«Жас құтқарушылар» үйірмесін ұйымдастыру жұмыстарының типтік ережесі жалпы ережелер Осы типтік ереже Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы №48 «Өрт қауіпсіздігі туралы»



бет1/2
Дата13.06.2023
өлшемі19,16 Kb.
#101122
  1   2

Бекітемін
Мектеп директоры: ___________Ү. Ахметов
2019 жыл. « ___ » ____________

«Жас құтқарушылар» үйірмесін ұйымдастыру жұмыстарының
ТИПТІК ЕРЕЖЕСІ

  1. Жалпы ережелер

  1. Осы типтік ереже Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы №48 «Өрт қауіпсіздігі туралы» Заңының 19 бабы және 1996 жылғы 5 шілдедегі «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңының 17 тармағын жүзеге асыру мақсатында жасалған.

«Жас құтқарушы» үйірмесінің негізгі бағыты:

  • білім беру орындарында қауіпсіз өмір сүрудің негізгі ережелерін терең зерттеу.

  • төтенше жағдайларды жою дағдыларын және құтқарушының басты міндеттерін меңгеру, сонымен қатар жәбірленушіге алғашқы көмек көрсетуге арналған тиісті іс-әрекеттерді ұйымдастыру.


  1. Үйірме ұйымдастырудың негізгі талаптары

  1. «Жас құтқарушы» үйірмесі, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментімен (әрі қарай-ТЖД) және Қызылорда облысы Білім басқармасымен келісілген түрде, тұрғылықты жерлердегі колледждерде, жалпы білім беру мектептерінде, мектеп –интернаттары, балалар үйінде ұйымдастырылады.

  2. «Жас құтқарушы» үйірмесінің мүшесі болып 10 жастан 18 жасқа дейін мектеп оқып жүрген, үйірмеге қызығатын оқушылар бола алады.

  3. «Жас құтқарушы» үйірмесіне қабылдау жиында оқушылардың ауызша өтініштер айтуы арқылы жүзеге асырылады. Үйірмеге келген «Жас құтқарушылармен» құтқарушы мамандар (ТЖД қызметкерлері) сабақ жүргізеді. «Жас құтқарушы» үйірмесінің үйрену сабақтарының аяқталуы кезеңінде жас құтқарушылар сынақ тапсырып «Жас құтқарушы» үйірме мүшесінің куәлігін алады.

  4. «Жас құтқарушы» үйірмесінің жұмысын басқару үшін, жалпы жиында командирлер және орынбасарлары тағайындалады.

  5. «Жас құтқарушы» үйірмесінің жұмысын жергілікті Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министірлігінің қызметкерлері жедел-құтқару жасақтарында, судан құтқару қызметінің станцияларында, өрт сөндіру және авариялық құтқару бөлімдерінде, апаттық медицина орталықтарында жүргізіледі.

  6. «Жас құтқарушы» үйірмесінің жұмыстарын жетілдіру мақсатында ТЖД, құрылымдық басқарма, бөлімдері және де бағынысты мекемелер Оңтүстік өңірлік аэромобилдік апаттан құтқару жасағы, апаттық медицина орталықтары қызметкерді бөлуге, пайдалануға балалар арнайы құрал-саймандарымен бірге құтқару киім-кешектер бөледі.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет