Жас отбасыларды әлеуметтік қОРҒАУ


 ЖАС ОТБАСЫЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК



жүктеу 5.84 Mb.
Pdf просмотр
бет7/8
Дата22.12.2016
өлшемі5.84 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

5. ЖАС ОТБАСЫЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК 

ҚОЛДАУ САЛАСЫНА МЕМЛЕКЕТТІК 

ЖОСПАРЛАУ ЖҮЙЕЛЕРІН ЕНГІЗУ 

БОЙЫНША ҰСЫНЫСТАР 

Баланы күту және туумен байланысты 

күйзелістік жағдайларды еңсеру;

 

Отбасылық тәрбиелеудің негізгі дағдыларын 



үйрену, отбасы қызметтерінің түрлі аспектілері 

бойынша ақпараттарды иелену; 

Экономикалық әл-ауқаттылық пен 

тұрақтылыққа қол жеткізу;

Ішкі отбасылық қатынастарда да, сонымен 

қатар басқа отбасылар және тұтас қоғаммен 

белсенділік пен субъектілік дағдыны 

қалыптастыру. 



ЖАС ОТБАСЫЛАРДЫҢ КӨБІСІ ӨЗДЕРІНІҢ ОТБАСЫЛЫҚ 

ЦИКЛДАРЫНДА КЕЛЕСІ МІНДЕТТЕРДІ ТҮСІНІП, 

ОЛАРДЫҢ ОҢТАЙЛЫ ШЕШІМІН ТАБУЫ ТИІС:

12 сурет. Жас отбасыны әлеуметтік-педагогикалық тұрғыдан 

қолдаудың мазмұны мен бағыттары

Сәйкесінше, жас отбасыны әлеуметтік-педагогикалық тұрғыдан қолдаудың 

мазмұны мен бағыттары жасалуы тиіс: 

БОЛЬШИНСТВО МОЛОДЫХ СЕМЕЙ В СВОЕМ 

СЕМЕЙНОМ ЦИКЛЕ ДОЛЖНЫ ОСОЗНАТЬ И 

БЛАГОПОЛУЧНО РЕШИТЬ СЛЕДУЮЩИЕ ЗАДАЧИ: 

Жас отбасы үшін барлық 

маңызды сұрақтар 

бойынша ақпарат беру 

Некедегі серігін бағалау және 

некеге тұру шешімін қабылдауда 

жас адамдарға көмек беру 

Саналы ата-аналыққа ынталандыру (отбасыны 

жоспарлауға, бала күтумен байланысты 

мәселелерді еңсеруде көмектесу)

Жанжалды 

отбасыларға 

кеңес беру 

Отбасылық тәрбиелеу 

сұрақтары бойынша 

кеңес беру 

Отбасы дамуының әрбір кезеңі қатынастардың 

ерекше  құрылымымен,  өмір  сүру  салтымен 

сипатталады. Әрбір кезең өзінің міндеттері және 

тиісті мәселелеріне иеленеді. Әдетте қиындықтар 

бір  кезеңнен  екіншісіне  өту  барысында,  яғни 

жұбайлардың  белгілі  бір  себептер  бойынша 

дер  кезінде  өзгеріп,  өз  әрекеттерін  реттестіре 

алмайтын жағдайда пайда болады. сол себептен 



ЖАС ОТБАСЫЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ

Жас отбасыларға кеңес беретін әлеуметтік қызмет көрсетушілерге арналған әдістемелік нұсқаулық

39

отбасы  мүшелеріне  отбасының  жаңа  даму 



кезеңіне  дұрыс  бейімделе  алуына  көмектесу 

керек.


Бұл кезеңде жұбайлар шыдамдылық танытып, 

бір  біріне  түсініспеушілікпен  қарап,  барлық 

деңгейлерде бейімделе алуы керек: 

•  тұрмыстық  деңгейде  (жұбайының  дұрыс 

тамақтануы,  демалыс  пен  қыдыруларға  мұқтаж 

болғанда); 

• психологиялық,

•  құндылықтық  (отбасыдағы  мазмұндық 

басымдықтар өзгереді);

• рөлдік (болашақ ата-ана рөлін қабылдау).



Отбасыны жоспарлау және бала күту кезеңіне 

келесі мәселелер тиесілі: 

•  жүктілік  кезеңіндегі  мүмкін  психологиялық 

мәселелердің мәні мен сипаты туралы ақпараттың 

жоқтығы; 

•  жұбайлар  арасындағы  қатынастарда  шектік 

жағдайларды шешудегі дағдылардың жоқтығы; 

•  өзін  өзі  ұстау,  серігіне  психологиялық  көмек 

көрсету,  өзінің  эмоционалдық  қалпын  дұрыстау 

дағдыларының болмауы және т.б. 

Баланы тәрбиелеу. Бұл отбасылық циклдың ең 

ұзақ  кезеңі.  Жас  отбасының  өмірінде  бұл  кезең 

баланың туылуы мен оның мектепке бару уақыты 

аралығына созылады. 

Күнделікті  өмірдің  мысалдары  мен  көптеген 

зерттеулер  отбасылық  ауа-райының,  ата-ана 

қарым  қатынастарының  баланың  тұлғасын 

қалыптастыратынын  көрсетеді.  Бала,  әсіресе 

жалғыз  болса,  ересек  адамдардың  күрделі 

жүйесіне  түсіп,  әр  ата-ананың  әрекетінен  үлгі 

алады. 


Жанжалды  отбасылар  шешуі  тиіс  негізгі 

міндеттерді келесідегідей көрсетуге болады. 

1.  Дағдарыстық  жағдайды  еңсеру.  Жұбайлар 

отбасылық 

өмірдегі 

мәселелер 

мен 

дағдарыстардың  жұбайлық  қатынастардың 



негізінде  жатқан  белгілі  бір  заңдылықтарға 

иеленетінін  түсініп,  өзінің  серігіне  кінә  тақпауы 

тиіс. 

Бұл  заңдылықтарды  біліп,  ескеріп,  соның 



негізінде  өз  әрекеттерін  түзету  керек.  Ушыққан 

жағдайда  ең  алдымен  шыдамдылық  танытып, 

асығып  қабылдаған  шешімдерден  аулақ  болу 

керек. 


2.  Қатынастарды  орнына  келтіру  мүмкін 

болмаған жағдайда оңтайлы ажырасу. 

Жұбайлардың  келіспеушіліктері  бір  келісім 

негізінде  шешілмесе  және  де  мамандардың 

отбасыны  сақтап  қалу  туралы  болжамдары 

жағымсыз  болса,  некені  ешбір  психологиялық 

салдарсыз  бұзу  міндеті  қойылады,  әсіресе 

отбасында балалар болған жағдайда.



Жанжалдардың 

алуан 

түрінен 

бөлек 

қақтығысушы 

және 

ажырасу 

үстіндегі 

отбасыларға келесі мәселелер тән болып келеді: 

•  жұбайлық  қатынастардың  заңдылықтары, 

тұлғааралық  қатынастар,  жанжал  теориясы 

туралы хабардар болмау; 

•  жанжалсыз  өмір  сүру,  жанжалдарды 

конструктивті шешу дағдыларының жоқтығы; 

•  жас  отбасыларға  арналған  қызмет  түрлерін 

толық білмеу.

Педагогикалық 

және 


психологиялық 

қызметтердің  кеңінен  таралуына  қарамастан, 

клиенттер  маманмен  кеңесе  отырып,  қандай 

көмекке  қол  жеткізе  алатынын  жеткілікті  біле 

бермейді.  Әдетте  педагог  немесе  психологқа 

отбасы 


құлдырап, 

жұбайлардың 

біреуі 

күйзеліске  түскен  кезде  ғана  бару  керек  деген 



ой  таралған.  Мысалға,  маманның  отбасылық 

қатынастарды  күшейтуде,  отбасыны  құрудағы 

рөлі  бағаланбайды.  Жас  жұбайлар  баланың 

туылуына  дейінгі  және  кейінгі  уақыттарда 

өздерінің  бойындағы  өзгерістерді  де  байқай 

бермейді. Оған қоса, бұл өзгерістердің отбасының 

әрі  қарай  өмір  сүруіне  кедергі  келтіретінін  атап 

өту керек. Сәйкесінше, әлеуметтік-педагогикалық 

және  психологиялық  қызметтердің  міндеттері, 

әлеуметтік-педагогикалық 

көмектерді 

ұйымдастырудан  бөлек,  өздері  ұсынып  отырған 

қызмет  түрлерін  жарнамалау  және  бұл  қызмет 

көрсетулерді пайдалануға ынталандыру.



ЖАС ОТБАСЫЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ

Жас отбасыларға кеңес беретін әлеуметтік қызмет көрсетушілерге арналған әдістемелік нұсқаулық

40

13 сурет. Отбасымен әлеуметтік-психологиялық жұмыс жүргізудің кезеңдері



Отбасылық жағдайдың сипаты мен отбасы 

мүшелерінің жеке ерекшеліктерін нақтылау 

мақсатында тексеріс жүргізу

Отбасылық диагнозды анықтау

Диагностика мен әңгімелесудің нәтижелері 

бойынша мамандармен ұсынылған 

бағдарламалардың біріне жұбайлардың 

келіп тұруы

Әлеуметтік-педагогикалық көмектің 

тиімділігін қадағалау және бағдарлама 

жұмысына түзетулер енгізу үшін отбасы 

диагностикасы

Бағдарлама бойынша жұмыстың аяқталуы 

Отбасыны басқа отбасыларға 

психологиялық көмек беруге тарту

14 сурет. Кешенді қолдаудың ұйымдастырушылық формалары



ЖАС ОТБАСЫНЫ КЕШЕНДІ ҚОЛДАУДЫҢ ӘДІСТЕРІ МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ

• Кешенді қолдаудың ұйымдастырушылық формалары

• Некеге тұрғысы келетін жұптарға кеңес беру 

• Отбасылық үйлесімділікті жоспарлау, түрлі өмірлік сценарийлерді талқылау 

• Отбасылық құқық сұрақтары бойынша ақпараттандыру және кеңес беру 

• Отбасыны жоспарлаудағы көмек, жұбайларды бала туылуына психологиялық және 

педагогикалық тұрғыдан даярлау 

• Ата-аналарға психологиялық және педагогикалық көмек беру 

• Заңгерлер, медициналық және әлеуметтік қызметкерлердің кеңестері 

• Отбасылық кеңес беру

• Ата-аналыққа даярлау

• Жанжалсыз өмір сүрудің тренингі

• Балалар мен ата-аналар қатынастарына, жұбайлардың мәселелеріне, отбасыдағы 

тұлғааралық мәселелерге, рөлдік басымдықтарға, әлеуметтік-психологиялық климатқа 

кешенді диагностика жүргізу

• Отбасылық мейрамдар, концерттер, викториналар, экскурсиялар, жарыстар, лагерь, 

шоу, КВН, әдеби жарыстар, суреттер жарысы

• Отбасылардың қызығушылықтары үйірмелеріне қатысуы

• Балаларға арналған дамытушы және түзетуші жаттығулар

• Теле және радиобағдарламаларды құру, газеттерге мақала жариялау, ақпараттық 

парақшаларды, қабырға газеттерін, визиткаларды басып шығару, әдебиетті іріктеу, 

жайлы отбасылардың тәжірибесін тарату

• «Тәуекел тобындағы» отбасыларға жеке педагогикалық және психологиялық қолдау 

көрсету


• «Сенім телефондарын», ушыққан жағдайларда көмек көрсету пункттарын 

ұйымдастыру



ЖАС ОТБАСЫЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ

Жас отбасыларға кеңес беретін әлеуметтік қызмет көрсетушілерге арналған әдістемелік нұсқаулық

41

Бұл  формалардың  барлығын  да  ортақ 



кешенге біріктіруге болады. 

Отбасыларды қолдаудың әлеуметтік қызметі 

бағыттарының  арасында  жас  отбасылармен 

психологиялық-педагогикалық жұмыс істеудің 

балалық-ата-аналық  бағдарламасы  маңызды 

орынға иеленеді. Оның екі негізгі себебі бар. 

Бірінші  себеп  жас  отбасының  бала  туылу 

сәтінен  бастап  отбасылық  дамудың  жаңа 

күрделі  кезеңіне  өтіп,  мамандардың  көмегіне 

мұқтаж болатынына негізделеді. Жас жұбайлар 

арнайы  даму  мен  отбасының  жетілуі  туралы 

ойлана  бермейді.  Отбасында  бала  пайда 

болған  кезде  ата-аналар  отбасының  жайлы 

психологиялық  климаты  мен  ішкі  отбасылық 

қатынастардың 

сапасына 

көңіл 

бөле 


бастайды,  өйткені,  олар  бала  тәрбиелеудің 

жауапкершілігін 

сезіне 

бастайды. 



Жас 

отбасының  қазіргі  таңдағы  психологиялық 

мәдениетінің деңгейі баланы тәрбиелеу, оның 

жеткілікті  дамуына  арнайы  жағдайлар  жасау 

фактісін  қабылдайтындай  жеткілікті  болып 

келеді.  Оған  қоса,  ата-аналардың  өзі  осыған 

қажетті білім мен уақыт бөле алмайтындарын 

мойындайды.  Ол  өз  кезегінде  олардың  үй 

тәрбиесіне  шоғырланып  қана  қоймай,  бала 

дамуын  ынталандырудың  басқа  әдістерін 

іздеп, мамандардың көмегіне жүгінуіне түрткі 

болады.


Екінші  себеп  жұбайлардың  мамандармен 

жұмыс істеуін ынталандыру ерекшеліктерімен 

байланысты  болып  келеді.  Отбасымен 

жұмыс  істеудің  психологиялық  әдістері 

15 сурет. Жас отбасыларға арналған әлеуметтік қызметтердің негізгі бағыттары

бала туу  (асырау) 

жағдайында әлеуметтік 

төлемдерді алу бойынша 

кеңес беру 

Қиын өмірлік жағдайда қалған, алкоголизм, нашақорлық пен токсикоманиядан 

емделіп жүрген жас отбасыларға психологиялық-педагогикалық, медициналық және 

әлеуметтік көмек көрсету және көмек беру 

Баспаналық жағдайларды 

жақсарту бойынша жас 

отбасыларға көрсетілетін 

мемлекеттік қолдау туралы 

кеңес беру 

Тұрғылықты жер бойынша 

жас отбасылардың 

демалысын ұйымдастыру

Кәсіпкерлік қызметті 

дамыту және қолдау 

Дамуға септігін тигізу 

Қазақстан Республикасының 

заңына қайшы келмейтін 

басқа әлеуметтік маңызды 

бағыттар

мен  формалары  арасында,  кеңес  беру  мен 

түзетушілік жұмыстан бөлек, психогигиеналық 

және 


психопрофилактикалық 

шаралар, 

сонымен қатар жас отбасының психологиялық 

мәдениетін  жоғарылату  маңызды  орынға 

иеленеді.  Отбасы  дамуындағы  деструктивті 

үрдістерді 

ескерту 

әлеуметтік 

және 

қаржылық  тараптан  қарағанда  үнемді  болып 



келеді.  Дегенмен,  бұл  бағыт  көп  жағдайда 

ескерілмей  қалады,  өйткені,  нақты  мәселенің 

жоқ  болғанына  қарамастан  отбасымен 

психологиялық жұмыс жүргізуді ұйғарады [32]. 

Әдетте отбасыдағы кішігірім психологиялық 

келіспеушіктер адамның санасынан тыс өтеді. 

Егер  олар  тиісті  көңілді  талап  ете  бастаса, 

онда олар қалыпты немесе адамның өзі шеше 

алатын мәселе екенін білдіреді. 

Отбасымен жұмыс істейтін маманға көмекпен 

жүгіну  шешуші  қадам  ретінде  қабылданып, 

отбасылық мәселелер ушығып, басқа шаралар 

көмектеспеген 

жағдайда 

қолданылады. 

Сол  себептен  кеңес  беруші  отбасындағы 

жанжалдар 

мен 


мәселелерді 

шешуге 


көмектесетін  арнайы  қызметке  жүгінген 

клиенттердің  уәждемелеріне  көңіл  бөліп 

керек  емес,  өйткені,  ол  адамдардың  бұлай 

өмір  сүре  алмайтындарымен  уәждемеленгені 

айдан  анық.  Ал  психопрофилактикалық 

және  психогигиеналық  шаралар  клиентті 

уәждемелеудің  арнайы  шараларын  талап 

етпейді.  Сол  себептен  осы  іспетті  шаралар 

көңілден  тыс  қалып,  немесе  отбасымен 

жұмыс  жасаудың  ақырғы  кезеңі  ретінде  іске 



ЖАС ОТБАСЫЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ

Жас отбасыларға кеңес беретін әлеуметтік қызмет көрсетушілерге арналған әдістемелік нұсқаулық

42

асырылады,  ол  өз  кезегінде  олардың  алдын 



алу  мүмкіндіктерін  шектейді.  Алайда,  жас 

отбасылар арасында тиімді психопрофилактика 

бағдарламасын 

отбасының 

басқа 

психологиялық бағдарламаларды өтіп жатқан 



кезде  ұйымдастырып,  өткізіп  тастаудың 

оңтайлы  әдісі  бар.  Тәжірибе  көрсетіп 

отырғандай,  отбасылар  үшін  тартымдысы 

балалардың дамытушы бағдарламалар болып 

табылады [33].

Зерттеу  тәжірибесі  балалық-ата-аналық 

бағдарламаларды  жас  отбасымен  жұмыс 

істеудің  ең  қолжетімді,  кешенді  және  тиімді 

формасы деп есептеуге негіз бола алады.

Әлеуметтік қызметті жетекшілері басқарады. 

Әлеуметтік  қызметтің  мақсаты  –  ерекше 

әлеуметтік  назар  аударуды  талап  ететін 

жас  отбасыларды  оңалту,  әлеуметтенуі  мен 

бейімделуі. 

Қазақстан Республикасының 

Конституциясы;

Қазақстан Республикасының 

«Мемлекеттік жастар саясаты 

туралы» заңын; 

Қазақстан Республикасы Білім және 

ғылым министрлігінің бұйрығымен 

бекітілген жастар ресурстық 

орталықтары туралы ережені; 

Қазақстан Республикасының «Неке 

және отбасы туралы» заңын; 

«Қазақстан-2020: болашаққа бастар 

жол» Қазақстан Республикасының 

2020 дейінгі мемлекеттік жастар 

саясатының тұжырымдамасы. 

ӨЗІНІҢ ҚЫЗМЕТІНДЕ ӘЛЕУМЕТТІК 

ҚЫЗМЕТТЕР КЕЛЕСІЛЕРДІ 

БАСШЫЛЫҚҚА АЛАДЫ:

Аталмыш  мақсатты  іске  асыру  келесі 

міндеттерді біртіндеп орындау арқылы мүмкін 

болып табылады: 

Ұйымдастырушылық 

алғышарттар 

мен 

мемлекеттік, 



қоғамдық, 

психологиялық 

және  педагогикалық  қызметтер  мен  жастар 

ұйымдарының  бірлескен  шаралар  жүйесін 

қалыптастыру.

  Әлеуметтік  қызметтегі  жұмыс  кеңес  беру, 

кездесулер,  тренинг,  дөңгелек  үстелдер, 

семинарлар,  әлеуметтік  психологиялық  және 

құқықтық шаралар күйінде өткізіледі. 

Кеңес  беру  келесі  бағыттар  бойынша 

жүргізіледі: 

1) Ашық кеңес берулер;

2) Жабық кеңес берулер (аноним).

Жастар денсаулық сақтау орталығы

Жас отбасылар мәселелері бойынша 

дағдарыстық орталықтар

Жас отбасылардың кәсіби бағдарлары 

бойынша әлеуметтік қызмет 

Мүмкіндіктері шектеулі жастармен, мүгедек 

балалар бар отбасылармен әлеуметтік 

қызмет жүргізу 

Баспаналық жағдайларды жақсартудың 

мемлекеттік бағдарламалары бойынша жас 

отбасыларға арналған кеңес беру 

орталықтары 

Жас отбасылардың бейімделуі бойынша 

әлеуметтік қызмет 

Жас отбасыларға арналған тәрбие беру 

бойынша әлеуметтік қызмет, отбасылық 

құндылықтар институттары 

Демалыс орталықтары

16 сурет. Жастарға әлеуметтік қызмет 

көрсетудің формалары


ЖАС ОТБАСЫЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ

Жас отбасыларға кеңес беретін әлеуметтік қызмет көрсетушілерге арналған әдістемелік нұсқаулық

43

17 сурет. Әлеуметтік қызметтің міндеттері



Әлеуметтік мемлекеттік бағдарламаларлы іске асыруды ақпараттық тұрғыдан қолдау 

Сапалы кеңес беру қызметтерін көрсету 

Нақты сала мамандарының (медициналық қызметкерлер, педагог, психолог, 

әлеуметтік қызметкерлер) кәсіби қызметтерін көрсету

Жастардың әлеуметтік әлсіз санаттарының әлеуметтенуі бойынша 

әлеуметтік-психологиялық және құқықтық шараларды өткізу 

Тәжірибе алмасу және өзекті сұрақтарды талқылау үшін пікірталас алаңдарын 

дөңгелек үстелдер, семинар, әлеуметтік қызмет тақырыбындағы конференцияларды 

ұйымдастыру

Әлеуметтік  қызметке  жүгінген  адамға 

берілетін кеңестің ұзақтығы бір сағаттан аспау 

керек.


Әлеуметтік  қызметтен  кеңес  пен  басқа  да 

әлеуметтік  және  психологиялық,  құқықтық 

қызмет  көрсетулерді  алу  үшін  бағыттама  алу 

мақсатында ЖРО жүгіну керек. 

Сәтпаев  қаласындағы  ЖРО  қарамағындағы 

«Жас Отау» клубының үлгісімен жергілікті ЖРО 

жас  отбасылардың  клубтарын  құруды  ұсынып 

отырмыз (А және Б қосымшалары). 

Жастар  ресурстық  орталықтарында  жас 

отбасылардың  үйірмелерін  құрудың  мақсаты 

қиын  өмірлік  жағдайда  қалған  жастарға 

кеңес  беріп,  психологиялық,  педагогикалық, 

медициналық,  әлеуметтік,  заңгерлік  көмек 

көрсету  болып  табылады.  Сонымен  қатар 

қоғамдағы  отбасының  мәртебесі  мен  рөлін 

жоғарылату,  жас  отбасыларға  отбасылық 

құндылықтарды  сақтап,  нығайтуға  көмек 

көрсету, жас отбасылардың рухани, әлеуметтік 

және 

психологиялық, 



шығармашылық 

18 сурет. Әлеуметтік қызмет жұмысының түрлері

Әлеуметтік қызметті ұйымдастыру үшін тиісті тәжірибеге 

иеленетін бейіндік мамандарды кеңес беру қызметімен 

айналысу үшін тартуға болады 

Өткізілетін шаралар мен кеңес беру жетекшімен 

жасалған, бекітілген жоспар бойынша өткізіледі

Әлеуметтік қызметке жасы  14 тен 29 дейін жас отбасылар 

жүгіне алады. Әлеуметтік қызмет тегін көрсетіледі

01

03

05

02

04

Әлеуметтік қызметтің жетекшілері есептік 

айдың жиырма бесінші жұлдызына дейін 

ай сайынғы есептерін тапсырады

Маманның көрсеткен қызметтері үшін жалақы төлеу 

қызмет көрсету туралы екі жақты келісім шарт немесе 

тегін түрде іске асырылады


ЖАС ОТБАСЫЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ

Жас отбасыларға кеңес беретін әлеуметтік қызмет көрсетушілерге арналған әдістемелік нұсқаулық

44

әлеуетін  жоғарылату  үшін  жағдайлар  жасау, 



отбасыларды  өзара  көмек  көрсету  үшін 

біріктіру болып табылады. 

Жас Отау клубының міндеттері:

Отбасылық  мәселелерді  шешудегі  кеңес 

берудің түрлі формалары. 

Мамандардың  жастарға  отбасылық  өмірдің 

дағдыларын дарытуы. 

Жас 


жұптардың 

отбасылық 

өмірге 

дайындалуы, балалардың туылуы мен тәрбиесі 



үшін жауапкершілікті қалыптастыру. 

Ұлттық 


отбасылық 

құндылықтардың 

жаңғыруы. 

Отбасылық  демалысты  мәдениетті  түрле 

өткізу үшін жағдайлар жасау. 

Жастарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу.



ЖАС ОТБАСЫЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ

Жас отбасыларға кеңес беретін әлеуметтік қызмет көрсетушілерге арналған әдістемелік нұсқаулық

45

Қазіргі  отбасы  ажырасулар  санының 



көбеюімен, 

демографиялық 

өсімнің 

төмендеуімен, 

түрлі 

девиациялар 



формаларының ұлғаюымен байланысты түрлі 

дағдарыстық  үрдістерді  басынан  кешіріп 

жатыр.  Бұл  жағымсыз  үрдістер  әсіресе  жас 

отбасылардан байқалады. 

Егер мемлекетте 2005 жылы 35 834 ажырасқан 

жұп  тіркелсе,  онда  бұл  көрсеткіш  2015  жылға 

қарай 53 293 өсті. Олардың көбісі жас отбасылар. 

Азаматтық  некелердің  саны  ұлғайды.  Ол 

былтырғы жылмен салыстырғанда 6,6 есе өсті. 

Сол себептен мемлекеттік жастар саясатының 

негізгі міндеттерінің бірі жас отбасының өмірін 

тұрақтандыру болып табылады. Осы мақсатты 

іске  асыру  үшін  мемлекет  жас  отбасымен 

жұмыс  істеуді  ұйымдастыру  және  қолдауға 

бағытталған отбасылық саясат субъектілерінің 

қатысуымен  (билік  органдары,  әлеуметтік 

мекемелер,  қоғамдық  және  діни  ұйымдар, 

коммерциялық  құрылымдар)  стратегиялық  іс 

шаралардың кешені анықталған. 

Қорытынды  жасай  отырып,  біз  халықтың 

ақпараттан хабардар болуының төмен деңгейін 

ескере  отырып,  «Жас  отбасы»  бірегей  сайтын 

құруды  ұсынып  отырмыз.  Сайтта  әлеуметтік 

және  психологиялық  көмектің  әдістері, 

отбасылық  құндылықтарды  тәрбиелеумен 

байланысты  жас  отбасымен  жұмыс  істеу 

технологиялары 

көрсетіліп, 

отбасылық 

тәрбиелеудің дәстүрлері белгіленуі тиіс.

Өскелең  ұрпақтың  дәстүрлі  ізгіліктік 

рухани  санасының  деформациялануы  және 

қазақстандық  жас  отбасылар  арасында 

ажырасу  деңгейінің  өсуімен  байланысты 

Жастар  ресурстық  орталықтарының,  жоғары 

оқу  орындарының  жанынан  жас  отбасы 

мектебін  құру  қажет.  Мектеп  құрылымдық 

мекеменің  бірегей  қағидасы  негізінде 

қалыптасып,  ақпараттық  және  кеңес  беру 

қызметінің  түрлі  бағыттары  бойынша  қызмет 

ету керек. Мектеп жас отбасылар үшін бірегей 

ақпараттық  және  білім  беру  кеңістігін  құру 

арқылы  қоғамдағы  отбасының  мәртебесі  мен 

рөлін жоғарылатуға септігін тигізіп, отбасылық 

құндылықтарды нығайтып, жас отбасылардың 

рухани,  әлеуметтік  және  психологиялық, 

шығармашылық  әлеуетін  іске  асыру  үшін 

жағдай  жасау  керек.  Жастарды  мемлекеттік 

әлеуметтік бағдарламалар мен әл ауқаттылықты 

жоғарылатудың  мүмкіндіктері  туралы  дер 



ҚОРЫТЫНДЫ

кезінде және жан жақтан ақпараттандырылуы 

отбасының  игілігін  жоспарлауға  және  сақтап 

қалуға оң әсерін тигізеді. 

Мектептің қызметі тек кеңес беруге ғана емес, 

сонымен  қатар  жастардың  сұраныстарына 

жауап 

беріп, 


отбасы 

мүшелерімен 

конструктивті  байланыс  құру  дағдыларын 

бекіту және бейімделудің психологиялық және 

педагогикалық  жағдайларын  қалыптастыру 

керек.  Мектеп  отбасы  құндылықтарын 

тәрбиелейтін, 

отбасылық 

дәстүрлерді 

жаңғыртатын институтқа айналу керек. 

Халыққа  қызмет  көрсету  орталықтарының 

қарамағында  жас  отбасыларға  әлеуметтік 

көмек көрсетудің мемлекеттік бағдарламалары 

туралы 


ақпарат 

беретін 


кеңес 

беру 


орталықтарын құру. 

Ауылдағы  жас  отбасылардың  жағдайы 

ерекше  үрей  тудырады.  Олардың  отбасылық 

табысының  төмен  болуы,  төмен  материалдық 

жағдайын, 

жұмыссыздықты, 

әлеуметтік 

қызметтің жоқтығын ескере отырып, мәдениет 

үйлері  жанынан  демалыс  орталықтарын  ашу 

керек. 


Каталог: uploads
uploads -> Сайын мұратбеков
uploads -> Мектептің педагогикалық тақырыбы: Оқу және тәрбие қызметіндегі білікті
uploads -> Этнолингвистические свойства фразеологизмов с компонентом
uploads -> «Бекітемін» Алматы облысы білім басқармасының басшысы
uploads -> Қоғамдық қатынас құралы ретінде тіл бірнеше формада өмір сүреді. Әдеби тіл
uploads -> №19 (112) 1 қазан, 2015 жыл АҢдатпа с днем учителя
uploads -> Арнаулы бiлiм министрлiгi
uploads -> Ибраимова Жібек Тұңғышбайқызы


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет