Жауапты редакторлар


АЛПЫСТАЙ  с  а  н.  Алпыс  шақты,  алпыс шамалас.  АЛПЫСТАП



Pdf көрінісі
бет11/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   168

АЛПЫСТАЙ  с  а  н.  Алпыс  шақты, 

алпыс шамалас. 

АЛПЫСТАП  ү  с  т.  Алпыс-алпыстан.

≈ Қолы ашық екен, а л п ы с т а п берді. 

АЛТАЙ з а т. Халық аты. Шоор – а л 

т а й халқының музыкалық аспабы (Қаз. 

əдеб., 01.04.1983, 13). 



АЛТАЙ: Алтай қойы. Жүнді бағыт-

тағы биязы жүнді қой тұқымыА л т а й

қ о й ы 1928-48 ж. Алтай өлкесінің асыл тұ-

қымды  шаруашылықтарында  өмірге 

келген  (Қаз.  табиғ., 1, 127). Жергілікті 

қойларды рамбулье, а л т а й  қ о й ы, аска-

ния  қойларының  қошқарлары  мен  будан-

дастырудың  арқасында  осы  қой  пайда 

болды (Қазақст. ауыл шаруаш., 1965, 7, 24). 

Алтай бальзамы. п е р и ф р. Бұғының 

пантасы  д.м.  Ғалымдардың  жүргізген 

ж ұ м ы с т а р ы   м е н   ж а с а ғ а н   ғ ы л ы м и 

қортындылары А л т а й  б а л ь з а м ы н 

көптеп өндіруге сөзсіз үлкен перспектива-

лар ашатыны да түсінікті (Туған жер., 202). 

АЛТАЙЫ:  Алтайы  қызыл  бөрік. 

Жүні салаланып өскен, қызыл реңкті Алтай 

түлкісінің  терісінен  тігілген  бөрік  (Қаз. 

этнография., 1, 540). 



Алтайы түлкі тұмақ. Алтай түлкісінің 

терісінен  жасалған  қымбат  бағалы  бас 

киім (тұмақ). 

АЛТАУДАН с а н. Алты-алтыдан. 

АЛТАУЛАП с а н. Алтау-алтаудан. 

АЛТЫ з а т. с ө й л. Алтылық (карта). 

Картаның  ойынындай  қалтылдаған,  Ит 

тірлік қойды қиын шартын маған. Көзірдің 

а л т ы с ы н а ырза бол деп, Қимайды ко-

роль, тұздай қартын маған (М. Əлімбаев, 

Өшпес от, 45). 

АЛТЫ: Алты айырық. с ө й л. Адам 

денесінің  барлық  жері.  Үйдің  ыстығына 

бейсінің зілі қосылып, зəңгінің а л т ы  а й 



ы р ы ғ ы н а н тер ақты (К. Мұқажанұлы, 

Ортеке, 88). 



Алты  ала  теке.  э  т  н.  Қойшылар  ой-

найтын  ойын.  Ойын  аттары:  Салтаяқ, 

ауыртаяқ,  жорғатаяқ,  доп  ойын,  а  л  т  ы



а л а  т е к е, орамал жасырмақ, тақия теп-

пек,  ақсүйек,  маймұрын,  соқыртеке, 

барыпқаш – осының бəрі ұпай ұтыс болады 

(К. Əзірбаев, Аңыз., 8). 



Алты  карта.  Карта  ойынының  бір 

түрі.  Жер  барып  айтпасын,  марқұмның

а л т ы  к а р т а д а ептеп қараулығы бола-

тын  (Т.  Нұрмағанбетов,  Жер  иісі, 39). – 

Бура ойнайық. А л т ы  к а р т а ң əбден 

жалықтырды (Жұлдыз, 1975, 4, 140). 



АЛТЫАТАР з а т. Алты рет атылатын 

тапанша. 

47

Байынқол Қалиев

АЛТЫАТАРСЫЗ  с  ы  н.  Алтыатары 

жоқ, алтыатары болмаған. – Сен түнде 

а л т ы а т а р с ы з жүрмеуші едің ғой?! 

(Қаз. əдеб., 16.03.1973, 4). 



АЛТЫБАҚАНША  ү  с  т.  Алтыбақан 

сияқты  (тəрізді).  Соның  ырғағына  сай 

астындағы  жер  де  а  л  т  ы  б  а  қ  а  н  ш  а 

аунақшып  барады  (Ш.  Мұртазаев,  Қара 

маржан, 63). 



АЛТЫБАҚАНШЫ  з  а  т.  Алтыбақан 

ойнаушы.  Бағанағыдай  емес,  үйді-үйіне 

сіңіп жоқ болған а л т ы б а қ а н ш ы л а р 



д ы ң үні өшкен (О. Бөкеев, Өз отынды., 80). 

АЛТЫБАСАР  з  а  т.  Балалар  ойын-

дарының бір түрі. Осы қара бала бастаған 

бұлардың  негізгі  ойындары:  атпақыл, 

қақпақыл, а л т ы б а с а р, күл-күл тəл-

кем,  лекеш  тағы  осы  сияқтылар  болатын

(Р. Аманкелдиев, Батыр., 12). 

АЛТЫҒАНА  з  а  т.  б  о  т.  Алабота 

сияқты тарбиып шығатын өсімдік. А л т 

ы ғ а н а отқа жана береді (Диал. сөзд., 26).

АЛТЫДАЙ с ы н. Алты шақты, алты 

шамалас (адам). 

АЛТЫДАН  с  ы  н.  Алты-алтыдан 

(бірікті). 

АЛТЫҚАҒАЗ з а т. с ө й л. Алтыкар-

та. Амал жоқ, «төрт қол» боп а л т ы қ а ғ 

а з ойнайды (Ж. Нəжімеденов, Ақ шағыл, 

159). 


АЛТЫН:  Алтын  жүзік.  Алтыннан 

құйылған, көзі кішкен жүзік (Қаз. этногра-

фия., 2, 479). 



Алтын күрек. Көктемге жуық соғатын 

қатты жел. – Апырай! Қыс ортасы ауған 

бұл мезгілде біздің Оңтүстікте тап мұндай 

сұрапыл болмаушы еді ғой. «А л т ы н  к ү 

р е к» əлі жоқ. Оның орнына «Арыстанды 

–  Қарабас»  соғып  бара  ма,  қалай  өзі? (Ғ. 

Сланов, Замана., 177). 

Алтын  орақ.  п  о  э  т.  Күзгі  егінді  ору 

науқаны.  Айналып  келіп  соғып  тұратын 

тұрақты науқан – а л т ы н  о р а қ  айы ду-ду 

дүрмекке толады (Лен. жас, 09.08.1973, 1). 

Алтын сақина. Таза алтыннан соғылған 

сақина. 

АЛТЫНКӨЗ з а т. з о о л. Торқанатты-

лар отрядына жататын, көздері алтын-

дай жарқырап тұратын жəндік. А л т ы н

к ө з д і ң дернəсілі өсімдік битінің жауы 

(Р. Сəтімбеков, ... Қызықты биология, 91).

Дегенмен  қуыршақтардың  ішінде  қозға-

латындары  да  кездеседі.  Оларға  масалар 

мен а л т ы г к ө з д е р жатады (Бұл да, 76). 

А л т ы н к ө з д е р шіркейлерді, құрттарды 

жəне  өсімдік  биттерін  талмай  аулайды 

(Жəндіктер, 60). 

АЛТЫНҚАБАҚ з а т. и х т и о л. Ба-

лықтың  басы  жылтыр  бір  түрі.  Бұрын 

Есіл  маңында  кездеспейтін  қызылқанат,



а л т ы н қ а б а қ балықтарының үш-төртеуі 

түсіп қалады ауға (Х. Рахимов, Бетпе-бет, 

227).

АЛТЫНСУ з а т. х и м. Сынап қосыл-

ған күміс. Егер сынапқа күміс «жұтқызсақ» 

а  л  т  ы  н  с  у  деп  аталады  (Ана  тілі, 

14.01.1993, 8). 



АЛУШЫЛЫҚ  з  а  т.  Бір  нəрсені  ал-

ғандық. 

АЛФАВИТТІ  с  ы  н.  Алфавиті  бар, 

алфавитке  негізделген.  Бұл  ретте  біз 

көпшіліктің а л ф а в и т т і жəне жүйелі 

катологтармен  жұмыс  істей  білуіне 

көмектесеміз (Лен. жас, 07.06.1972, 3).



АЛХАН з а т. ж е р г. Құрама. Біріккен 

Ойрат а л х а н ы н талқандаған ұлы қолбасы 

Салқам  Жəңгір  неге  биліктен  шеттетілуі 

керек?! (Ата салты., 18). 



АЛШАҒЫРАҚ с ы н. Арасы алыстау. 

Өтті қыс, жетті міне жаз жарқырап, Əсия 

Алматыдан  а  л  ш  а  ғ  ы  р  а  қ.  Жүр  қазір 

жағасында айдын көлдің, Айнала жағалауы 

ақша құрақ (Қ. Бекқожин, Үш кезең, 62). 

АЛШЫНДА  е  т.  Қайтадан  алшын 

шөп шығу, шиендеу. Көшкен жұрттың бес 

күннен соң қайта а л ш ы н д а п, қалпына 

келеді (Саятшылық, 173). 

АЛШЫНДАУ  Алшында  етістігінің 

қимыл атауы.

АЛЫМ

1

 з а т. Тоғызқұмалақтағы ұпай 

(құмалақ) алуға болатын қазан (ін). Жүйрік 

тоғызқұмалақшы қай ін «а л ы м», қай ін 

«берік»  екенін  біліп  отырады  (Лен.  жас, 

08.11.1988, 4). 



АЛЫМ

2

  з  а  т.  Екпін,  қайрат,  күш. 

Алғұйынның  да  (тазы)  а  л  ы  м  ы  күшті. 

Əу дейтін жерден қосылса да, бірте-бірте 

шалып қалды (Жұлдыз, 1972, 6, 12). 



АЛЫНДЫ з а т. м а т. Бір саннан бір 

санды алғаннан кейінгі қалатын қалдық. 

АЛЬБИДУМ  з  а  т.  б  о  т.  Жаздық 

бидайдың бір сорты. Масағы қылтықсыз, 

едəуір ірі, дəні ақ, сопақша, ірі, мол өнімді 

(Қаз. дəнді. дақыл., 61). Шөлі қанып ұйыса 

өскен 110 га люцерн де, дəн құя бастаған 

арпа да, пісе келген қара бидай да, бұрын-



48

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

соңды  болмаған  күздік  бидайдың  «Без-

остая-1» сорты да, 230 га а л ь б и д у м 

бидайы да қою орманды көз алдыңа əкеледі 

(Орал өңірі, 26.06.1968, 1). 

АЛЬТРУИСТ з а т. ф и л о с. Альтруизмді 

жақтаушы,  альтруизммен  айналысу-

шы.  Сол  сəтте  «а  л  ь  т  р  у  и  с  т»  деген 

сөз  Ернардың  тілінің  ұшында  тұрды  (Ө. 

Қанахин, Құдірет, 242). 

АМАЛ з а т. к ө н е. НаурызАрасынан 

бүргеннің Торғайлар ашып балапан. А м а л,

сəуір, зауза өтсе, Жетеді жылжып саратан 

(Жеті ғасыр., 2, 150). 



АМАЛИЯТ  з  а  т.  Тəжірибе,  прак-

тика.  Таным  атаулы  түгел  а  м  а  л  и  я  т

т а н келетіндігін, шындықты дəлелдеудің 

əдісі – а  м  а  л  и  я  т  екендігін  сонау 

ықылым  замандарда-ақ  жақсы  білген  (А. 

Нүсіпоқасұлы., Ағаш бесік., 1, 111). Қызды 

отаулар  ата-ана  тəрбиесін  а  м  а  л  и  я  т

т а н өткізіп, оның болашақ отаудың қандай 

да шаруасын қымсынбай, қиналмай істеп 

кетуіне мүмкіндік жасайды (Бұл да, 2, 11). 

АМАН:  Аман  бол.  Аман  жүр,  құдай 

сені аман сақтасын. 

Аман  қыла  көр.  «Аман  сақта»  деп 

тілек  тілеу.  –  О,  жаман  түгелер,  кəне, 

алақандарыңды  жайып  көкемізді  а  м  а  н 



қ ы л а  г ө р, - деп жақсы тілеу тілеңдер, - 

деп бұйыратын (Жұлдыз, 1972, 3, 20). 



АМАНАТ:  Аманат  қаржы.  Кассаға 

салған ақша. 

Аманат  қою.  э  т  н.  Қайтыс  болған 

адамның  сүйегін  кейін  өзі  туған  жерге 

апарып жерлеу үшін қай жерде көз жұмса, 

сол жерге уақытша жерлеу. А м а н а т

қ о ю – уақытша. Жерлеу, уақытша сақтау 

деген сөз (А. Нүсіпоқасұлы., Ағаш бесік., 

5, 85). Қыс күні Түркістанға жеткізу қиын 

болғандықтан,  ондай  атақты  кісілердің 

денесін жерге көмбей, былғарыға тігіп, биік 

етіп жасалған сөреге а м а н а т  қ о й ғ а н 

(Х. Арғынбаев, Қаз. халқы., 122). 

АМАНДА е т. с ө й л. Аманатта. Ар-

тына тастап кетеді, Жиған малын а м а н д а 



п. Тағылады қалғанға, Күтпесең артын жа-

ман ат (А. Үлімжіұлы, Шығ. жин., 2, 459). 



АМАНДАСУШЫ  з  а  т.  Амандасқан 

адам, сəлем беруші. Екі күннен бері үзбей 

келіп жатқан а м а н д а с у ш ы л а р д 



а  н  қолым  босап,  нағашы  атаммен  де 

жөндеп əңгімелесе алмадым (Т. Əлқанұлы, 

Тірліктен., 45). 

АМАНДЫҚ з а т. э т н. Аман-есендігін 

білуге,  амандасуға  бару  үшін  жасалған 

сапар. Жүсіптің бəйбішесі пəуеске мініп, 

Құнанбай ауылындағы қызына а м а н д ы қ -



қ а бара жатқан (Мəшһүр Жүсіп, Шығ., 9, 

241). 


АМБЫ з а т. қ ы т. 10-50 мың түтінді 

басқаратын əкім, лауазым, шен. Əжімнің 

өз шамасы келмеген соң, Боқы батыр жау 

шауып өлмеген соң, Екі а м б ы, бір үкірдай 

кісі екен деп, Көңілін ақыл қосып бермеген 

соң (Бабалар., 27, 221).

АМЕРИКАНДЫҚ  з  а  т.  Америка

азаматы,  америка  тұрғыны.  «А  м  е  р  и

к  а  н  д  ы  қ  ұлттан»  жол  алып  «Қазақ-

стандық  ұлтқа»,  Айналмаймыз  ба,  тек 

қана тұрқы бар, Қарын мүддесі үшін ғана

жұлқынар,  Рухани  сұрқы  жоқ,  ұлты  жоқ 

«мазақстандық  ұлтқа?» (М.  Шаханов, 

Мəңгүрт., 39). 



АМУР :  Амур  жолбарысы.  Жол-

барыстың  Амурда  ғана  кездесетін  жер 

бетіндегі ең үлкен түрі. А м у р  ж о л б а 

р ы с ы аңға күндіз де, түнде де шыға бере-

ді. Ол өзінің олжасына тым жақын келіп, секі-

ру арқылы шабуылдайды (Тірі табиғат, 21). 

Амур тортасы. Амурда кездесетін тор-

та балық. Арал теңізіндегі негізгі кəсіптік 

балықтар: шыран, сазан, а м у р  т о р т а с ы.

Сондай-ақ,  қаяз,  шемей,  жайын,  шортан, 

көксерке,  қылышбалық,  аққөз,  аққайран, 

қызылқанат,  ақмарқа  т.б. (Қ.Қайымов, 

Зоология., 78). 



АНА з а т. з о о л. Алты жасар бүркіт.

Жалпы  алғанда  бүркіттің  жас  мөлше-

рін  білдіретін  атаулардың  алғашқы  тобы

–  балапан  тірнек,  тастүлек.  Жыл  санын

білдіретіні  анық,  а  н  а,  қана,  жана  атау-

ларға  құстың  «жас  дəурен»  жылда-

рын  мезгейтін  сияқты  (Ж.Бабалықов, 

Қырандар, 121). Бүркіттің  бір  жасқа 

дейінгісін – балапан, екідегісін – қантүбіт, 

үштегісін – тірнек, төрттегісін – тастүлек, 

бестегісін – мұзбалақ,  алтыдағысын – 

а н а, жетідегісін – қана деп атаушы едік 

(Қаз. əдеб., 21.03.1986, 14). 



Ана  жолы.  э  т  н.  Төркіндеп  келген 

қыздың  анасына  деп  əкелген  кəде-сыйы. 

Төркіндеген қыздардың «ата жолы» , «а н а



ж  о  л  ы»  деп  ақ  кездеме  мен  иіссу,  иісті 

сабын апару – ата-анасына деген перзенттік 

ақ  тілегінің  айғағы  (А.  Нүсіпоқасұлы.., 

Ағаш бесік., 4, 61). 



49

Байынқол Қалиев

АНАЕРКЕ:  Анаеркі  дəуірі.  т  а  р. 

Отбасының анаға бағыну дəуірі. Мəселен, 

атаеркі дəуірі (патриархат), а н а е р к і  д ə 



у і р і ( матриархат) секілді түрік сөздерін 

біз өз еңбектерімізде пайдалануға тырысып 

жүрміз (Ана тілі, 27.09.1990, 2). 

АНАЛЫҚ: Аналық аузы. б о т. Өсімдік 

аналығының  үстіңгі  (жоғарғы)  бөлігі. 

Аналықтың төменгі жуандау бөлігі – түйін, 

ортаңғы жіңішке бөлігі – аналық мойыны, 

үстіңгі бөлігі – а н а л ы қ  а у з ы деп ажы-

ратылады (Ботаника, 108). 

Аналық  гүл.  б  о  т.  Тек  аналықтан 

тұратын  гүл.  Кейбір  өсімдіктердің  бір 

гүлінде тек аналықтар – а н а л ы қ  г ү л д 



е р, ал басқа гүлінде тек аталықтар – аталық 

гүлдер болады (Биология, 160). Жеміс тек 



а н а л ы қ  г ү л д е р д е н, яғни түйіні бар 

гүлдерден дамиды (Биология, 108). 



Аналық мойыны. б о т. Өсімдік ана-

лығының ортаңғы жіңішке бөлігі. Аналық 

аузы, а н а л ы қ  м о й н ы, түйін – үшеуі 

қосылып,  аналықты  құрайды  (Ботаника, 

108). 


АНАРШЫҚ  з  а  т.  б  о  т.  Жапырағы 

анардың жапырағына ұқсас, ірі сабақты 

шөп.  Əйткенмен  олардың  арасында  мия, 

подмаренник, а н а р ш ы қ, лабазник сияқты 

ірі  сабақты  жəне  шалпақ  жапырақты 

шалғын  шөптер  араласып  өседі  (Қаз. 

табиғи пішен., 17). 

АНГОР:  Ангор  ешкісі.  Ежелден 

келе  жатқан,  жүні  аса  бағалы  ешкі 

тұқымдарының бірі. А н г о р  е ш к і с і н 

і ң түбіті өте берік, біркелкі, жылтылдаған 

ақ  майда  биязы  қылшықты  (Қаз.  табиғ., 

1, 139). Жүнді  мол  да  сапалы  беретін 

тұқымдардың ішінде ең тəуірі а н г о р  е ш 



к і с і (Қазақст. ауыл шаруаш., 1967, 2, 34).

АНДАБА з а т. Құрылыста сылақ сы-

лайтын құрал. Орысша «малка» дегеннің 

қазақшасы – а  ң  д  а  б  а  (Қаз.  əдеб., 

05.04.1985, 115). 

АНДАЛАС е т. Ант беріп, дос, жолдас 

болу, туыстасу

АНДАЛАСТЫҚ  з  а  т.  Достастық, 

туыс болғандық. – А н д а л а с т ы қ қ а

ант  ететін  арман  өтіп  кетіп  еді  ғой  (М. 

Разданұлы, Алтай., 42).

АНДАЛЫ с ы н. Аңдасы бар, достас. 

Бірлікке  көнгенін  бауырлас  жұрт  тұтып, 



а н д а л ы ағайын таныдық (М. Мағауин. 

Аласапыран, 2, 8). 



АНДАЛЫҚ  з  а  т.  Анда  болғандық, 

достық. А н д а л ы қ – ақыл ісі, құдалық –

құдай ісі (М. Мағауин, Аласапыран, 143, 152).



АНЕКДОТШЫ з а т. Анекдот айтушы, 

анекдот айтқыш. Құдай айдап кез қылған 

а н е к д о т ш ы л а р тез зеріктірді (Қаз. 

əдеб., 24.02.1984, 7). 



АНЕСТЕЗИОЛОГ  з  а  т.  м  е  д.  Ота 

жасалынатын  адамға  наркоз  беретін 

маман. Олардың үнсіз күтіп тұрғандарын 

анық сезінген а н е с т е з и о л о г  те жы-

лы  жүзбен  басын  изеп,  ұлықсат  берді 

(С.Ғаббасов, Қандауыр, 92). 



АНЖЫ  з  а  т.  в  е  т.  Малдың  іріңдеген 

жерін  əр  жерден  тесіп,  сол  жерден  ірің 

ағып тұру үшін өткізіп қоятын қыл жіп. 

Мандам  болған  жылқының  терісін  əр 

жерден тесіп, жіңішкелеп есілген құйрық 

қылмен жаңағы тесіктерден өткізіп байлап 

қояды. Оны а н ж ы дейді (Н. Қазыбеков, 

Дала, 11). Малдың ірің кеулеген жарасының 

аузын ұдайы ашық ұстау үшін де а н ж ы 

өткізіледі  (Ер  қанаты, 261). Оның  білем-

білем  болын  желі  тартып  кеткен  манда-

мын неше жерден қиып, а н ж ы өткіздім, 

тоқтамады (Саятшылық, 180). 

АНЖЫЛА е т. Жараның (жауырдың) 

аузына анжы байлау. Одан кейін жараның 

аузы  жабылып  қалмай,  қанды  іріңі  ағып 

тұру үшін а н ж ы л а й д ы (Қаз. этногра-

фия., 2, 258). 



АНЖЫЛАУ  Анжыла  етістігінің 

қимыл атауы. Халық емшілері а н ж ы л а у

тəсілі арқылы жауыр жарасының түрлерін 

тез жазып алатын болған (Қаз. этнография., 

1, 172). 



АНЖЫР з а т. Мұз болып қатқан қар. 

А н ж ы р – қардың еріп, қайнасып қатуы 

(Соц. Қаз., 29.03.1991, 4). 



АНЖЫРЛЫ с ы н. Анжыры бар, ан-

жыр болып қатқан. А н ж ы р л ы таудан аң 

атсаң, Қаларсың өзің жете алмай (Мəтел). 



АНИМАТОР з а т. Анимациялық фильм 

түсіруші.  Бұл  анимациялық  туындыны 

дүниеге  əкелген  топ – еліміздің  ең  үздік 

компьютерлік графика мамандары мен а н и

м а т о р л а р (Ана тілі, 28.03.2013, 11).

АНИМАЦИЯЛЫҚ  с  ы  н.  Анимация 

тəсілі  бойынша  жасалған  (фильм).  «Ер 

Төстік» ертегісінің желісі бойынша қазақ 

мультипликациясы  тарихындағы  тұңғыш 

ұлттық  «Ер  Төстік  жəне  Айдаһар»  атты 



а  н  и  м  а  ц  и  я  л  ы  қ  фильм  көрерменге 

50

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

жол  тартты  (Ана  тілі, 28.03.2013, 11). 

1-маусым – Халықаралық  балаларды 

қорғау  күніне  орай  «Сақ»  киностудиясы 

түсірген «Мұңлық-Зарлық» а н и м а ц и я 

л ы қ фильмнің тұсаукесері өтті (Алматы 

ақшамы, 2010, №67, 11).



АНИС:  Анис  арағы.  Анис  жемісінен 

жасалған  арақ.  Ангов  сол  кезде  барлық 

терезені жауып, жалғыз өзі а н и с   а р а ғ ы н

ішіп, сардин жеумен болды (М. Қаратаев, 

Далада., 111). 



АННЕКЦИЯЛА  е  т.  Басқа  бір  елдің 

жерін  күшпен  өзіне  қосып  алу.  Изра-

иль  үкіметінің  өзінің  қарулы  күштерін 

жинақтап,  жетілдіргені,  əскери-өнеркəсіп 

қуатын  ұлғайтқаны,  акупацияланған 

араб жерлерін а н н е к ц и я л а ғ а н ы ... 

халықаралық жұртшылыққа жақсы мəлім 

(Соц. Қаз., 08.10.1973, 1). 

А Н Н Е К Ц И Я Л АУ   А н н е к ц и я л а 

етістігінің қимыл атауы. 

АНСАП з а т. к ө н е. Ата-бабалары-

мыз  сыйынған  киелі  заттар. – Сен  ата-

бабаларымыз  заманнан  сыйынып  келе 

жатқан  а  н  с  а  п  қ  а  (киелі  заттарға)  тіл 

тигізуге  барып  тұрсың  (Алматы  ақшамы, 

24.09.1990, 3). 

АНТ:  Ант  атқыр.  Ант  ұрсын  д.м. 

қарғыс. 

АНТАЛАШӨП з а т. б о т. с ө й л. Алқа-

шөп.  Карантиндік  арамшөптерге  жусан 

жапырақты амброзия (ши жусан, а н т а 



л  а  ш  ө  п),  қызғылт  кекіре,  тікенек  алқа, 

сəлемшөп,  т.б.  өсімдіктер  жатады  (К.И. 

Пак, Күріш егіс. Арамшөп., 75). 

АНТИИМПЕРИАЛИСТ з а т. с а я с. 

Империализм саясатына қарсы адам. 

АНТИМАРКСИСТ з а т. с а я с. Марк-

сизм идеясына қарсы адам. 

АНТИСОЦИАЛИСТ з а т. с а я с. Со-

циализм идеясына қарсы адам. 

АНТИФАШИСТ з а т. с а я с. Фашизмге 

қарсы адам. 

АНТИЦИКЛОНДЫҚ  с  ы  н.  Анти-

циклонға тəн, соған қатысты (қысым). 

АНТОНИМДЕС с ы н. Бір-біріне ан-

тоним  болып  келетін.  Бірақ  жіктегенде 

көмекші есімдердің бір-бірімен синоним-

дес (мəндес) жəне а н т о н и м д е с (қарсы 

мəндес) болып келетінін еске алған мақұл 

(А. Ысқақов, Қазіргі қаз, тілі, 208). 

АНТОНИМДЕСТІК з а т. Бір-бірімен 

антонимдес болғандық. Өйткені олардың 

негізгі  ерекшеліктері  осы  айтылған 

мəндестік  (синонимдестік)  жəне  қарсы 

мəндестік (а н т о н и м д е с т і к) қасиет-

терімен байланысты (А. Ысқақов, Қазіргі 

қаз. тілі, 208). 



АНТРОПОНИМИЯ з а т. л и н г в. Тіл

білімі ғылымының адам есімдерін зерттеу

саласы. А н т р о п о н и м и я мамандарының 

айтуынша  кісі  аттары – тек  ұлттық  тіл 

негізіндегі  тұлғалық  атау  ғана  емес,  со-

нымен  бірге  əлеуметтік  белгі  (Лен.  жас, 

15.10.1974, 4). 

АНТТАСУ Анттас етістігінің қимыл 

атауы. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет