Жер асты суларының геологиялық әрекеті

бет1/4
Дата27.11.2023
өлшемі2,41 Mb.
#129584
  1   2   3   4

Жер асты суларының геологиялық әрекеті

Жер асты суы – жер қыртысын құрайтын тау жыныстарының аралығындағы су.

Жер асты суы – жер қыртысын құрайтын тау жыныстарының аралығындағы су.

Жер асты сулары қатты,сұйық және газ күйінде жер бетінен төмен литосфера қабатында, тау жыныстарымен бірге кездеседі. Олар өзен, көл теңіз және мұхит суларымен бірге жер шарының гидросфера қабатын құрап, жалпы су айналымына қатысады. Алғашқы шөгінді тұнбалардың құрамындағы сулар кейінірек шөгінді тау жыныстарының құрамында сақталып, жинала береді. Осындай жолмен жер асты суларының негізгі құрамы қалыптасады.

Жер асты сулары инфильтрациялық (жерге сіңу) жолмен атмосфералық сулардың есебінен де көбейіп отырады. Кейде инфильтрациялық және седиментациялық сулар аралас кездеседі. Соның нәтижесінде тұщы және ащы сулар құралады. Әдетте, жер қыртысының жоғарғы қабаттарында әрі тұщы, әрі жас сулар, тереңірек – минералды немесе ескі сулар, ал ең төменгі қабаттарда – ащы немесе тұзды сулар түзіледі.

Жер асты сулары химиялық құрамына қарай сілтілі, жұмсақ, қатты және қышқыл сулар болып ажыратылады.

Жер асты сулары химиялық құрамына қарай сілтілі, жұмсақ, қатты және қышқыл сулар болып ажыратылады.

Ал минералды сулар – көмірқышқылды, күкіртті - сутекті, радиоактивті және ыстық сулар болып бөлінеді.

Көмірқышқылды сулар – жас вулкандық аудандарда және тектоникалық жарықтар мен жарықшақтар бойында көбірек кездеседі.

Күкіртті – сутекті сулар шөгінді тау жыныстарымен бірге хлорлы-натрийлі,хлорлы-сульфатты және сульфатты сулар түрінде кездеседі.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет