«жасыл көпір ұрпақтан-ұрпақҚА» ІV халықаралық студенттік форум алматы, Қазақстан, 2014 жыл, 10-11 сәуір


ӨНДІРІСТІК АҒЫНДЫ СУЛАРДЫ АУЫР МЕТАЛЛ ИОНДАРЫНАН



Pdf көрінісі
бет116/160
Дата07.01.2022
өлшемі5,94 Mb.
#19056
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   160
ӨНДІРІСТІК АҒЫНДЫ СУЛАРДЫ АУЫР МЕТАЛЛ ИОНДАРЫНАН 
ТАЗАЛАУ ҮШІН ӨСІМДІК НЕГІЗІНДЕГІ КӨМІРТЕКТІ СОРБЕНТТЕР АЛУ 
Исаева А.Б., Жылыбаева Н.К., Бергенева Н.С. 
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Алматы, Қазақстан 
 
Қазіргі кезде ауыр металл иондарымен ластанған өндірістік ағынды суларды тазалау 
шешілмей  келе  жатқан  мәселелердің  бірі.  Судағы  ауыр  металл  иондарының  шекті 
жіберілетін  концентрациясы  (ШЖК)  мөлшерінен  артуы  қоршаған  ортаға  елеулі  зиян 
келтіреді. Қазіргі кезде көміртекті сорбенттердің қолданылуының негізгі бағыттары газды 
және  сұйық  орталарда  концентрлеу,  бөліп  алу  және  адсорбциялық    тазалаудың 
технологиялық  процестерімен  байланысты  болып  келеді.  Сонымен  бірге  ауыз  су  және 
ағын  суларды  ауыр  металл  иондарынан,  органикалық  қосылыстардан  тазалаудың 
экологиялық мәселесін шешуде көміртекті сорбенттердің рөлі артып отыр. 
Көміртекті  адсорбенттерді  органикалық  шикізаттардың  барлық  түрінен  пиролиздеу 
арқылы  алуға  болады.  Солардың  бірі  өсімдік  шикізаттары  және  олардың  қалдықтары 
болып  келеді.  Шикізат  ретінде  әртүрлі  жеміс  дәнектерін,  әртүрлі  жаңғақ  қабықтарын, 
ағаш  түрлерін  және  басқа  да  ауыл  шаруашылық  өсімдіктерін  өңдеуден  кейінгі 
қалдықтарын, күріш ұнтағы мен қауызын, бидай қалдықтарын және т.с.с. алуға болады. 
Бұл  жұмыста  күріш  қауызы  (КҚ)  және  сары  өрік  дәнегінің  сүйегін  (СӨДС)  алу 
процесі әртүрлі температурада жүргізілді. Карбониздеу процесі термоөңдеу реакторында 
аргон  ағынында  5  минуттан  60  минутқа  дейінгі  уақыт  аралығында  200-900˚С 
температурада  жүргізілді.  Карбониздеу  кезінде  үлгілер  массасының  жоғалуының 
пайыздық мөлшері, алынған өнімдегі көміртек мөлшері, олардың меншікті беттік ауданы 
анықталды. 
Жұмыста  күріш  қауызы  (КҚ)  және  сары  өрік  дәнегінің  сүйегі  (СӨДС)    негізінде 
карбонизделген сорбенттер алынды. Карбониздеу процесі аргон ағынында 5 минуттан 60 
минутқа дейінгі  уақыт   аралығында 200-900˚С температурада жүргізілді.  Термоөңдеуден 
кейін реактор құрғақ аргон ағынында  бөлме температурасына дейін салқындатылды.  
Өсімдік  негізіндегі  карбонизделген  сорбенттерді  алу  кезінде  олар  өздерінің 
салмақтарын  50-60  %  жоғалтатындығы  белгілі  болды.  Карбониздеу  температурасын 


166 
 
жоғарылатқан сайын олардың бастапқы массалары мен соңғы массаларының арасындағы 
айырым жоғарылайды. 
Үлгілердің  меншікті  беттік  ауданын  аргонның  жылулық  десорбция  әдісімен 
анықталды.  400˚С  температурада  карбонизациялау  барысында  КҚ-ның  меншікті  беттік 
ауданы шамамен 200 м
2
/г жетеді. 650˚С температурада карбонизделген КҚ-ның меншікті 
беттік  ауданы  максималды  мәнге  жетеді,  яғни  910  м
2
/г  екенін  көруге  болады.  СӨДС 
негізіндегі  карбонизделген  сорбенттердің  меншіктік  беттік  ауданы    350-ден  830  м
2
/г 
жоғарылайды.  Меншікті  бетін  жоғарылату  үшін  бу-газды  активация  әдісі  қолданылды. 
Активация  процесі  300˚С-тан  бастап  таңдалған  температураға  дейін  газ-активатор  (су 
буы) қатысында жүргізілді. 
КҚ және СӨДС негізіндегі наноөлшемді көміртекті материалдар алу процесі әртүрлі 
температурада зерттелді. Карбониздеу кезінде үлгілер массасының жоғалуының пайыздық 
мөлшері,  алынған  өнімдегі  көміртек  мөлшері,  олардың  меншікті  беттік  ауданы 
анықталды.  Карбониздеу  температурасын  жоғарылатқан  сайын  масса  жоғалуының 
пайыздық мөлшері артатыны байқалды. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет