Жарнама 1 Кооперация курсы ашылды: кіріп қалындар



Дата03.02.2023
өлшемі16,16 Kb.
#65052

Жарнама
1)Кооперация курсы ашылды:
КІРІП ҚАЛЫНДАР
Қойлык көшесі мен Карл Маркс көшесінін бұрышында бұрынғы қолөнер мектебінің орнында 30 адамдык кооперация курсы ашылды. Бұл курс 1 жарым ай. Кірген окушыларға жатақхана, тамақ һәм айлық беріледі. Оқуы жақсы болады.
Курстын мақсаты: мал шаруасына тиісті аудандарда қызмет қылатын адамдар дайындау.
Бұл курске көбінесе қазақ-қырғыздан кіру керек. Жұртқа пайдалы іс істеймін деушілер, мына курске кіріп қалыңдар.
Көлемі: Орташа
Көне сөздер: һәм айлық,қазақ-қырғыз.
Қазіргі жарнамамен айырмашылығы: Бұл жарнаманың қазіргі жарнамамен айырмашылығы атауында,көлемінде,көне сөздердің қолдануында.Кейбір сөйлемдегі етістіктер дұрыс аяқталмаған (Оқуы жақсы болады,мына курске кіріп қалыңдар.)
Жарнама түрі: Әлеуметтік жарнама
2)Аралас сауда болатындығын ескертеді
Сауда Жетісу облысындағы әскерлер үшін төмендегі нәрселерді жеткізіп беру туралы болады. Ол нәрселер мыналар: 1) Ет 27, 567 пұт. 2) Көрпе 9,189 пұт. 3) Бидай ұны 52,838 пут 4) Күріш 300 пұт. 5) Өсімдіктерден шыққан май 2 527 пұт. б) Тұз 2560 пұт. 7) Булдық 6892 пұт. 8) Капуста 459,5 пұт. 9) Пияз 2,297 пұт. 10) Сәбіз 3446 пұт. 11) Сұлы яки ячмень 104,130 пұт. 12) Шөп яки жоңышқа 120,150 пұт.
Осыларды жеткізу бағасы үшін 321248 сом ақша белгіленді. Тілеушілер кешікпестен арыз берулері керек. Арызбен бірге тиісті сенім қағазын (документ) беріп һәм алатын суммасының 1% -ы залог салуы керек. Мұнсыз жай адамдардын алуына болмайды. Бірак, үкімет мекемелері мен корпорация ұйымдары алатын болса, олардан залог алынбайды. Бұл туралы керекті справкаларды алуға болады. Әскери шаруа бөліміндегі 14-16 бөлмеде тұратын Ростовтан.
Әскери шаруа бөлімінің уақытша бастығы: Крылов.Азық-түлік бөлімі бөлімінің старшый орынбасары: Достов.
Көлемі: Үлкен көлемді
Көне сөздер: пұт,булдық,яки,сом, һәм.
Қазіргі жарнамамен айырмашылығы: Бұл жарнаманың қазіргі жарнамамен айырмашылығы атауында,көлемінде,көне және орыс тіліндегі сөздердің (документ,залог,справка,сумма,старшый) қолдануында.
Жарнама түрі: Әлеуметтік жарнама
3)ПРОЛЕТАРИАТ СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖИЫЛЫСЫН ШАҚЫРАДЫ
Жоғары дәрежелі мектептерде, техникумдарда окушы жергілікті студенттер шақырылған уақытта келуге міндетті.
Жиылыстың орны Федерация бакшасында.
Қаралатын мәселелер:
1) Пролетариат студенттер һәм партия мен Кеңес үкіметінің ауыл-қыстақ жұмысы. 2) Партия мен Кеңес үкіметінің ауыл-қыстақты мәдениеттендіру жолында істейтін істері.
Көлемі: Кіші көлемді
Көне сөздер: пролетариат, һәм,ауыл-қыстақ.
Қазіргі жарнамамен айырмашылығы: Бұл жарнаманың қазіргі жарнамамен айырмашылығы атауында,көлемінде,көне және Кеңес үкіметі кезіндегі термин сөздердің қолдануында.
Жарнама түрі: Әлеуметтік жарнама


Орындаған: 2курс,Қоғаммен байланыс
Алдонгарова Амина

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет