сонда  мақаланың  шындыққа  үйлеспейтiндiгi  жəәне  дəәлелдеудiң 

ауыртпашылығы да даушыға түседi. Ерiктi елдерде ресми адамдарға қарағанда 

жала жабу iсiн жай азаматтың ұтып алуы жеңiл. Өйткенi ресми адамдар немесе 

атақтылардың өмiрi қоғам назарынан тыс қалмайды.  

   

Кеңес  Одағының  кейбiр  мемлекеттерiнде  керiсiнше  ереже  жұмыс  iстейдi.  Бұл 



дерек баспасөздiң шындықты айту қабiлетiн жоққа шығарады.  

 

     



Мəәтiндi редакциялау 

 

Егер  де  газет  журналистердiң  мақаласын  тексеруге  жəәне  редакциялауға 



жатпайды деген қағиданы ұстаса, онда бұл оқулықты ары қарай оқып керегi жоқ.  

(Егер  iс  дəәл  осындай  жағдайдан  тұратын  болса,  бұл  оқулық  ұмытылып  шетке 

ысырылынатын едi). 

 

Бiрақ  газет  ақпараттың  дəәлдiгiн  қамтамасыз  ететiн,  əәдiлеттi  де  сапалы 



мақалалар жазатын, өзiнiң абыройын жоғары ұстайтын газет болғысы келсе, ол 

барлық қызметкерлер үшiн бiрыңғай редакциялық стандартты қабылдауы керек. 

Бұл  көптеген  авторлардың  қателескенi  сияқты,  редакциялау  барлық  мақаланы 

бiрiн-бiрiне  ұқсатып  жiбередi  дегеннен  аулақ.  Сондықтан  барлық  мақалалар 

стильдiң,  грамматиканың,  орфографияның  т.б.  талаптарына  жауап  берулерi 

керек.  Мұндай  жүйе,  бiр  мақалада  қатысатын  адамдардың  жай  фамилиясын 

атап, басқа мақалада оларға “мырза”, “ханым” т.б. деп атауға болдырмайды.  

 

ƏӘр  тiлдiң  өзiндiк  ерекшелiгi  бар.  Мысалы,  ағылшын  тiлiнде  көңiл  бiрiншi 



орфография  мен  грамматикаға  бөлiнедi.  Өйткенi  бұл  салада  оңай  қателесуге 

болады.  



 

84 


 

Бiрақ  ағылшын  тiлiнiң  американдық  жəәне  британдық  нұсқаларында  əәр  түрлi 

орфографиялық  ережелер  мен  таза  жергiлiктi  сөйлемдер  арасында  үлкен 

айырмашылық  бар.    Осы  себептен  бұл  жерде  барлық  тiлдер  үшiн  ереженiң 

əәмбебап тiзiмдемесiн жасаудың қажетi жоқ. 

 

 



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет