Жауапты редакторлар



Pdf көрінісі
бет102/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   168

МОЙЫЛ  е  т.  с  ө  й  л.  Құру,  жойылу, 

бұзылу.  Немесе  тілі  жойылып,  түрі  ғана 

қалатын, Əні м о й ы л ы п, үні ғана қала-

тын, Жаңа «қазақстандық ұлт» парқымен 

бара  ма?  Кім  бағыт  нұсқайды  адас-

қан,  шатасқан  санаға  (М.Шаханов, 

Мəңгүрт., 40).



МОЙЫН:  Мойнына  сайтан  мінді. 

Адал  жолдан  тайды,  адасты.  Тоқталған 

бір пенде жоқ қыры сынып, м о й н ы н а 

əбден алған с а й т а н  м і н і п. Айтсаң-

ақ, «анау  қу»  деп  жымыңдайды,  Соған 

ыза  боласың  іштен  тынып  (Шəкəрім, 

Шығ., 39).



Мойын  арқан.  Бұқатартыс  ойыны. 

М о й ы н  а р қ а н жігіттердің жекпе-жек 

күш сынасатын ежелгі ойыны (Қ.Толыбаев, 

Бабадан., 122).

Мойын  арқан  тартысты.  Мойнына 

арқан  салып,  бұқатартыс  ойынын  ойна-

ды. М о й ы н  а р қ а н  т а р т ы с қ а н 

үлкендер  қасқырға  ит  қосқандай  ию-қию 

боп, бəсекеде жеңілгендер белдесуге қайта 

түсіп əлек (Т.Қошуақ, Мəрмəр., 228).



Мойын  бұрғансы.  Мойын  бұрып 

қарағансу,  көңіл  аударғансу.  Тұрысбек 

қасындағы жолаушыға м о й ы н  б ұ р ғ а н



с  ы  п,  зырғытып  өте  берді  (Т.Əлімқұлов, 

Шежірелі., 4).



Мойын жүн. Қойдың мойнына шыққан 

жүн.  Қойдың  дене  мүшесіне  қарай  жүн: 

бас  жүн,  бауыр  жүн,  м  о  й  ы  н    ж  ү  н

пұшпақ  жүн,  тірсек  жүн  болып  бөлінеді 

(Ж.Қоқанова, Түк жəне тері., 11).



Мойын  тартыс.  қ.  Мойын  арқан. 

Тағы бір айта кетер жайт, қазақ мектептері 

үшін  төменгі  кластарда  халықтың  ежелгі 

ойындары  (қашпадоп,  орамал  таста-

мақ,  ұшты-ұшты,  ақсүйек,  арқан  тартыс,

м о й ы н  т а р т ы с т.б.) ұлттық жаттығу-

лардың  үлгісі  дене  шынықтыру  пəнінің 

программасына  енгені  де  дұрыс  сияқты 

(Лен. жас, 24.03.1976, 4).



Мойын тастатты. э т н. «Түтіні түзу 

шықсын»  деген  ырыммен  той  өткеннен 

кейін күйеу балаға өзі мұжыған мойынды 

шаңырақтан лақтырту салты (дəстүрі). 

Той  тарап  болғаннан  кейін  Марданды  ақ 

отауға кіргізіп, м о й ы н  т а с т а т т ы 

(М.Разданұлы, Алтай., 118).



МОЙЫН-БАСЫ  з  а  т.  Мойыны  да, 

басы  да;  екеуі  де.  Шелденген  көздері, 

былқ-сылқ еткен м о й ы н-б а с ы, ұзын 

тұра кеудесі өткен-кеткен мазаққорлықтың 

бəрін  топтап  тұрғандай  (Ұ.Доспанбетов, 

Шығ., 4, 173).

МОЙЫНДАҢҚЫРА  е  т.  Аздап  мой-

ындау,  сəл-пəл  менсіну.  Төрағаны  онша 

менсініңкіремей, тіпті емтиханшылардың 

ешқайсысын онша м о й ы н д а ң қ ы р а 

м а й, маңғаз жүретін апалары қасы-көзін 

кербездене жоғары көтерді (М.Байғұт, Бұла 

бұлақ, 135).

МОЙЫНДАҢҚЫРАУ Мойындаңқыра 

етістігінің қимыл атауы.

МОЙЫНБАУ ... Онере  де  Бальзак 

«Галстук  тағу  өнері»  деген  кітап  жазып, 



426

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

м о й ы н б а у д ы байлаудың эстетикалық 

қажеттіліктерін егжей-тегжейлі баяндапты 

(Б.Омарұлы, 11-ші қаламұш, 38). 

МОЙЫНСАЛ:  Мойынсал  болды. 

Көнді,  құптады,  мойындады.  Əрине 

кішкене  зорекерлік  көрсетпесе  өздігінен 

ешкімнің м о й ы н с а л  б о л а т ы н түрі жоқ 

(Т.Мəмесейіт, Таңжарық, 2, 128). Бұл кез-

де  тағдыр  бастарына  салған  тақсіретке, 

əлжуаз  күйлеріне  қазақтардың  өздері  де 



м  о  й  ы  н  с  а  л    б  о  л  ғ  а  н  (Қ.Толыбаев, 

Бабадан., 66).



МОЙЫНСЕРІКШІ з а т. Мойынсерік 

мүшесі, мойынсерік құрушы. Əлгі, иə, əлгі 

м о й ы н с е р і к ш і л е р д і ң түнде жор-

тып жүретін жыны тағы бар, қараң-құраң 

көрінбей  ме  маңайда!? (А.Жүнісов,  Өмір 

ізі, 18).



МОЙЫНТАСТАР э т н. Күйеуге мойын 

омыртқа  ұсынған  əйелге  берілетін  кəде. 

Жібек орамалды «м о й ы н т а с т а р» 

кəдесі  ретінде  күйеуге  мойын  омыртқа 

ұсынған  əйел  алады ( Х.Арғынбаев,  Қаз. 

халқы., 204).

МОЙЫНТҰҒЫР  з  а  т.  с  ө  й  л. 

Мойыншақ.  Бүрге  шал  əр  жерде  шашы-

лып  жатқан  отын  жаңқасын  жиыстырып, 

бұзаудың м о й ы н т ұ ғ ы р ы, қозы-лақтың 

көгені  сияқты  көр-жерді  теріп  алып, 

баспаның  астына  апарып  ілді  (Лен.  жас, 

12.10.1971, 4).



МОЙЫНТҰРЫҚТА е т. Өгіздің мой-

нына мойынтұрық салу (Т.Иманбеков, Тұт 

ағашы, 165).



МОЙЫНТҰРАҚТАУ Мойынтұрықта 

етістігінің қимыл атауы.

МОЙЫНШАҚ з а т. Бұзаудың, тананың 

мойнына  тағылған  жіп.  Əділгерей  тез 

жетіп,  бұзаудың  м  о  й  ы  н  ш  а  ғ  ы  н  а 

жармаспағанда,  жығып  кетуі  де  мүмкін 

еді (Қ.Жұмаділов, Сəйгүлік., 131). Есегінің 

құйрығына марқа бұзаудың м о й ы н ш а ғ 

ы н а байлап, «бисмилла» деп қарғып мінді 

(З.Жəкенов, Күн көрерім., 241).



МОЙЫНШАЛҒЫ ... Ертілеудің м о й 

ы н ш а л ғ ы с ы пальтосының сыртында 

салпылдап  жүр  (Т.Нұрмағамбетов,  Ата 

қоныс, 101).

МОЙЫС с ы н. ж е р г. Иір-қиыр, бұраң, 

ирелең. Сусағанды сулатып, Шаршағанды 

қунатып,  Кезегенді  тура  атып,  М  о  й  ы  с 

жерден төтелеп, Ағылайын ақпадай (Дулат 

жырау: Нар заман., 183).



МОЙЫСТЫҚ  з  а  т.  Қайсарлық, 

қайтпастық, бірмойындық. Қара сұр өңі, 

тесіле қарайтын қоңырқай көзі, жуандық, 

қысқалау мойны табандылық, м о й ы с т 

ы  қ  т  а  н  хабар  бергендей  (М.Ошыбаев, 

Соңғы., 24).



МОЛ:  Мол  қолдылық.  Қолының 

ашықтығы, жомарттық. Ертең үш колхоз 

біріккесін Ауқынбайдың м о л  қ о л д ы ғ 



ы н ы ң зардабын басқалар қоса көтермей 

ме? (Ұ.Доспанбетов, Шығ., 4, 30).



Мол  пішілген.  Денесі  ірі,  жуан-

дау.  Денесі  м  о  л    п  і  ш  і  л  г  е  н,  көзі 

қысықтау,  селдір  мұртты  Абыл  да  келген 

(Ұ.Доспанбетов, Шығ., 4, 34).

МОЛА ... 2. а у ы с. э к с п р. Үй д. м. 

Қиюы қашқан бұл дүниеден не қызық көріп, 

не мəмпағат табамыз деп отыр екенбіз мына 

м о л а д а (Жалын 1975, №2, 59).

МОЛАҚ  з  а  т.  Діңі  кесіліп  немесе  сы-

нып,  қурап  кеткен  ағаш  түбіртегі.  Ав-

томатын  іздеп  еді,  сипалап  түк  таппады, 

балқарағайдың түбінде шіріген м о л а қ қ а 

сүйеніп қалғып отырыпты (Қ.Ысқақ, Ақсу., 

286). Ішінен дүр етіп жабайы кептер ұшып 

шықты  да,  күркілдеп  барып  күйе  басқан 

қу м о л а қ т ы ң тұтқылына барып қонды 

(бұл да, 388).



МОЛАҚТАН  е  т.  с  ө  й  л.  Моқалу, 

доғалдану, тұқылдану. Сол жауыз қолыңа 

түссе, қайғы-мұңға батып, м о л а қ т а н 



ы п қалған ағаштың басына аспаққа асып 

өлтіргің келеді (О.Бөкеев, Мұзтау, 126). 



МОЛАҚТАНУ Молақтан етістігінің 

қимыл атауы. 

МОЛАҚТАУ  с  ы  н.  Шолақтау, 

қысқарақ (Ж.Орманбаев, Қос басшы, 50).

МОЛДАБАС ... Кесірткенің  сыртқы 

келбеті,  əсіресе  басы  сəлде  ораған 

молданың басына ұқсастығына қарай «м о 

л д а б а с» атауы халық арасына кең тараған 

(Б.Аққожина, Қаз. тілі. жəнд., 8).



МОЛДАП ү с т. Мол етіп, көптеп. Ішін 

тазалап,  су  астына  тары  сабанын  м  о  л



д а п тастап, үстіне бірнеше ескі туырлық 

жайдық  (Қ.Сегізбаев,  Беласқан, 252). 

Бүкшеңдеп  шөптен  м  о  л  д  а  п  жұмсақ 

төсеніш жасады (Жалын, 1974, №1, 62). 



МОЛДАПАТША з а т. с ө й л. Медресені 

шала бітірген адамды ол кезде молдапат-

ша деп атайтын (Қаз. əдеб., 31.08.1984, 10).

МОЛДАСОҚЫН е т. Молдаша жүгініп 

отыру.  Олар  аласа  есіктен  бұға  еңкейіп, 

427

Байынқол Қалиев

ішке  кіргенде  бірінші  көргендері – төрде



м о л д а с о қ ы н ы п, есікке шаншыла қарап 

отырған еңгезерде мұртты кісі (Т.Əбдіков, 

Өліара, 62). Қарт намазын оқып болды да, 

жайнамазын іліп, қоңыр аю терісінің үстіне 



м о л д а с о қ ы н а отырды (С.Жүнісов, 

Ақан сері, 2, 137).



МОЛДАСОҚЫНУ Молдасоқын етіс-

 тігінің қимыл атауы.

МОЛДАША  ү  с  т.  Молда  сияқты, 

молдаға ұқсап. Кей м о л д а ш а қаптатпан, 

Жылан  менен  шаянды.  Айтпасам  да  бұл 

гəпті, Жалпыңа түгел аян-ды (А.Үлімжіұлы, 

Шығ. жин., 2, 328).



МОЛҚОРСУ  Молқорсы  етістігінің 

қимыл атауы. 

МОЛҚОРСЫ е т. Жомартсыну, мырза-

сыну. Мəлике кекілік сойылған соң шалына 

қой сойып беріп отырғандай м о л қ о р с ы 



д ы (Ғ.Білəл, Ғасырлық., 24). Кесек-кесек 

қанттарды дастарқанға төгіп тастап, м о л 



қ о р с ы ғ а н бейнемен қарқылдап күлді 

(Бұл да, 99).



МОЛЛАСҮРЕЙ  з  а  т.  ж  е  р  г.  Мол-

дасымақ.  Басына  бірдеме  орнатайын  деп 

едім, ескі қабырдың топырағын жаңарту-

ға болмайды деп ауылдың м о л л а с ү р е 

й л е р і ұлықсат бермеді (Қ.Ысқақ, Тұйық, 

160).


МОЛОТИЛКАШЫ  Молотилкамен 

астық  бастырушы  адам  (Б.Дəулетбаев, 

Сүмбілшаш, 165). 



МОЛШЫЛЫҚСЫЗ с ы н. Молшылығы 

болмаса, байлықсыз. Ол өзін күшті, айбар-

лы,  ерікті  сезінуі  абзал.  Ал  ондай  сезім 

байлықсыз, м о л ш ы л ы қ с ы з келмейді 

(І.Есенберлин, Шығ. жин., 9, 238).



МОМА  з  а  т.  ж  е  р  г.  Ортасы  аязда-

нып  тұратын,  шикі  піскен,  қара  ұннан 

даярланған  нан.  Қорегі  екі  уақыт  бере-

тін  бір  тостаған  қара  су  мен  жүгері-

нің  кебегінен  қайнатылған  умаш,  шикі 

м о м а (Т.Мəмесейіт, Таңжарық, 2, 227). 

Күндегі ел қатарлы ішетін қара су мен шикі 



м  о  м  а  д  а  н  да  қағылып,  нəр  татпастан 

күні бойы тыным көрмей жер қазды (Бұл 

да, 306).

МОНГОЛОЙДТЫҚ с ы н. Монголойд 

нəсіліне  жататын,  монголойд  нəсіліне 

қатысты.  Марқұмның  антропологиялық 

типі – анық м о н г о л о й д т ы қ белгілері 

бар  аралас  еуропейдтік  түрге  жатады 

(Қ.Назырбаев Қотанқарағай, 23).



МОНДРОН з а т. х и м. Арамшөптерге 

қарсы қолданылатын гербицидтердің бір 

түрі. Соңғы жылдары бау-бақтарда өскен 

арамшөптерге қарсы симазин, атразин, м о 



н д р о н жəне прпазин сияқты гербицидтер 

кеңінен қолданылуда (Қазақст. ауыл. шару-

аш., 1966, №11, 29).

МОНОЛОГТЫҚ ... М о н о л о г т ы қ 

элементтер көп ақындарымыз да бар (Қаз. 

əдеб., 10.09.1976, 3).

МОНПАР ... М о н п а р ғ а арналған 

етті ұсақтап турап, майға қуырады, үстіне 

тұздық  қосып  бұқтырады  (И.Сариев, 

Дастарқан, 40).



МОНТАҚАН с ы н. с ө й л. Момақан. 

М  о  н  т  а  қ  а  н  құстың  көкшіл  көздері 

ызбар шашып шақырайған кəдімгі астам-

шыл адамның көзіндей жайсыз елес берді 

(Ж.Қорғасбек, Жынды қайың, 22).



МОНТЕКЕЙ с ы н. с ө й л. Момын. ≈ 

Мына м о н т е к е й бала кімнің баласы?



М О Н Т Е К Е Й С У   М о н т е к е й с і 

етістігінің  қимыл  атауы.  –  Балаларды 

бетімен жер бастырғалы отырып м о н т е 



к е й с у і н. Мына қылығыңды Мұрат естісе 

өлең-тойдың  үлкені  сонда  болар, - деді 

(Қ.Мұқажанұлы, Ортеке, 34).

МОНТЕКЕЙСІ  е  т.  Момын  болғансу, 

момынсыну. М о н т е к е й с и қалуын қара-

шы! –М о н т е к е й с і м е, кеңірдегіңді кеу-

деңнен шығарып əкететін дəлелден аттай ал-

майсың! – деді (Қ.Мұқажанұлы, Ортеке, 38).



М О Н Т И М А   с   ы   н .   Мо н т и ғ а н , 

момақан, момын. Ішінде м о н т и м а жас 

кілегейленген  Қоңырқай  көздері  имене 

мөлдіреуге  бейім  тұрушы  еді  (Қ.Қазиев, 

Иманжапырақ, 62).



МОНШАҚ з а т. с ө й л. Көкмоншақ 

(тувалық д. м.). «Азып, шаршап, қиналып 

келеміз. Бізге сусын беріңдер?» - деді қол-

аяғы  байлаулы  тұрған  м  о  н  ш  а  қ  т  а  р 

(З.Қинаяұлы, Көшпенді., 33).



МОРЛА  е  т.  Жаңбыр  суы  үйге  кіріп 

кетпесін  деп,  қазақ  үйдің  айналасын 

арықшалап қазып тастау. Айналасын м о р 

л а п тастаған киіз үйдің ортасына Қаратай 

темір  пеш  орнаттырып  қойған  болатын 

(А.Жүнісов, Өмір ізі, 54).

МОРЛАН Морла етітігінен жасалған 

ырықсыз  етіс.  Іргесі  айналдыра  м  о  р  л 

а  н  ы  п,  туырлықтың  етегі  топырақпен 

көмілген  төрт  қанатты  киіз  үйдің  іші 

күнгірттеу (Қ.Толыбаев, Əсет, 204).


428

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

МОРЛАНУМорлан  етістігінің  қимыл 

атауы. 

МОРЛАУ  Морла  етістігінің  қимыл 

атауы. 

МОРСЫЗ с ы н. Мор қазылмаған, мор 

жоқ. Күрегін алсаң, жаңбырда қосы м о р 

ы с ы з қалып, қосының іргесінен су кірер 

(М.Разданұлы, Алтай., 126).



МОРОШАҚ ... –  М  о  р  о  ш  а  қ  қ  а 

молырақ от жақ. Қазанға көбірек тамақ сал, 

балам, - деді Қалиқа (Ж.Тұрлыбаев, Тамыз 

таңы, 277).



МОРТЫҚТЫ  с  ы  н.  Мортық  өскен, 

мортығы көп. 

МОРЫҒЫШ  с  ы  н.  Мори  беретін, 

морымпаз.  Сасық  еттен,  кемік  сүйектен 

жаралған,  м  о  р  ы  ғ  ы  ш  пенде  адамдық 

тізгінді  сəл  босатсақ,  аңдып  тұрған  шай-

тан малғұн жетелей жөнеледі (Ж.Ахмади, 

Айтұмар, 90).

М О Р Ы Ғ Ы Ш Т Ы Қ   з   а   т.   Мо р и 

бергіштік, омырылғыштық.

МОСЫАҒАШ з а т. э т н. Өрмек тоқуға 

қажетті, ағаштан жасалған мосы тəрізді 

құрал.  Өрмек  қылыш,  адарғы,  м  о  с  ы  а

ғ а ш, серу, күзу (күзеу), ерсі, арқау жіптер 

арқылы тоқылады (Шаңырақ, 105).



МОТОР  з  а  т.  а  у  ы  с . Жүрек  д.м. – 

Қандай  сырқат  болушы  еді?  М  о  т  о  р 

тозған да тəйірі (Ə.Нəбиев, Бейтаныс., 76).

МОТОРИСТ  з  а  т.  Мотордың  тілін 

білетін  маман,  мотор  жүргізуші. – 

Шырағым, ат-көлік аман жеттің бе? – деді 

Байғоныс, бұрынғыдай емес, м о т о р и с 

к е деген көңілі өзгеше елжіреп (Ə.Асқаров, 

Өр Алтай., 131).



МОТОРҚҰМАР  с  ы  н.  Моторлы 

машиналарды  жақсы  көретін,  техни-

каны  ұнататын.  Кіл  маман  м  о  т  о  р 

қ  ұ  м  а  р  балаларың  Жонында  дархан 

егіп  дала  дəнін,  Жаңалық  жұлдызынан 

жаңылмайды, Жеңістің жылда алады ора-

малын (М.Əлімбаев, Көңіл күні, 114).



МӨЛДЕК: Мөлдек атты. Толықсыды, 

пісті. М ө л д е к атып, тырмиып тұрған сеп-

семіз  күріш  сабақтары  кешкі  самал  түгіл 

зілзалаға да басын иетін емес (Тоғызыншы 

шежіре, 24).



МӨЛТ  с  ы  н.  Мөп-мөлдір,  мөлдірдей. 

Сонан соңҮлкен үйдің алдына із құрғатпай 

бірі  келіп,  бірі  кетіп  жатқан  шаңқа  ақ,  м 

ө  л  т  қара  машиналарға  назар  аударды 

(Ə.Нұрпейісов, Соңғы., 316). Астына тұла 

бойында бармақтай меңі жоқ м ө л т күрең 

торы  ат  мінген  қырық  жігіт  табақ  тасуға 

жүреді (Ə.Кекілбаев, Дала баллада., 117).

МӨНДІБАС с ы н. Жуас, момын, бос. 

Нағашылары кілең боз өкпе, аяғының ба-

сынан арғы жерді көрмейтін м ө н д і б а с 

т а р еді (Жалын, 1977, №2, 9).

МӨҢКЕ з а т. с ө й л. Сиыр. Əлгіндегі 

бар əбігер: біреу м ө ң к е с і н іздеп, біреу 

көкқасқасын  «əукімдеген»  дабыра  абыр-

сабыр басыла қалған (Ш.Құмарова, Сəуір-

дің., 78).

МӨР з а т. Тістің бедері. Жылқы жи-

ырмадан ары қарай қартаяды. Қартайғанда 

алдымен  тісінің  м  ө  р  і  кетеді  екен 

(Н.Қазыбеков, Дала., 7).



МӨРДЕШКЕ з а т. Талдан тоқылған, 

порымы бүйен тəрізді ау. Сазандардың жа-

ралылары шанышқыныкі болады екен де, 

бүтіндері – «м ө р д е ш к е н і к і» көрінеді. 

М ө р д е ш к е (мордочка) талдан тоқылады 

екен. Порымы үрген бүйен тəрізді ұзынша 

боп келеді (Жалын, 1972, №6, 61). 

МӨРЛІ: Мөрлі жүзік ... М ө р л і ж ү 

з і к сəнді бұйым болумен бірге жазылған 

хатқа, қағазға таңба басатын мөр қызметін 

атқарған (Қаз. этнография., 2, 484).

МӨРТ з а т. ж е р г. Рет, жөн, ыңғай

Енді  несіне  сыр  жасырып  сезіктендірем. 

Одан  да  осындай  м  ө  р  т  і  кеп  тұрғанда 

өздерін  шын  сенетін  пейіл  білдіретін 

(З.Жəкенов, Күн көрерім., 203).

МӨРТАС  з  а  т.  Бетінде  өрнегі  бар, 

түрлі  түсті  тас;  мозайка. – Не  құбыр 

екенін біліп алмасақ ... М ө р т а с төсеуге 

кедергі  болып... (Ж.Қорғасбек,  Жынды 

қайың, 19).



МӨШЕК з а т. Негізінен астық салуға 

арналған  қап;  мешок.  Қырманнан  бес 

м ө ш е к бидай алып келіп, диірменге ұн 

тартқызып алыпты (Лен. жас, 12.09.1989, 3)



МӨШЕКТЕП  ү  с  т.  Мөшек-мөшек 

етіп,  мөшекке  салып.  Япыр-ау,  ақшаны 

м  ө  ш  е  к  т  е  п  арқалаған  кей  қоңыздың 

ниетіне,  ындынына  не  болған? (Қ.Ысқақ, 

Ақсу., 282).

МӨШКЕ // МҮШКЕ з а т. Сауын сиыр 

(Ана тілі, 28.02.2013, 12).



МӨШТЕКТІ  с  ы  н.  Мөштегі  бар, 

мөштек кигізілген. – Үй не болды? – деп 

күле сүре тастады, қалтасынан м ө ш т е 



к т і темекісін алып жатып (Т.Əліқанұлы, 

Тірліктен., 153).



429

Байынқол Қалиев

МУƏСІП з а т. а р. Тиесілі, тəн. «Қайып 

ханның астындағы тағы баласы маған м у 



ə с і п» дейтін ол (С.Сматаев, Елім-ай, 2, 

60). Тағылыққа өнеге м у ə с і п пе еді (Бұл 

да, 274).

МУДДАРИС  з  а  т.  а  р.  Мектеп,  ме-

дреселерде  сабақ  беретін  аға  оқытушы. 

(Қ.Мамин, Əруақты аталар, 22). 



МУЗЕЙ-ҮЙ  з  а  т.  Мемлекетке  еңбегі 

сіңген  белгілі  бір  қайраткердің  музей-

ге  айналған  үйі.  Қазақ  ССР  Ғылым 

академиясының  М.О.Əуезов  атындағы 

əдебиет жəне өнер институтының бір бөлімі 

саналатын м у з е й-ү й д і ң меңгерушілігіне 

Лəйла Мұқтарқызы Əуезова тағайындалған 

болатын (Қаз. əйелдері, 1975, №8, 16).



МУЗЫКА: Музыка мектебі. Балаларға 

музыкадан  білім  беретін  мектеп.  Зəуре 

биыл мектепке барады, оны жай мектепке 

бермейді, мамасы оны м у з ы к а  м е к т 

е б і н е береді (Ə.Тарази, Тасжарған, 354).

МУМИЯ ... М  у  м  и  я  н  ы  шығыс 

халықтары  сонау  ерте  заманның  өзінде-

ақ  қолдана  білген.  Ол  сынған  сүйектің 

тез  жетілуіне  септігін  тигізеді  (Орталық 

Қазақс., 04.09.1969, 3). 

МУСКУСТЫ:  Мускусты  сабау-

құйрық. з о о л. с ө й л. Ондатр. Еті жеуге 

жарамды  болғандықтан  ондатраны  кейде 



м у с к у с т ы  с а б а у қ ұ й р ы қ деп те 

атайды (Балқаш өңірі, 96).



МУХТАСИБ з а т. а р. Мұсылмандарды 

түзу жолға бағыттап отыратын діни ла-

уазым иесі (Қ.Манин, Əруақты аталар, 22). 

МҰҒАЙЫМ  ү  с  т.  ж  е  р  г.  Ізім-

қайым.  Мұнан  үш  күн  бұрын  өлердей 

шаршағанымыз м ұ ғ а й ы м ұмыт болған 

(Ө.Қанахин, Өз ақылымен., 12).

МҰҒАР  с  ы  н.  ж  е  р  г.  Ұшар  (тау 

басы). Беткейінде қына өскен найзатастың 

дөкірлеу біткен, м ұ ғ а р биігінде қыран 

бүркіт отыр (С. Шаймерденов, Инеш, 280).

МҰҒДАР  з  а  т.  а  р.  Мүдде,  мақсат. 

Барластың осындай «қызыл үгітіне» өзінің 

ішкі  м  ұ  ғ  д  а  р  ы  үндескендей  болған 

Нұртуған  əуелгі  кезде  «барып  кел,  алып 

келдің» айналасында жүрді (О.Сəрсенбай, 

Шығ., 4, 106). Келіп  м  ұ  ғ  д  а  р  ы  м  ы 



з  д  ы  айтпаймыз  ба  енді,  шырағым-ау! 

(Қ.Мұханбетқалиев, Жаңғырық, 38).



МҰҒДАРЫ ү с т. Шамалы, жуық. Бір 

көше м ұ ғ д а р ы өткеннен кейін барып, 

түндегі  салған  суретім  есіме  түсіп  кетіп, 

кейін бұрылдым (І.Есенберлин, Ғашықтар, 

29). Арада бір ай м ұ ғ д а р ы өткенде əлгі 

сай табанындағы сіреу қардың əр жері үкі 

көздене тесіліп, бу шығады дейді (Соц. Қаз. 

18.10.1981, 4).



МҰЖЫҒЫН з а т. б о т. Ылғалды жер-

де өсетін, көпжылдық шөптесін өсімдік. 

–  Жазың  жəне  аласа  таулы  жерлерде, 

арық  жағаларында,  сайлардың  дымқыл 

жерлерінде  өсетін  м  ұ  ж  ы  ғ  ы  н  дейтін 

шөп болады (Т.Əбдірайым, Алабұға., 165).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет